Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Көкөністер мен жемістер тартысы

Көкөністер мен жемістер тартысы



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов


Бекітемін:

29 «Ай-Керім» бөбекжай

балабақшасының

меңгерушісі:

А.И.Хожамуратова.









Жемістер мен көкөністер тартысы

«Ақкөгершін»ересек тобы





Тәрбиеші: С.Е.Ордабаева







Шымкент 2015



Зал мерекеге сай безендірілген.Балалар залга музыка әуенімен кіреді

Жүргізуші:Армысыздар ағайын!Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, Ата-аналар!

Алтын күз мерекесіне арналған ертенгілігімізге қош келіпсіздер!



Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз-ырыс береке,бірлік ала келді



Шернияз Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Айзере

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

Осы кезде сырттан шу естіледі:

Жүргізуші: Балалар мынау қандай шу

Ортаға жемістер мен көкөністер дауласа кіреді.

Қызанақ:Піскен кездеқызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Мен адамдарға ең қажетті көкөніспін. Менсіз олардың дастарханының сәні кірмейді.Бірінші орынға мен лайықтымын.

Қарбыз:Мен қарбызбын,қарбызбын,

Балдай тәтті қарбызбын.

Жоқ менің дәмімдей дәм ешқайсыңда жок,мені бүкіл балалар өте қатты сүйіп жейді. Сондықтан бірінші орын менікі.



Алма:Мен алмамын,алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім.

Сендер қателесіп тұрсыңдар,адамдар үшін менен асқан дәмді нәрсе жоқ.Олар менің піскенімді асыға күтеді.

Осы кезде маңғаздана қияр сөйлейді:Мен қиярмын,қиярмын

Асқа дереу даярмын.

Сендер солай таласып тұра беріңдер,ал менен асқан дәрумендерге бай ешқайсысың жоқ. Бұлорынға таласпай ақ қоюларыңа болады.Бұл орын меніңкі.

Шие:Мен шиемін шиемін

Басымды мен иемін.

Бұл орын меніңкі.менің дәмім де сыртқы келбетім де осы орынға лайықты

Жүргізуші:Қойыңдар бұл дауларынды,біз мұнда мерке тойлауға жыйналып отырмыз.

Бірақ көкөністер мен жемістер тыңдай коймайды дауларын әрі қарай жалғастыра береді.

Жүргізуші:Қап мыналарды не істесем екен мерекеміздің шырқын бұзды ау.

Жүргізуші бала:Сауле Ешемханқызы мен таптым Күз ханшайымын шақырайық көмектесіп қалар.

Жүргізуші:Ия дұрыс айтасың шақырайық.

Ораға Күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы:Уа халайық,дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен- Күз ханшайымымын.Сәлеметсіздерме!

Жүргізуші:Күз ханшайымы келгенің жақсы болды.Мынау көкөністер мен жемістер дауласуларын қояр емес төрелігін өзің айтшы.

Күз ханшайымы:Сонда сендер неге дауласып жатырсыңдар.

Қызанақ: Біздің қайсысымызға бірінші орын беретінін шеше алмай жатырмыз.

Күз ханшайымы:Оның несіне таласып жатырсыңдар,сендер барлығын бірдейсіңдер.Адамдар үшін сендердің пайдаларың өте көп.Сендердің дәрумендеріңнің арқасында адамдардың денсаулығы мықты болады. Келіңдер оданда Алтын күз мерекесін бірге тойлайық.Балалармен бірге би билеп ән салайық.

Жемістер мен көкөністер келіседі.

Ән « Алтын күз»

Жүргізуші:Күз ханшайымы енді осы көкөністер мен жемістерге би билетсек қалай қарайсың.

Күз ханшайымы:Ия дұрыс билесе билесін.

Би «Жемістер мен көкөністер»Балалардың тақпақтары:

Дина

Жерде жаңбыр жалтырайды

Жапырақтар қалтырайды

Көкте ай,күн балқымайды

Көлде аққу қалқымайды

Жел тұрудан жалықпайды

Күн жылытып жарытпайды

Жапырақтар жерге қарай

Қалықтайды,қалықтайды



Бақдаулет Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Жетті міне,Алтын күз

Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Аружан: Ағаштан үзіліп

Ұшты ұзақ сапарға

Тырналар тізіліп.

Жасыл шөп қурайды

Жойды түс ажарын

Тарқатып.шулады

Қалың құс базарын

Бақжан:Көкжиекпен ұштасып

Күн астында ақ бидай

Билейді қол ұстасып

Дала сары киінді

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді

Алтын астық-алтын тау

Сулеймен

Кәусар:Аспанда сұрғылт

Жан-жақты жабады

Күн бірте суытып

Жауын көп жауады

Күз жомарт дейміз біз

Жемісін жейміз біз

Далада егін жай.

Давлатбек:Қарашы күз келді,күз келді

Сары алтын жауып іздерді

Құсбіткен керуен түзеді

Қара бұлт қабағын түйеді.

Көркемжан:Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Сайға барып бекінді

Қалған бала секілді

Алинұр:Жатыр дала жалтылдап

Жаз шуағын мол құйды

Күн астында алтын дән

Тербеледі, толқиды.

Ален:Тырна көкке тырулап

Қош-қош айтты «кеттім»деп

Шөптің басы қыраулап

Күз де келді «жеттім»деп

Шерзат:



Күз ханшайымы:Жарайсыңдар билерің өте керемет шықты.Тақпақтарың да керемет.Балалар мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп отыр қалай жауап бересіңдер ме?

Балалар:Ия жауап береміз

Күз ханшайымы:Күз мезгілі нешеге бөлінеді?



Балалар:Үшке

Күз ханшайымы:Қандай болып?

Балалар:Ерте күз.Алтын күз.Қара күз.

Күз ханшайымы:Күздің айларын атап беріңдерші.

Балалар:Қыркүйек.Қазан.Қараша.

Күз ханшайымы:Жарайсыңдар сендер өте ақылды екенсіңдер

Ән «Күз»

Жүргізуші:Балалар күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Күн суытады,жапырақтар сарғаяды,құстар жылы жаққа ұшып кетеді,жаңбыр жауады

Жүргізуші:Ия өте дұрыс айтасыңдар.

Қолшатырлар көбейіп,

Аспанды бұлт торлады.

Жаңбыр жауды сіркіреп,

Аспан жасы секілді.



Би «Қолшатыр»

Роза:Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тойғаныма,тоңғаныма

Жылқы ойнап,бие қашқан,тай жарысқан.



Көрінеді шалғайдан

Бел-белестер сарғайған

Сары жапырақ төгілген

Торғайдыда көрдім мен

А.Каусар:Айнала сары ала,

Қырманға дән тола.

Жемістер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.



Мехрибан:Алтын,сары,қызызыл көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі баққа күлімдеп

Көз тартады атырап

Құралай:Жомарт көңіл,жарқын күз.

Берекесі халқымның

Қош келіпсін алтын күз

Құт қонағы халқымның

Мадина:Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

Қамба толды астыққа

Алғыс алған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап бидай алдық біз.

Айзере:Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйынды

Мол байлық тергені,

Шаттығы қаншалық.

Аспанға өрледі.

Жүргізуші:Күз ханшайымы біздің қыздарымыздың осы жаңбыр жайлы керемет әндері бар қалай тыңдап көреміз бе?

Күз ханшайымы:Ия тыңдасақ тыңдайық

Ән «Жаңбыр»

Күз ханшайымы:Керемет ән екен жарайсыңдар қыздар Жүргізуші:Ой балалар қараңдаршы жаңбырдан соң саңырауқұлақтар шығыпты.Олай болса саңырауқұлақтар биін тамашалайық.

Би «Саңырауқұлақтар»

Шернияз

Алақай,алақай

Шаттанды балақай

Күзтүсті,дәм түсті

Айтамыз алақай

Кемран:Көрініп еліме

Күндері мереке

Келді ғой жеріме

Күз дейтін мереке.

Мансур:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Әкежан:Құстар да ән салып

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Ернұр:Күздің сиын алайық

Қызығына қанайық

Күзге арнап бәріміз

Биімізді арнайық.

Қайсар:Құстар қайтты ән салып

Бұлт торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

Алтынбек:Түсті алтын жапырақ

Ағаштардан үзіліп

Ұшты ұзақ сапарға

Тырналарда тізіліп.

Жемісі мол теретін

Күз дос деген бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген

Жүргізуші:Күз ханшайымы енді балалармен бір ойын ойнайық.

Ойын «Қасықпен картоп жинаймыз»



Жүргізуші:Күз ханшайымы білесі бе біздің балалар орыс тілінде және ағылшын тілінде де тақпақ біледі.

Құралай, Мадина, Айзере, Давлатбек,

Роза,Шернияз, Дина.

Күз ханшайымы:Осындай өнерлі балалардың Ата-Аналары да өнерлі шығар

Жүргізуші:Иябіздің балалардың Ата-Аналары да өнерлі,оған дәлел ретінде біз қазір Ата-Аналарымен бір қызықты ойын ойнаймыз.

Ата-аналармен ойын «Мерекелік дастархан»

Жүргізуші:Осы керемет ойынымыздың құрметіне біздің қыздар бір керемет би билеп бермекші қабыл алыңыздар.

Би «Орамал»

Серік Кәусар:Қарашы,қарашы Күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Луиза: Ел егінді жинады

Қырманға дән сыймады

Біздің дала- бай дала

Алтын астық айнала

.Мехрниса:Сап-сара маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Асылай: Бір-бірлеп жапырақ

Сылдырлап ұшады

Сарғайған жапырақ

Күз нұрын құшады.

Күз ханшайымы:Не деген керемет мереке болды,жемістер көкөністер сендер өз қателеріңді түсіндіңдер ме?

Жемістер мен көкөністер:Ия түсіндік

Күз ханшайымы:Сендер адамдарға бірде қажетсіңдер,әрқайсысыңның орындарың бөлек.Осыған көз жеткізуге көмектескен,бізге керемет көңіл-күй сыйлаған балаларға рахмет айтайық.

Жемістер мен көкөністер:Рахмет сендерге балалар

Жүргізуші:Сіздерге де үлкен рахмет айтамыз.Біздің балалармен би билеп өлен айтыңыздар,осы мерекенің қызықты өтуіне ат салыстыңыздар.

Көкөністер жемістер,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Күз ханшайымы:Олай болса қонақтармен,балалармен қоштасайық.Сау болыңыздыр.

Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар,балалар,

Келгенше жыл айланып

Балалар:Сау болыңыз.

Жүргізуші:Күздің кереметі,байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу. Міне құрметті Ата-Аналар мен балалар осымен Алтын күзге арналған ертеңгілігіміз аяқталды келесі кездескенше қош сау болыңыздар.



























Тілегім аман болсын ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз-ырыс береке,бірлік ала келді.

Көкөністер жемістер,

Денсаулыққа пайдалы.

Мұны жақсы біліңдер,

Оларды жақсы көріңдер.

Қолшатырлар көбейіп,

Аспанды бұлт торлады.

Жаңбыр жауды сіркіреп,

Аспан жасы секілді.

Күздің кереметі,байлығы өте көп.Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.Қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу. Міне құрметті Ата-Аналар мен балалар осымен Алтын күзге арналған ертеңгілігіміз аяқталды келесі кездескенше қош сау болыңыздар.

































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Тобы:Ақкөгершін

Білім саласы:Шығармашылық

Білім бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы:

Мақсаты:



Міндеті:



Қатысқан бала саны:

Тәрбиеші:



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Тобы:Ақкөгершін

Білім саласы:Шығармашылық

Білім бөлімі:Мүсіндеу Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Тобы:Ақкөгершін

Білім саласы:Шығармашылық

Білім бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы:

Мақсаты:



Міндеті:

атысқан бала саны:

Тәрбиеші:



Тақырыбы:

Мақсаты:



Міндеті:



Қатысқан бала саны:

Тәрбиеші:



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-506925

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>