Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Кіші мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Кіші мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту.

библиотека
материалов

Аhello_html_m330863f6.jpgвторы:

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Саржансай ауылы

5 «Балбөбек» бөбек – бақша

тәрбиешісі Журунтаева Жамиля Куандыковна

Кіші мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту.

Кіші мектеп жасындағы балалардың тілін дамытудың мақсатты және жүйелі түрде жүргізілуі – балалардың психологиялық дамуын қамтамасыз етуші фактор болып табылады.

Балалардың психологиялық дамуы тіл дамуы арқылы жүзеге асады, бір-бірімен тығыз байланысты құбылыстар екені сөзсіз. Бәрімізге белгілі жағдай: тәй-тәй басқан кішкентай сәби былдырлап өзіне қатысты жағдайды жеткізгісі келеді, ересектердің айтқандарын қайталауға тырысады. Жылдан-жылға тіл дамуының жаңа белестеріне көтерілген сәби тілдің жаңа қырларын ашып, мағыналық және мәндік жағынан түсіне бастайды. Бірақ туған тілін жетік білу мен оны дұрыс қабылдай білу үшін жүйелі түрдегі білім мен орта керек.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту көп қырлы, күрделі үрдістердің бірі. Өйткені тіл ойлау арқылы жүзеге асады, ал ойлауды жүзеге асыру үшін бала тілдік-танымдық, қиялшылдық қабілеттерін іске қосуы керек.

Балалардың тілін дамытуда эстетикалық тәрбиелеудің ажырамас бөлігі ретінде көркем-тілдік қызметтің қалыптасуы маңызды. Кіші мектеп жасындағы бала ертегіні тыңдай отырып қиялдайды, таныс кейіпкерлерді елестетеді, жақсы кейіпкерді жақтайды. Ертегінің қайталанып келетін сюжеттері арқылы ертегі желісін тез есте сақтайды. Әдемілікке құштар бола түседі. Ал әдемілікке құштарлану, сюжетті еске түсіру барлығы тіл арқылы жеткізілетінін ұмытпағанымыз жөн.

Туған тілін тереңдете үйрету мен тіл дамыту рухани және эстетикалық тәрбиелеудің көптеген күпті мәселелерін шешіп бере алатын құрылғы іспеттес.

Кіші мектеп жасының балалары үшін тіл дамыту жұмыстары төл дыбыстарды анық айтудан басталуы керек деп білемін. Бұл мектепке дейінгі жастан бастап шешуін табуға тиісті мәселелердің бірі. Басты мақсаты – дыбыс аппаратын дұрыс қолдана отырып, дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету болып табылады. Жұмыс неғұрлым ерте басталса, нәтиже соғұрлым тиімді болары анық. «Ә, Ө, І, Ң» дыбыстарымен түрлі өлеңдер, қайталама жолдар жаттата отырып, балалармен дыбыстарды анық айту бойынша жұмыстар жасаймыз. Егер бала балабақша кезінен дыбысты дұрыс айтпаса, ары қарай солай қалыптасуы мүмкін.

Қажетті жағдай жасалмайынша, тіл дамыту жұмыстары белгілі бір деңгейге жете қоюы екіталай. Сондықтан мен балалардың белсенді сөздік қорын негізге ала отырып, жалпы қолданыстағы зат есімғ сын есім, етістіктерді күнделікті енгізіп отыруға тырысамын. Балалармен жеке әңгімелер өткізіп, тұйық балалармен балаға жайлы тақырыптарда әңгіме құруға тырысамын. Егер бала қарым-қатынастан қашқақтап, тұйықтанса, онда шыдаммен күтемін. Өйткені көптеген балалар орыс тілді ортада тәрбиеленеді. Сондықтан бала маған сенім артып, сөйлеспегенше, күтемін.

Егер бала көңілі ашық, тез сөйлесіп жатса, онда баланы тоқтатып, сөзін бөлмеймін. Оны міндетті түрде тыңдаймын. Арасында бағыттаушы сұрақтар қоямын. Негізі баламен күні бойы сөйлескен жөн. Ойнап жатқанда, далаға серуенге киіну кезінде, серуеннен келіп шешіну кезінде, жуыну кезінде, серуен кезінде сөйлесуіміз керек.

Кіші мектеп жасының балалары өте қызығушылығы жоғары балалар, олар қолдарына түскен ойыншықты болсын, қоршаған жиһазды болсын әңгіме қылуға әзір. Сол жөнінде көптеген сұрақтары да дайын. Міне осыны пайдалана отырып, шыдаммен барлық сұрақтарына жауап беріп, қызыққан дүниелері туралы айтып беру маңызды. Осындай кезде балалармен эмоционалды қатынасты бұзбауға тырысамын, балалардың пікірлерімен келісіп, олармен бірге қуанамын.

Баламен қатынас кезінде мен оның маған түсіндіруіне мұқтаж екенімді түсіндіремін. әңгіме кезінде жаңа сөздер қосып, жай сөйлемдер құрастыруға көмектесемін.

Дәл осы жас аралығында баланың сөздік қоры 5-7 есе өседі. Сөздік қоры да молаяды. Баламен әңгімелесу кезіндегі менің басты мақсатым мынау – бала әңгіме кезінде тек қана тыңдамайды, ол менің айтқанымды саналы түрде қабылдайды, керек кезде осы білімді жаңғырта алады.

Менің тобымда тілдері жатық емес балалар бар. Оларға көп көңіл бөлемін, олармен көп әңгімелесемін, белсенді сөздік қорын молайтуға тырысамын.

Кіші мектепке дейінгі жас дыбыстарды шығару мен қайталауға бейімді жастардың бірі болып табылады. Дыбыс шығаруға қатысушы ауыз-сүйек мүшелері қозғалысы шапшаң болып келеді.

Баланың тілін дамытудағы басты үлгі тәрбиешінің тілінің тазалығы мен түсініктілігі. Сондықтан әр тәрбиеші тілінің анық болуына, балаға түсінікті болуына назар аударуы керек. Бала тәрбиешінің әр сөзін қайталайды, оны мақтан етеді. Сондықтан әрбір айтылған сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге абай болғанымыз жөн. Сөйлеу мәнері, ырғағы, тоны бәрі маңызды. Темпті өзгертіп отырудың да маңызы жоғары, себебі бір темптегі сөйлеуден бала жалығып кетеді.

Кіші мектеп жасындағы балаларға хормен айтқан жеңіл әрі тиімді, себебі бала өзі жалғыз қайталауға қорқуы немесе ұялуы мүмкін, сондықтан мен балаларға бірге айтуға мүмкіндік беремін.

Кіші мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы қалыпты жағдайда екенін білдіретін көрсеткіштер бар ма? деген сұрақтарға жауап тауып көрелік.

Жылдың соңына қарай біздің топтың балалары қарапайым тілдің өтініштерді орындай алады, суреттің көмегінсіз қарапайым әңгімелер құрастырады, өз тәжірибелерінен бөлісе алады.

Олар еліктеуге жақын тұрады, ересек адамның әрбір қимылын, сөзін, сөз тіркестерін қайталайды. Бірге ертегі оқиық немесе әңгіме құрастырайық деген өтінішіме қуана келіседі.


Тіл дамытудың негізгі тірегі – ол бала мен тәрбиеші арасындағы сенімділік, достық қатынастың орнауы болып табылады. Тәрбиешінің балаларға деген достық, мейірімді қарым-қатынасының арқасында топта балаға өзіндік дамуына ыңғайлы орта қалыптасады. Бала өзінің істеген әрбір әрекетінің назардан тыс қалмағанын, оны мақтан тұтатынын түсінуі керек.

Тіл дамыту жұмыстары сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын шараларсыз іске асуы мүмкін емес. Бұл жұмыстарға: мәтіні бар қозғалмалы ойындар, хормен айтатын өлеңдер, үстел үсті ойындары, дидактикалық ойындар, қойылымдық ойындар жатады. Мен бұл шараларды 2-6 баланы алып күні бойы уақыт шыққан кезде өткіземін.

Кей кезде жасы үлкенірек балаларға жасы кіші балалардың жасаған жұмысын тексеруді тапсырамын. Себебі бала өзін қажетті сезінеді.

Тіл дамыту әрине ауыз әдебиетініз толыққанды болмасы анық. Сондықтан бос уақыт кезінде балалармен жаңылташтар жаттаймыз, өлеңдер айтамыз, ертегі оқимыз. Қазақ тілінің бай халық ауыз әдебиетімен сусындату ешқашан ерте болмаған деп ойлаймын.

Балаларға ұйықтар алдында міндетті түрде бесік жырын айтамын. «Әлди, әлди...» деп басталатын қасиетті әуеннен балалар маужырап ұйқыға кетеді.

Тіл дамытудағы тағы бір қажетті бөлік ол – сенсорлық тәрбиелеу. Осы арқылы бала қоршаған орта туралы алғашқы білім нәрімен сусындайды, сипап сезу арқылы дүниетанымы қалыптасады. Түрлі заттардың формасымен, түсімен таныса отырып бала өз сөздік қорын молайтады, тілдік талдау жасаға талпынады. Тек қана атап қана қоймай, неге осы түсті екенін, тағы неге ұқсайтынын айтады. Жануарларды үй және жабайы деп бөлуді үйренеді.

Тіл дамыту алдында айтқанымдай күрделі жұмыс. Себебі қазір қоршаған орта мен қоғамның тілі әр түрлі. Бала үйінде орысша сөйлеп келіп балабақшада бір жылда қазақша сөйлеп кетеді деу де артықшылық. Баланың санасына қазақ тілі ана тілі екенін үйретуіміз керек. Мектепке дейінгі жастағы балалар нағыз үйренуге құмар жастағы балалар. Оларға барлығы қызықты. Кішкентай елеусіз әрекеттер оларға қуаныш сыйлайды. Кейбір күйбең тірлікпен көзге іле бермейтін жағдайларды балалар көріп, айтып жатады. Ал бұл кезеңде бала жанына ата-анадан соң жақын тұратын ол әрине, тәрбиеші.

Тіл дамыту жұмыстары жүйелі әрі дұрыс жүргізілуі тиіс. Әр дыбыс, әр сөз, сөз тіркесі, сөйлем дұрыс айтылуы және құрылуы тиіс. Себебі алғашқы іргетас осы бізде, балабақшада қаланатынын ұмытпайық.

Кіші мектеп жасындағы балалардың тілін дамыту жұмыстары әрқашан тәрбиешінің жіті бақылауында болуы тиіс, сонымен бұл үрдіс бір жақты ғана болып қалмай ата-аналар тарапынан қолдау тапқаны құптарлық іс. Себебі баламен күні бойы жүргізілген жұмыс үйде жалғасуы тиіс. Сонда ғана тіл дамыту жұмыстары өз жемісін береріне сенемін.



Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров318
Номер материала ДБ-051404
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх