Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Күкірт және оның қосылыстары

Күкірт және оның қосылыстары



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Күкірт


Жамбыл облысы Қаратау қаласы

2 Қаратау колледжінің химия пәні мұғалімі.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Білімгерлерді күкірт және оның қосылыстарымен, тарихи анықтама бере отырып, периодтық жүйедегі орны, оның қасиеттерімен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты: жеке, жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу

Дамытушылық мақсаты : Білімгерлердің логикалық ойлауын дамыту, ой шақыра білуге, өздігінен ізденуге үйрету, теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білуге дағдыландыру.

Сабақтың ұстанымы:
"Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ақыл - оймен істегенімді түсінемін»

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, тәжірибелер көрсету.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, тәжірибелер көрсету, сұрақ – жауаптар.

Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.

1.Өткен материалға шолу
2. Жаңа сабақ
3. Сабақты бекіту
4 Үйге тапсырма беру
5. Бағалау
Сабақтың барысы

Өткен материалға шолу, ой шақыру.

1. Химиялық элементтер белгілері мен қасиеттері бойынша қалай бөлінеді?

2. Бейметалдар саны қанша?

3. Бейметалдар ...-дан ...-қа дейін жүргізілген диагоналдың оң, жоғарғы жағында орналасқан.

4. Бейметалдардың сыртқы электрон қабатындағы электрон саны қаншаға тең болады?

5. Бейметалдар жылуды және токты қалай өткізеді?

6.ІІІ период бейметалдарының оксидер мен қышқылдарының формуласын құрыңдар.

7. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?

8. Ерте заманнан бастап , үйді аластауға, түрлі жараларды амдеуге қолданылатын элемен?

9. Жұмыртқа шіріген кезде қандай газ бөлінеді?

10.Сутек пен күкір әрекетесе ме? Қандай зат түзіледі?

11. Күкірт жана ма? Түзілген затттың физикалық қасиеті қандай?

ІІ. Жаңа сабақ

1.Шығу тарихы. Күкіртті жағу дезинфекциялау үшін қолданылатынын Гомер атаған

Жаңа материалды өз бетінше меңгерту.

Жалпы сипаттама
Химиялық таңбасы - S
Реттік нөмірі - 16
Атом құрылысы - 1S ²2S ²2P⁶3S²3P

Ол ІІІ периодта 6 топта орналасқан маңызы зор бейматалл. Ол оттекпен бір топшада орналасқан. Күкірт – химиялық элемент. Атомдық салмағы - 16. С. а. м - 32
Бейметалл
Бос, табиғи

Зерханалық жұмыс жасау.
а) физикалық қасиеті
● Күкірт – сары түсті, қатты кристалды зат
● Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
● Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрады
● Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және т. б. жақсы ериді. Сары түсті күкіртті суға салсақ, оның бетіне қалқып шығады. Ол 150C - тан жоғары температурада өте қозғалғыш, мөлдір сары түсті сұйыққа айналады. Одан әрі қыздырса күкірт алқызыл түстен мөлдір түске дейін өзгеретін бу күйіне ауысады. Суда ерімейді
Балқу нүктесі - 115 С
Қайнау - 445
Қолданылуы Дүниежүзілік күкірт өндірісінің 50%- ы Н2 SO4алуға жұмсалады. Қалаған мөлшері резеңке өнеркәсібінде жасанды талшық өндіруде, қопарылғыш заттар алуда, органикалық синтез өндірісінде және ауыл шаруашылығында қолданылады. өнім - электр оқшаулағыш материал болтын эбонит алынады. Аз мөлшерде қосса беріктігін және серпінділігін жоғарылатады. S ауылшаруашылығында өсімдік зиянкестеріне қарсы гербицид ретінде, медицинада тері ауруларын емдеу үшін майлар дайындалады. Химия өнеркәсібінде резеңке бұйымдарын алуда, қара оқ - дәрі, сіріңке жасауда пайдаланылады. Ескерткіштерді, сарайларды әрлеуде алтын түстес қалайы дисульфидін SnS2 өндіруге қолданылады.

Табиғатта таралуы
Күкірттің табиғи қосылыстары
Мұнайда және тас көмірде де кездеседі
Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады

Балқаш, Шығыс Қазакстан облысында сульфидтер (ZnS, PbS, FeS2, т.б.) күйінде болса, сульфаттары (CaS04 • 2Н20 – ғаныш (гипс), Na2S04 • • 10Н20 – мирабилит, FeS04 • 7Н20 – темір купоросы) т. б. болады. Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі.
Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады.

Вулкан атқылағанда газбен ілесе ұшқан күкірт сыртқа шығып кристалл түрінде қатаяды. Сульфид минералдардың тотығуынан пайда болатын күкірт кендері көбінесе сульфид кендерінің үстіңгі қабатында болады.Күкірттің ең байы Майқайыңда, таза күкірт Алтайда, Жоңғар Алатауында, сондай – ақ тұздары – мирабилит Павлодар жерінде кездеседі. Таза күкіртті Ақтөбенің Жаңажол газ өңдеу зауытында өндіреді.
Күкірт химиялық реакция кезінде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Ол металдармен де, бейметалдармен де жақсы әрекеттеседі.

Физиологиялық әсері
Биогенді элемент
Барлық тірі организмдерде
Өсімдіктерде 0, 8 - 10, 2 %
жануарларда - 0, 5 - 2% құрайды
Адам организмінде - 70 кг - 140 грамм күкірт бар
Белоктардың ыдырауы кезінде шығатын күкірт қосылыстарының бөлінуінен
Өсімдіктер – сульфаттардан алады

Химиялық қасиеті . Күкіртке тән реакция жетпей тұпған екі электронды қосып алу, яғни күкірт типтік биметалл.Қалыпты жағдайда күкірттің белсенділігі төмен, ал температураны жоғарлатқанда белсенділігі артады

Металдармен жоғары температурда әрекеттесіп, сульфидтер түзеді.
2Al+3S=Al2S3
Zn+S=ZnS
S+H2=H2S
Жоғарғы температурада сутекпен әрекеттесіп , күкіртсутек түзеді H2S.H2 + S = H2S Қалыпты температурада күкірт сынаппен әрекееседі.Hg + S = HgS мұндай процес демеркуризация деп атайды.

Күкірттің оттекте жануы 280 С, ал ауада – 360 Сжүреді. Күкірі ауада немесе оттекте жаққанда газтектес зат – күкірт (IY) оксиді түзсе, көгілдір жалынмен жанады.

S +О= SО2 өткір тұншықтырғыш исі бар

2SО2+ О2= 2 SO3 күкірт ангидридіне дейін тотығады

Қыздырылған көмір үстінен күкір буын жіберсең күкірі көміртек түзеді.С+S= CS2. Ca+S=CaS Күкіртің қосылыстары..Күкір оксиді(IY). (YI) өткір тұншықтырғыш исі бар , күкірт қышқылын алуда қолданылады.Күкіртсутек шіріген жұмыртқа иісті , түссіз газ .өте улы , оның аз мөлшерімен тыныс алғанда адамесінен танады, тіпті өліп те кетуі мүмкін.

Сабақты бекіту 1..Кім шапшаң? (Сәйкестендіру тесті)

1)S+O2→ А) H2SO3

2) SO3 +H2O→ ә)2SO3

3)2SO2 +O2б)Н 2S

4)SO2 +H2O→ в)H2SO4

5)S +H2 г)SO2

2.Химиялық диктант

І топ Күкіртсутектен.......................... иісі шығады. Табиғатта..................... атқылағанда кездеседі. Онымен тыныс алғанда............. байланысып,...... ауруын туғызады. Ауада........... жанады. Күкіртсутек.................. химияда
қолданылады.

ІІ топ
1. Күкірт... топтың... периодтық элементі.
2. Күкірт... түсті, морт сынатын кристалл
3. Күкірт сутекпен әрекеттескенде... қасиет көрсетеді
4. Күкірт... құрамына кіретіндіктен, тіршілік негізі болып табылады.
5. Бос күкіртті... Қазақстанның мұнайлы өлкесінен кездестіруге болады

3Тест

1.   Күкірт физикалық қасиеті:

А) сары түсті суда жақсы ериді

Ә) Көк түсті, суда ерімейді;

Б) сары түсті, суда ерімейді ;

 

2.Күкірт қосылыстарындағы валенттіктер қандай?

А) І, ІІ, ІІІ

Ә)ІІ, ІҮ, ҮІ;

Б) ІІ, ІҮ, Ү.

 

3.Күкірт тікелей мырышпен әрекеттескенде қандай қосылыстүзіледі:

А) сульфаттар;

Ә)сульфиттер

Б) сульфидтер ;

 

4.Күкірт жанғанда қандай жалынмен жанады:

А)ашық сары ;

Ә) көгілдір;

Б) қызыл ,

 

5.Күкірттің аллотропиялық түр өзгерісі нешеу:

А) 4;

Ә)3:

Б) 2;

 6. Күкірт қышқылын мына заттардың қайсысымен әрекеттестіріп алады?
а) SО3 және Н2О;
ә) SО3 және MgО;
б) Na2SО4 және НNО3

4.Сенесің бе, сенбейсің бе, - күкірттің таңбасы

эс”

Сенесің бе, сенбейсіңбе, - күкірт латынның

карбениум” деген сөзі

Сенесің бе, сенбейсіңбе, - кристалл күкірттің

түр өзгерісі

Сенесің бе, сенбейсіңбе, - күкірттің

атомдық массасы 15

Сенесің бе, сенбейсіңбе, - периодтық кестеде

к үшінші қатарда тұр.


ІV. Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс. «Қышқыл жаңбырдың пайда болуы» (өздік жұмыс, тест жұмыстарын қате орындаған оқушылар үйге берілген материалды пысықтайды)
V. Әр оқушы өз бағасын білім көрсеткіші кестесіне белгілейді
































57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров282
Номер материала ДВ-408496
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх