Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Кітапхана - білім ордасы"

"Кітапхана - білім ордасы"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Бидайық орта мектебі.




















Ең үздік оқырман сайысы.











Өткізген: Бельгубаева А.Х.








2015-2016 оқу жылы.

«Кітапхана – білім ордасы» атты

ең үздік оқырман сайысы.

Мақсаты: Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапханаға оқырмандар тарту, ой-өрісін дамыту.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Сіздер- «Кітапхана-рухани қазына» атты 2015-2016 оқу жылының үздік оқырмандар сайысына қош келдіңіздер!

Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты-білім,ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге аян. Сондықтан еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін мәдени орталыққа айналып отырған бұл –Кітапхана.

Олай болса, қымбатты оқырмандар! Бүгін 5-7 сыныптар оқушыларының қатысуымен «Үздік оқырман» сайысын өткізгелі отырмыз.Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай, қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз.

Білімменен сайысады сайыскерлер,
Алға озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына –дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1-сайыскеріміз Майту
ғай Азамат
2-сайыскеріміз
Тоқмағамбет Зарина
3сайыыскеріміз
Жүңіс Мадина
4 –сайыскеріміз
Жумабекова Милана
5-сайыскеріміз
Қамаш Қуаныш

6-сайыскеріміз Өміржан Нұрлан

Шын жүректен шабысынан танылады
Нақты білім ,терең ой сыналады.
Шын жүйрікті танитын шабысынан,
Сайлайық әділқазы алқасын біз-бүгінгі әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1. Мектеп кітапханашысы Омарова Г.Б.

2. Мектеп психологы Тлеукабылова З.М.

Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілеген жақсылықтың жүрегі екен.
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?
Сіздерді «үздік оқырмандар»сайысының шарттарымен таныстыра кетейін.

Сайысымыз 6-бөлімнен тұрады:
1 бөлім. Таныстыру.
2 бөлім. Сұрақтарға жауап беру.
3 бөлім. Өнер сайысы ( 1 өлеңді мәнерлеп оқып береді).
4 бөлі м. «Тапқыр болсан тауып көр» ақын, жазушы шығармаларынан үзінді.
5 бөлім. Қилы-қилы қызықтар.

6 бөлім. Мақал – мәтел сайысы.

1-бөлім: Ақыл көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Сайыскерлер таныстырып өтеді, - дей келе үздік оқырмандарымызбен танысайық. Әр қатысушы өздерін таныстырады. 
2-бөлім

Жүргізуші: Ал, біздің үздіктер қалайсыздар,
Сіздерге әлі талай сын бар.
Келесі сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.
Әр оқырман сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру керек.
І оқырман
1.Астана қаласы қай жылдан бастап Қазақстан 
Республикасының астанасы болды? (1998 жыл)
2.Н.Ә. Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991жыл)
3. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарған? (Тәуке хан) 
4.Абайдың 1890-1898 жылдары жазған сюжетсіз, алуан тақырыптағы шығармалары қалай аталады? (қара сөздер)
5. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
6. Еліміздегі ең биік тау шыңы? (Хан тәңірі)
7.Қазақ халқының тарихында өткен билерді ата? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
ІІ оқырман
1.ҚР –да ұлттық валюта теңге қашан айналымға енген? (1993жылы 15 қараша)
2.Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? (Мұхтар Әуезов «Абай жолы») 
3. Қазақстан Ғалым Академиясының тұңғыш президенті кім? (Қаныш Сәтбаев)
4. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қ.Мұңайтпасов).
5. Пирамидалар елі. (Мысыр).

6. «Бай баласы мен жарлы баласы» кімнің шығармасы? (Ыбырай Алтынсарин)
7
. Қазақтың атақты суретшісі (Ә.Қастеев).

ІІІ оқырман
1.Халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы қалай аталады? (Шежіре)
2.Абайдың шын аты? (Ибраһим)
3. Желмаяға мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асанқайғы)
4. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
5.Сан есімнің сұрақтарын ата? (қанша? Неше?)
6.
22 қыркүйек қандай мереке? (Тілдер мерекесі)

7. Қазақтың бес арысын ата? (Шәкәрім. Міржақып, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбек)

ІҮ оқырман
1. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
2. Шығыстың қос шынарын атаңыз? (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
3.Оқушының алғашқы кітабы? (Әліппе)
4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
5. 1 қыркүйек қандай күн? (Білім күні)
6.Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы? (Тіл)
7. Кітаптың алғы сөзі арқылы не білуге болады? (Кітаптың қысқаша мазмұнын) 
Ү –оқырман
1.Әнұранның авторы кім?(Шәмші Қалдаяқов,сөзі Жұмекен нәжмеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)
2.Қазақстан Республикамыздың рәміздерін ата? (Ту,Елтаңба ,Әнұран)
3.Исламның қасиетті кітабы?(құран)
4.Абайдың неше қара сөзі бар?(45)
5.Әр адамның шағын отаны? (Отбасы)
6.Жер бетінің қағазға кішірейтіп салынған бейнесі? (Карта)
7. «Кел ,балалар оқылық ,» кітабының авторы?(Ы.Алтынсарин) 
ҮІ-оқырман

1. Кітаптың суреттері қалай аталады? (иллюстрация).
2. Тіл туралы заң қай жылы жылы қабылданды?(1989 жылы):
3. Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің?(М.Әуезов, М.Мағауин).
4. Қазақтың үш бәйтерегі (Ілияс, Сәкен, Бейімбет).
5. Қандай балалар ақын жазушыларын білесіңдер? (Б.Соқпақбаев, М.Қабанбаев, Ө.Тұрманжанов, М.Құрманалин, Т.Нұрмағамбетов, Қ.Толыбаев).
6. Кітапханада оқырман туралы мәліметті, оның қандай кітап алғанын қайдан білеміз? (оқырман формуляры).
7. «Халықаралық балалар кітабы күні» қашан аталып өтіледі? (2- сәуір).

3 бөлім. Өнер сайысы ( 1 өлеңді мәнерлеп оқып береді).
4 бөлі м. «Тапқыр болсан тауып көр» ақын, жазушы шығармаларынан үзінді.
1) Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқырлардай дер едім
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін! 
Қай ақынның өлеңі? (Ж.Жабаев)

2) Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге, 
Артық білім кітапта
Ерінбе оқып, көруге.
Қай ақынның өлеңі? (А.Құнанбаев)
3) Желбіреген желегі,
Жаңа түсіп келеді.
Сегізінен бөлек бір дара
Ақылы асқан ол дана. 
Қай ертегі? (Ер Төстік)
4) Барлығын да адамзат қиялдаған,
Қиялдап жер бетіне сия алмаған.
Ойлап-ойлап, отырып кілемімен
Аспанға ұшуданда ұялмаған. (М.Мақатаев «Фантазия»).
5) Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жүргегімде таныстым мұң тілімен... (Ж.Молдағалиев).
6) Сүйем сені туған ел – атамекен.
Абзал анам сенсің ғой құшағы кең,
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем. Қай ақынның өлеңі? (Қ.Аманжолов)

5 бөлім “Қилы-қилы қызықтар”

1-сайскер.

Көне дүние мұраларын зерттейтін ғылым?(археология)

2-сайыскер.

Халықтың шығу тегін таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы қалай аталады? (Шежіре)

3- сайыскер

Алтын адам” табылған жер. (Есік қорған)

4-сайыскер.

«Халықаралық балалар кітабы күні»? (2 сәуір)

5-сайыскер алғаш рет кітап баспасын ойлап тапқан кім? (Иоганн Гуттенберг)

6-сайыскер жән - «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады. (23 сәуір)
6 бөлім. Мақал-мәтел сайысы.

І оқырман
Жыланды іннен қалай шақырады
Жауабы: Жылы - жылы сөйлесе, жылан іннен шығады.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады).
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай).
3. Аппақ қарға бола ма?( Қарға баласын аппағым дейді).

4.Оқу- білім бұлағы,.... (білім өмір шырағы)

ІІ оқырман
1. Адамның қай мүшесі - қорқақ, қай мүшесі - батыр? (Көз - қорқақ, қол -батыр).
2. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).
3. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын).
4. Аузыңмен айтқанды.... ( қолыңмен істе)

ІІІ оқырман
1. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық).
2 Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз).
3 Не біліп,қалай сөйлеу керек? (көп біліп,аз сөйлеу керек)
4. Көп біл.... (аз сөйле)

ІҮ оқырман
1. Қына мен білім қайда бітеді? (Қына тасқабітеді,білім басқа бітеді)
2. Жаманның ақылы кіре ме? (Жаманның ақылы түстен кейін кіреді)
3 Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
4. Қаhарлы сөз... (қамал бұзар)


Ү оқыран
1. Шетте жүрсең тарығарсың..........(туған елді сағынарсың)ъ
2.Ұланы бар елдің.........(Ұраны бар)
3.Дұшпан күліп кіріп........(күңірене шығады)
4. Әдепті бала арлы бала....(әдепсіз бала сорлы бала)

ҮІ оқырман

1. Ең тәтті не? (сүті - тәтті, баланың тілі - тәтті).

2. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Ер бір өледі, қорқақ мың өледі).

3. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

4.Қына тасқа бітеді.... (ақыл басқа бітеді)

Әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

Жүргізуші: Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті өнерлі болуы керек. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді кітап арқылы танимыз.Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек.
Мұғалім: Кітап –жан айнасы. Оған қарап бойыңды да түзеуге болады.Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің.Қымбатты оқушылар, кітап бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Еліміздің болашағы, ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай терең білім алуға жұмсандар!
Өмірде бір нәрсе өзгереді, тен кітапхана халық қажетіне қарап жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін.


Жүргізуші:

Оқулықты кірлетпе

Күтіп ұста  кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке!- деп «Ең үздік оқырман-2016» интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.






















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 28.09.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров23
Номер материала ДБ-218381
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх