- 04.10.2020
- 2041
- 3
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
«Кім жылдам?» сайысы.
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыра түсу, білім деңгейлерін анықтау, топпен жұмыс істей білуге баулу, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке баулу.
Көрнекілігі: математикалық ертегі, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтел-
дер, цифрлар, шарлар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жаттықтыру, ойын.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен, ұстаздармен, қонақтармен амандасып, оқушылардың зейіндерін сайысқа аудару. Сайыстың мақсатымен таныстыру.
II. Негізгі кезең.Оқушыларды сайыстың шарттарымен таныстырмас бұрын, «Жеті лақ және қасқыр» ертегісін оқып беру, талдау, ішіндегі сандарды табу.
А) Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:
· 3 «А» сынып оқушыларынан құралған топ «Балдырғандар» тобы.
· 3 «Б» сынып оқушыларынан құралған топ «Қырандар» тобы.
· 3 «В» сынып оқушыларынан құралған топ «Ұландар» тобы.
· 3 «Г» сынып оқушыларынан құралған топ «Жүйріктер» тобы.
Ә) Сайыстың шарттары:
1. Жұмбақ есептерді шешу.
Мұз айдынында бес бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап,
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың. (7 бала)
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз,
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім тез шешеді? (екеуі)
Табақта бес алма,
Қолымда екі алма,
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? (7 алма)
Әрпім болса қаншама,
Жасым менің соншама. (төрт – 4 )
Бүкірлеймін,
Имекпін
Мойынындай үйректің,
Сабағыңды білмесең,
Мені аласың күнде сен. (екі – 2 )
Оң қолымда 6 алма,
Сол қолымда 2 алма,
Барлығын қосқанда,
Болып шықты неше алма? (8 алма)
Үш балапан тұр
Үш балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансақ,
Тура тауып атасақ,
Тұрғаны бар, отырған,
Барлығы неше балапан? (6 балапан)
Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар,
Қорапқа кірді екеуі
Соңынан кетті үшеуі.
Тығылды сонда нешеуі? (2+3=5)
2. «Кім жылдам?» ойыны. Берілген тапсырмаларды жылдам, әрі дұрыс орындауы керек.
Тапсырмалар. Көбейтуді орында:
3 * 9 7 * 7 5 * 8
6 * 9 2 * 4 7 * 8
4 * 4 5 * 5 9 * 9
8 * 9 3 * 7 5 * 5
4 * 4 3 * 3 8 * 8
Теңдеуді шеш:
с : 9 = 8 х : 6 = 7 х : 4 = 7
81 : х = 9 64 : с = 856 : х = 7
Сергіту сәті ретінде сайысқа қатысушылардың құрметіне 3 «А» сынып оқушысы Манап Айкөркемнің орындауында «Балдырған» әні.
3. Жаңылтпашты жатқа айту.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
Ақ, қара, көк есек,
Әртүрлі көп есек.
Есектер есептеп,
Шығарды есеп көп.
Бес бармақ бес тармақ
Бесеуі бес қармақ.
4. «Өз орнынды тап» ойыны. Әр топқа берілген сандарды өсу ретімен оқушылар кезек-кезекпен шығып, көрсетеді.
Мысалы: 74, 88, 56, 42, 26, 98, 55, 32, 45, 65.
5. «Өрнек құра білесің бе?» ойыны. Әр топқа 0-ден 8-ге дейіңгі цифрлар және «+», «-», «=»белгілері беріледі. Сол бойынша мұғалім оқыған өрнектерді құруы керек.
- 3 пен 2-нің көбейтіндісі;
- 9 бен 8-дің көбейтіндісі;
- 81 мен 9-дың бөліндісі;
- 7 мен 7-нің көбейтіндісі;
6. «Кім жүйрік» ойыны. Өрнектердің тек ғана теңдігін айтады.
Өрнектер:
46 + 85 78 – 96 54 + 23
87 – 65 72 + 23 56 + 23
21 + 12 56 – 55 44 – 23
25 + 12 12 + 35 20 + 12
12 + 21 30 – 12 56 – 18
III. Сайысты қорытындылау. Жеңімпаздарды марапаттау.
6 813 818 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Сарсембинова Мунира Кадесбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВы сможете бесплатно проходить любые из 4805 курсов в нашем каталоге.
Перейти в каталог курсовМини-курс
4 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.