Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Көктем аруы - 2016" қыз сыны байқауы

"Көктем аруы - 2016" қыз сыны байқауы

Скачать материал

«Көктем аруы-2016» атты қыз сыны сайысы.

 

Ән: «Қыз сыны»

 

Жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе,елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,

 

Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған талай жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман тәтті.

 

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Мектебіміздің бетке ұстар мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, қатарыңнан қалыспа.


Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,                                                                                     

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

 

(Аруларымыз баяу ойналған музыкамен сахнаға шығады).

7 сынып оқушысы – Қасымова Карина

8 сынып оқушысы – Алтенова Ұлпан

8 сынып оқушысы – Нұрғалиева Айдана

9 сынып оқушысы – Алтенова Жанерке

10 сынып оқушысы – Қарсақова Томирис

 

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

 

1.     Бастауыш сынып мұғалімі: Селиверстова Лариса Анатольевна

2.     Бастауыш сынып мұғалімі: Телпекбаева Бақытжан Қайырбайқызы

3.     Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Әмзе Бекежан Ұлықбекұлы

 

Даланың терең жұтсақ ауасы кең,

Танысайық бұл кештің шарасымен:

 

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:

І. «Мен қазақтың қызымын» - Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

 

ІІ. «Өнерліге өріс кең» - Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)

ІІІ. «Озған ел тарихын таспен жазады» - Бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді, берілген мақалды аяқтайды және дайындап әкелген жаңылтпаштарын айтады.

 

 

IV. «Қыздарға әсемдік жарасады» - үй тапсырмасы. Бұл бөлімде аруларымыз үйден дайындап әкелген өнер туындыларын қалай жасағанын әділ қазылар алқасына жеткізу, түсіндіру шеберліктері сыналады.

 

V.  «Шығармашылық қолөнер сайысы»:

1.     Шаш өру. Бұл бөлімде аруларымыз әдемі, қисынын келіп өру шеберліктерін көрсетеді.

2.     Сурет салу. Берілген суретке қарап отырып, сурет салу шеберлігін көрсетеді.

3.     Түйме қадау. Бұл бөлімде аруларымыз ине – жіп ұстап түймені әдемі және сапалы  қадау мәнерін көрсетеді.

4.     Ою ою. Бұл бөлімде қазақтың ұлттық ою өрнектерін әр - түрлі қағаздан ойып бетке жабыстырады.

VI. «Адам көркі - шүберек» - сән үлгілерін көрсету. Бұл бөлімде арулардың бүгінгі заманға сай тігілген сән үлгісін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне, жүріс тұрысына  ерекше мән беріледі.

Жеребе тасталады, яғни арулар өз нөмірлерін алып кезекпен өнер көрсетеді

 

Жүргізуші:

Ұрпағы мен боламын бабалардың,

Биікке өнерменен бара аламын.

Қанеки, тыңдайықшы барша халық

Кім екен түпкі атасы арулардың? – дегендей аруларды сәлемдесуге  шақырамыз. 

 

(Арулар кезекпен өздерін таныстырады)

 

Жүргізуші:

Тау әсем қарағайлы аршасы бар,

Сол тауға талапты жас барса  шығар.

Өнер көп бұл дүниеде адам ашқан,

Бойыңда сол өнердің қаншасы бар?

«Өнерліге өріс кең» шарты бойынша арулар өз өнерлерін көрсетеді.

 

Жүргізуші:

Халқымыздың тарихын үйренейік,

Жамандықтан арулар  жиренейік!

«Озған ел тарихын таспен жазады,

Тозған ел тарихын жаспен жазады» шарты бойынша арулар сұраққа жауап береді, мақалды аяқтайды.

 

 

1.Үш биді атап бер.

Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.


2.Жеті күнді атап бер.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей  ел болмас.

 

 

3.Туған – туыстарға кімдер жатады?

Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

 

 

4.Жеті қазынаны ата.

Көп түкірсе көл болады.

 

5.Қазақ  халқының мейрамдарын ата

Балалы үй—базар,
Баласыз үй — мазар.

 

  Жүргізуші:

Біреулер сынға түсер өнерімен,

Біреулер сынға түсер өлеңімен.

Не болса да айтатын жүрегімен,

Әнді нағыз өнер деп білемін мен - дегендей  үй тапсырмасы.

 

 Жүргізуші:

Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы - деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз

Жүргізуші:

 

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан

Шеше көрген тон пішер дегені рас

Аруларым шебер қолға араласқан - дегендей аруларымыздың іскерлігі, икемділігі сынға түседі.

 

Жүргізуші:

Өнердің сан түрлерін сараладым,

Дайынба, әділқазы бағаларың, - деп сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

 

Әділқазылар байқаудың жеңімпазын анықтап, қорытынды жасайды.

 

Құттықтау, марапаттау.

 

Көркемдікке көмілген келбетіне
Көз тимесін деп достым сен де тіле
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды
Айна көктен жететін жер бетіне.

Жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай - пай шіркін! Қыздардың құдіреті – ай

Ес еркінді әкеткен барымталап.- дей келе құрметті көрермендер, әсем гүлдей құлпырған қыздарымыз!  «Көктем аруы - 2016» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын. Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын!!!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Көктем аруы - 2016" қыз сыны байқауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 680 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 1988
    • DOCX 33.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Искендирова Макпал Балтабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 8
    • Всего просмотров: 51362
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой