Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Кіші жүздің Ресейге қосылуы.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

библиотека
материалов

А.Кабесова,

Жаңақала жалпы орта

білім беретін мектебінің

тарих пәні мұғалімі.

Жаңақала ауданы,

Батыс Қазақстан облысы




Сабақтың тақырыбы: Кіші жүздің Ресейге қосылуы.


Сабақтың мақсаты: Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты Кіші жүздің Ресей қарамағына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы, Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері және салдарларына талдау жасай отырып, жүйелі жұмыс істеуге дағдылану, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарау.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау


Бағалау:

  • Миға шабуыл;

  • тест талқылау;

  • мәтінмен жұмыс;

  • кестемен жұмыс;

  • синквейн,

  • мини эссе.

Көрнекілігі: электрондық оқулық, карта, плакаттар.


Күтілетін нәтиже:

  • тақырыпты терең меңгереді,

  • өз ойларын еркін айтып дәлелдей алады,

  • өз бетімен жұмыстануға үйренеді,

  • ұлттық рухты, намысты ұғынады.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларға «Кіші жүз», «Ресей», «Әбілқайыр хан» сөздері жазылған қиықшалар беріледі. Қиықшалар таңдау арқылы 3 топқа топтастырылады. Әр топтан топ басшылары сайланады және бағалау парағы беріледі.


ІІ.Қызығушылықты ояту.

1. Миға шабуыл. (Кіші жүз туралы не білетіндерін айтады, мұғалім тақтаға жазады.)



2. Презентация. (электрондық оқулық бойынша түсіндіру.)

hello_html_m2ea6833d.png























hello_html_md23f472.jpghello_html_111cb0be.jpg





















hello_html_m77d55c6e.jpghello_html_6283e3c1.jpg














3. Тест. (алты нұсқада топ мүшелеріне бөлек-бөлек беріледі. Оқушылар дұрыс жауаптарын белгілейді, әр топ жауап береді.)

Тест №1.

1.Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты?

а) Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті қалмақтарға жұмылдыру;

ә) Қаз/ғы өз қарсыластарының сағын сындыру;

б) Ресейдің отарына айналу;

2.1714-1720ж патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты?

а) Қалмақтар мен башқұрттардың қазақ жерін мазалауын тоқтату;

ә) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу;

б) Қазақ жерімен достық қарым-қатынас орнату;

3.1747жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан?

а) Барақ;

ә) Батыр;

б) Қайып;

4.1740жылы Кіші жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет?

а) Хиуа;

ә) Иран;

б) Қоқан;

5.1735жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс?

а) Верный;

ә)Ор;

б) Өскемен;



Тест№2

1.Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер?

а)Құндағұлұлы,Қоштайұлы;

в)Жанжігітұлы,Құндағұлұлы;

с)Қоштайұлы,Қожағұлұлы;

2.Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген?

а)Барақ;

в)Қайып;

с)Нәдіршах;

3.1742 жылы 20 мамырдағы Ресей сенатының жарлығы?

а)Ойраттардың әскери қимылдарына шек қою;

в)Кіші жүзді Ресей империясы құрамына қабылдау;

с)Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністердіқорғау туралы;

4.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы?

а)1726ж;

в)1730ж;

с)1731ж;

5.XVII ғ.1 жарт.қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдачтырушы?

а)Абылай;

в)Әбілқайыр;

с)Нұралы;

Тест№3

1.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша?

а)Екатерина;

в)Анна Иоанновна;

с)Петр;

2.Башқұрттардың көтерілісін басуға патша өкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланған жыл?

а)1735-1736жж;

в)1735-1738жж;

с)1735-1737жж;

3.Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігін кім басқарып келді?

а)А.Тевкелев;

в)В.Татишев;

с)И.Неплюев;

4.1731жылы 19 ақпанда қандай құжатқа қол қойылды?

а)Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы;

в)Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы;

с)Отарлауды күшейту туралы;

5.1731ж Әбілқайырды қолдап,Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны?

а)19;

в)29 ;

с)39 ;

Тест№4

1.1740 ж Хиуаны талқандаған парсы әміршісі?

а)Қалдан-Серен

в)Әмірсана

с)Нәдіршах

2.1738ж Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы?

а)В.Татишев

в)И.Неплюев

с)И.Кириллов

3.Ресейдің қазақ-жоңғар тартысына араласа алмау себебі?

а)Екі жаққа да көмек көрсеткісі келмеді

в)Швециямен соғысып жатты

с)Ресей мұндай соғысқа дайын емес еді

4.1714-1720жж Ертіс өзенінің жоғары ағысында қандай бекіністер тұрғызыла бастады?

а)Жәміш,Омбы,Колбасинск,Железинск,Семей,Коряков,Өскемен

в)Семей,Жәміш,Құлжа,Жәуешек,Ақсу

с)Колбасинск,Коряков,Омбы,Жаркент,Құлжа

5.Жоңғарлардың Ақтабан шұбырынды,Алқакөл суламадан кем түспейтін шапқыншылықтары қашан болды?

а)1742-1743жж

в)1741-1742жж

с)1743-1744жж

Тест№5

1.В.Н.Татишев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған жыл?

а)1737ж;

в)1738ж;

с)1739ж;

2.Башқұрт халқыны екінші қөтерілісі қашан басталды?

а)1738ж;

в)1739ж;

с)1740ж;

3.1742 жылғы Н.И.Неплюевтің жоңғарларға жолдаған хатында жазылған талапқа жоңғарлар қалай жауап берді?

а)Қазақтарға қысымды тоқтатты;

в)Құлақ аспады;

с)Ресей үкіметіне шабуылдады;

4.Орыс үкіметі мен Әбілқайыр арасындағы жікті жалғауға біраз әрекет еткен?

а)В.Н.Татишев;

в)И.К.Кириллов;

с)А.И.Тевкелев;

5.1738жылы тамызда Әбілқайырмен бірге Ресейге адалдығын қуаттаған Орта және Кіші жүз старшындарының саны?

а)29;

в)60;

с)52;

Тест№6

1.Ор өзені бойындағы Ор бекінісінің салынған жылы?

а)1732ж;

в)1734;

с)1735ж;

2.1735жылы негізі қаланған Орск қалашығын Орынборға көшірген кім?

а)И.Н.Неплюев;

в)В.Н.Татишев;

с)А.И.Тевкелев;

3.Абылай мен Әбілмәмбеттің Ресейге ант беруінің себебі?

а)Кіші жүз қосылғаннан кейін ;

в)Жоңғар шабуылдарын әлсірету үшін;

с)Цинь империясының қысымынан құтылу үшін;

4.1731жылы Қазақстан тарихындағы ең өзекті оқиға?

а)Әбілқайыр хан Ресей билігін мойындады;

в)Абылай мен Әбілмәмбет Ресей билігін мойындады;

с)Қазақ жеріне жоңғарлардың шабуылдауы;

5.И.К.Кириллов басқарған орыс экспедициясы жабдықталған жыл?

а)1734ж;

в)1735ж;

с)1736ж;


ІІІ. Мағынаны тану.

  1. Мәтінмен танысу және талдау. Жаңа тақырып бойынша қысқаша мәтін әр топ мүшелеріне беріледі, мәтінді оқып, өз ойларын ортаға салып, пікірлеседі. Сол берілген мәтіннен бір күрделі мәселені алып, содан оқушылар өздерінің шығу жолдарын баяндайды және салыстырады.

Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі.

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың (1680-1748жж) ең басты мақсаты-батыстағы көршісі Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті ойраттарға қарсы күреске жұмылдыру болатын.

1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырды.Алайда хан билер мәжілісінің шешімін бұзып,Петербургке аттандырылған елшілерге әскери одақ құру емес,Ресейдің қол астына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды.

Орыс үкіметінің Қазақстан жөніндегі жоспары тіпті басқаша еді.1714-1720 жылдары патша өкіметі қазақ жерінде бекіністер салу арқылы.елді біртіндеп жаулап алуды ойластырды.

1731 жылғы ақпан айының 19-ы күні қазақ елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабыл алды.Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуға тілек білдірген феодалдық топтары мен Әбілқайырдан ант алу үшін орыс елшілігін сыртқы істер коллегиясының тілмашы,қабілетті елші А.И.Тевкелев басқарды.Сөйтіп,1731 жылы 10қазанда Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді.

1734 жылы орыс үкіметі Сенаттың бас хатшысы И.К.Кириллов басқарған арнайы экспедицияны жабдықтады.Оның негізгі мақсаты –Ор өзенінің бойында бекініс тұрғызу,Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту,табиғат байлықтарын игеру,Сырдария бойында қала тұрғызып,біртіндеп өзен флотелиясын ұйымдастыру болды.Тек 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі салынды.

1735-1737 жылдар аралығында башқұрт халқының көтерілісін басуда орыс үкіметі Кіші жүздің жасақтарын пайдаланды.

1738 жылы тамыз айында Орынбор комиссиясының басшысы,көрнекті тарихшы В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырды.Әбілқайырмен қатар оның ұлдары Ералы,Нұралы бар,60-қа жуық Кіші жүз бен Орта жүз старшындары Ресейге адалдығын қуаттап,антқа бармақтарын басты.

1740 жылы башқұрт халқының екінші көтерілісі бұрқ ете түсіуіне байланысты,патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейлінше қысып ұстауға тырысты. Орынборға шақырылған феодалдар қатарында тек Кіші жүз емес,Орта жүз билеушілеріде бар еді.Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан да Ресейге ант берді..

18 ғасырдың 30-40-жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең.Ресейдің құрамына қосылғанмен,Кіші жүздің жағдайы түзелмеді.1740жылы парсы әміршісі Нәдір шахтың Хиуаны талқандап,Сырдария өңіріне жақындауы қазақ руларының онсыз да қасіретті жағдайын мейлінше күрделендірді.Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И.Неплюев 1735 жылы негізі қаланған Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді.Бұл қоныс Орынбор деп аталды.Парсы әмірінің қазақ жеріндегі шабуылынан шошынған Әбілқайыр Ресеймен байланысын одан әрі нығайтуға мүдделі болды.Ал жоңғар қонтайшысы Қалдан –Сереннің (Галдан Цэрэн)1741-1742 жылдары Орта жүз бен Кіші жүзге ұйымдастырған бұрынғы «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұламадан»кем түспейтін шапқыншылықтары Қазақстандағы саяси жағдайды шиеленістіре түсті.

1742 жылғы мамыр айының 20 күні Ресей Сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық қабылдады. Қазақ жерін жоңғарлардан босататын күш тек қазақтардың өздері болатынын 1734 жылдан Орта жүздің ханы болған Әбілмәмбет те,ықпалды сұлтан Абылай да түсінді.Бірақ Әбілққайыр патша үкіметінен қарым-қатынасын біржолата үзе алмады. 1747 жылы Нәдір шахтың өлтіріліуінен соң Хиуа тағына Әбілқайырдың бақталасы Батыр сұлтанның ұлы Қайыптың сайлануы,қазақ ханының бұл өңірдегі әсерін әлсіретті.1748 жылы Әбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза болды.. Әбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей билігін мойындауы,әрине,Қазақстан тарихындағы өзекті оқиға.Бұл қадамның жоңғарлардың қазақ жеріне шапқынщылығына белгілі дәрежеде шек қойғаны мәлім.Шын мәнінде,Кіші жүздің Ресеймен іргелес жатқан шағын өңірі ғана орыс үкіметінің әкімшілігіне тәуелді болды.Қазақ феодалдарының басым бөлігінің Әбілқайырға қарсылығы орыс үкіметінің түпкілікті жоспарын біртіндеп отарлауды қиындатты..


  1. Кесте толтыру. Мысалы: (топ басшылары өз жобаларын қорғайды)

Өзекті мәселе

Мәтін бойынша мәселеден шығу жолдары

Топтың шығу жолдары (өз ойлары)

1-топ

Әбілқайыр мен ақсүйектер арасындағы қатынас

Әбілқайыр хан ақсүйектердің сөзіне құлақ аспай, Ресей құрамына өтуге шешім қабылдады. Ақсүйектер де көнді. Сөйтіп Қазақстанның Ресейге қосылуына алғашқы қадам жасалды. Содан 150 жыл бойы қазақ халқы Ресей құрамында болып келді. Әбілқайыр дұрыс шешім қабылдағанда, бәлкім қазақ өмірі мүлде басқаша болар ма еді?

Ақсүйектердің орнында болсақ, Әбілқайырды көндіріп, дұрыс шешім қабылдатқызар едік. Ресей құрамына кіру емес, тек Жоңғарларға қарсы одақ құруға көмек сұрар едік.


ІV. Ой толғаныс. «Синквейн»

  1. Зат есім

  2. 2 сын есім (қандай?)

  3. 3 етістік, баяндауыш (не істеді?)

  4. 4 сөзден тұратын сөйлем

  5. Синоним

(әр топ мүшелері бірлесіп, тапсырмаға байланысты ойларын айтады)


Мысалы: 1-топ мүшелері:

1.Әбілқайыр

2. ақылды, батыл

3. ант қабылдады, елшілік жіберді, құлақ аспады

4. Ақсүйектер сөзіне құлақ аспады.

5. Хан, билеуші








V. Бағалау. Топ басшылары өз топ мүшелерін бағалау парағы бойынша бағаланады.

Бағалау парағы

Оқушының аты жөні

І. Тест

ІІ. Кесте

ІІІ. Синквейн

Қорытынды баға






































VI. Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мини эссе жазу.















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.09.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3113
Номер материала ДA-045190
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх