Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы" (10 сынып)

"Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы" (10 сынып)

Скачать материал

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

«Жетібай селосының №8 орта мектебі»












hello_html_62b03098.gif







Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Г. Түгербаева










Жетібай селосы 15.04.2015 жыл.

Тақырыбы: «Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы өмірі мен

шығармашылығы»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету, үкілі сал-серілерге тән ортақ қасиетті танып-білу. Үкілі Ыбырайдың өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өлеңдерімен, әндерімен таныстыру.

2. Дамытушылық. Өз бетімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. Үкілі Ыбырайдың поэзиясының кейбіреуі халықтық шығармаға айналғанын дәлелдеу.

3. Тәрбиелік. Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойталқы, талдау,

мәнерлеп оқу.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, мәдениет, өнер, география.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


ІІ.І. Қысқаша шолу

  1. Әнші-ақындар кімдер? Олардың шығармашылық кезеңі.

  2. Сал-сері деген атаудың мән-мағынасы.

  3. Сегіз Сері Баһрамұлы Шақшақов өмірі, шығармашылығы.

  4. Біржан сал Қожағұлұлы өмірі, шығармашылығы.

  5. Ақан сері Қорамсаұлы өмірі, өлеңдері.

  6. Жаяу Мұса Байжанұлы өмір жолы. өлеңдері.

  7. Балуан Шолақ Баймырзаұлы өмірі, өлеңдері.






ІІ.ІІ. Хронологиялық кесте

Жылдар

Негізгі оқиғалар

1

1818-1854 ж.ж.

Сегіз Баһрамұлы Шақшақовтың өмір сүрген кезеңі

2

1834-1897 ж.ж.

Біржан сал Қожағұлұлының өмір сүрген кезеңі

3

1843-1913 ж.ж

Ақан сері Қорамсаұлының өмір сүрген кезеңі

4

1864-1916 ж.ж.

Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмір сүрген кезеңі

5

1835-1929 ж.ж.

Жаяу Мұса Байжанұлының өмір сүрген кезеңі


ІІІ. Жаңа сабақ.

ІІІ.І. Әнші ақындар

ІІІ.ІІ. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы өмір жолы, өлеңдері

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданын №5 ауылда 1860 жылы дүниеге келген. 1931/2 жылы қараша айының 4 күні «халық жауы» ретінде тұтқындалып, атылған. 1960 жылы ақталған. Кеңес үкіметі кезінде ол ауыл «Өскен» деп аталса, қазіргі тұрғындар болашақта «Үкілі Ыбырай» ауылы болады деген сенімде отыр. Жалғыз таудың бауырын жайлаған Жақсылық қарауылдан шыққан ақынның арғы тегі Деріпсал Сәбденнен тараған. Сәбден – Абылай ханның досы әрі даңқты батыры болған. Кедей шару отбасында туған.

Дhello_html_3e017407.gifеріпсал 1. Сандыбай

2. Маңдай

3. Әбіле атты үш ұлынан үлкен әулет тарайды.

hello_html_m66aed332.gif

Бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатты болған. Жасынан әнге, өлеңге құмар Ыбырай қазақтың атақты әншілерінен, ақындарынан (Орынбай, Арыстанбай, Шөже, Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Тезекбай) үлгі-өнеге алып, шығармашылық дәстүрін бойына сіңірген. Ыбырай хат танығаннан кейін «Мұңлық –Зарлық», «Қыз Жібек», «Жүсіп – Злиха», «Тотының тарануы», «Сейфул-Мәлік», «Мың бір түн» іспетті лиро-эпостық, батырлық һәм ғашықтық жырлары мен қисса-дастандарды жатқа өз әуенімен айта білген. Әсіресе, «Ер Тарғын», «Мың бір түнді» әнге қосып, жатқа айтудан жалықпаған. Кейде қара сырнаймен, кейде үкілі домбырамен қоса шырқап, поэзияның желісіне қарай ән мақамының өрісін жатық үйлестіре білгені - үлкен өнер. Ұзақ дастанды әндеткенде, кейде қолындағы домбырасын жерге қоя салып, тақпақтатып кетіп, отырған жерінен ілгері-кейін жылжып, қызғылықты қимылдармен жалықтырмас даланың дара әртісінше тыңдаған жанды жіпсіз байлағандай баурап алатын қасиеті болған. Бойға қонған жан-жақты өнердің арқасында ауыз әдебиетінен әбден сусындап, жазба әдебиетіне иек артып, өз ақындық өрісін кеңейткен.

Үкілі Ыбырай тек қана ауыз әдебиетінің өкілі емес, ол өзінің ең жақын һәм жанашыр пір тұтқан ұстазы Ақан сері секілді суырып салма төкпе де, ойланып та жазар жазба да ақын. Ыбырайдың ақындық талантынан, әншілік дарынын бөле жаруға болмайды.

Ақын, аса көрнекті композитор, кезінде алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырайдың «Үкілі Ыбырай» атануының себебін «Өзім жайлы» атты өлеңінде бабамыз:

«Аралап талай елдің дәмін таттым,

Сұлудың асқақ әнмен бабын таптым.

Қалаған Сәмекеден қара қалпақ,

Қос буын шекесіне үкі тақтым», - деп, қара қалпақтағы қос буын үкісін үндестіріп, желбіреп, көзге түсіп, «Үкілі Ыбырай» атанады.

Суырып салма ақын, сазгер, сал-серілердің соңғы өкілдерінің бірі – Үкілі Ыбырай ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. hello_html_122fe8ee.gif

Ел арасына кеңінен тараған «Гәкку» әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский «Гәкку» әнін «Қыз Жібек» операсында (жібектің негізгі ариясы), «Арарай» әнін «Ер Тарғын» операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Әнші ақынның әндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В.Коцык. Ыбырайдың өлеңдерін «Бостандық туы» газетіне жариялап, ақынның шығармашылығы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мұқанов, әдеби мұрасын зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов, драматург Ш.Хұсайынов «Қайран Гәкку» пьесасын жазды.

Үкілі Ыбырайды сипаттағанда Сәкен Сейфуллин:

«Әні бар «Гәкку» деген аңқылдаған,

Аққудай айдын көлде саңқылдаған.

«Кідігай», «Қалдырған» мен «Маңмаңгерді»,

Ырғалтса керней даусы қарқындаған» - деп Шаляпинге теңесе, бқл Ыбекеңнің жетпіске тақап қалған шағы екен.

1936 жылы Мәскеуде қазақ өнерінің 100 күндігінде Күләш Байсейітова «Гәкку» арқылы қазақ әнінің сұлулығын, кеңдігін, тереңдігін, жарқындығын Еуропа халқына танытты, бұл ән Хәкима есімді қызға арналған.

Біржан сал жас Ыбырайды алғаш рет тыңдағанда Ақан серіге қарап: «Ақанжан-ай, ертіп келген шәкіртіңе қанықтым, шын бақытты жан екенсің: қазақта жылқының перісі Құлагер саған бұйырса, ақынның перісі осы інің болар. Қазақ әнінде өзім жеке дара тұрмын, өзгелерге Ыбырай жеткізбес», - деген сөзін еді Молдахмет Тырбиұлы. Әйгілі әдебиет зерттеушісі Е.Смайылов: «Ыбырай – шын мәніндегі ұлы өнерпаз» деп жазған.

Сарыарқаның сырбазы атанған, ән мен жырдың падишасына айналған Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының 150 жылдығына арнап, Алматы қаласы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында «Адырна» ұлттық – этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ән кеші өтті. Қызылжар қаласында ақын атына саябақ, Айыртау ауданында ақын мүсіні, ескерткіш, оқу орындарында конференция өткізілді.

IV. Бекіту.

hello_html_mcd1b1fb.gif

IV.ІІ. Сәйкестендіруhello_html_m4503a9a7.jpghello_html_m385ce1cc.jpghello_html_175a2db4.jpg

hello_html_1ee8ebe.jpgWordArt 99WordArt 104WordArt 102WordArt 97

hello_html_41330994.jpghello_html_10d3cf48.jpg

hello_html_m3f15f360.jpgWordArt 98WordArt 100WordArt 101


1

Ақан сері Қорамсаұлы

3

2

Біржан сал Қожағұлұлы

5

3

Сегіз Баһрамұлы Шақшақов

2

4

Жаяу Мұса Байжанұлы

7

5

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

4

6

Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

1

7

Әсет Найманбаев

6

IV.ІІІ. Табу






Тапсырмалар

Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов

Біржан сал Қожағұл

ұлы

Үкілі Ыбырай Санды

байұлы

Жаяу Мұса Байжан

ұлы

Ақан сері Қорамса

ұлы

1

«Сәулем қыздар» өлеңінің авторы.






2

«Маңмаңгер» өлеңінің авторы






3

«Әйкен-ай» өлеңінің авторы






4

«Көкек» өлеңінің авторы






5

Оны түсінбеген қараңғы ел «жынданды»деп есептейді.






6

Гәкку” әнінің авторы






7

Ақжігіт кімнің азан шақырылып қойылған аты?






8

Тоғыз жасқа толмай жатып ата-анасынан айырылған ақын






9

1960 жылы ақталған ақын?






10

Петербург,Польша, Литва,Латвияда болған ақын







IV.ІV. Аллитерация мен ассонансты табыңыздар.

1. Жиырма бес Келді кезім айтар сөз,

Қызды ауылдың сыртынан

Қылаң еткен жиырма бес.

Қызды көрсем құшақтап,

Құлай бір кеткен жиырма бес.

Күрек тісін ақситып,

Сұлуды құшқан жиырма бес.

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінген жиырма бес.

Тастан қашқан түлкідей,

Сылаң қаққан жиырма бес.

Төрде жатқан кемпірден

Қарғыс алған жиырма бес.

Бесіктегі баладан

Алғыс алған жиырма бес.

2. Жігіт түрлері Алтыншы бір жігіт бар қарқылдаған,

Арсызды ілтифат қып алқымдаған.

Ақ жарқын, ашық ықыла – ол бір шахуаз,

Ақ көңіл, ашық мінез аңқылдаған.

Ажалсыз маған тағдыр келмейді деп,

Қарысып дұшпанынан тартынбаған.


3. Жапалақ құс Жапалақ құс болғанымен, неге дәрі,

Жаманның кісілікке бар ма сәні.

Жаманға айтқан сөзің еш қонбайды,

Ағады құлағынан сөздің бәрі.

Жапалақ жарбаңдайды жар басында,

Немене жоқтың күні бар қасында?

Сиыр-ау, өз тіліңнен болдың қотыр,

Сақина тілеп алып сау басыңа.


V. Бағалау.

VI. Үй тапсырмасы.

  1. Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының өмірі, шығармашылық жолы.

  2. «Гәкку», «Қызыл асық», «Бір қызық ит жүгіртіп, аң ауласа» өлеңдерімен толық танысу, жаттау, орындаушылардың орындауында тыңдау.

  3. Сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесінің шәкірттерін танып-білу, зерттеу.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы" (10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 9761
    • DOCX 342.5 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тугербаева Гульзира Абаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тугербаева Гульзира Абаевна
    Тугербаева Гульзира Абаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12291
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе