Инфоурок Музыка КонспектыКино және музыка. 3- сынып

Кино және музыка. 3- сынып

Скачать материал

Пәні :   Музыка

Сыныбы:  3

Сабақтың тақырыбы:

Кино және музыка   

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Б)Коммуникативтік

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік  технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы

Пайдаланылған көрнекілігі:

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

 Ұстаз   еңбегін   бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:                 

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.                                                                            

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  – ұстазымыз,

   Өнер – білімге      құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы  бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға  дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Ән жаттау . Тақырып оқу .

Оқушы  үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

 

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

 

Музыкасыз өмір сүреңсіз. Олсыз өмірдің сәні де, дәмі де, мәні де жоқ. Мұныма бәріңіз келісерсіздер? Өркениет қанат жайғаннан бері музыка адамның сенімді серігіне айналды. Ал кино өндірісі де музыкасыз қараң қалушы еді.Өздеріңіз байқайтын әр кинофильм музыкасыз дүниеге келмейді. Бәрінде аса ұзақ болмаса да бір қойылып алады. Кез келген жарқын-жарқын сценарий желілері музыкамен әрленеді. Сонымен қатар осы музыка жанры туралы талай кинофильм де жарыққа шыққан. Музыка жай өмірде де, өнерде де адамға күш беріп, шығармаға сән беріп келеді. Ал тек музыка жайлы жарық көрген кинофильмдер бөлек әңгімені талап етеді. Біз бүгін сіздерге сондай кинофильмдер жайлы айтып бермекпіз. Мүмкін сіз мына кинофильмдерді көріп те қойған боларсыз: «Пианиношы туралы аңыз» («Легенда о пианисте») Музыкалық драма жанрында түсірілген бұл кинофильмде өзінің рояль аспабымен жолаушылардың көңілін аулап, бар өмірін кемеде өткізетін ерекше музыка өнерінің шебері туралы айтылады. Оны жұрт кім деп атамады десеңізші! Т. Д. Лемон, Новеченто, Дэнни Будмен… Басты рөлдегі кейіпкерді Тим Рот сомдады. Бірақ оның есімдерінде неміз бар? Оның өнері жайлы әңгіме қозғалса, ауыз жауып отыра алмаймыз. Кинофильмнің негізгі атауы - "Legend of 1900". Бәрі неден басталып еді? 1900 жылы бір күтуші қызметкер ойламаған жерден лимон ағашының астынан қорапқа салынған жас нәрестені тауып алады. Сол тастанды ұлдың қалай да пианиноға әуестеніп кеткендігін ешкім де аңғармай қалды. Оның ойыны уақыт өте келе жақсара берді. Жас бала күн сайын туа біткен дарынын шыңдап, елді елеңдете берді. Бір жыл өткен соң оның бір оркестрде бірге жұмыс жасаған музыкашы жақын досы есіне түсіп, өткен оқиғалар өрнегі көз алдымызда тізіледі. Кинофильм уақыт бөліп көруге тұрарлық дүниенің негізінде түсірілген. Көрерменге музыканың айрықша құдыреті арқылы лирикалық көңіл-күй сыйлай алатын кинотуынды өз бағасын алып та үлгерген.

Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”.
Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Музыкалық сауаттылық:

«Фа, соль» нота.

Сөз қорына жаңа сөз қосылады

Ән  жаттау:

Б.Ғизатов С.Жиенбаев.

«Біздің ән» 

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Үйренсең нотаны,

Ән де саласың.

Барлығын оп- оңай

Жаттап аласың

Сен де қосыл жасқан ба,

Әнің жетсін аспанға.

Шырқалсын әрқашан

Әсем ән ғана ,

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау:

А.Зацепин.

 «Біздің сүйікті дәрігер»

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

Әртүрлі балаларға арналған кино, мультфильмдердің әуенін жіберу арқылы  «Таныс әуен» ойынымен бекітеміз .

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындыл-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру;  Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.  Баға алған оқушы  күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

 

Үй тапсырмасы

Ән жаттау . Тақырыпты оқып келу .

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

 

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кино және музыка. 3- сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 2912
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлепова Айзада Ерхауовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлепова Айзада Ерхауовна
    Тлепова Айзада Ерхауовна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 33386
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на скрипке

Преподаватель игры на скрипке

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе