Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Көктем аруы - 2016" сайыс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Көктем аруы - 2016" сайыс

библиотека
материалов

hello_html_1f8ee807.png Алимханова Сания Кабдилхамитқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарой бастауыш мектебі

Қарой ауылы

Тарбағатай ауданы ,

Шығыс Қазақстан облысы

«Көктем аруы-2016!» сайысы


Мақсаты: Балалардың анаға деген сезімін,құрметін жеткізу.Мейірімділік,адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру:білімдерін ,өнерлерін ортаға салып ізденімпаздығын дамыту: анасын аялауға,қорғауға,қамқор болуға тәрбиелеу. Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.Қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сынып: 1-2 сынып қыздары арасында

Жүргізуші:

Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне қуансын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардан,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Мінеки жер көгеріп көктем келді,

Шығарып сан боранды,өкпек желді.

Жаңа көктем әкелсін мол жақсылық.

Өткен өтті,салауат өткелге енді.

Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
 Бүгінгі «Көктем аруы -2016!» атты арулар сайысына қош келдіңіздер!
«Көктем аруы- 2016!» сайысын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар  сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!

Ана өмірдің қуанышы,тірегі,

Бала оның жұбанышы тірегі.

Ендеше сөз кезегін оқушыларымызға береміз!

Монтаж бөлімі:

Шыңғыс : Анам десем, сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға тым ыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық


Қаламқас: Өзіңсің сүйікті ана құдіретің,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген махаббатты,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Дамир : Бар ана туған елдің гүлі дер ем,

Анажан қайғың болса күңіренем.

Таусылмас тау суындай ақылым бар,

Сен барда менің әрбір күнім өлең.

Сезім: : Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,

Жыр жаздым тұңғыш саған ән арнадым.

Анашым айтарым көп тіл жетпейді ,

Бір сендей жанды таба алмадым.

Санжар:

Мен деп тыным таппаған,

Менсіз тағам татпаған.

Бақыты үшін баланың,

аман-сау бол ақ мамам.

Ерсайын:

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың.

Қуанышы ананың,

Қуанышы баланың.

Бізді өсірген апатай,

Жанәли:Балам,балам дегізген,

Түнде қаймақ жегізген,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде тұрып емізген.

Шырай:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Аман-есен жүріңіз.

Айзере:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.


Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын аналар!

«Анамызға мың алғыс!» 3 рет айтылады.


Жүргізуші:

Көрсетемін күллі елді,

Жарқ етеді түндері.

Өсіріп мен сыйлаймын,

Жұрт көрмеген гүлдерді.

Аналарымыз бен апаларымызға,аяулы ұстаздарға арналған сыйлықтарымызды қабыл алыңыздар.

(аналарға ашық хат пен гүл сыйлайды)

Ән «Ақ мамам!» хор.


«Көктем аруы-2016» байқауының барысы:

Жүргізуші:

                  Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
               Аруы деп мектептің  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
               Ал аруларға сәттілік тілейікші!

 Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толық тасып.

Аруларды сыйлаған халқым менің ,

Көңілді қошаметпен қарсы алайық! («Қыз сыны» әні ойнап тұрады)

1.Диана қыз өнерлі,

Бойға өнер жиған қыз

2.Айсұлу қыз білімді,

Меңгерен бар ілімді.

3.Нұрай қыз тұр үлбіреп,

Қос жанары мөлдіреп.

4.Ақша бетті Балжан қыз,

Ұқсайды қор қызына.

5.Арайлым қыз елгезек,

Алады тез тіліңді.

(Диана-Санжар,Айсұлу-Сезім,Нұрай-Дамир,Балжан-Шыңғыс,Арайлым-Дамир)

Жүргізуші:  Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.

2

(3,4,5 балдық жүйесі)

Сайысымяыздың шарты бойынша қыздарымыз өз номерлерін таңдап алуы тиіс.Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.

Сайыс 7 бөлімнен тұрады.
1.    «Текті білу –тегін емес» Өзін -өзі таныстыру.

2.    Білгенге  маржан (сұрақ-жауап)
3.    Өнерлі өрге жүзер
4.   «Қыздарға әсемдік жарасады»  Сән үлгісі
5.   «Талаптыға нұр жауар»  Қолөнер
6.Мәнерлеп оқу.

7.Спорттық сайыс «Көз мерген» ойыны.


I кезең «Текті білу тегін емес» Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

Әділ-қазы ұпайы:

II  кезең. Білгенге- маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

1 сыныптар бойынша:

1 сынып 10 қызыл-Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

1 сынып 10 сары- Шеше неше кесе , сынды кеше? (жаңылтпашты жаңылмай қайталау)

1 сынып 20 қызыл- Ы.Алтынсарин « Әке мен бала» әңгімесінде әкесі баласына қандай әңгіме айтты.

1 сынып 20 сары- М.Дулатовтың «Бөрік» әңгімесіндегі әкесінің бөркін киіп алатын баланың есімі кім?

2 сыныптар бойынша :

10 қызыл- Қазақтың ұлттық ойындарын ата.

10 сары- Бес дұшпан

10 жасыл- -бақалар жануарлар тобының қай түріне жатады?

20 қызыл- қосындының кампоненттерін ата.

20 сары-Ана,сұлу қыздар,көктем тақырыбында мақал айту.

20 жасыл – Аспанда құстар ұшып жүр: Торғай,инелік,қарлығаш,шыбын,қарға ,ара.Аспанда неше құс ұшып жүр?

( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)

IIІ кезең «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі «Көктем аруынан» бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.


Үнді биі «Джимми » қыздар тобы

( әділ-қазылар алқасының бағаларын білу)

IV кезең. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

 «Қыз сыны» әні ырғағымен шығады.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

V кезең. «Талаптыға нұр жауар» Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.

 «Түйме қадау» ине-жіп,мата,қайшы,2 түйме.Жылдамдық,ептілік керек.

( әділқазылар алқасының бағаларын білу)

VІ кезең мәнерлеп оқу.

Тақырыбы: «Аяулы ана,гүлдей құлпырған қыздар,көгілдір көктем»


Диана –«Аяулы ана»

Айсұлу- «Асыл ана»

Нұрай – «Ана құдіреті»

Балжан – «Ана жан»

Арайлым – «Ана көктем»


VІІ кезең Спортттық сайыс «Көз мерген» ойыны .


Шарты :Шарды көздеп ату керек,дәл тигізе алса ішіндегі заттарды жинап алады.20 шар,5 қызға ,4 шардан атуға мүмкіндік бар.

Қортынды : Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық!

«Қазақ қызы» әні Қаламқас.

Сөз кезегі әділ-қазыларда:

Номинация : 1- «Көктем аруы-2016»

2- « Көрермен көзайымы»

3-«Білімді қыз»

4-« Өнерлі қыз»

5 – « Дарынды қыз»

Мақтау қағаздары мен жүлделерін таратып беру.

Құттықтау сөз кезегі ата-аналарда:


Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер!
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке,мерекелі көңіл –күй тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз!


Автор
Дата добавления 02.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров129
Номер материала ДБ-063479
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх