Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...



  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:




Павлодар гкманитарлық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауталипова Г.С.

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік...


Кітап балалар үшін қуаныштың ғана күші емес жан-жақты тәрбиенің қайнар бұлағы. Ол ұрпақты айналадағы өмірмен таныстырады, адамгершілік қарым-қатынастар, жақсылық пен жамандық, шындық пен әділдік жөніндегі түсініктерін қалыптастырады. Кітапқа деген сүйіспеншілік одан алған білімін өмірге қолдана білу балаға өзінен - өзі келе қоймайды. Бұл жерде кітапханашының, мұғалімнің, ата-ананың белсенді көмегі керек. Жан азығы кітапты оқуға жас ұланды «Балалық» аталатын балғын шақтан тәрбиелеген абзал. Кейбір кітап оқымайтын оқушылардың ата- аналарымен сөйлесу педагогикалық кеңесте сынып жетекшілеріне айту, ұйымдасқан түрде талқылау, экскурсияға шығу және тағы басқа әдістерді қолдана білу арқылы мектепте бірден –бір оқымайтын оқушы болдырмау үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Оқушыларды кітапханаға тарту мақсатында олармен жүргізілетін көпшілік жұмыстардың мынадай түрлерін жүргізуге болады.
1. Кітап көрмесі
2.Әңгіме
3. Дауыстап оқу
4. Оқырмандар конференциясы
5. Библиографиялық шолулар 
Мәдени шаралардың бастылары - қоғамның ақпараттануы, коммерциялануы, демократиялануы, компьютерленуі бір сөзбен айтқанда заңды түрде цивилизациялануы кітапхана жұмысын жаңа деңгейге көтереді. Оқу өзінін мөлшеріне, мативіне қарай ақпараттағы сұранушыларын қалыптастырады. Оқу арқылы әлеуметтік құны бар, мәдениетті, рухани бай, жетілген, ағартушы адам пайда болды. Адамзаттың әрбір қызметі — оқусыз келмейді. Оқу — рухани мәдениетті қалауға әсер етеді, байытады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мақсаты балаларды кітап мәдениетІне баулу. Бірқатар әлеуметтік институтттар ішінде кітапхана - өзінің қызметі арқылы жеке тұлғаларға әсер ете білетін, олардың сұранымына қызығушылығына, тапсырыстарына жауап беретін, қанағаттандыратын мекеме. Өйткені кітапханашылар бір оқырманға жауапкершілікпен қарай отырып, кітапхананың қызметкері және барлық кітапханалар жүйесінің атқарушысы ретінде жауап қызмет көрсетеді. Теориялық зерттеу қорытындылары бойынша, жеке тұлғаға әсер ету, басқару қызметі, элі толық зерттеуді талап етеді. Кітапхананың басты мақсаты, жанұямен, мектеп, жоғары және арнаулы оқу орындаумен, көпшілік ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, жоғары талантты оқырман тәрбиелеу, олар адамгершілігі мол, интелектуалды, әдеби шығармалардағы тәжірибелерді ала беретін болуы керек. Оқырманға оқу мәдениетін тәрбиелей отырып - оның творчествалық ойлау қабілетін қалыптастырады қол жеткіземіз. Ал, творчествалық оқу дегеніміз, интелектуалды адамның динамикалық дамуына жол ашу, рухани қызметеггі белсенділігін арттыру. «Творчествалық оқу» және «Оқу өнері» деген түсінік, бір-біріне туыстас. Бірақ «Оқу өнері өзінше ерекшеленеді» Творчествалық оқу - дегеніміз, алдын - ала белгіленген, өз алдына мақсат қойған, құжаттарды іріктеу және оқылған саралап, оймен өлшеп, өзінің оған деген қатынасын қалыптастыру. Әрбір оқырманның оқу жүйесі болуы қажет. Оқу жүйесіне қарай отырып, психологиялық және әлеуметтік параметрлерін көре білу және сыртқы факторлардың әсерін сезу қалыптасады. Жеке тұлғаның творчествалық дамуын қалыптастыруда басты рөлді оқудың дамытылуы алады. Ересек адамдар яғни өзінің дамуы импульсі жоғалмағандар, оқуын өз талабын дамытудағы жұмысшыларды, өмірдің кейбір мәселелерін шешуге жұмсайды. Қазіргі кезде зерттеу жүргізу материалдарды және олардың түрлерін, жанрын, тақырыбын, әдебиеттер саласы арқылы адамның творчествалық потенциалын ашады. Оқу оқырмандарының жаңаша қызметі және оны орындауын арттырады. Оқырманның жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатты әсер ететін және көмек беретін ол өзін-өзі үздіксіз оқу арқылы тәрбиелеу. Өздігінен оқудың шеңбері тар, ал өзіне - өзі оқу арқылы тәрбиелеудің ауқымы кең. Кітапхананың оқырманға көмекке келуі, оның қызығушылығына жауап беруі, кітапхана библиографиялық білімін насихаттау, оқырманға ақпарат легінен өзіне керегін таңдауға үйрету арқылы жасайды. Қоғамдық мәдени, әлеуметтік саяси өзгерістерге қарай оқуға әсер ету қызметі бастайды. Соңғы кезде зерттеу қорытындысы бойынша оқудың түрі өзгереді, әдебиеттерге көзқарастардың өзгеруі арқылы түрлі оқырман топтары пайда болды. Көпшілік оқу шеңберінен идиалогиялық әдебеттер, класика, жұмыскерлер туралы романдар, колхоз құрлысы т.б. тақырыптар шығып қалды. Оның орнына көпшілік әдебиеттер (Мысалы; детективті, фантастика, синтементалды- махаббат романдары алмасты) Сұранымның жаңа түрі - бизнес, менеджмент қаржы, заң, дін және т.б. әлеуметтік психологияда оқу қарым - қатынас құрамы ретінде қазіргі қоғамға сай дамиды. Оқырманға қызмет көрсету ерекше қатынас құрамы және түрлі коммуникацияны әдістерімен пайдаланылады. Кітапхананы пайдалануды оқырман қызметінің құрылымындағы жеке қызмет ретінде құрастырады. Кітапхана басқада мекемелер сияқты оқырманның шығармашылық дамуына қарай қызметін өзгерте алатын орын. Дәстүрлі түрде кітапхананың үш функциясын көрсетуге болады. Мысалы: ақпараттық, педагогикалық, рекрационды - демалыс түрінде. Бұл қызметтің бэрі дердік кітапхананың дамуы мен тиімді қызмет көрсетуі арқылы өлшемді. Кітапхананың бірнеше топтары құраған, олар бір - бірімен қарым-қатынас түрлі және жеке тұлға қалыптастыруына қарай бөледі. Ғылыми және арнаулы кітапханалар, техникалық, гуманитарлы, көркем, шығармашылық саладағы оқырмандарға қызмет көрсетеді. ОКЖ және тағы басқа көпшілік кітапханалар тақырыбының әртүрлігі мен оқырман контингентінің бағытына қарай қызмет кең түрде көрсетеді. Балалар және жасөспірімдер кітапханалары арнаулы мақсатымен әдісі арқылы ерекшеленеді. Шығармашылық дамытуды арнаулы (шығармашылық одақ пен ұйым - кітапханашылары халықшығармашылық үйі т.б.) кітапханашылар атқарады, бірақ, олар жеткіліксіз. АҚШ кітапханатанушысы Д.Х. Шира: - Оқу дегеніміз тұтас қоғам, сондықтан ол тұтас адам қалыптастырады. Ал кітапхананың құндылығы бірлестіру арқылы, жинақталған кітаптар арқылы оқырманға әсер ету — Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту өмірінің дамуы мен қоғамның даму ерекшелігіне және адам талғамына байланысты, қоғамда - жұмыскер, қоғам қайраткері, адамгершілік қасиеті мол жоғарғы мәдениетті эстетикалық құндылықтарды қадірлейтін, адамдар қажет еді. Кітапханашылардың міндеті: - жеке тұлға қалыптастыруда саяси, эстетикалық, адами, мәдени, ғылыми көзқарасты, өздігінен ойлай білетін интелектуал оқырмандар тәрбиелеу. Сондықтан тек оқырмандардың сұранысын қанағаттандырды қоймай, оның көзқарасын өзгерту, тереңдету міндеттін жүктейді: Бұл міндет түрлі басқару бағдарламаларының көмегімен түрлі оқырман топтарына және жеке оқырманға пайдаланылады. Қ.Р. егеменді мемлекет болуы кезінде -оқырманның аз оқуы қорқыныш тудырды - өйткені екінші сауатсыздық кезеңі туындап кетуі мүмкін. Сондықтан қоғам дамуына оқудың және жазудың мәдениет құрамы оның түрлі көпшілік ақпарат құралдары арқылы бүкіл дүние жүзіне тарайтынын түсіндіру қажет. Көпшілік ақпарат құралдарымен және электронды құралдарымен пайдалана білу оқығаныңды творчествалық ойлау арқылы пайдаға асыру -творчествалық оқудың бірден бір құралы. Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашыны міндеті болады. Жастарымыз салт - дәстүрмізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін болуы тиіс – деген Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтасақ түсінікті болуы сөзсіз. Ел Президентіміздің «Қазақстан-2030» бағдарламасында XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағытауымыз керек деген сөздер бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы -кітапханалар кеңістігінде мектеп кітапханасының алар орны ерекше. Ол оқу процесі қажетті құжаттармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге міндетті оқу кітапханасы педагогтерге қызмет көрсете отырып, арнаулы кітапхана қызметін атқарса, оқушыларға сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапханасы болып табылады. Сонымен бірге, мектеп кітапханалары өз жұмысын қазіргі заманғы мектептердің оқыту - тәрбие беру прцесіндегі талаптарын басшылыққа ала отырып жүргізетін мектептің құрлымдық бөлімшесі болып табылады. Баршаға белгілі мектеп кітапханасы қатысты ИФЛА / ЮНЕСКО Манифесінде (1999 жыл, 2 желтоқсан) «Мектеп кітапханалары – кең көлемдегі кітапханалық — ақпараттар жүйесінің бір бөлімі деп мектеп кітапханасын жергілікті, аймақтық және ұлттық кітапханалар-ақпараттар жүйесінің белгілі бір тармағы ретінде көрсетіледі» Манифесте «Сауаттылықты дамыту, ақпаратты қолдану, дәріс беру, оқыту және мәдениетті меңгертуді игеру үшін мектеп кітапханасының төменгі негізгі қызмет ету аясы маңызды роль атқарады дей келе, мектеп кітапханасының рөл атқарады дей келе, мектеп кітапханасының міндеті: - оқу бағдарламасында бекітілген және мектеп орындауға міндетті білім беруді қолдану және жүзеге асыру; - Балалардың оқу, оқып танысу және одан қанағат алуын, сонымен бірге өмір бойына кітапхананы дамыту және қолдану; - Білімін көтеру, құбылысты түсіну, танып білу және одан қанағат алу үшін оған жетуге дейінгі тәжірибені және ақпаратты қолдануды игеруіне мүмкіндік жасау т.б. Сонымен бүгінгі таңда кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуінен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуына белсенді көмек көрсетуі қажет. Бұл жерде алғаш рет, шын мәнінде кітаппен жұмыс істей бастайды. Олардың ұлан - байтақ кітаптар әлемінен өздеріне қажеттісін ажырата алуына көмектесу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету - кітапхана қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі.
 

Мектеп кітапханасы қорының негізін - оқу бағдарламасында, сыныптан тыс оқуда көзделген (отандық, шетелдік классика қорын құрайтын, республика тарихын көрсететін, білімнің әр - алуан салалар жөніндегі ғылыми көпшілік және анықтама, балаларға арналған) әдебиеттер құрылуы тиіс. Мектеп кітапханасындағы кітаптар мен мерзімді басылымдар қоры, дәстүрлі емес ақпарат көздері оқушылар үшін білім мен өмір тәжірибесін жинақтау, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру құралы ретінде маңызды орын алады. Мектеп кітапханалары арқылы оқушылар мен тәрбиенушілерді оқулықтармен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 «Білім беру ұйымдары білім ашулары мен тәрбиеленушілерін оқулықтарымен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қауылысына сәйкес жыл сайын оқулықтарды қайтарымды негізін пайдалануға: интернаттық ұйымдардың тәрбиенушілері; жетім балалар, ата - анасының қамқорлықсыз қалған балалар, даму мүмкіндіктер, бала кезінен мүгедектер мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар, жан басына шыққандығы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының балалары; денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша емдеу орындарында білім алатын балалалр ала алады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамасында: «Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрапақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру»,-деп көрсетеді. Мүндағы мақсат - тәжірибеде шыңдалған тәрбие түрлерін, әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу болып табылады. Осыған байланысты ұрпақ тәрбиесі, қазіргі заманға лайық адам тәрбиелеу ісі үлкен жауапкершілікті талап ететін процесс. Бұл ретте қоғамның болашақ азаматтарына біліммен қатар тәрбие беруде кітапханалардың да қосар үлесі мол болмақ. Бұл орайда мектеп кітапханалары библиографиялық білімді (кітап оның құрылысы үйі) ұғымын, кітапхана қызметін пайдалану құралдарын (анықтамалық әдебиеттер, библиографиялық құралдар, анықтамалық -библиографиялық аппараттар), оларды пайдалану жолдарын наксихаттау да белгіленген жоспар бойынша арнайы сабақ жүргізе отырып, кітапхананың жұмыс жоспарына сәйкес, олардың оқуына басшылық жасай келе, оларға қажетті білім мен тәрбие беру мақсатында жаңа ақпараттық мәдениетін (Электрондық оқу құралдарымен жұмыс жасай білуді) дамытып, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырады, соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі - ұрпаққа тәлімді тәрбие беру үшін халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесіне сүйене отырып, өткен ғасырлардағы өмір салттарының ішінен ұлттық мүддемізге, жаңа өмір талабына сай келетін асылдарын таңдап алып, ұлттық идеалогиямызды өмір тәжірибесінен, соның ішінде ұлттық тэлім - тәрбиеден бастау, сондай ақ жастарымызды ұлттық рухани мәдениетке үйретіп, олармен түрлі мәдени - көпшілік шаралар жүргізу қажет. Бұл жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін, ұлттық сана - сезімін басым болуы, оны меңгеру үшін жас ұрпаққа халықтық салт -дәстүрді, әдебиеті мен өнерін түсіндіру, жеткізу керек. Осыған орай, мектеп кітапханалары жастарға ұлттық тәлім - тәрбие беруде мынадай бағыттарда жұмыс жүргізуге болады:

1. Ұлттық тәлім - тәрбие қағидаларын басшылыққа ала отырып, бала қиялына әсер етіп, бойына ізгіліктерді ұялтатын, адамға тэн жақсы мінез -құлықтарды уағыздайтын, сонымен бірге жаман, жат қылықтардан аулақ болуға шақыратын тәрбиенің аса қажетті ұлттық үлгілері - ерліктері туралы ертегілер, дана халқымыздың кемеңгер ойының тобықтай түйіні болып табылатын мақал - мэтелдер, бала мінезінің, оның дүние танымдық болмысының қалыптасуына, өсіп жетілуіне тигізетін ықпалы зор тыйымды сөздер, нақтылы сөздер, тәрбиелік мәні бар өлең - жылдар, аңыз-әңгімелерді;

2. Батырлық, ерлік үлгілерін оқыта отырып, Түрік әлемінің тағылымдары: тасқа қашып жазылған - кескілескен шайқастардың, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың ежіресі, батырлық эпосының алғашқы үлгісі - «Орхон - Енисей жазуының» мазмұнын, эпостық жырлар, хисса -толғаулар, Отырар қаласының ерлігін т.б.;

3. Ұлылардың өнегелі өсиеттерін насихаттай отырып, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунасыр Әл — Фарабидің өмірдің мән мағынасын, оқу мен білім, адамгершілік жайлы толғауларын, Ж.Баласағұнның «Құтты білігіндегі» терең ойлы толғамдарын, Махмуд Қашқаридің «Түркі тілдері сөздігінен», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметінен»

4. Халық поэзиясын оқыта отырып, жырау мен жыршылар, халық ақындары шығармалары - ұлттық (тіл, діл, дін, мәдениет, тарих, әдебиет) рухани кемелдену көзі екендігін;

5. Халықтық эдет - ғұрып, салт-дәстүрді үйрете отырып, әр ұлттың тілі мен дінінен кейінгі ерекше белгісі салт - дәстүрі екендігін, әрбір халықтың тұрмыс тіршілігіне, наным сеніміне байланысты қалыптасқан өмір салты арқылы салт - дәстүрлері пайда болып, ол бір ұрпақтан екіншісіне ауысып отыратындығын, ұлттық салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптар, ырым-жолдар құрамына адамгершілік, эстетикалық, этикалық, діни тұрмыстық ережелер кіретіндігін, олардың адамдар арасындағы қалыпты қатынасының сақталуын, үлкен мен кіші арасындағы байланысты, еңбек етудің қалыптасқан тәжірибесін жалғастыруға, ұлттық мәденит пен тарихты қадірлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікті сақтауға жағдай жасайтындығын түсіндіру.,

Балалардың өмір стилі мен бағыттары өзгеруде. Көпшілік кітапханалары мұндай өзгерістерді назардан тыс қалдырмауы керек. Осыған байланысты кітапханашылардың алдында екі өткір мәселе туындайды:

Балалардың өмірі мен бағыттары қалай өзгерді және бұл мәселеге балалар кітапханалары қалай жауап беруге тиіс?

Осы өзгерістерді есепке ала отырып балаларға арналған кітапханалар қандай жолмен жүруі керек? Ешқандай жаңалығы жоқ, бірақ дәлел жетерлік. Біздің уақытымызда «ақпарат» және «кітапхана» сөздері синоним болса, балалар кітапханалары өзге кітапханалардың ішінде ерекше роль ойнайды: олар балаларға өз білімін дамытуға мүмкіндік береді және кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға мүмкіндік беред. Ал бұл - бүкіл өмір бойына жалғасатын оқу мен сауаттылыққа апаратын бірінші баспалдақ. Балалар үшін сауаттылық пен дамудың қайнар көзі ретінде қалу үшін кітаптың маңызы мен кітаптардың дұрыс ұсыну, міне осы балалар кітапханасының басты қызметі болып табылады.
Балалар кітапханасының жұмыс негізгі бағыт мақсаты балаларға қызмет көрсету. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға оны ұйымдастыруға және тәрбиесіне көмек көрсету, балалардың ақпаратқа қолы еркін жету құқығын қамтамасыз ету. Балаларға жан-жақты тәрбие беріп мінезі мен сезімінің, өмірге деген көз-қарасының қалыптасуына көңіл бөлу -әрбір кітапханашылардың міндеті.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Асылбекова, Ш. Жаңа кезең. // Кітапханасы әлемі. - 2003. №3. Б. 36.

  2. Бегалинские чтения «Чтения детей проблемы поиски и решения». - А: 2003. С. 2-130.

  3. Бегалинские чтения. «Дети как читателей» после расписание детская - библиотека им. С. Бегалина А: 2003. С. 8-22.

  4. Бақытқызы, Р.Ұлағат — ұлттық тәрбиеде. // Ұлағат —2003. №2. Б. 50-51.

  5. Базыбаева, М. М.Жұмабаевтың психологиясының мұрасы. // Ұлағат 2003. №8. Б. 47-48.

  6. Есалы, А. Ең қүнды қазына: Қазақстан Ұлттық кітапханасының - құрылғанына 90-жыл // Егемен Қазақстан - 2000 - 18 қараша.

  7. 3абирова, О. Вапросы детского библиографа.//Мир библиотеки- 2004 №2- С 25-27

  8. Қожахметова, А. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ // Ақжелкен - 2000. №10. -Б4-9.

  9. Омарова, Г. Мектеп оқушыларын кітаппен жұмыс істеуге үйрету. // Бастауыш мектеп. - 2002 - №1- 35-37 Б






Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров154
Номер материала ДВ-533781
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх