Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыКіріктірілген сабақ "Жүннен моншақ жасау"

Кіріктірілген сабақ "Жүннен моншақ жасау"

Скачать материал

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия техналогия пәнінің мұғалімі Тұрарова Жұмакүл Сатыбалдықызының « Жүннен моншақ жасау» тақырыбы бойынша 9-шы сыныпқа химия, математика пәндерімен бірге кіріктіріліп өткен

90 минуттық сабақ.

Жалпы білім беретін орта мектептерде мұғалімдер, оқушылар білімін тереңдету үшін, қазіргі заман талабына сай сабақ өту барысында олардың қызығушылығын арттыру үшін, түрлі әдіс –тәсілдер қолдануда. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артса, олар бұзбайтын қамал жоқ деуге болады. Себебі қазіргі ақпараттық теле комуникацияның дамыған заманында олардың тапайтыны жоқтың қасы. Тек оларға бағыт, бағдар және жүйелі ойлау жобасын көрсетсең болды. Яғни баланың ойлау қабілеті, іздену, зерттеу мүмкіндіктері де артады. Білген бала білімі далада қалмайды. Алған білімдерін өмірде де қолдана алады.

Міне осы мақсатта бір тақырыпты әр түрлі саладағы білімдермен байланыстырып, кіріктірілген білім беру жоспарын құрдық. Әр түрлі саладағы білімдерді кіріктіріп өту деген- бір заттың жасалуын әр түрлі бағыттағы білім көзімен тани білу. Кіріктірілген сабақ арқылы оқушылардың уақытын үнемдеуге, затты зертеуге және айнала қоршаған ортаны танып білуіне деген қызығушылығын арттыруға болатынына көзіміз жетті. Оқушы кез-келген тақырыпты түрлі сала бойынша зерттеуге ұмтылады. Тек біз бұған сабақта қолайлы орта құра білуіміз қажет.Кіріктірілген сабақтар арқылы-оқушы білімін жете бақылап дұрыс баға бере аламыз.

Біз осы негізде сабағымызға түрлі әдістерді пайдаланып жоспар құрдық. Біз бірлесіп, «Жүннен моншақ жасау» тақырыбына әр түрлі бағыттағы пәндерді қиыстыра байланыстырып жоспарладық. Жүннен моншақ жасау үшін, жүн даярлау кезінде түрлі химиялық қоспалар арқылы боялуы тиіс еді.Жүн боялғаннан кейін өзгереске ұшырайды. Оның сапасы өзгереді, түсі өзгереді.Не үшін, неге және не істеуге болады?-деген сұрақтарға жауап беру үшін, химиядан оқушылар лабаратоиялық жұмыстар жасап, дискрипторға жауаптар жазып бір бағаланды. Бұл жерде оқушылар жүннің ерекше қасиеттерімен танысты және жүннен қандай зат жасаса тиімді екенін біледі. Мысалы жүннің ерекше қасиетінің бірі, оның жылу тартатыны және ылғалды шығарғыштығын пайдаланып жылы киімдер жасау тиімділігін түсінеді.

Келесі моншақ жасау үшін кететін шығын мен уақытты өлшей отырып заттың құнын шығыру үшін, математикалық амалдар пайдану.Яғни оқушы сараманды жұмыс жасай отырып, амалды есептеп шығарады. Оқушылар есепті бұндай ойын тәсілмен шығару, олар үшін есеп шығарғандай емес, заттың қыр –сырын зерттеп отырғандай қызықтырады.

Осындай сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытады және түрлі саладағы білімдердің бір тұтастығы өмірмен байланысып олардың шығармашылық қабілетін дамытады.

Осы жоспар арқылы сабақ өту бізге қызықта әрі оңай болды. Оңай болуының бір себебі оқушыларды топқа бөлуде, түрлі әдістерді пайдалануда олардың үйреніп жаттығып қалғадығы болды. Жоспарымыз бойынша оқушылар тез ұйымдасып ,тез икемделіп кетіп жатты.Айтатын ойлары мен идеяларын еркін айтып, бір-біріне де көмектерін көрсетіп жатты. Кіріктірілген сабақ арқылы түрлі сала бойынша талантты ,дарынды балаларды тануға болады. Олар өз жетістіктерін көрсету арқылы мадақтауға ие.

«Жүннен моншақ жасау»тақырыбы бойыншасабақ өтуіміздің мақсатын былай қойдық.

Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнедің бір саласы киіз басу өнерін тани отыра, жүннен моншақ жасау жолдарын үйрену. Киіз басу өнерінің кәзіргі заман ағымына қарай жан-жақтылығын үйрену. Бұл өнердің қыры мен сырын түсінуі және жүн түрлері,ерекшелігі,қасиеттерін химия пәнімен байланыстырып лабараториялық тәсілдерді қолдану арқылы дәлелдеу болса, ал жүннен моншақ жасау үшін кететін шығын мен уақыт өлшемін математикалық жолмен есептеп шығару.Оқушылардың осы тақырыпқа байланыста қызығушылығын артыру, ізденуіне ,шеберлігін шыңдауына ықпал ету.

2.Оқушылар алған білімдерінің қыры-сырын жете түсіну,өмірде қолдану және болашақта шағын бизнес ашуға мүмкіндіктері болатынына көз жеткізу, армандарының орындалу мүмкіндігіне ықпал ету.

Сабақ барысы:

Өткен сабақты еске түсіру жаңа сабаққа байланыстыру- «Қар бұрқасыны» әдісі бойынша оқушыларға жеке сұрақтар топтамасын беру және интерактифті тақтадағы дұрыс жауап арқылы тексеріліп бағаланды. Осыдан кейін «Шебер сынып» әдісімен оқушылар есте сақтай отырып, өздері әр түрлі моншақтар жасады.Осы сараманды жұмыс кезінде олар моншаққа кететін шығын мен уақытты анықтады. Келесі ойын түрі «Музейге саяхат»- оқушылар жұмыстарын моншақ етіп тізіп, алдын ала даярланған паноға ілген еді, енді сол жұмыстарды салыстырмалы сараптап бағалады. Келесі Джигсо әдісі бойынша «Өкіл жаттығу» өткіздік. Ондағы мақсатымыз моншақ жасауда оқушылар жасап жатқан заттарының химиялық қасиетін, математикалық есептеу жолдарын және моншақтың жасалу жолын түсінді,ізденді және идеяларымен постер схема жасады. «Өкіл жаттығу»- әдісі арқылы әр топ сағат тілімен жүріп бір-бірінің жұмыстарын аралап өз ойлары мен идеяларын стикерге жазды. Одан әрі жұмыстарын қорғады, критериалды бағалану арқылы әділ бағаланады.

Рефлексия:

Менің «Жүннен моншақ жасау» тақырыбы бойынша өткен сабағым математика мен химия пәндерінің кіріктірілуінің арқасында, оқушылар үшін терең білім алуына және өздіктерінен ауқымды жұмыс істеулеріне мүмкідік берді. Оны байқағаным; оқушылар бұл үйренгендерін болашақта бизес-план жасауда пайдаланатынын және бизнесте ұтылмас үшін қалай есептей отырып шығын жұмсауға болатынын, қалай жүннің пайдаланудағы химиялық әсерлерін ескеріп отыру керектігін өздерінің постер схема қорғауларында бір-біріне сұрақ етіп қойып және жауап беріп жатты.

Топпен бірлесіп түрлі әдістер арқылы жұмыс жасауға әбден жаттыққан оқушылар сабақта өздіктерінен ізденді, бір-бірімен білім алмасты, түйінді тұжырымды ойлар айты және бір-бірінің сұрақтарына өздері жауап беріп жатты. Мен тек, бұрыс кетіп бара жатқан жағдайды бақылап, дұрыстауға бағыт беріп отырдым.

Бізге жазған рефлекцияларында оқушылар жүннен тек моншақ емес, тағы басқа заттар жасап алатынын жазған. Кей оқушылар жүннен киім жасап үйренгісі келетінін жазған. Бір оқушы постер схеманы қорғау кезінде былай деді- Кез-келген бизнисті ашу үшін оны біз зерттей отырып, алдымен өзіміз жасап үйренуіміз керек екен-деді. Оған екінші оқушы толықтыра былай деді- Бизнес ашқанда жасайтын затымыздың кішкене болса да бір жерін білмесек, онда банкрот болуымыз мүмкін ғой.Ал үшінші бір оқушы-біз жасайтын затымыздың елге қажеттілігін де және өтуі үшін әдемілігі мен сапасы болуы қажет емес пе?- деп ой тастады.

Бұл айтылған сөздерден және маған жазған кері байланыстарына қарап, біз мақсатымызға жеткендігімізді байқадық та, келесі сабақтарымызда да тақырыпты ары қарай тереңдетуді ойладық. Техналогия пәні бойынша олардың тағы киім жасағысы келетінін ескеріп, мен оларға ұялы қап жасауды үйрету керек деп шештім. Себебі ұялы қап жасау техналогиясы киім жасау техналогиясымен бірдей. Сонда мен оларға үйренгісі келетінін үйрете аламын деп ойлаймын. Келесі сабақта математикамен бірлесіп өтсем, олар көлеміне қарай киім жасау уақытын,шығынын және жұмыс күші мен пайданы есептеп бизнес –план жасау жолын білер еді.

Сабақ оқушылар үшін де біз үшінде қызық болды және осы тақырыпта ендігі сабағыма жоспар құруға жаңа ойлар туындады. «Көш жүре түзеледі»-демекші мен сабағымды әлі де толықтырамын, жаңартамын,өзгертемін.Жансәуле химия пәні бойынша «Заттың шығымын есептеу» тақырыбын әр түрлі бағыттағы физика-математика пәндерімен байланыстыру арқылы оқушылар білімін тереңдете және уақытты үнемдей алады екенмін-деп айтты.

Кіріктірілген сабақ бойынша түсірілген суреттер көрінісі.



Конец формы

C:\Users\user\Desktop\Новая папка (4)\20141218_123410.jpgC:\Users\user\Desktop\Новая папка (4)\20141218_123546.jpg





Техналогия пәні бойынша оқушылар өткен сабақты пысықтау. Дискриптор толтыруда. Интерактивті тақтадағы дұрыс жауап арқылы өздері тексеріп дұрыс жауабын біліп бағалайды.

C:\Users\user\Desktop\Новая папка (4)\20141218_124101.jpgC:\Users\user\Desktop\Новая папка (4)\фото0956.jpg

Химия пәні бойынша лабараториялық жұмыс жасау көрінісі. Тақырыпқа байланысты дискриптор толтыруда.



C:\Users\user\Desktop\Новая папка (4)\фото0961.jpgC:\Users\user\Desktop\Новая папка (4)\фото0962.jpg





Джигсо әдісі боынша «өкіл жаттығу» көрінісі және постер схемаларын қорғауда. Оқушылар жүннен моншақ жасаудың қыры-сырын түсініп, өздерінің йдеялары мен тұжырымды ойларын айтып жоспарларын қорғауда.







Тақырыбы

Моншақ жасау техналогиясы.

Мақсаты

Оқушыларға жүннен киіз басу технологиясын үйрете отырып, жүнді өңдеуге пайдаланатын химиялық заттардың әсері мен құрамы, киіздің көлеміне қарай жүннің мөлшерін есептеу


Міндеті:

Моншақ жасау технологиясын білуі, жүннің боялу әдісін түсінуі, жүнді өңдеу кезінде өңдейтін заттардың химиялық құрамымен танысады,моншақ жасауға кететін уақытты есептеу, моншаққа кететін жүн мөлшерін білуі, моншақ дизайын түрлерінен салуы.


Күтілетін нәтиже

Жүнді тазалау технологиясын біледі, жүнді бояу әдісін біледі, моншақ жасау технологиясын біледі, қажетті заттардың химиялық құрамын айта алады, мөлшерін дұрыс есептей алады.


Ресурстар

Интерактивті тақта, ас тұзы, сірке қышқылы, циркуль, транспартир, постер, жүн, жіп, капрон, бояу, су, ши

С/б

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

У/т

Мағанатану

1.Тақырып мағанасын ашу. Табиғи және жасанды жүн түрлеріне қарай топқа бөлу.

Ереже бойынша ыдысқа жүн түрлері жазылған конфет салынады. Ыдыстағы конфеттердің қағазын ашқанда, жүн түрлері жазылған қағаз шығады.

3

.Ой қозғау

2.Ой қозғау. «Қар бұрқасыны» әдісі бойынша бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру және өзін-өзі бағалау. Мұғалім дискриптормен таныстырады.


Бұл әдіс бойынша дискриптордағы сұрақтарға оқушылар жеке-жеке жауап толтырады да, келесі топ тақтадағы дұрыс жауап арқылы балл жүйесінде бағаланады.

7

Сабақты ұйымдастыру


Химия. Жүн қасиеттері мен бояулар құрамының жүнге әсері.


Оқушылар сараманды жұмыс барысында жүн мен бояудың химиялық әсерін тексеріп көру арқылы білімдерін кеңейтеді.

15

Математика. Әр мошақты жасау арқылы, оған кететін уақыт пен жүн шығынын есептеу.

Оқушылар сараманды жұмыс жасау арқылы ұзын тізбек моншаққа кететін жұмыс күшін шығарады.


15

3.Жаңа тақырыпты техналогия пәнінен «Шебер сынып»

( мастер класс) әдісімен есте сақтау қабілеттерін шыңдай отырып, жүннен моншақ жасау техналогиясының түрлері көрсетіледі.



Бұл әдіс талабы бойынша мұғалім қайта түсіндірмейді. Екі топқа екі түрлі моншақ үлгісі көрсетіледі.

Оқушы есте сақтай отырып қайталауы керек.



5

аа

Сарамандық жұмыс.

*Моншақ жасау.

*Кетілетін уақыт пен шығынды есептеу.

Оқушылар әр жеке моншақ жасауға кететін уақыт пен шығынды есептей отыру керек және әр екі оқушы жасаған моншақтарын біріктіріп жұптық жұмыс орындайды да көрмеге іліп қояды.

15

5. «Музейге саяхат» әдісі.

Ереже бойынша оқушылар жасалған жұмыстары салыстырмалы мадақтау арқылы бағаланады

6

4. «Джигсо » әдісін пайдаланып оқушылар постер дайындайды.

Әр топ өздеріне көрсетілген моншақ түрінен дизайын үлгісін жасауы тиіс.

* Моншақ түрлерінің дизайындарын салу.

*Дизайындағы моншақ жасауға кететін уақыт пен шығын есебін шығару.

*Жүн түрлері, қасиеттері және бояуға, тазалау техналогиясы

-Жасаған киіздері көрме жасау арқылы салыстырмалы бағаланады.

Оқушы алғашқыда көп қателеседі.

*Жасайтын мошақтарын жарнама жасау арқылы постер схемаларын қорғау.



«Өкіл жаттығу » арқылы оқушылар бір-бірін аралап, жұмыспен танысып стикерге өз ойларын жазып шығады.


20

-қорытнды

6Доп лақтыру» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекіту.




Оқушылар бір топ бір топқа кезектесіп «Жүннен моншақ жасау» тақырыбынан сабақта білген, үйренгендері бойынша үш сұрақтан қояды ж/е олар қойған сұрақтарға жауап береді.

5

Үйге тапсырма: моншақ даярлап келу.

2

Кері байланыс: Не үйрендім ? Тағы не үйренгім келеді?

2

Сыныбы: 9 «г»-сн.


















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кіріктірілген сабақ "Жүннен моншақ жасау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 756 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 1418
    • DOCX 425.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турарова Жумакул Сатбалдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Турарова Жумакул Сатбалдиевна
    Турарова Жумакул Сатбалдиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32542
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Мировая художественная культура")

Учитель мировой художественной культуры

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Изобразительное искусство: анализ и интерпретация произведений

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 44 человека

Курс повышения квалификации

Изучение русской живописи второй половины XIX века на уроках МХК в свете ФГОС ООО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 272 человека

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе