Инфоурок Другое КонспектыКішкентай ару

Кішкентай ару

Скачать материал

  Тақырыбы:Кішкентай ару.

Мақсаты:Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейрімінең тарайтының ұғындыру.Болашақ ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрді қастерлеп,тәрбиелі,өнерлі болып өсуіне және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру.Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу.

Түрі:Сайыс.

Көрнекілігі:шар,нақыл сөздер,гүл шоқтары,баға жетондары.

Барысы:    Наурыз күні-Ана күні,әлем күні

                    Әлемді тебірендірер ана үні

                    Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

                    Ұғып ал,бөбектерім,сендер мұны.

 

     Құрметті асыл аналар,қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!Қар астынан қылтиып,бәйшешек бой көтергенде,көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан,қалың қар астынан бүршік жарады.Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей,барлық қиындыққа төзімді.Аналар көктемгі гүлдей жарқырап,гүл мерекелерініз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Ал,құрметті қауым алғашқы көктем мерекесіне арналған «Кішкентай арулар»байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.Байқауымызды бастамас бұрын біздің байқауымызға терелік ететін әділқазылар алқасын тағайындап алайық.Олар: 1.Спанова Р.К.

                        2.Аханоа Г.К.

Мың бұралған арулар аңдап басып

Келеді міне ортаға толқып,тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің

Ортаға аруларды шақырамыз.

 

1.Білімді оқу озаты сыныптағы

Талай қиын істерді құрықтаған

Дамеля алдында талай іс тұр,

Болашақта жандырар үміт отыр.

2.Сабырлы,әрі салмақты

Өзі өнерлі жан-жақты

Келе жатқан Алияны

Жарысты бүгін жалғапты.

 

3.Үздік оқып сабағын

Бәрімізге жағатын

Дильназ  кейде қырсыққа

Түйіп алар қабағын.

 

4.Сабағынан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды

Данагүл бүгін сайыста,

Ән мен жырын арнайды.

 

5.Ай секілді өзі де,

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де

Ақерке деген арудың

Әдемі ғой көзі де.

 

6.Сабағында меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Аяжанға

Әдемі есім теңгерген.

 

7.Қыздардың бәрі сұлу алсаң назар

Бәрі де арманына қолын созар

Арманың орындалсын Карина қыз

Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.

 

8.Шығады мың бұралып Зейнеп биші

Өнерді сүйген,бәрін сүйген

Қыздары біздің топтың бәрі сұлу

Шығады арасынан әнші,күйші

 

9.Атыңнан айналайын Жансая деген

Сенің ісіңе жақсы баға берем

Жеңіс туын тігерсін болашақта

Үміті зор осы мектептің саған деген.

10.Аққу құстай қанат қағып самғаған,

Адал жолмен арам іске бармаған.

Адамдықты жаны сүйген әрқашан,

Ұлжан да қатарынан қалмаған.

 

Құрметті көрермендер сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

1.     «Мен қазақтын қызымын»(таныстыру)

2.     «Шебердің қолы ортақ»

3.     «Менің анам аспазшы»

4.      Өнер сайысы.

5.      Сұрақ-жауап.

6.      Сән үлгісін көрсету.

1-кезең: «Таныстыру»

Кішкене арулар келіп жетті танысуға,

Бойыңдағы бар дарынды танытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппен,ізетпен танысуға,-дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

 

2-кезең: «Шебердің қолы ортақ»

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жанылмаған ата-баба жолынан

Шебер қолдар өз өнерің көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан.

 

Кезекті гүл қиып жапсыру сайысына береміз.Аруларымыз тапсырма орындап болғанша сыныптың биші ұлдары би билеп берсін.

 

3-кезең: «Менің анам аспазшы»

«Ас адамның арқауы»- демекші,келесі кезеңде арулар үйде аналарымен бірлесіп дайындаған астарымен таныстырады және жасалу жолдарын айтып береді.

Аруларымыз дайын болғанша сыныбымыздың балаларының аналарына арналған тақпақтарын тыңдайық.


1.Расул:Ана-дейміз бәрімізде аңқылдап

               Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

               Ана-деген бәйтерегі өмірдің

               Ана-деген алтын қазық,алтын бақ

2.Алдияр:Сіздерден өскен балалар

                  Батырлар мен даналар

                  Құттықтаймыз мейраммен

                  Құтметті біздің аналар.

3.Камшат:Жамандықты сақтандырып,

                  Жақсы ісімді мақтан қылып

                  Мәпелеген ақ мамамды

                  Жүрсе деймін шаттандырып

4.Ұлжан:Мәпелейсін мені анам,

                Қолыңдағы құсындай.

                Құлпыра өсіп дем алам,

                Құшағында қысылмай.

5.Мурат: Ақ анашым,аппағым

                 Өзің жайлы таппағым

                 Өзің жайлы әнім де

                 Арнадым саған бәрін де.

6.Ерасыл:Әлпештеген аялаған

                  Ақ сүт берген апатайым

                  Сәлем жазып бүгін саған

                  Мейрамынмен құттықтаймын.

7.Ерғанат:Мен гүлдерді жұлмаймын

                  Торғайларды қумаймын

                  Айтқан сөзін тыңдаймын

                  Анашымды сыйлаймын.

8.Алихан:Бізді өсіріп баптаған

                  Жақсы болсақ шаттанған

                «Алтыным» деп мақтаған

                 Айналайын ақ мамам.

9.Еркебулан:Отбасының ордасын

                        Періштелер қорғасын

                        Тіккен әрбір отауға

                        Тәңірім жақсылық жолдасын.

 10.Саян:Аялаған,баптаған

                Асыраған,сақтаған

                Айтып бәрін үйреткен

                Анамызға мың алғыс.

11.Нұрасыл:Анам мені:«айым»-дейді,

                  Мен мұнайсам,уайым жейді.

                 Анам мені: «күнім»-дейді,

                 Мен қуансам күлімдейді.

12.Мадияр:Бәрін іздеп табасың,

                  Айналайын анашым.

                 Жұмысына барасың,

                 Қайта мені көргенде,

                 Шын сағынып қаласын.

13.Серікбол:Аналарды сүйеміз,

                       Ақылын ойға түйеміл.

                       Әжені де ардақтап,

                      Әдеппен бас иеміз.

14.Санжар:Үн қатасын бал тілмен

                    Еркелеймін әр күн мен.

                    Құттықтаймын, анашым

                    Сегізінші Наурызбен.

 

4-кезең: «Өнерліге өріс кең»

Даусың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан

Көркің қандай нұрлы

Тан шолпанмен астасқан

Өнеріңді кәне бүгін көрсетші,

Мына жұртқа қошеметпен қол соққан,-дей келе аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

 

Көрермендермен ойын жүргізу.

 

5-кезең: «Білім мен дәстүр» (сұрақ-жауап)

Жас ару –жас ғұмырдың талғамасың,

Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын,-дей келе сұрақ-жауап бөліміне шақырамын.Конвертте жасырылған сұрақтарды алып кезекпен жауап бересіңдер.

1.Жүннен жасалатын бұйым?(кигіз)

2.Түйенің сүті?(шұбат)

3.Ұлыс күнінде жасалатын тағам?(наурыз көже)

4.Қыста жейтін малдың етін не дейміз?(соғым)

5.Қазақ қыздарының бас киімдері?(сәукеле)

6.Ең құрметті,жанашыр адам?(ана)

7.Қазақ халқының ұлттық ойындары?(аударыспақ,бәйге,теңге алу,күрес)

8.Сиырдың төлін қалай атаймыз?(бұзау)

9.Қойдың төлін қалай атаймыз?(қозы)

10.Ешкінің төлін қалай атаймыз?(лақ)

11.Жылқының төлін қалай атаймыз?(құлын)

12.Түйенің төлін қалай атаймыз?(бота)

13.Үй жануарларын ата.

14.Үй құстарын ата.

15.Апта күндерін ата.

16.Төрт түлік мал.

17.Қасиетті тағам

18.Жыл мезгілдері.

19.А дыбысынан басталатын кісі аттарын ата

20. Орманда мекен ететін жануарлар

  6-кезең: Сән үлгісін көрсету.

Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес ,

Халқының сақтай білген ізгі сәнің, - дей келе аруларымыз сән үлгілерін көрсетеді.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатынды талаппен аңықтадыСан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына ұсынамыз.

Сайысқа қатысқан аруларымыз марапатталады.

 

«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» - деп,аруларымызды жеңістерімен құттықтап қошеметпен шығарып салайық.

Осымен біздің бүгінгі «Кішкентай ару»атты сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кішкентай ару"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:Кішкентай ару.

Мақсаты:Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан,ананың мейрімінең тарайтының ұғындыру.Болашақ ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрді қастерлеп,тәрбиелі,өнерлі болып өсуіне және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру.Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу.

Түрі:Сайыс.

Көрнекілігі:шар,нақыл сөздер,гүл шоқтары,баға жетондары.

Барысы:Наурыз күні-Ана күні,әлем күні

Әлемді тебірендірер ана үні

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал,бөбектерім,сендер мұны.

Құрметті асыл аналар,қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!Қар астынан қылтиып,бәйшешек бой көтергенде,көктемнің алғашқы жаршысы болып аналар мерекесі келеді.Бәйшешек сонша нәзіктігіне қарамастан,қалың қар астынан бүршік жарады.Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей,барлық қиындыққа төзімді.Аналар көктемгі гүлдей жарқырап,гүл мерекелерініз,күн мерекелеріңіз құтты болсын!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 680 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2015 961
    • DOCX 26.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахытова Бакытгуль Биртаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахытова Бакытгуль Биртаевна
    Рахытова Бакытгуль Биртаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4818
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе