Инфоурок Другое Другие методич. материалыКітап білім бұлағы. Іс-шара сценарий

Кітап білім бұлағы. Іс-шара сценарий

Скачать материал

Кітап – білім бұлағы

Кештің мақсаты: Мектеп оқушыраны кітап оқуға тарту. Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты үйрету.

Көрнекілігі:Кітаптар, плакаттар.

Кештің  бағдарламасы: Кештің өтуіне атсалысқандар 6 «А» сынып оқушылары

Кешті екі жүргізуші бастайды.

1-жүргізуші:

2-жүргізуші:

1-жүр.: Құрметті ұстаздар мен оқушылар 23-сәуір Қазақстанда Бүкіләлемдік «Кітап күні» аталуына байланысты «Кітап –білім бұлағы» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүр.: Кітап арқылы адамзат ақыл-ойының інжі маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

1-жүр.: Кітапсыз адам өмірі бос. Кітап біздің досымыз ғана емес, сонымен біздің тұрақты мәңгілік сенімді серігіміз де.

2-жүр.: Балалар, сендер жылдан жылға осы кітаптан оқып, білім алып, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетіп келесіңдер.

1-жүр.: Кітап – заманымыздың өмірі, ол кәрігеде, жасқа да кажет дей келе оқушыларымызды орындауында кітап-білім бұлағы деген өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1-оқушы

Кітап!

Сен – адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұны, өмір сыры, ақын жыры-

Басылған таңба болып өзіңе осы.

2-оқушы

Сөйлеп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

3-оқушы

Ақылдың сөнбейтұғын шам-шырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ беттеріңді өткен күнмен

2-жүр.: Кітапты оқып өспеген біздің болашағымыз қандай болмақ?

1-жүр.: Ия, өкінішке орай ондай оқушылар бар. Ғалым да, ақын-жазушылар, археолог, мұғалім, дәрігер барлық маман иелері осы білім арқылы зор жетістікке жетті. Білім бұлағы – кітап. Олай болса білім бұлағы – кітапты оқымайтын жалқау жөнінде «Жалқау жауабы» атты көрініс ұсынамыз.

Мұғалім рөлінде –

Жалқау рөлінде –

Мұғалім: - Қарағым, қалғыма,

                   Қара жөндеп алдыңа,

                   Сөздің турасына келсек

                     Дәптерің қайда, көрсет?

Оқушы:  - Сыныпта қалып кетіпті,

                   Біреулер алып кетіпті.

Мұғалім: -  Одан да балақай

                        Десеңші жазбадым.

Оқушы:   -      Жоқ, ағай жазғам

                        Кеше құдыққа барғам,

                        Сонда түсіріп алдым,

                        Парағын ұшырып алдым

Мұғалім: -      Болмаса, оқығаныңды айт.

                        Көңілге ьоқығаныңды айт.

Оқушы:   -      Ағай, оқыдым

                        Үйде отырмадым.

Мұғалім:  - Е, қайда болдың?

                        Не ойладың?

Оқушы:   -      Сайда болдым,Доп ойнадым.

Мұғалім:  -     Кешкілік не істедің?

Оқушы:  -       Асық ойнайтын жерді тегістадім.

                        Енді түрегеліп,

                        Үйге кіре беріп,

                        Табалдырықтан құлап түстім.

                        Ұзынынан сұлап түстым.

Мұғалім: -      Кітап бетін аштың ба?

Оқушы:  -       ия, көрпенің астында

                        Біраз қарап,

                        Парағын санап,

                        Басым ісіп кетті.

                        Денем ысып кетті.

Мұғалім: -      Жатып оқуға бола ма?

Оқушы: -        Жоқ, ағай

                        Ойыннан соң қарным ашып,         

                        Дегбірім қашып,

                        Табақпен іші кең,

                        Көжені көп ішіп ем.

                        Шертиіп тойып кеттім,

                        Сосын төсекке қойып кеттім.

                        Сөйтіп қалжырап,

                        Тәтті ұйқымен маужырап,

                        Сабақ оқи алмадым.

Мұғалім: -      Онда саған,

                        Тиісті баға «жаман»!

2-жүр.: Балалар,біз барлығымыз кітаптан оқып, білім алып, кітаптан мәдениеттілікті, адамгершілікті, ізгілікті, шындықты үйреніп, кітаппен бірге ер жетіп келеміз. Сондықтан да , кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп дұрыс оқу керек.

1-жүр.: Құлақтан кіріп бойды алар,

               Әсем ән мен тәтті күй.

               Көңілге түрлі ой салар,

               Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз. Орындалатын  «Жыр дастаным» әні.

2-жүр.: Кітапсыз өтілген бір күн орны толмас бос кеткен күн. Көркем әдебиеттерді таңдап оқи білу де үлкен өнер. Ол үшін оқырманды жас күнінен бастап, өмір бойы оқи білуге баулу керек дейди Маркулевич.

1-жүр.: «Кітаппен дос бол, кітаптың жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос одан жоқ тегі»,- деген расул Гамзатов. Кітап оқу білімге жетелейді дей келе оқушыларымыздың білім жөнінде өлең шумақтарын тамашалайық.

1-оқушы:

Ақыл керек, білім тыңдап оларға,

Білім керек іске жақсы қарарға.

Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын.

2-оқушы:

Білім жарық , нұрын соған шашатын,

Біліктіні тыңда – ақылдың бұлағы.

Білімді сөз – шырын жанның құнары.

3-оқушы:

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса, уысыңнан шығарма.

Тартар күйік, ет кескендей етінен,

Қатты тәртәп көсе бала күніңде,

өмірімен қуантады түбінде.

2-жүр.: кітап қызметін айтып ьауысу мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан да, сол білім нәрімен сусындататын, өткен өмір тарихымен таныстыратын, бізге үнемі дос болып, қызмет ететін кітапты құрметтейік.

1-жүр.: Сөйлесіп өзіңмен тіл қататын.Еріксіз сөзін тыңдататын – кітап, кітап оқитын адамның көзі ашық дей келе «Оқыған адамның көзі ашық» атты көріністы ұсынамыз.

Қызы рөлінде:

Әкесі рөлінде:

Қызы:(кітапты оқып) «Оқығанның – көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады»

Қызы әкесіне келіп: «Оқығанның – көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады» деп жазып қойыпты. Бұл не деген?

Әкесі: Оқыған адам көпті біледі. Көзінің ашық болатыны содан, ол оқымағанның дүниеден хабары аз болады. Бұл соқырмен тең етеді.

Қызы: Міне, әжем оқымаған. Сонда да соқыр емес қой. Ал сен қызметтен келсең-ақ болды, отырып алып оөи бересің. Сонда да, көзіңнің артық ештенесі де жоқ. Әжемнің көзіндей.Ой қолым сия болып қалыпты. Не істейін? Әжем ыстық сумен жу деген соң, ыстық сумен жуып едім қолып күйіп қала жаздады. Әке не істейін?

Әкесі: Күкіртпен ысқылап жібер

Қызы: Әке, сіз бұны кімнен көрдіңіз?

Әкесі: Ешкімнен де көргенім жоқ. Кітаптан оқыдым. Оқыған  адамның көзі ашық деген, міне осы.

Қызы: Әке, «Оқығанның - көзі ашық. Оқымаған соқыр болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім.

2-жүр.: Білім алар көп адам.

               Жақсы нәрсе жоқ одан.

               Қызыға кеп оқимын,

               Кітап көрсем жаңадан.

               Кітап маған ұнайды,

              Кітап – білім бұлағы.

1-жүр.:Жас көңілдер жайнасын,

              Шешен тілдер сайрасын.

              Айтып жібер бір әнді,

              Әнші Айсұлу қайдасың? деп Айсұлудың  орындауындаға «Чему учить в школе» әнін ұсынамыз.

2-жүр.: Ізгілікті, шындықты үйрететін кітабымызды жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей, таза ұстау керек. Кітапты аздырып-тоздыратындардың бірі – шаң-тозаң. Шаң-тозаң соншама қолға жұмсақ болғанымен, зиянды. Шаң-тозаңды құрғақ шүберекпен сүртіп тұру керек. Кітапқа шаң-тозаң енбеу үшін оларды тығыз етіп орналастыру қажет.

1-жүр.: Кітаптың тысы тез оңып кетеді. Сол себепті кітап салған шкафты терезеге қарама қарсы қоюға болмайды. Кітапқа дақ түсірмей, таза ұстау керек. Балалар кітапты таза ұстау керек. Сендер кітапты қалай ұстау керек жөнінде мағлұмат алдыңдар. Ал қазір сіздерге кітапты таза ұстамаған оқушы жөнінде көрініс ұсынамыз.

Мұғалім рөлінде:

Оқушы рөлінде:

Мұғалім: Қанекей, балалар тынышталып дәптер алыңдар. (Айдос умаждалған кітабын шығарды.)

Мұғалім: Айдос кітапты осылай ұстауға бола ма? Бұл кітапты шығаруға, безендіруге қвруар қаржы жұмсалатынын, қанщама адамдар тер төгетінін білесің ба?

Айдос: Жоқ, білмеймін. Кітап шығару соншалықты қиын ба?

Мұғалім: Балалар, сендер білесіңдер ма?

Оқушылар: Жоқ.

Мұғалім: Ал, ендеше балалар сендер мұны біліп жүрулерің керек. Ең бірінші орманшының аялы алақанымен өсірген ағашты, қанша адам тиеп кеседі. Тиеп оны машинист ағамызға тапсырады. Машинист ағамыз бұл ағаштарды қағаз жасатуға заводқа апарады. Заводтағы аға-апларымыз бағалы қағаз жасап, әдемілсін көркемдеп берсін деп суретші ағайларға тапсырады. Қаншама уақыт отырып суретшілер көркемдеп, ғалымдарға тапсырады.Ғалым аға-апаларымыз кітапты ұзақ толғпнып,жылдар бойы жазады. Ғалым аға-апаларымыз жұмыстарын әріп терушілерге береді. Әріп теру үшін талай адам терлеп, баспахана ішінде айлап тыныш көрмейді. Баспаханадан түптелген кітап болып шығып, оқулықтар мектеп оқушыларына беріледі. Айдос көрдің бе саған беріліп отырған оқулыққа қаншама адам еңбек еткенін. Ал, сен мына кітаптаы дұрыс ұстамай, қанша адамның еңбегін бағаламай отырсың.

Айдос: Апай кешіріңіз. Осы уақытта дейін мен соншама адамның тер төгіп, еңбек еткенін білмеппін. Енді бұлай істемеймін. Үйге барып кітабымды қаптап, түптеймін.

Мұғалім: Білім шырағын беріп отырған оқулықты құрметтеп, еш беттеріне дақ түсірмей, кірлетпей, күтіп ұстап, кішілерге табыс етуіміз керек. Балалар, енді бұдан –бұлай кір ұстап, умаждаймыз ба?

Балалар: Жоқ.

2-жүр.: Иә, балалар кітап шығару үшін қанща маман иелері еңбек етеді десеңші. өміріңді нұрландыратын кітап.

1-жүр.: «Мектепте оқу керек, ал  мектептен шыққан соң онан да  көп оқу керек!» -  дейді ғалым Д.Писарев.

2-жүр.: Іздегенде табады,

               Ғалым жұмбақ, тау сындас.

               Білім өмір сабағы,

               Ғұмыр бойы таусылмас,- дей келе келесі кезекті әнге береміз. Айсұлудың орындауында «Ұстазым» әнін ұсынамыз.

1-жүр.: Кітап оқу – тіл байлығын дамытып, білімдітолықтырып, адамның көңіл-күйін көріктендіреді. Сондықтан да кітапты көп оқып, өз білімдеріңізді жетілдіріп, саналы да, білімді адам болып өсіңіздер дей келе «Кітап ескірмейі» атты көріністі ұсынамыз.

Азамат рөлінде:

Ерлан рөлінде:

Ерлан:  - Е, достым! Не істеп жатырсың?

Азамат: - Ә, Ерлан сен екенсің ғой. Мынау ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр едім.

Ерлан: - Қой, Азамат! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Саған бұл кітаптар керек болмаса маған бер.

Азамат: - Ала ғой, маған керегі шамалы.

2-жүр.: Бірер күннен  кейін мұғалима апай бир тапсырма береді. Сол кезде Азаматтың бұл тапсырма Ерланға берген кітабында бар екені есіне түседі, Ерланға бару керектігін жөн көрді.

Азамат:Апайымыздың берген тапсырмасы Ерланға берген кітабымда, кітабымды оған неге бердім екен?Амал жоқ Ерланға барып кітабымды уақытша маған беруін сұрап көрейін.

Азамат Ерланға келіп: Ерлан қалай жағдай? Мен саған берген кітабымда бір тапсырманы жазып алайын деп едім. Бере тұршы.

Ерлан: Қарындасым Ләззат алып кетіп еді. Бұл кітаптардан мен көптеген мәлімет алдым.

Азамат: Маған керегі шамалы деп бекер айтыппын. Сен дұрыс айтыпсың. Кітаптың сырты ескіргенмен ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді екен.

Ерлан: Азамат оны түсінгеніңнің өзі де бір жеңіске жеткенің. Қарындасым алып келген соң, кітаптарыңды өзіңе апарып тастаймын.

Азамат: Рахмет, досым. Сендей ақылды да, адал дос болғанына қандай қуаныштымын.

2-жүр. Иә, балалар мына көріністен кейін кітаптың сырты ескіргенмен, ішіндегі ақыл сөзі ескірмейтінін түсінген шығарсыздар.

1-жүр.: Әрбір оқушы білімін шыңдау үшін кітап оқуы тиіс. Еліміздің болашағы біздер, сондықтан да жалықпай, шаршамай көп ізденіп, ғылым мен білімнің жолына түсулеріңізді, кітап оқып, оны таза, мұқият ұстауларыңызға шын жүректен тілектеспін.

2-жүр.: Көмекші дос – кітап болатынын әрқашанда естен шығармаңыздар деп кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Қорытынды: Қорытындылай келе кешті өткізудегі мақсатымыз. Оқушылар көп оқып, өз білімдерін жетілдіріп, білімді адам болуға тәрбиелеу. Білімнің жолына түсулеріңізге кітаптың рөлі өте зор екенін жеткізу.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кітап білім бұлағы. Іс-шара сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 896 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2015 10426
    • DOCX 55 кбайт
    • 107 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ногаева Гульназ Оразбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ногаева Гульназ Оразбековна
    Ногаева Гульназ Оразбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36421
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе