Инфоурок Начальные классы ВидеоурокиКөкөніс өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы 5 сынып

Көкөніс өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы 5 сынып

Скачать материал

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбыКөкөніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы

Жалпы мақсат Көкөністер түрлерімен танысып, ажырата біледі. Ойлау, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, айналадағы дүниені танумен қатар өмірмен ұштастыра білуге үйренеді. Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбек сүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді.

Сілтеме ⦁Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

⦁Технология оқулығы .

⦁Үлестірмелі материалдар.

Технология оқыту әдістемесі.

Оқушылар үшін оқу нәтижелеріКөкөніс дақылдарымен танысады, түрлерін ажыратады. Көкөніс шаруашылығы саласының ерекшелігін анықтайды.

Негізгі идея Көкөніс дақылдары – көкөніс (шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар) алу үшін өсірілетін өсімдіктер.

Сабақта қолданылатын материалдар⦁А-4 парағы

⦁Флипчарт

⦁Стикерлер

⦁Оқулық

⦁ Роwer point таныстырылымы

Жетондар

Оқыту әдісіЖаңа әдістер

АКТ

СТО

Оқыту үшін бағалау⦁Диалог

⦁Жеке жұмыс

⦁Топтық жұмыс

Тапсырмалар «Сандар сөйлейді» ойыны, жұмбақтар шешу, суреттермен жұмыс, «Көкөністер» тапсырмалар тобы, «көкөніс базары» ойыны.

Сабақтың барысыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі⦁Сәлемдесу, түгелдеу

⦁Зейіндерін сабаққа аудару

⦁Суреттер арқылы топқа бөлуТренингке қатысады.

Қызығушылықты ояту⦁«Сандар сөйлейді» ойыны

⦁Сергіту сәті «адам бейнесі»

Сұрақтары: басыма- мен не түсіндім?

Жүрегіме – не түйдім?

Қолыма- өмірде қалай қолданам?

Әр топтан бір оқушы жауап береді.

Сергіту сәтінде оқушылар адам бейнесіне өз ойын жазу арқылы үй тапсырмасына кері байланыс жасайды.

Мағынаны тану 1.Жұмбақтар шешу:

⦁Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

(сәбіз)

⦁Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.

(Қызылша)

⦁Жайлы, жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін.

Қабат-қабат тоеым бар,

Қалай оны шешемін.

(орамжапырақ)

⦁Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(пияз)

⦁Аласа тал,

Тамаша тал.

Самсап тұр алмасы,

Ол алқызыл,

Ол қанқызыл,

Боялғанша алмашы.

(қызанақ)

2.Мәтінмен жұмыс.

3. Суреттер және муляждармен жұмыс.

4. «Көкөністер» тапсырмалар тобы.

Мәтінді өз беттерінше оқып, керек жерін түртіп дәптерге жазып алады. Жеке, содан соң топпен талқыға салады, ой бөліседі, сұрақтарын талдайды.

Ой толғаныс «Көкөніс базары» ойыны.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.

Бағалау Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға кері байланыс парағы стикерге жазылады. Топтағы белсенді оқушыларға жетон беріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5».Бағаланады, мадақталады. Кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма «Менің сүйікті көкөнісімнің пайдасы» туралы әссе жазу.Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Жаңа сабақ мәтіні:

Көкөністер. Көкөністер мынадай негізгі топтарға бөлінеді:

⦁тамыржемістілер — ⦁тарна, ⦁сәбіз, ⦁асханалық қызылша, ақжелкен түйнегі, ботташық, ⦁шалқан, ⦁тұрып, ⦁шомыр, балдыркөк түйнегі;

⦁жапырақтылар (тамаққа жапырағы мен жуан сағағын пайдаланады) — қырыққабат, ⦁салат, ⦁саумал, ⦁аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелкен, рауғаш, ⦁қымыздық;

⦁жемістілер (тамаққа жас түйнегі мен піскен жемісі жарамды) — қызанақтар, ⦁баклажандар, тәтті және ащы бұрыштар, қияр,⦁қарбыз, ⦁қауын, ⦁асқабақ, ⦁кәді, ⦁самсар, ⦁гүлді қырыққабат, ⦁бұршақ, ⦁лобия, ⦁атбас бұршақ, ⦁қант жүгерісі;

⦁баданалылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады) — шалқан пияз, сарымсақ, порей, батун пияздары, шнитт пиязы;

⦁дәмдік-татымдық көкөністер — ⦁биден, ⦁кориандр, ⦁кресс-салат, ⦁зере, ⦁жалбыз, ⦁майорон қияр шөбі, ⦁эстрагон.

Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні - құрамында өте сіңімді заттардың, ішінара көмірсулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам ағзасына қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майлары мол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал қызылша —қантқа бай; қырыққабатта С витамині, ал сәбізде — ағзада А витамині түзілетін — каротин (А провитамині көп); рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністерді қосса тағам жақсы қорытылып, олардың жақсы сіңірілуіне жәрдемдеседі. Көкөністер ас қорытудың бүкіл процесін реттеп отырушы болып табылады. Олардың ем-дәм тамағын дайындаудағы рөлі де зор. Көкөністердің жұғымдылығын сақтау үшін оларды дұрыс өңдеп, содан кейін барып әзірлеу керек. Көкөністердің сырты микробтармен, оның ішінд ішектің жұқпалы ауруын қоздырушы микробтармен, гельминттердің жұмыртқаларымен ластануы мүмкін, сондықтан пайдаланбастан бұрын суық сумен мұқият жуу қажет. Тамыржемістер мен картопты тазалап жуып, қабықтарын жұқалап аршиды, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды. Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болатындықтан, олардың қабығын жұқалап аршиды. Тазартылған көкөністерді неғұрлым ірілеу тураса, ондағы витаминдері солғұрлым азырақ жойылады; картоптың кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жөн. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазаланған көкөністерді 3 сағаттан артық (12° С-тан аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланады. Салат, винегрет жасау үшін картоп, қызылша, сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картопта тазартылған картопқа қарағанда С витамині екі есе артық сақталады. Тағам дайындау процесінде пайдалы, жұғымды заттардың жойылуын азайту мақсатымен тазартылған көкөністерді бұқтырып немесе булап пісіреді. Көкөністерді пісірген кезде үстіне қайнап тұрған су құйған жөн, өйткені С витаминін жоятын ферменттердің әрекеті жоғары температура кезінде тоқтайды. Көкөністердегі С витаминін сақтап қалу үшін оларды қақпағы нығыздап жабылған кастрөлге пісіреді, қатты және ұзақ қайнатпау керек. Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады. Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салады, оларды 10 минуттан артық қайнатпайды. Оны дайын болысымен пайдаланады, себебі ұзақ сақталып, қайтадан жылытылса, ондағы ағзаға пайдалы қоректік заттардың көпшілігі жойылып кетеді. Салаттар мен винегреттерді дайындағаннан кейін, тұздық қоспай тұрып 6 сағаттан астам, ал тоңазытқышта 12 сағаттай сақтауға болады. Көкөністер тез солып, тез бұзылады. Бірақ кейбір көкөністерді төмен температурада (0° С төмен) ауа ылғалдығы 90—95% және көлеңкеде жаңа жиналған күйінде біраз уақытқа сақтауға болады. Картоп, тамыржемістер, пияздың баданалары бұзылмайды да, жемісті көкөністер нашар сақталады, жапырақты көкөністер сақтауға келмейді.

Көкөніс шаруашылығы – көкөніс алу мақсатында оларды өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының бір саласы. Көкөніс шаруашылығының басқа өсімдік шаруашылығынан ерекшелігі – мұнда көкөніс дақылдары ашық және қорғалған жерлерде өсіріледі. Көкөніс шаруашылығы өсіру тәсілдері бойынша: танаптық көкөніс шаруашылығы, ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы және қорғалған жердегі көкөніс шаруашылығы болып бөлінеді.

Жеміс, көкөністі жуып жеу

Тұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.

Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қа-жет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл – кеңес береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.

Шіріген жері бар жемісті жемеу

Жемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі. Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, ол мұнда нитраттардың көптігін танытады. Нитраттарды кетіру үшін қиярды бір күн тұзды суға салып қояды, бірақ та бұлай жасағанда оның дәрумендері жойылып кетеді.

Шіріген түгілі, сәл дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені, кішкене бұзылса болғаны, кез–келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп аталатын улы зат түзіледі. Ол зақымдаған тұсты ойып алғаннан жойылмайды. Сол жемісті, көкөністі қайнатып, қайнатпаға (варенье) айналдырса да әлгі улы зат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп болады.

Жеміс, көкөністі сақтау

Жеміс, көкөністі ашық күйде сақтауға болмайды. Олай жасаса, біріншіден, олар түсін, екіншіден, өздеріне тән дә-мі мен хош иісін жоғалтады. Сол себепті жеміс, көкөністі шыны ыдысқа салып, желім қалпақпен аузын жауып, мұздатқышта сақтайды. Кейбір көкөністерді (көк жуа, аскөк, т.б.) жақсылап жуып, дымқыл орамалға орап, кәдімгі жұқа қалтаға салып, мұздатқыштың астыңғы қаба-тына қойса, ол бірнеше күн сол күйінде сақталады.

«Көкөністер» тапсырмалар тобы:

Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.

2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.

Оқушының аты-жөні:

⦁Сұрақ: 1 және 2 жылдық көкөністерге жататын өсімдіктерді сәйкестендіріңдер.

11 жылдық өсімдіктерге жататын өсімдіктерА) Сәбіз, сарымсақ,

Ә) Картоп, қызанақ

22 жылдық өсімдіктерге жататын өсімдіктерБ)Пияз, орамжапырақ

В)Баклажан, қияр, асқабақ

⦁Сұрақ: төменде берілген сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыс екендігін анықта. (иә немесе жоқ).

Сөйлемнің дұрыс немесе бұрысын анықтаИә немесе жоқ

Көкөністерде адам ағзасына қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ белоктар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майлары мол. Иә/ жоқ

Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салады, оларды 1 сағат қайнатады.Иә/ жоқ

Қабығымен пісірген картопта тазартылған картопқа қарағанда С витамині екі есе артық сақталады.Иә/ жоқ

Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады.Иә/ жоқ

Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады.Иә/ жоқ

⦁Сұрақ: Көкөністерден жылдам әрі пайдалы тағам дайындауға бола ма? Сен қандай тағам дайындар едің?/шығармашылық тапсырма/

«Көкөніс базары» ойыны.

1. Көкөніс қайда? (Бақшада)

2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)

3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)

4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)

5. Көкөністерді қалай өсіреді? (Тұқым себу)

6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)

7. Көкөністердің құрамында қандай дәрумендер кездеседі?

8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?

9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)

10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)

11. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады? (күзде)

Қорытындылау

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 155 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.03.2015 3207
    • 0 байт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенгулова Фатима Абуталиповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45909
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Математика» в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 299 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 485 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе