Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Кітап - рухани қазына

Кітап - рухани қазына



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Мақсаты: рухани жан дүниемізді, білімімізді молайтып үлгі-өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына кітап әлеміне шолу жасау, кітап әлемі адамды арман биігіне самғатып, ақыл, ой, сұлулық әлемін шарлатып, білім-ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру, көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Кітапханашы:

«Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін» деп М.Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ адамдардың өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз.

«Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған. Ендеше, қымбатты балалар, бүгінгі «Кітап – рухани қазына» атты шарамыздың өзіндік мәні бар. Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітап.

Бүгін біз бастауыш сыныптан бері танысқан кітаптар мен әдеби кітаптар елінде қонақтамыз. Кітапханамыздың айналасына қарасақ, бізді қоршап тұрған – кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол – кітапхана.

Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Мысалы, күнделікті оқып жүрген пәндерімізге қажетті кітаптар, қиял-ғажайып ертегілер, батырлар жыры, мақал-мәтел, ақындардың түрлі әңгімелері, шығармалары – осы кітап қорының негізгі рухани байлығы. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

Кітапханашы: Біздің бірінші тобымыз - «Дарын».

Екінші тобымыз - «Талап».


Енді бүгінгі шарамыздың кезеңдерімен таныстырып өтейік.

  1. Топтың аты мен ұранымен таныстыру

  2. «Кітап – рухани қазына» атты тақырыпта поэзияға көңіл бөлеміз.

  3. «Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» деп көрініске көңіл бөлеміз, тамашалап көреміз.

  4. «Кітап – алтын қазына» атты сұрақ-жауап кезеңі.

  5. «Білім кілті кітапта» мақал-мәтел.

Ақбілек апай:

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы 11 ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.

Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, Отан, туған жер, ел ордамыз туралы әңгімелерімен сыр шертіс еді. Кітап – біздің ең жақын ақылшымыз.

І кезең. Топтың аты және ұранымен таныстыру. Дарын тобының ұраны:

Кітабың – сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.






«Талап» тобының ұраны:

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

ІІ кезең. «Кітап – рухани қазына» атты тақырыпта поэзияға көңіл бөлеміз.

Мейрамбек: Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.


2-оқушы: Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы «Әліппеден».

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең

Қасиет: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.


Назерке: Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаппен бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.


Жәдігер: Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап,

Көтеріп күйін көңілдің.


6-оқушы: Айдын шалқар кейде бір,

Кітапқа тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Татпасаң нәрін шөлдерсің.


Сырым: Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңде осы.



Гүлназ: Саған білім жемісін

Оқулығын береді.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

ІІІ кезең. «Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім» деп көрініске көңіл бөлеміз, тамашалап көреміз.

Көрініс: «Науқас кітап»

( Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкелді).

Оқушы Назерке: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып осындай күйге жеткізіпті.

( Жыламсырайды).

Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған. Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын. Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын. Таза болсын беттері, кірлемесін. Көрген адам « кітабың кір» демесің. Мен кеңестер жазып беремін. Үнемі есте сақтап жүр.


Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.

Кітап беттерін жыртпа.

Кітапқа сурет салма, жазба.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітап беттерінің арасына қалам, қарындаш салма.

Оқушы Назерке: Жарайды, дәрігер. Кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.

Дәрігер: Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыз.

Оқушы Назерке: Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет!

Оқулығым – құралым,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Дәрігер: Балалар, кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң былай тіл қатады.

Кітап Мұратжан:

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа.


Кітпаханашы: Балалар, кітап жыртылмас үшін не істеу керек?


  • қаптау керек.

  • Кітап беттеріне сурет салуға бола ма?

  • Кітап беттеріне сурет салуға болмайды.

  • Қай уақытта кітап оқу керек?

  • Бос уақытта

  • Кітапты қалай ұстау керек?

  • Ұқыпты, таза ұстау керек.


Екінші көрініске кезек келіп қалды. Тамашалайық.

Математика Жәдігер: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?

Ана тілі Қасиет: Ой, мазамды алам, бүйіткен тірлігің құрысын! Мұнан да парақтарым дал-дұл болып желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді!

Математика Жәдігер: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет?! Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрасайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

Ана тілі Қасиет: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. «Ана тілі» оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысые төрт бөліп қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсые деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе сай сүйегім сырқырайды.

Қазақ тілі Мадияр: Тұрыңдар, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді. Құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болыңыздар.

Ана тілі Қасиет:

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін ойыңа.

Қазақ тілі Мадияр:

Кітабыңды құрметті,

Күтіп ұстап кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.


Кітапханашы: Балалар, бізде де Дәуренбек сияқты балалар бар ма? (Балаларды мадақтау)

ІVкезең. «Кітап – алтын қазына»

  1. Кітап неден жасалады? Ағаштан

  2. Кітап қандай мағынаны білдіреді? Жазба

  3. Тұңғыш қазақша кітап қай жылы шықты? 1800 жылы

  4. Абайдың өмір сүрген жылдары? 1845-1905

  5. «Көксерек» шығармасының авторы? М.Әуезов

  6. Астананың бұрынғы аты қалай аталады? Ақмола

  7. Қазақ даласында мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсарин

  8. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды? 1991 жылы

  9. Қазақтың үш биін ата? Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

  10. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы? Ы.Алтынсарин

  11. Тудың авторы кім? Ш.Ниязбеков

  12. Білім күні қашан? 1-қыркүйек

  13. Кітапсыз өмірді елестету мүмкін бе?

  14. Қандай кітап оқығанды жақсы көресің?


V кезең. “Білім кілті – кітапта» мақал-мәтел.

1.Білім – таусылмайтын байлық.

2.Кітап – білім бұлағы

Білім - өмір шырағы.

3. Кітап – алтын қазына.

4. Өнерліге нұр жауар.

5. Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Білім – жанып жатқан шырақ.

6.Өнер алды қызыл тіл.

7. Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол.

8. Оқу инемен құдық қазғандай.

9. Күш білімде, білім кітапта.

10.Мектеп– білім бесігі,

Білім – ғылым есігі.








«Жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі











Кітап – рухани қазына


hello_html_22c4d48e.gif


Дайындаған: Нургалиева Зарина Аликовна



2014-2015 оқу жылы

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-438437

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>