Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / "Киіз үй жабдықтары" Сабақ

"Киіз үй жабдықтары" Сабақ


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Киіз үй жабдықтары

Сабақтың мақсаты: Білімділігі:Ұлттық өнерді,соның ішінде бабаларымыздың сұлулық туралы талғамы –киіз үйдің тарихын ,жабдықтарын оқушыларға жеткізе білу.Дамытушылығы:жұмыс істеу тәсілдерінде ептілікті дамыту.

Тәрбиелілігі:Ұлттық қолөнерді сүюге үйрете отырып,тәрбиеге бағыттау.

Сабақтың көрнекілігі:киіз үй макеті,оның жабдықтары,тест карточкалар,сөзжұмбақтар,суреттер.

Сабақтың түрі :аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:тарих,әдебиет,бейнелеу,сызу

Сабақтың барысы.1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасамын,түгендеймін.4-топқа бөлу.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Киіз үй және оның қалай жасалатыны жөнінде түсіндіріп береді.

3.Жаңа сабақты түсіндіру

Киіз үй –көшпелілердің жазда жайлауға,қыста қыстауға тиеп алып жүретін тұрғын үйі.Киіз үй қыста жылы,жазда салқын болады.Ол керегеден,уықтан,шаңырақтан және сықырлауықтан тұрады.Киіз үйдің қаңқасын,әдетте кептірілген талдан,жіңішке қайыңнан жасайды.Алдымен керегені орнатады.Керегенің биіктігі 2м дей болады. Керегенің жеке бөліктері қанаттары деп аталады.Олардың саны киіз үйдің көлемін арттыруға байланысты өсе түсуі мүмкін.Алты,сегіз және он екі қанатты киіз үйлер болады. 4. Бекіту

1.Киіз үйдің шығу тарихы жайлы айтып беріңдер? 2. Киіз үй қандай бөлшектерден тұрады? 3.Шаңырақты неге ерекше қастерлейді?



5..Сарамандық жұмыс.

Киіз үй қаңқасын дайындау:кереге,шаңырақ,киіз үйдің есігі,уық үшін дайындамалар жасау.Қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқаулық өткізу.Оқушыларды 4-топқа бөліп, киіз үйдің бөлшектерін жасауды ұсыну. 6.Қорытындылау.

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп,жұмысын бағалау.

7.Үйге тапсырма беру.

Киіз үй жасап келу.


Автор
Дата добавления 15.10.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров431
Номер материала ДВ-063816
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх