Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / "Кішкентай жұлдыздар" мерекелік кеш

"Кішкентай жұлдыздар" мерекелік кеш

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Кішкентай жұлдыздар.


Мақсаты: Еліміздің жарқын болашығы үшін балалардың дарыны мен қабілетінің артуына жол ашып,білімді де өнерлі ұл – қыздарын тәрбиелеу, балалардың әншілік дарындылығын ашу.

Дамытушылық: Өнерпаздарды жан – жақты зерттеп,әнді көпшілік алдында қысылмай еркін орындауға бейімдеу.


Құрметті ұстаздар,балалар.Қазақ деген ,ғұлама ,өнерлі де өрелі халықтың ұрпақтары екенімізді мақтаныш тұта отырып,ән – жыр тыңдасақ деген оймен өткізгелі отырған « Кішкентай жұлдыздар » атты ән байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Ерте замандарда – ақ әділдікке бой алдырған қазақ халқының әрбір бәйге – жарасын арнай қазылар алқасы жүргізгені ақиқат.Біздің де бүгінгі өтетін сайыстың әділ шешімін айтатын қазылар алқасы құрамымен таныстырып өтейін.

_________________________________________________


_________________________________________________


_________________________________________________

Бағалануы 5 балдық жүйе.

1.Ән орындау мәдениеті ( эмоция, сезімдері)

2.Сахнада өзін - өзі ұстауы ( жүріс – тұрысы, қимылы )

3.Өнер деңгейі.


Ау халайық халайық, бәріміз мұнда қарайық.

Ән мен тақпақ осында, тыңдауға біздер жарайық.

Өнерлерін ортаға балапандар салмақшы

Жүзден жүйрік жорғалар, бәйгені жеңіп алмақшы

Қара қылды қақ жарған әділқазылар алқасы

Өнерпазды топ жарған анықтап бүгін алмақшы.


Берейін жанкүйерлер сәлем сізге

Жиналған зиялы топ бәріңізге

Кешімізді бастайтын кезде келді

Келтіріп ойын – сауық сәнімізге.

Өнерді қазынадай жинайтұғын

Күш қуаты бойына симайтұғын

Кіп – кішкентай жұлдыздар топқа түспек.

Танытатын тарлан талант кезі бүгін. - деп сайысқа қатысатын бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.

« Шұғыла – ғажайып ертегі » әнін орындайды.

Сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

  1. « Өркен » тобынан : Мейіржан,Гүлжайна,Диас,Қарлығаш. (Жақсы көрем)

  2. « Бәйтерек » тобынан: Гүлсезім, Айғаным. (Гүлкөбелек)

  3. « Күн шуақ » тобынан: Нұрсая, Нұрсара. ( Самая счастливая )

  4. « Балауса » тобынан : Ерасыл,Ислам,Сакен,Абай,Диас,Дамир. (Оянғанда түнде)

  5. « Шаттық » тобынан: Мадина,Айзере,Көркем,Құндыз,Сағыныш. (Қарлығаш)

  6. « Балдәурен » тобынан: Ақбота,Айша,Бану.( Песенка для мам )

балалар ортаға шығып бір – бірлеп барып өз номерлерін алады.

  1. «Жақсы көрем» әнімен

Ата - әжесіне арнаған

Шырқайды әнді сәнімен

« Өркендегі » балалар.

« Жақсы көрем » әні, қабыл алыңыздар.


  1. Арықтармен су ағар

Қар ерісе көктем кеп

Бар табиғат қуанар

« Гүлкөбелекті » естісе

Ортада « Бәйтерек » тобынан Гулсезім мен Айғаным.


  1. Орысша әнге салады

Нұрсая мен Нұрсара

Әні де есте қалады

« Самая счастливая »

Сахнада « Кун шуақ » тобы.


  1. Жүздерінде бақыт тұрады

Еске алса балалар анасын

Әнге салып Анашым деп

Қуантар бүгін мамасын.

Қарсы алығыздар « Балауса » тобының үлдарын.


  1. Сөзінен әркім мән табар

Құстардың бәрін аяған

« Қарлығаш » деп ән салар

Шаттықтың сұлу қыздары.

Қарсы алыңыздар « Шаттық » тобының қыздарын.


  1. Бақыттымыз есен – сау

Қыздарымыз қазақтың

« Песенка – для мам » деп біз.

Шырқатамыз, тыңдаңыз.

« Балдауреннің » қыздарын қарсы алыңыздар.

Ал енді бүгінгі қорытындылауды әділ – қазылар алқасына береміз.

Концерттік мерекемізді аяқтай отырып, « Өнер – талатты өсіреді » деген ақын сөзінен қуат алып,асыл мұраны сақтап,өркендете берейік дегім келеді.Көңіл бөліп тамашалаған-

дарыңызға көп рахмет.Жолыққанша күн жақсы,ел аман болсын!









« Кішкентай жұлдыздар » ән байқауына қатысушылардың тізімі.


Аты – жөні

Әннің аты

Берілген баға

Топтың аты


1

Мейіржан,Гүлжайна,

Диас,Қарлығаш

« Жақсы көрем »


« Өркен »

2

Гүлсезім, Айғаным

« Гүлкөбелек »



« Бәйтерек »

3

Нұрсая, Нұрсара

« Самая счастливая »



« Күн шуақ »

4

Ерасыл,Ислам,Сакен,

Абай,Диас,Дамир

« Анашым »


« Балауса »

5

Мадина,Айзере,Құндыз,

Көркем,Сағыныш

« Қарлығаш »


« Шаттық »

6

Ақбота, Айша, Бану

« Песенка для мам »



«Балдәурен »



Бағалануы 5 балдық жүйе.


  1. Ән орындау мәдениеті. ( Эмоция сезімдері )

  2. Сахнада өзін - өзі ұстауы. ( Жүріс – түрысы, қимылы )

  3. Өнер деңгейі.


Қазылар алқасы: _________________________________________

_________________________________________

_________________________________________


Қызылорда қаласы № 1 « Шұғыла » балабақшасы 2014 жыл Ақпан айы.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.09.2015
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров274
Номер материала ДA-036152
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх