Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Кітапша "Төрт түлік мал - ел байлығы" ашық тәрбие сағаты

Кітапша "Төрт түлік мал - ел байлығы" ашық тәрбие сағаты

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:






























Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы әкімдігінің

«Көркем негізгі мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА



«Төрт түлік мал – ел байлығы»










Аудандық сараптама кеңесінің

отырысында бекітілді

(хаттама № 3 3 наурыз 2015 жыл)









hello_html_m3371f674.jpg



Бағдарламаны әзірлеуші

Даярлық топ тәрбиешісі

Туякова Динара Өмірзаққызы



































http://videouroki.net/filecom.php?fileid=98728624


C:\Users\админ\Desktop\Даярлық топ\SAM_2406.JPG

Ән: «Бөбектер әні»


Мұғалім: Осымен «Төрт түлік мал – ел байлығы» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар.





«Төрт түлік мал – ел байлығы»


Мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.


Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.


Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт түлік малмен байланыстыра отырып, балаларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, төрт түлік мал туралы ертегілердің суреттері, сүт тағамдарынан көрме, мақал мәтелдері бар плакаттар, төрт түлік мал туралы кітаптар жинағы.


Сабақ түрі: Ашық тәрбие сағаты


Жоспар


  1. Ұйымдастыру. Кіріспе

  2. «Төрт жігіт пен төрт түлік» өлеңі.

  3. Төрт түліктің өздеріне берген сипаты

  4. Мәнерлеп оқу «Малдың төлін сүюі»

  5. Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.

  6. Сергіту сәті

  7. Қорытынды



Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, келген қонақтар! «ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Балалар бүгін бізде қонақта апайлар, аналарымыз отыр. Бар оқып білгенімізді ортаға салайық. Ендеше сендерге сәттілік тілеймін. C:\Users\админ\Desktop\Даярлық топ\SAM_2410.JPG



  1. Ұйымдастыру кезеңі (балалар топпен айтады)


Үлкенгеде «Сіз»
Кішігеде «Сіз»
Баршаңызды құрметтеп!
Бас иеміз біз.




  1. Төрт түлік малға қандай қамқорлық көрсетеміз?


Цолганат

(сурет арқылы әңгімелеу)


10. Төрт түліктің иелерін ата.

hello_html_67362795.gif


  1. Төрт түлік мал туралы қандай ертегілер білесіңдер?

  • «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Жеті лақ»,

«Қу қой» және т.б

C:\Users\админ\Desktop\Даярлық топ\SAM_2408.JPG


8. Жануарларды төлдерімен сәйкестендір.

Изображение 003


Мұғалім:

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұрағатымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады. 

Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған.
 
Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бөкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, көк, шұбар т.б.

Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.

 Түйе мен жылқыны, өгізді көлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді.

Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ

3. Шұбат өнімі төрт түліктің қайсысынан алынады?

  • Шұбатты түйенің сүтінен жасайды.

  1. Қой, ешкінің қандай пайдасы бар?

  • Етін тамақ қыламыз, жүнінен жылы киімдер тігеміз. Әжелеріміз жүннен киіз басады.

  1. Жылқы малының қандай пайдасы бар?

  • Мінсең ат, саусаң қымыз, жесең ет болады.

  1. Мына суреттен нені көріп тұрсың?

(көрнекілікпен жұмыс) C:\Users\админ\Desktop\Даярлық топ\SAM_2403.JPG




hello_html_m7a09fc1f.gif


Қорытынды


Мұғалім: Ал, балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда не білдік, не үйрендік?

Сұрақ – жауап арқылы қорытындылайық:


  1. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?

  • Жылқы, сиыр, түйе, ешкі мен қой

  1. Сиырдың сүтінен қандай өнімдер шығады?

  • Айран, қаймақ, уыз, құрт, ірімшік, май

кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. 

Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.
  Сондықтан да балалар біз ата-бабаларымыздың жолын қуып, осы төрт түлік малға көп көңіл бөліп, оларға қамқорлық көрсетуіміз керек. Төрт түлікке жылқы, сиыр, түйе, қой мен ешкі жатады. Қой мен ешкінің ұқсастығы болғандықтан бір түлікке жатады. Соны естеріңде сақтаңдар.

  1. Әбдікәрім Ахметовтың «Төрт жігіт пен төрт түлік» өлеңі.

Мұғалім: Баяғыда төрт жігіт,

Мал бағыпты төрт түлік.

Сымбат: Ойсылқара - түйені,

Алыбым деп сүйеді.верблюжонок

Мақтайды кеп шұбатын,

Шипа болып жұғатын.

Кірешінің бағы бар,

Көлігі ғой, жануар!


Айзат: Қамбар ата – қанатты,

Жылқы бағып, қарапты.жылқы

Сары қымыз – сары бал,

Шөлдемейсің, қанып ал.

Туған жерді сен, - депті

Күзетуге мін! – депті.

Сымбат: «Сиырлы кісі – сыйлы кісі, түйелі кісі – күйлі кісі»

Айзат: «Ат тұяғын тай басар»

Назерке: «Ат – адамның қанаты»

Аружан: «Жылқының сүті шекер, еті – бал»

Сымбат: «Сиырды теппейді, сүтті төкпейді»

Айзат: «Жүйрік ат – бірде ат, бірде қанат»

Назерке: «Семіздікті қой көтереді»


6. Сергіту сәті

Би: «Тұлпарым»

Слайд көрсету арқылы сүт тағамдарынан жасалған көрмеге тоқтала кету

C:\Users\админ\Desktop\Даярлық топ\SAM_2414.JPG


Назерке:

Әукім-әукім, әукешім,бұзау

Қасиыншы әукесін.

Енең, әне, келеді,

Ақ мамасын береді.


Айзат:т құлын

Құлыншағым – құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.


«Қошақаным» әні


Мұғалім: Балалар төрт түлік мал туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?

5. Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.
 
Аружан: «Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер»


Назерке: Зеңгі баба – сиыр деп,

Қояды екен күлімдеп.http://www.proza.ru/pics/2011/02/18/380.jpg

Құрт, ірімшік, майлары,

Бәрінен де пайдалы.

Сүт ішсін деп, халықты,

Сиыр жайып бағыпты.


Аружан: Шопан ата – майда мал,қой

Жүрген жерде пайда бар.

Жүні шекпен болады,

Төлі көптен болады.

Қалмайды деп көңілің,

Қой бағыпты өмірі.

Мұғалім: Осылайша төрт жігіт:

Ойсылқара,

Қамбар ата,

Зеңгі баба,

Шопан ата

Мал бағыпты төрт түлік:

Түйе, жылқы, сиыр, қой.


3. Төрт түліктің өздеріне берген сипаты:

Сымбат: Ең зор түлік – түйемін

Тікенді шөпті сүйемін

Пайдалансаң сүтім – шұбат,

Дертке дауа, жанға қуат.

Айзат: Арғымақ, тұлпар – жылқымын,

Мақтанымын жұртымның.

Ерге – қанат тұлпар мен,

Қай түлік келер маған тең?!

Назерке: Мінезім жайлы – сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім – дәмді, сүтім – бал,

Сырымды менің ұғып ал.

Аружан: Қой-ешкі – бір түлікпіз,

Бірге өстік, еш күдіксіз.

Теріміз – тон, былғары,

Жүніміз – киім, тұр әне.


ән: «Ойыншықтар »


Мұғалім: Сендерді аналарын үйде еркелетеді, солай ма балалар. Сол сияқты төрт түлік малда өз төлдерін еркелетіп шақырады.

4. Мәнерлеп оқу «Төрт түлік малдың төлін сүюі»


Аружан:яг

Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.


Сымбат:C:\Users\админ\Desktop\верб.jpg

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров540
Номер материала ДВ-420842
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх