Инфоурок Классному руководителю Конспекты«Кішкентай сұлтан -2014» сайысы ( 2 сынып)

«Кішкентай сұлтан -2014» сайысы ( 2 сынып)

Скачать материал

«Кішкентай  сұлтан  -2014».

Сабақтың  мақсаты : Өз  халқының , Отанының  азаматы деген қасиетті  ұғымның қалыптасуына көмектесу. Жігіттердің  бойына  ұлттық  салт-дәстүрімізге  сай қасиеттерін сіңіріп, ептілікке, ержүректілікке, сегіз  қырлы, бір сырлы болуға тәрбиелеу.

Барысы:   Бүгінгі  2-а сыныбында өткізгелі  отырған  «Кішкентай  сұлтан-2014» сайысына  қош келдіңіздер!   Алдымен  7 мамыр  ҚР  Қарулы  Күштерінің  және  Отан  қорғаушылар  күнімен  ардақты сарбаздар  мен  жас  ұландарды  құттықтауға  рұқсат  етіңіздер!

Армысыздар  ұстаздар,  ата-аналар,  оқушылар!

Бармысыздар,  жан күйер  сыныптастар!

Бүгінгі  сайысты  біз бастайық,

Сайыста  көңілменен  қол  соғалық ,

Біздерде  ойын-сауық   басталады ,

Тамаша  би  биленіп , ән  салады.

Сайыс  десе  таза  біздің  арымыз ,

Жалындайды  сайысқанда  жанымыз.

Сайысатын  кішкентай  сұлтандарды,

Қарсы  алайық  қошметтеп  бәріміз.(сұлтандар  ортаға  шығады ,нөмерлерін  суырады).

 (Сұлтандардың  құрметіне  Диляра  мен  Айлана  би  билеп  береді). 

Әділдікпен  бұл  сайысты  байқайтын,

Туралықтан  ешуақытта  қайтпайтын ,

Әділдікті  қолдайтын  баға  беріп ,

Жіберейін  қазыларды   таныстырып.(әділқазылар  төрт  адамнан тұрады).

Байқауымыздың   өтетін  бөлімдерімен  таныстырып   кетейін.

1. «Жеті  атасын  білген  ер,  жеті  жұрттың  қамын  жер».(Таныстыру).

2. «Ел  іші ,  өнер  кеніші» .(өнер  көрсету).

3. «Білімді  жүзден  озар».(3 санына байланысты ұғымдар).

4. «Мақал- сөздің  мәйегі» . (мақалдың  жалғасын  табады).

5. «Шынықсаң - шымыр  боласың» .(ұзындыққа секіру, оджимание  жасау ,шеге қағу).

6. «Ескірмеген-  есті  сөз».(қаруға  байланысты  сөздер).

7.Газетті  , киімді , төсбелгіні  бағалау.

8. «Шебердің  қолы  ортақ».(өз қолынан  жасаған  заттарын  көрсетіп, айтып береді) .

Ал  енді сайысымыздың бірінші  бөлімін  бастайық.

Өнер  қуып  жігіттер  өтер  деймін ,

Бір басына  өнері  жетер  деймін,

Бәсекеге  түскен  сұлтандар кезектесіп ,

Өздерін   таныстырып өтер  деймін.(ортаға   кезектесіп  шығады,  бағалары  сұралады) .

«Ел  іші , алтын кеніші» бөлімін   бастаймыз.

Ал  кімнің  өнері  бар қаншалықты,

Би  билеп, ал  біреуі  ән  салады

Сұлтандар  байқауында  бәйге  алуға,

Жігіттер  аянбай  жан   салады.(кезектесіп   ортаға  шығады,  бағалары  беріледі).

«Еңбек  ердің –санаты, білім елдің  қанаты» демекші ,Мықты  болсаң сұрақтарға   жауап бер,

Келді  кезек  тапқырлықты  танытар.

Бұл  сыннанда  өтсең  егер  сүрінбей ,

Жүлде  сенде қуана  бер  күлімдей -дей отырып,  сұлтандарымыз  сұрақтарға  жауап  береді.

Үш арсыз.                        Үш би.                                    Үш дана.                             Үш тәтті.

1.Ұйқы арсыз.                1.Төле би.                          1.Абай.                                1.Ананың сүті тәтті.

2.Күлкі арсыз.                2.Қазыбек  би.                  2.Шоқан.                            2.Баланың  күлкісі.

3.Тамақ арсыз.              3.Әйтеке  би.                    3.Ыбырай.                           3.Туған   жер.   

Үш  жақын.                            Үш тоқтам.

1.Жарық  дүние.                  1.Ақыл  арқан.

2.Балаң.                                 2.Ой  өріс.

3.Жарың.                               3.Адам   қазық.     

(билет  суырады, бір сұраққа  бір  ұпайдан  беріледі ).

А.Аружан  ән  орындайды .

«Мақал-сөздің  мәйегі» бөлімі  кезеңі  әр   сұлтан  мақалдың  жалғасын  табады.

1.Балам өсті дегенше ,

Батыр өсті десеңші.

2.Бала-адамның  бауыр еті.

3.Байлық  байлық емес,

Бірлік байлық.   

4.Еңбек  ерлікке  жеткізеді,

Ерлік  елдікке  жеткізеді.

5.Туған  жер  - тұғырың,

Туған  ел – қыдырың.

6.Жақсы   қыз- жағадағы  құндыз,

Жақсы  ұл- аспандағы   жұлдыз.

7.Өнер  іздеген өсер,

Өсек  іздеген  өшер.

8.Батыр туса  ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

9.Ерлік білекте емес, жүректе.

10.Ел үмітін ер ақтар ,

Ер  атағын  ел сақтар.

11.Ақыл-дос, ашу –дұшпан.

12.Өнер-ердің  қанаты.

(билет  суырады, әр  мақалаға  бір  ұпайдан  беріледі).

Бибинұрды  үнді биімен   ортаға  шақырамыз.

Ер  өнері білінбес,

Қоян-қолтық  алыспай ,

Күш   өнері  білінбес ,

Бәйгіге  түсіп  жарыспай – демекші  келесі  бөлім  «Шынықсаң –шымыр  боласың» деп аталады.Бұл  бөлімде  спорттық  тапсырмалар  орындалады.(Бұл  сайысты  Бекболат  Тоғжанұлы  жүргізеді).

«Ескірмеген  есті  сөз» кезеңі  бойынша  қазақ   халқының  көне  қаруларға  байланысты  сай  атауларын  айтады.

1.Түйреу  қаруы. а).Найза. ә).Сүңгі.

2.Шабу  қаруы.а).Айбалта.

3.Соғу  қаруы.а).Шоқпар.

4.Ату қаруы.а)Мылтық.ә).Садақ.

5.Кесу  қаруы.а).Алдаспан.ә).Қылыш.б).Сапы.в).Семсер.

6.Ат сауыттары.а).Береңгелі кежім.ә).Зере кежім.б).Көбе кежім.в).Қияқ кежім.г).Қаттама кежім.

(билет  суырады ,жауаптарына  сай  бір ұпайдан беріледі).

Дана  ән  шырқайды .

Жігіттің  көркі –өнері ,

Талап- кісі мұраты.

Өнері  қалмақ артында,

Дүниенің  өшпес  шырағы-дей  келе сұлтандарға  берілетін  бөлім «Шебердің  қолы  ортақ» деп аталады.(ортаға  кезекпен  шығып,  өз  жұмыстарын  таныстырады, баға  беріледі).

Аружан .Б. би  билейді.

Төсбелгі  мен  газетке , киімге баға беріледі.

Жылдар ,жылдар  тарихтың  мол беттері,

Сен  әкелген   жақсылықтар  көп  тегі.

Көңіліңді  шат  сезімге  баурайды,

Халқымыздың  бүгінімен , өткені. Осымен , «Кішкентай  сұлтан-2014» атты  сайысымыз  мәреге  жетті. Тоқсан ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні  «Жүйріктен  жүйрік  озар  жарысқанда» демекші ,  бүгінгі  сайысымыздың  жеңімпазын  анықтау  үшін  әділқазылар  алқасына  сөз  береміз (марапаттайды).

«Жүзден-жүйрік » күшімен,

«Мыңнан- тұлпар» шықты  шын.

Жігіттердің  ішінен  шыққан  Сұлтан  мықтысын!

Құттықтайық  ал  енді,

Сұлтан  болған   баланы,

Өрге   жүзіп  өнері,

Тауға  өрлесін  талабы,

Қуанышты  жанары,

Шоқтай  болып  жағылсын!

Осымен  сайысымыз аяқталды.   Келгендеріңізге  көп-көп  рахмет!    Сау  болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Кішкентай сұлтан -2014» сайысы ( 2 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.10.2015 1296
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темирболатова Кунсулу Батаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12905
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 834 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 748 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 953 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 601 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 205 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе