Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Көктем келеді ашық сабақ

Көктем келеді ашық сабақ



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:


«Құстар қайтып келеді!» Ортаңғы 12- топ
Мақсаты:
а\Құстар,соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
ә\Құстар туралы өлең,тақпақтар арқылы қызығушылығын арттыру, құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
б\балаларға экологиялық тәрбие беру,яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: , буклеттер «Құстар –біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби-монтаж,түсіндіру, ойын.

Жүргізуші:
Құрметті әріптестер, ата-аналар, қадірменді достар, қош келдіңіздер!
Сіздердің көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтай отыра , «Құстар қайтып келеді! » атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз
Шаттық шеңбері

Балалар шеңберде тұрып, Е. Өтетілеуұлының «Көктем» өлеңін бірге айтады.


-Алақай!- Көлдерде

Алақай!- Сең жүрді,

Қуанды балақай: Белдерге

-Қыс кетті, Сән кірді.

Құс кепті. Гүл қаптап

Қар кетті, Дөңдерді

Қыр кепті. Күллі алқап көгерді.

-Жыл мезгілі»- көктем туралы тақпақтар айтайық.


Тақпақ оқу

Көктем қандай көңілді, Қонай

Күміс жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді


Туды көктем! Жансая

Шулы көктем

Кең даланы оятты.

Күн қызуын құйды көктен

Сең бұзылды, су ақты.

Жыршы құстар көп келді, Жангүлім

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел, балалар әнменен,

Қарсы алайық көктемді.

Ән: «Көктем келді!»

Жүргізуші: -Міне,  жылы  шуағымен  көктем  де  келіп жетті. Көктеммен  бірге,  қанатты  достарымыз  да  келді.

«Көк құрақ-  көлдің  сәулеті, құс пен аң  елдің  дәулеті»- дегендей,  хайуанаттар  ішіндегі  ең сұлуы, ең  сымбаттысы-құстар. Табиғатта да, адам  өмірінде де  құстардың  мәні  өте зор. Құстар әуезді  әсем  дауыспен,  сымбатты да сұлу,  алуан  түрлі сыртқы  көрнісімен, сымбатты  да сұлу,  алуан  түрлі  сыртқы  көрнісімен табиғаттың  сәнін  келтіру  арқылы  адамды шаттыққа, қуанышқа бөлейді.

Құстардың дауысы естілген музыка және бет перде киген балалар кіреді. \ Аққу, қарлығаш, қараторғай т.б \

Қарлығаш:                       А.Әйгерім                                        

Қарлығашпын- мен,                      

Адамның тұрағын                                          

Шыбын деген кеселден                                        

Тазалайтын  үй-ішін.                                             

Ел аузында  мақтаулы,                                        

Тазалықшымын   төселген.                                  


Қараторғай: Мухамедали

Мен  торғаймын,

Шегірткедей  жұртыңды

Қырғи  болып  қуамын.

Егістікке,  жайлымға.

Қорғаушы  боп   тұрамын.

Жәндіктерді   зиянды

Құртатұғын  батырмын.


Бұлбұл: Мерей

Мен еркін  бозторғаймын,

Бұлағын  тытпаған  ән мен жырдың.

Тамаша  тамылжытып шырқаймын,

Шаттығын   тауыса алмай әр күннің.



Аққу: Аружан
Құс сұлуы аққумын
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуға көзі қимаған.
Сұлулықты паш етіп
Жырлаған талай ақындар
Нәзік үнді,көл көркі
Құс патшасы мен болам



Көкек: Елтас
Жаршысымын көктемнің
Көкек дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін.
Көктемді күтсең мені күт.

-Ендеше осы құстардың құрметіне тақпағымызды айтып берейік. Тақпақ оқу

Көктем көгін молайтып, Ақбота

Қырды гүлге бөледі

Қуанышты ән айтып

Құстар қайтып келеді.


Аймалап күн бау-бақты, Алан

Арай шуақ төгеді

Аңсап біздің аймақты

Құстар қайтып келеді


Түрлі гүлін сыйлаған, Тамерлан

Дала неткен кең еді.

Туған жерін қимаған

Құстар қайтып келеді.


Құстар-біздің досымыз Дильназ

Шырқап әнге қосыныз

Құстар-біздің досымыз,

Көктем сайын тосамыз.


Жүргізуші: Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл
құстары , cалқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Оларға қандай құстар жатады, кім біледі?
Балалар жауаптары. - Қарлығаш, көкек , аққу, қараторғай , бұлбұл , тоқылдақ , үйрек , қаз , тырна суреттер арқылы көрсетеді.
Суретпен жұмыс

-Ендеше, жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік.

Қонай

-Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.
Жансая.

Қараторғай- өзі кішкентай,өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады.
Аружан.

-Қарлығаш-жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалық, айылдықдеп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қосрең қарлығаштары да кең тараған.

Жангүлім.

-Қарлығаштар өте ұшқыр.Сұр қарлығаш сағатына 170 км жылдамдықта ұшады екен.

Мухамедали.

-Сондай-ақ ,жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады.

Әйгерім.

-Олар жәндіктермен қоректеніп, әрқайсысы күніне мыңнан аса маса жеп зор пайда келтіреді.

-Жарайсыңдар, ал қазір қарлығаш құсына тақпақ арнайық.


Тақпақ оқу.

Ауламызда бау бүрлеп, Ж.Айгерім

Шешек атып жайнайды.

Ақ тамағы бүлкілдеп

Қарлығаштар сайрайды.


Қарлығаштарым, келіңдер, Шахноза

Сандуғаштарым келіңдер

Жасаған жылыұям бар,

Именбей ішке еніңдер.


Не керек, бәрі тұр дайын, Динара

Жемдерің дайын, су дайын

Сызылтып ән салыңдар Жалықпай ұзақ тыңдайын!


Ән : «Қарлығаш»


Ойын. « Буынға буын қосып, құстар сөздерін оқу. \ Қар-лы-ғаш. Кө-кек. Ұ-зақ. Ақ-қу. Үй-рек.\


Жүргізуші: Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатыр.Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді.Биік асулардан асады Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған. Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді.Балапандарын қанаттандырып,жауларынан қорғайды.


Жансая

Көкек – өз атын өзі шақыратын,өте тамақсау құс.Өзі балапан басып шығармай,жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына туып кетеді.Одан шыққан «өгей» балапан қалғандарын ұядан итеріп құлатып жібереді.

Көкек туралы тақпақ оқу

Желпіндіріп сай-саланы, Дина

Еседі ерке таң самалы

Көктемменен бірге келіп

Көкек құстар ән салады




Қонай.

Аққу-қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі.
Мерей.

-Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады.

Жангүлім.

-Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді.

-Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.
Тырналар туралы тақпақ оқу Шахноза

Аспанда самғайды,

Тырналар тізіліп.

Біреуі қалмайды

Қатардан үзіліп.

Сақтайды сапарда

Бірлікті кім мұндай

Бұзылмас қатары Кәдімгі шынжырдай

-Құс- табиғат байлығы. Көктемде құстар оңтүстіктен оралады. Құстарсыз орманның сәні келіспейді , құстардың тіршілігі орман,бау-бақша зиянкестерді жойып, адамға көп көмегін тигізеді.

Шығармашылық тапсырма.

«Құстарға ұя жасау»

Балалар қолдарына жасаған ұяларын ұстап, бәрі хормен тақпақты айтады.

-Құстар  тойын құттықтап,

Қуантамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап, ұқыптап, Біз оларды қорғаймыз




.

                       




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров392
Номер материала ДВ-375839
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх