Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Күкірт қышқылы 9 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Күкірт қышқылы 9 сынып



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының

4 жалпы орта білім беретін мектебінің химия және биология пәндері мұғалімі Дишенова Армангуль Наурызбайевнаның сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Күкiрт қышқылы. Қышқыл жаңбырлар және

олардың қоршаған ортаға әсерi.

Сабақтың мақсаты:1қушылардың күкiрт қышқылы және оның

қасиеттерi туралы бiлiмiн бекiту, қорытындылау

және тереңдету.

2.Оқушылардың iскерлiгiн, өз бетiмен

iзденуiн,ой-өрiсi, шығармашылық

мүмкiндiгiн дамыту.

3.Оқушыларға экологиялық тәрбие

берiп, қоршаған ортаға,табиғатқа

жауапкершiлiкпен қарауға баулу.

Сабақтың барысы: Соттың жүруi.

Хатшы: Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!

Сот төрағасы: Айыпкердi әкелiңiздер

Хатшы: Айыпкер әкелiнсiн

Сот төрағасы: Химия қаласындағы қышқылдар ауданының сот отырысын бастаймыз. Өсiмдiктер ауданының тұрғыны Қайың Қосжапырақова азаматшадан химия қаласының қышқылдар ауданының тұрғыны Н2SO4-на арыз келiп түстi. Хатшы арызды оқыңыз.

Хатшы: Химия қаласының Қышқылдар ауданының сотына өсiмдiктер ауданының тұрғыны Қайың Қосжапырақовадан

Арыз.


Менiң арыз берген себебiм - 16 шiлде 2009 жылы Н24 жаңбырмен iлесiп келiп, менiң денсаулығыма зиян келтiрдi, жасыл жапырақтарымды сарғайтты. Н24 –на әдiл жазасын беруiн сұраймын.

Сот төрағасы: Сөз жәбiрленушi Қайың Қосжапырақоваға берiледi.

Хатшы: Жәбiрленушi Қайың Қосжапырақова шақырылады.

Қайың: Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремiн. Арызды жазғанымды растаймын. Менi сұлу кейiпiмнен айырды. Жап - жасыл жапырақтарымды сарғайтып кеттi (жылайды). Менi осындай күйге түсiрдi. Сондықтан Н24-ң тиiстi жазасын беруiңiздi сұраймын.

Сот төрағасы: Айыпкер Н2SО4! Сiз өзiңiздiң қылмысыңызды мойындайсыз ба?

Айыпкер Н24: Жоқ мойындамаймын.

Сот төрағасы: Олай болса, куәгерлер шақырылсын!

Хатшы: Куәгер Темiр Металұлы шақырылсын.

Куәгер Темiр Металұлы: Мен Темiр Металұлы «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып,Т абиғат - Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремiн. Мен Менделеев кестесi көшесiндегi №26 пәтерде тұрамын. Н24-ң Қайың Қосжапырақованың денсаулығына зиян келтiргенiн өз көзiммен көрдiм. 16-шiлде күнi серуендеп жүргенiмде жаңбырмен iлесiп келген Н24 Қайыңның жапырақтарын сарғайтып, менiмен де реакция түсе бастады:

hello_html_353dff75.gif

hello_html_m8de550a.gifFe+ Н2SО4 FeSO4+H2

Н24 менiң бақа ағайындарыма да өте қауiптi. Сондықтан Н24 шыға алмайтындай етiп қамауларыңызды сұраймын.

Хатшы: Куәгер Мрамор Карбонатқызы шақырылады.

Куәгер Мрамор Карбонатқызы: Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремiн. Менiң атқаратын қызметiм көп, негiзiнен құрылысшымын H2SO4 16 шiлдеде Қайыңның жапырақтарын күйдiрiп, сарғайтты және менiмен де байланысып, төбелестi. Егер қашып құтылмасам, неге айналарымды өздерiң де бiлесiздер.

Chello_html_m8de550a.gifhello_html_353dff75.gifaCO3+H2SO4 CaSO4+H2O+CO2

H2SO4 тұздар ауданының көптеген тұрғындарына қауiп туғызып отыр.

Хатшы. Куәгер су шақырылады.

Куәгер су: Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат – Ана атынан шындықты айтуға ант беремiн. Сол күнi мына отырған күкiрт қышқылы менi жұрт алдында ұятқа қалдырды. Жәбiрленушiлердiң барлығы H2SO4-н мен әдейi ертiп әкелгендей көредi. Менiң күкiрт қышқылымен достығым жоқ, бiз кездесе қалсақ болды, менiң ыстығым көтерiлiп, ауырып қаламын. Себебi H2SO4 менiмен де әрекеттесiп, менi өзiне қосып алады. Мiне, көрiңiздер ыстығым көтерiлiп кеттi.

Hhello_html_m8de550a.gif2SO4+H2O H2SO4* H2O моногидрат

Hhello_html_m8de550a.gif2SO4+H2O H2SO4* 2H2O дигидрат

16 шiлде күнi H2SO4-ң Қайыңға зиян келтiргенiн мен де көрдiм.

Сот төрағасы: Куәгерлердi тыңдадық, ендi Химик-сараптаушыны тыңдайық.

Хатшы: Химик-сараптаушыға сөз берiледi.

Химик сараптаушы: Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат-Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант беремiн.

Соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексерiп, төмендегiдей қорытындыға келдiм.

Қазiргi күнгi экологиялық проблемалардың бiрi – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза сулардың бiрi болу керек, бiрақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндiрiс қалдықтары – күкiрт диоксидi және азот оксидтерi атмосфераға енiп, ондағы ылғалмен әрекеттесiп, күкiрт және азот қышқылдары түзiледi. Нәтижесiнде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте PH мәнi 5,6-дан төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды.

Қышқыл жаңбыр деген түсiнiк, осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастады, бұл сөздi алғаш рет 1872 жылы Британ зерттеушiсi Роберт Смит ендiрiптi.

Өкiнiшке орай бiздiң республикамызда жаңбыр құрамын зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстар жоқтың қасы.

Күкiрт пен азот оксидтерi металургия өндiрiсiнде және көмiр, мұнай және әртүрлi газдар жанған кезде түзiлiп, атмосфера құрамына енедi. Күкiрт оксидiнiң ең көп мөлшерi жылу электр станцияларынан бөлiнедi, ол азот оксидi автомобиль көлiгiнде жанармай жанған кезде түзiледi.

Кейiнгi мәлiметтерге сүйенсек, жылу электрстанцияларында 1 тонна отын жанғанда орташа есеппен 150 кг, ал автомобиль моторында 1 кг бензин жанғанда 270 г ластағыш заттар бөлiнедi.

Атмосфераны антропогендi ластайтын газдың (күкiрт диоксидi және азот оксидтерi) 1994 жылғы атмосфераға түскен жалпы мөлшерi 255 млн тонна болыпты.

Көмiрдi және мұнайды жаққан кезде түзiлген күкiрт диоксидi газы атмосферада күкiрт диоксидiне дейiн тотығады.


hello_html_m8de550a.gif2SO2+O2 2SO3

hello_html_m8de550a.gifSO3+H2O H2SO4

Күкiрт қышқылы ауа құрамында аэразоль және өте майда тамшы түрiнде болады. Жел түзiлген қышқылдарды жүздеген шақырымға шашырата таратады.

Азот оксидi де ауадағы ылғалмен әрекеттесiп, азот қышқылын түзедi.

hello_html_3b8a6ff7.gif2NO+O2 2NO2

hello_html_3b8a6ff7.gif4NO2+2H2O+O2 4HNO3

Қышқыл жаңбырлар биосферада жүрiп жатқан көптеген өрдiстерге әсерiн тигiзедi. Қышқылдар топырақ құрамындағы өсiмдiктiң өсiп-жетiлуiне қорек болатын қажеттi заттармен бiрге улы ауыр және жеңiл металдардың (Pb, Cd, Al, т.б.) еруiне мүмкiндiк туғызады. Мысалы: Аздап қышқылданған судағы Al мөлшерiнiң 0,2 мг жетуi балықтар үшiн өте қауiптi фитопланктондар, ағаштарға зиянды әсер етедi.

Еуропады 25 елдiң 50 миллиондай гектар жерi қышқылды жаңбырлардың және улы металдардың зардабын тартып отыр. Мысалы: Бавария, Карелия, Сiбiр, Ресей жерлерiнде.

Қышқылды жаңбырдың әсерiнен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзiмдiлiгi нашарлайды. Қышқыл жаңбырлар көлдердегi судың да қышқылдығын арттырады. Канада, Швеция, Норвегия, Финляндияның оңтүстiгiндегi көлдердiң қышқылдығы жылдан-жылға артып барады.

1975 ж мәлiметтер бойынша АҚШ-тан 56% көлдiң РН=5, ал осы өзендердiң 90%-да балық жоқ. Судағы балықтың құрып кетуi олармен тамақтанатын басқа жануарлардың жойылуына әкеледi.

Қышқыл жаңбырла құрылыс материалдарына да әсерiн тигiзедi, темiрден және басқа металдардан жасалған құрылыс конструкцияларының коррозияға ұшырауын күшейтедi, өте құнды статуялар, тарихи ғимараттар күкiрт қышқылының әсерiнен мүжiлiп, бүлiнiп жатыр. Греция, Италия елдерiнде тарихи ескерткiштердiң бүлінуiнiң қарқындап бара жатқаны мәлiм болып отыр.

Жаңбыр тамшыларында ерiген күкiрт қышқылы атмосферада тұман түзiп, адамдардың аллергия және басқа да аурулармен науқастануына мүмкiндiк туғызады.

Өскемен қаласында өнеркәсiп орталығы бар. Онда Zn, Cu, Be, Pb, Ti, Ta өндiрiледi. Ал мырыш алу үшiн ZnS өртейдi.


hello_html_m8de550a.gifhello_html_353dff75.gif2ZnS+3O2 2SO2 +2ZnO

Түзiлген SO2 атмосфераға түтiнмен бiрге шығып кетiп, ауадағы О2 әрекеттесiп, SO3 түзiлген.

hello_html_m8de550a.gifSO3+H2O H2SO4

Мiне, H2SO4 16 шiлде күнi жаңбыр суының құрамында болу себебi осында.

Сот төрағасы: Сөз айыптаушыға берiледі!

Хатшы: Айыптаушы шақырылады.

Айыптаушы: Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат-Ана атынан шындықты тек шындықты айтуға ант беремiн. H2SO4 қандай зиян келтiргенiн өздерiңiз де естiп отырсыңыздар. Химик-сараптаушының келтiрген деректерiн тыңдап отырсақ H2SO4-ң келтiрген зияны шексiз. Адамның денсаулығына, табиғатқа, тарихи ескерткiштерге, судағы тiршiлiкке шексiз зиян тигiздi.

Hhello_html_353dff75.gif2SO4 органикалық заттардың бәрiн күйдiрiп, олардың құрамындағы суды өз бойына сiңiрiп алады. H2SO4 –ы активтiлiгi төмен асыл металл Ag-де бiлдiрдi.

hello_html_m8de550a.gif2Ag+2H2SO4 Ag2SO4+SO2 +2H2O

Сондықтан жазасын тарту керек.

Сот төрағасы: Сөз қорғаушыға берiледi.

Хатшы: Қорғаушы шақырылады.

Қорғаушы: Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремiн. Мына отырған H2SO4-ң «химиялық нан» деп бекер айтпаған. H2SO4 – химия өнеркәсiбiнiң негiзгi шикiзаты. Ол минералды тыңайтқыштар, қопарылғыш заттар, жасанды жiбек, глюкоза алу үшiн, сонымен қатар мұнай өнiмдерiн тазарту, аккумулятор жасау үшiн қолданылады. H2SO4 ауаға қалай шығып кеткенiн химик-сараптаушы айтты. Ал бұл жерде кiм кiнәлi? Қалай ойлайсыздар? Әрине, адам. Адам өз пайдасын бiлгенде, табиғатты, қоршаған ортаны неге ойламайды, өз iсiне жауапкершiлiкпен қарап, технологияны дұрыс сақтаса, H2SO4қоршаған ортаға мұндай зиян келтiрмеген болар едi. Ауаға SO2 оксидiн жiбермей, адам өзi үшiн өте пайдалы H2SO4 неге өндiрмейдi? Сондықтан H2SO4-ң ешқандай кiнәсi жоқ деп есептеймiн.

Табиғат - қорғаушыны тыңдайық!

Хатшы: Табиғат - қорғаушыны ортаға шақырамыз.

Табиғат - қорғаушы: Мен «Табиғат қорғау» Заңына сүйене отырып, Табиғат-Ана атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант етемiн. H2SO4-ң ешқандай кiнәсi жоқ деп ойлаймын. Себебi адамдар өз iстерiне үлкен жауапкершiлiкпен қарау керек және бiлiмдi болуы тиiс. Себебi Табиғат-Ананы осындай зиянды заттармен бүлдiру жер бетiндегi тiршiлiк атаулыны түп тамырымен жою деген сөз. Сондықтан бұл мәселе уақытында және дұрыс қозғалып отыр. Себебi химик-сараптаушының келтiрген дәлелдерi бойынша қышқыл жаңбырлар табиғатқа орасан зиян келтiруде. Сол себептi қышқыл жаңбырларды болдырмайтын жағдайларды ойлыстыруымыз қажет.

Техникалық қондырғыларды қолдану арқылы күкiрт және азот оксидтерiн атмосфераға жiбермеу. Бұндай келiсiмдер 1997 ж. Жапонияда Киото қаласында жасалды, ендi осылардың орындалуын талап ету керек.

Қазақстандағы жауын-шашынның құрамындағы қышқылдардың, әртүрлi элементтердiң, олардың қосылыстарының ақзаға, өсiмдiк, жануарға, адам денсаулығына әсерiн жан-жақты зерттеу, биосфераның ластануына мүмкiндiк бермеу бүгiнгi күннiң кезек күттiрмей шешiмiн табуы қажет негiзгi мәселелерiнiң бiрi.

Хатшы: Тұрыңыздар! Сот кеңесуге кетедi.

Хатшы: Тұрыңыздар! Сот келе жатыр!

Сот төрағасы: «Табиғат қорғау» Заңы кодексiнiң 32-бабы 2-тармағы бойынша бейорганиканық қосылыстардың қышқылдар класына жататын H2SO4-ы кiнәсiз деп танылды. Бұл жағдайда кiнәлi тек қана адам болғандықтан, кiнәлi адамдардың үстiнен қылмысты iс қозғалсын.


Қорытынды сөз:

  • Нелiктен H2SO4 кiнәсiз дае танылды?

  • Адам нелiктен кiнәлi болды?

Адам қоғамының қазiргi кезде жедел дамуы оның алдына көптеген күрделi мәселелер қойып отыр.

Биосферадағы табиғи заңдылықтарға үйлесiмдi технологиялық өндiрiстi дамыту, табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазiргi күннiң өзектi мәселесiнiң бiрi. Мұның өзi адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты.

Табиғат-Ананы қорғау өз қолымызда.

Өмiрге әр ғылым керегiн ұғыңдар

Қараңдар, жарандар, химиядай ғылым бар.

Ғылыми осындай кеңейер бiлiмiң,

Ғылымның зер салып, зерттеңдер сырын әр!

Химия айналдым, көп уақыт ойландым...

Ақыры ұғындым мән-жайын пайдаңның,

Химия ырыс қой, түсiнсең пайдасын.

Қызметi өрлесiн, маңызын жоймасын!

Атом-бомба полигон жарғызбасын.

Адамзатты қылмысқа барғызбасын...

Жамандыққа қолданып химияны,

Басымызға азапты салғызбас.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-107595

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

Комментарии:

3 месяца назад

Армангуль Наурызбаевна , шығармашылық табыс тілеймін!