Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Кітап - білім, тілсіз - мұғалім!" сынып сағаты. Мектепалды даярлық.

"Кітап - білім, тілсіз - мұғалім!" сынып сағаты. Мектепалды даярлық.


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_me74e927.gifЖамбыл бастауыш мектебі



























Орындаған: Абдуова М.А.









Қарамеңді

2015 – 2016 оқу жылы

Мақсаты:

а). Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;
ә). Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру;
б). Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: дана адамдарлың кітап жөнінде айтқан сөздері, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Интерактивті тақтамен жұмыс.
1. Мұғалімнің сөзі.
2. Жұмбақ жасыру.
-Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң-шешен,
Ақылы асқан көсем.
(Кітап).
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
(Кітап).
Мақсатымен таныстыру.
-«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі тәрбие сағатымыз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.
Кітап-ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-ақылдың кені. Кітап -бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдар да дүние жүзінде аз емес.
Мысалы, әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай, жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болады.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп, бүкіл әлемге танылады. Ал М.Горький болса «Мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын» деген. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Ол көп ізденіп, көп оқу арқылы дүние жүзіне белгілі ғалым болды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
-Балалар, кітаптың адам өмірінде қандай маңызы бар екенін сезген боларсыңдар. Кітап- біздің досымыз, ақылшымыз, кітаптан көп мағлұмат аламыз, кітап адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейді. Олай болса, біз осы кітаптың шығу тарихын білуіміз керек.
Кітап шыққалы бері бірнеше мың жыл болды. Одан бері оның бейнесі талай өзгерді. Вавилондықтар, ассириялықтар, басқа да көне халықтар кітапты балшықтан жасады. Жұп-жұмсақ балшық тақтаға үшкір таяқпен ойып, ерекше белгілер салынды. Сосын тақталар кептіріліп, күйдірілді.
Ежелгі Египетте кітап сөзі тасқа қашалып жазылған. Кейін папирусты (жапырақ қағаз) ойлап тапты. Қамыс сияқты құрақтың жапырағы нығыздалып, бір-біріне желімделініп, ұзындығы бірнеше метр лента жасалып, кітап соған жазылған. Мұндай кітаптар шиыршықтап оралып сақталған. Александрия қаласындағы кітапхана ежелгі кітапханалардың ең үлкені деп саналады. Папирус жыртылғыш келетіндіктен келе-келе қытайлықтар қағазды ойлап тапты.
Орта ғасырларда кітаптар дәптер етіп біріктірілген парақтарға жазылды. Парақтары жиырылып қалмас үшін дәптерлер қаттала тігіліп, мұқаба былғары немесе матамен тысталып түптелді. Кітаптың үйреншікті түрі осылай шықты. XVIII ғасырдан бастап Еуропадағы негізгі жазу материалы қағаз болды. Бірте-бірте дүниеге баспа станогы келді. Сөйтіп қазіргі рухани азығымыз кітап дүниеге келді. Адамзаттың бүгінгісі, өткені мен болашағы бас қосты. Кітапты сақтауды үйренді. Уақыт өте келе оқырмандарды білім нәрімен сусындатып, жан-дүниесін байытатын кітапхана жинақталды. Міне, содан бері кітапханалар оқырмандарға қызмет етіп келеді. Кітаптың дүниеге келуінің өзі бірнеше кезеңнен тұрған. Көне египеттіктер кітапты «Адам ақылын күшейтетін, рухани қазынаның қорын байытатын дәрі» деп қалайша тауып айтқан десеңші!
Қазақстанға келетін болсақ, орта ғасырдың өзінде-ақ қолжазба кітаптар тараған. Сол туындылардан бізге жеткені 500-дей қолжазба. Ұлттық кітапхана секілді ірі-ірі орталықтарда сақталған. Атақты ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар кітапханаларға келіп, білім нәрімен сусындап, рухани жан-дүниелерін байытқан. Елбасы Н.Ә.Назарбаев кітап туралы былай деген екен:
«Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап адамзат баласына баласына ағарту һәм білім сыйлайды.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.
Кітап –уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі.
Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған.
Кітап-ең сабырлы ұстаз.
Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танытып білуге үйретеді».

-Елімізде атақты
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің
Оқи берсең кітапты.
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан.
Кітап маған ұнады,
Кітап-білім бұлағы.
Бөкейхан:
-Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.

«Кітап қалай жасалады?»
Омархан:
-Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.

Аяна:
-Машинист боп жасынан
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған
Білер ме ең көп ағаны?

-Зауыттарда күні-түні
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адамның кім үшін
Маңдай тері тамады?
Дана:
-Оқулықты баршаға
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.

-Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қаншама уақыт отырды?
Самира:
-Әріп теру үшін де
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді.

«Оқушы мен кітаптың тілдесуі»
Оқушы:
-Ақыл-ойдың иесі,
Бар ғылымның жүйесі.
Қуанышы көңілдің,
Баспалдағы өмірдің,
Жан азығы-серігім,
Ардақтамас сені кім?
Кітап:
-Күнде өсіп көлемім
Көріктеніп келемін.
Көптің тауып керегін,
Кезінде айтып беремін.
Бірақ білмес нарқымды
Байқап жүрмін әркімді.
Оқушы:
-Әсерлемей, асырмай,
Айтшы бәрін жасырмай.
Жан азығым, серігім,
Ренжітпек сені кім?
Кітап:
-Кейбіреулер ерігіп,
Бос жүруден зерігіп.
Бетімді тек ашады,
Әңгімеге басады.
Жолдарымды сызады,
Шырқымды да бұзады,
Онымен іс бітпейді.

Көрініс: «Кітап емханасы».
Кітапханашы:
-Құрметті, дәрігер, бізге кітап аурулары жөнінде айтып бермес пе екенсіз?
Дәрігер:
-Кітапта мынадай ауру түрлері болады:
1. Туғаннан пайда болатын, яғни баспадан дұрыс басылмаған кітаптар.
2. Қартайғаннан болатын аурулар, көп жыл ұсталғаннан болады.
3. Жұқпалы аурулар, сия немесе май төгілген, я болмаса лас қолмен ұстағаннан болады.
4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар-терезе алдында, күннің көзінде көп тұрып, ылғал, дымқыл жерде сақталғаннан.
5. Кездейсоқ болатын ауру, байқамай батпаққа былғанып, жыртылғаннан болады.
Кітапханашы:
-Кітап адам жаны сияқты. Сондықтан ұқыпты ұстауды қажет етеді.
(Осы кезде оқушы келеді).
Оқушы:
-Сәлеметсіз бе, дәрігер.
Дәрігер:
-Сәлеметсіз бе?
Оқушы:
-Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.
Дәрігер:
-Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.
Оқушы:
-Мен үйде жоқта кішкене балалар ұстап осындай күйге жеткізіпті.
Дәрігер:
-Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.
Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын.
Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері, кірлемесін,
Көрген адам кітабың кір демесін.
Мен мынадай кеңестер жазып беремін, үнемі есіңде сақтап жүр.
-Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
-Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
-Кітап беттерін жыртпа.
-Кітапқа сурет салма, жазба.
-Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.
-Кітап беттерінің арасына қарындаш ,қалам салма.
Оқушы:
-Жарайды, дәрігер. Кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.
Дәрігер:
-Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыз!
Оқушы:
-Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет.
Оқулығым, құралым,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан
Онсыз алға бір адым.
Дәрігер:
-Балалар, кітап-шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап-адал пейілді, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң былай тіл қатады:
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,
Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.
Бар білімді мен егемін миыңа.

«Бала мен кітап».-2 сынып
Бала: Қайда қалып едіңдер,
Кәне, бері келіңдер,
Көрдіңдер ме, күз болды,
Іздеп жатыр біздерді.
Кітап: Керексіздей тастадың,
Бір күн мені ашпадың.
Бізге таңып кінәні
Жараспайды сасқаның.
Кітап туралы мақал-мәтелдер:
1.Кітап оқығандікі
Білім тоқығандікі.
2.Кітап –асыл қазына.
3.Кітап-білім бұлағы,
Білім -өмір шырағы.
4.Әліппенің ар жағы-білім бағы.

5.Кітап-алтын сандық,
Іші толған қазына, құт,
Оқы, оқы, ойыңа тұт.

Қорытынды.
-Сабақты қорытындыламас бұрын қазір сыныпқа «Ыстық орындық» әкелінеді. «Ыстық орындыққа» арамызда кітапты байқаусызда кірлетіп алған, бауырлары шимайлап тастаған оқушылар болса, солар отырып, өз кінәларын мойындап, қателіктерін түзетуге тырысады.
-Балалар, кітап туралы біраз мағлұмат алдық. Енді алған білімдерімізді топтастырып көрейік.

Адал дос ақыл-ойдың айдыны
Жан айнасы ақылшы

Рухани қазына Кітап ұстаз

Сарқылмас бұлақ өмірлік серік
Маңызды құрал шабыт

-Кітап туралы, оның қасиеті туралы айта беруге болады. Ұқыпты, тәрбиелі, тәртіпті баланың қолына түссе, кітап қызыққа толы. Бүгінгі тәрбие сағатымызды Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен» үзінді оқып аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын.
Біліктіні тыңда-ақылдың бұлағы,
Білімді сөз-шырын жанның құнары.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма,
Олай болса, уысыңнан шығарма.
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өмірімен қуантады түбінде.
Ұлтжанды, елін сүйетін адам кітаппен дос болады. Тәуелсіздігімізді алған тұста білімді болу- парызымыз. Білімі мен мәдениеті, экономикасы дамыған 50 елдің қатарына ену үшін сауатты, кітапқұмар азамат болуымыз- заман талабы.


Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров203
Номер материала ДВ-453672
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх