Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Көктем аруы" байқауы 6 сынып

"Көктем аруы" байқауы 6 сынып

Скачать материал

«Көктем аруы» байқауы

Қыз дегенің...

Тіл үйіртер шырыны балдан да аса,

Сұлу сұлу бола ма таңданбаса!

Қыз дегенің өмір ғой өлшемі бар,

Ал өмірді суймеуің жандалбаса!

Қызсыз өмір тұл жетім тоналғандай,

Біз жанбаймыз, алаулап, солар жанбай.

Қыз дегенің тазалық – тазалыққа

Мейіріңді қандырмау обал қандай!

Көңілдің де өмірдің ән-арманы,

Әсемдіктің айнасы жанарлары.

Қыз дегенің өріс қой ұрпақ өсер,

Жоқ болса өріс - ұлтыңның жоғалғаны!

 

Жүргізуші:   Армысыздар ата-аналар, ұстаздар,

                     Оқушылар, инемен құдық қазғандар.

                     Құшақ жая қарсы аламыз, сіздерді,

                     Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жанып жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе – елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам, - дей отырып, балғын арулардың

«Көктем аруы» атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

     Осы байқау Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отырғандықтан, қыздарыңыздың өнерін мерекеге шашу ретінде қабыл алыңыздар!

 

Б а ғ д а р л а м а д а :

І. «Қазақтың қызы осындай!» (өзін таныстыру).

ІІ. Өнер қуған арулар. (ән немесе би орындау).

ІІІ. «Бармағынан бал тамған»

      (үй тапсырмасы, ұлттық дәм әзірлеу, оны қорғау).

ІV. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп...   (мәнерлеп оқу).

V. «Ана көрген – тон пішер» (шыралжың тарту).

VI. «Қыздарға әсемдік жарасады...»

                              (көктемгі киім және шаш үлгісі)

VII. Дәстүр – дәріс (сұрақтарға жауап беру).

 

«Әр сайыстың болар өз төрешісі...» демекші, алдымен қыздарымызды бағалайтын әділқазы алқасын сайлап алайық.

 

Әділқазы алқасы, келіңіздер,

Арулардың сайысын көріңіздер.

Жүзден жүйрік шығатын сұлу қызды,

Әділдікпен бағалап беріңіздер! -дей отырып, әділқазы

алқасын ортаға шақырамыз:

(келіп орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймын).

 

      Жүргізуші: Енді салтанатты сайысымыздың қатысушылары балғын аруларды ортаға шақырайықІ

Кім екен бұл Қыз Жібек пе, Баян ба,

Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда.

Арайлым біздің періште ғой ғажайып,

Мұндай қыздар кетпесе екен азайып.

Он үшінде толған айдай,

Алтынай біздің көрікті.

Сыныптың қорғап намысын,

Қыз сынына келіпті.

Ұлжан да бір өнерлі,

Игерген бар өнерді.

Жолың болсын, сұлу қыз,

Өнеріңді төк енді.

Жасы кіші болса дағы,

Елді аузына қаратты.

Қарсы алайық қуанып,

Секенқызы Қымбатты

Таныстыру кезегіне,

Айшат шығар келесі.

Айшат біздің осында,

Арулардың төресі.

Сыпайы екен Мадина

Күліп жүрер ақырын.

Қыз сынына келіп тұр,

Жүрек жұтқан батылым.

Мақтан қуып атына қамшы баспай,

Тайталаспай ешкіммен, қамшыласпай,

Динара біздің келеді, ақырындап,

Мөлдірейді момақан тамшы жастай.

Кіп-кішкентай болса да,

Сәуле біздің өжет-ақ.

Қол соғайық халайық,

Қошамет оған керек-ақ!

Қыз Жібек пе, Баян ба екен,

Сыр жатыр-ау жанарда кең.

Тал бойында бір міні жоқ,

Қарақат көз ару қыздар,

Қандай нұрдан жаралды екен!

Ел дәстүрін өнегелі,

Кіл биікке көтереді.

Егер сендер болмағанда,

Талқысы ауыр мына өмір,

Сұрықсыз боп кетер еді!

Жүргізуші: Қазір қыздарымыз қазылар алдынан номер таңдайды, содан кейін барып орындарыңызға отыруларыңызға болады. Сіздер жүрек лүпілін басқанша, «Қыз сыны»  әнін  орындап берейін.

Алғашқы сайысымыз «Қазақтың қызы осындай!» деп аталады.

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Сынға түсер сегіз қыз кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер деймін.

(Алған номерлеріңіз бойынша кезекпен өздеріңізді таныстырасыздар)

Таныс болдың арулар тегіменен

Туып - өскен  мекені, еліменен

Фаризадай   бәрі ақын көрінеді

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

 

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

 

       Екінші сайысымыз «Өнер қуған арулар» деп аталады, өз өнерлеріңізді ортаға салуға шақырамыз. (қыздар өз өнерлерін кезекпен көрсетеді)

         Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ.

«Ас- адамның арқауы» демекші, енді сұлуларымыз үйден дайындап әкелген ұлттық дәмдерін алдарыңызға тартады.

Бұл сайысымыз «Бармағынан бал тамған» деп аталады.

«Ас қадірін білмеген аштан өледі» дейді, сондықтан дәм тата отырыңыздар. (қыздар үй тапсырмасын қорғайды)

     Дәм дайындауда аналардың көмегі тигені сөзсіз, сондықтан аналарымыздың құрметіне Мадияр «Ана - алтын»  әнін орындап береді.

     

     Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

     Қиыннан қиыстырар ер данасы.

     Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

     Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы, келесі сайысымызды бастайық.

Мәнерлеп оқу сайысы.

       Өнердің нәр береді шапағаты,

       Қыздардың өнерге бар махаббаты .

       Талпынып көркем сөзге шығайықшы,

       Халайық қошеметтеп қол соғады.

   (қыздар тақпақтарын айтады)

 

 Төртінші сайысымыз «...Ана көрген – тон пішер».

         Сегіз қырлы бір сырлы,

         Біздің қыздар өнерлі.

         Саусақтары майысып

         Меңгеріп те алыпты,

         Шыралжың деген өнерді.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр»  демекші қыздарымыз оюдың шетіне шыралжың тартып болғанша, Қымбаттың өнерін тамашалаңыздар.

        Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

        Төгілген күн нұрының шапағаты

        Халайық, қаттырақ қол соғайықшы

        Бишіміз бар сүйкімді Қымбат атты.

       Ал енді қыздар,  өз жұмыстарыңызды қорғап қазылар алқасына ұсыныңыздар!

 

 

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сай болып, келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың!

  Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

  Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.

  Қыз сұлу көрінеді толған айдай,

  Он бір  мен он үштегі жасыменен - дей отырып,

«Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы сайысты бастаймыз. Әр ару көктемгі киім және шаш сәндеу үлгісін көрсетеді. Аруларымыз дайын болғанша, Балнұрдың  орындауында «» әнін тыңдаңыздар.

     Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

     Жарыса төгілген қос бұрымымен.

     Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,

     Қыз сұлу көрінеді білімімен - дегендей келесі

кезекте «Дәстүр- дәріс» деп аталатын үлкен сын тұр, яғни сұрақ – жауап сайысы.

     Ал арулар, сайысқа қалайсыңдар,

     Сендер өтер әлі де талай сын бар.

     Не білесің қазақтың дәстүрінен,

     Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.

(Енді қыздар әділқазы алқасының алдында тұрған сұрақтарды алып, жауап беріңіздер).

Селт еткізер санаңды отты бір ой,

Өмір тәтті қыздардың көптігі ғой!

Қыз дегенің бақ, байлық – бұл екеуін

Бағаламау – сезімнің жоқтығы ғой!

Қандай жақсы шадыман, шат көктемің,

Өмірден сыбағаңды ап кеткенің.

Қыз дегенің - махаббат, махаббатқа

Басыңды имеу – басыңнан бақ тепкенің!

    Осымен біздің сұлуларымыздың жарысы аяқталады. Әділқазылар алқасына кезек береміз.

 

   Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

   Аруы деп мектептің жүрейікші.

   Қазыларға тілейік әділдікті,

   Аруларға тілейік сәттілікті!

 

     Қорытынды шыққанша, мектебіміздің жас әншісі Балнұр 

«Қазақтың дастарханы» әнін орындап береді

 

 

 

 

 

 

        

         

      

       

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Көктем аруы" байқауы 6 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 590 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 1294
    • DOCX 48 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баяхметова Құрмангүл Батышбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25512
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 812 человек из 74 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе