Инфоурок Начальные классы Конспекты"Көктем сәні" 4сынып, ана тілі

"Көктем сәні" 4сынып, ана тілі

Скачать материал

Пән: ана тілі

 

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні(ертегі)

Сабақтың мақсаты:

1.     Тақырып бойынша түсінік беру. Аңдардың әңгімелерінің мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуға баулу.

2.     Сөздік  қорын молайту, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. Сөйлем шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

3.     Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, туған жерін, табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

 

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

 

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, рөлге бөліп оқыту, сахналау.

 

Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреті, аңдардың суреті бейнеленген орман, үлестірмелі қима қағаздар.

 

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

а)  Ана тілің арың бұл

     Ұятың боп тұр бетте

     Өзге тілдің бәрін біл,

     Өз тіліңді құрметте, - дей отырып ана тілі сабағымызды бастаймыз.

 

-         Балалар, бүгін ана тілі сабағы ерекше. Өйткені сендердің білімдеріңді, біліктеріңді бағалауға ұстаз апайларымыз келіп отыр.

 

ә) Психологиялық әзірлік:

 

-         Амансың ба, күн!

-         Амансың ба, ұстаз қауым!

-         Амансың ба, дос!

 

-         Әрбір адам? Туысым , досым, жұрағат!

-         Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат!

-         Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық!

-         Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық!

 

-         Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Әрбір ісімізге мұқият болайық. Балалар, бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз. Сұрақ-жауап әдісі бойынша топтарды анықтап алайық.

 

-         Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай-салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады?                (Көктем)

 

-         Өрік, алма, шие, алша

Жидек, жүзім піседі

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады?              (Жаз)

 

-         Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады.

Ойнай алмай, жинай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады?                (Күз)

 

-         Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Бала шана ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы, балалар

Бұл қай кезде болады?                (Қыс)

 

-         Әр топ өзінің атына сәйкес мақал-мәтелдер айтып жарысады.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

 

-         Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады?

-         Абай Қ. «Жазғытұры».

-         І.Жансүгіров «Жазғытұрым» өлеңдерін жаттап келу.

-         Балалар екі өлең де өте ұқсас. Екі өлең де не туралы айтылған?

 

І топ: Абай атаның өлеңін жатқа айту.

ІІ топ: І.Жансүгіровтың өлеңін жатқа айту.

ІІІ топ: Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығын айту.

ІV топ: Көктемде болатын өзгерістер туралы санамалап айту.

 

Сергіту сәті: «Өлеңді аяқта» ойыны.

 

                   Біз ұқыпты (баламыз)

                   Сөзге шебер... (баламыз)

                   Үлкендерді... (сыйлаймыз)

                   Еңбектен де... (қашпаймыз)

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

 

-         Балалар, мына суретке қарайықшы. Көктем мезгілі бір ғажайып бір ертегіге ұқсайды. Ал ертегі дегеніміз не?

-         Қиялдан туған әңгіме.

-         Ертегілердің қандай қандай түрлерін білеміз?

-         Қиял-ғажайып, шыншыл, хайуанаттар туралы ертегілер.

-         Бүгін біз хайуанаттар туралы ертегісін оқып, танысамыз. Енді осы ертегіде не туралы айтылғанын жұмбақ шешу арқылы табайық.

 

                   Күн келеді,

                   Жер түледі.              (көктем)

 

-         Яғни ертегіміздің аты да «Көктем сәні» деп аталады. Тақырыпты ашу үшін алдымызға мақсат қояйық. Бүгінгі сабақта не білгіміз келеді.

-         Көктемнің сәні неде екенін білгіміз келеді.

-         Дұрыс. Осы мақсатқа жету үшін, мынандай міндеттерді ұсынамын:

                   - Ертегіні түсініп оқу, мазмұнымен танысу;

                   - Ертегіні рөлге бөліп оқу, сахналау;

                   - Аңдардың әңгімелерінің мазмұнын ашу.

 

-         Балалар, барлығымыз енді «Ертегілер еліне» жолға шығайық. Орманда барлық аңдар жиналып отыр екен. Олар не айтып отыр? Тыңдап көрейік.

 

1.     Мәтінді дауыстап мәнерлеп оқып беру.

2.     Сөздік жұмыс:

                   Нөсер – жауын

                   Шаттық – қуану

                   Жігер – ынта.

 

3.     Дәптермен жұмыс:      

                   Орнымыздан тұрайық

                   Көгершінге ұқсайық

                   Көгершін боп ұшып ап

                   Қане қанат қағайық

                   Орнымызды табайық

                   Әдемі етіп жазайық

 

4.     Оқушылардың ертегіні іштей оқу.

5.     Оқушылардың ертегіні рөлге бөліп оқу.

6.     Ертегіні рөлге бөліп оқу.

7.     Мәтінмен жұмыс. Сұрақтарға жауап алу:

 

І-топ: Аң патшасы арыстан қандай жарлық берді?

ІІ-топ: Арыстан аңдарға қандай сұрақ қойды?

ІІІ-топ: Бұлғын неге үнсіз қалды?

ІV-топ: Сендер көктем сәні не деп ойлайсың?

 

8.     Ертегіні сахналау.

9.     Суретпен жұмыс.

 

-         Қанеки, балалар, барлығымыз аңдарға қарайықшы. Бұл аңдарға қандай өзгерістер болады?

-         Біздің Шу өңірінде қандай аңдар тіршілік етеді?

 

«Қызыл кітапқа» енген жануарлар туралы түсінік беру.

Ақ бөкен, бұғы, елік, арқар, бұлғын – бұл аңдар «Қызыл кітапқа» енген аңдар. Яғни, бұл аңдарды аулауға болмайды, қамқорлыққа алынған аңдар.

Бұлғын – бұл терісі бағалы аң. Ол жылы жақта, орманды жерде тіршілік етеді. Азайып кеткендіктен, оны да аулауға тыйым салынған.

 

ІV. Сабақты қорыту.

 

Тапсырмалар:

 

І-топ: Семантикалық картамен жұмыс істеу.

ІІ-топ: Сәйкестендіру тесті.

ІІІ-топ: Ертегіге сүйеніп сызбаны толтыру.

ІV-топ: Көктем мезгіліне байланысты сурет құрастыру.

 

V. Үйге тапсырма:

 

1.     Ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұндау.

2.     Өзіңе жауабы ұнаған аңның суретін салу.

 

VІ. Бағалау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Көктем сәні" 4сынып, ана тілі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 026 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 795
    • DOCX 21.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Марсиана Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургалиева Марсиана Сериковна
    Нургалиева Марсиана Сериковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1362
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 483 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 101 человек

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов