Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / "Көктемді қондырып қанатына" тәрбие сағаты, 3-сынып

"Көктемді қондырып қанатына" тәрбие сағаты, 3-сынып

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тақырыбы: Көктемді қондырып қанатына

Мақсаты:

1.    Құстардың тіршілігі туралы білімдерін қортындылау;

2.    Оқушылардың бұрыңғы игерген білімдері толықтыра отырып, олардың ойлау қабілетін, ізденімпаздығын одан әрі дамыту;

3.    Оқушыларды әділдікке, шыншылдыққа, бірін-бірі қорғай білуге, достыққа, табиғатқа, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: құс суреттері, видеофильмдер, құстар туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, карточкалар, т.б.

Түрі: топтық сайыс

Сабақ барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Сіздерді табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы «Құстар күні» мерекесіне арналған «Көктемді қондырып қанатына» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

- Құрметті достар. Біздер жыл сайын құстар мерекесін тойлаймыз. Міне  сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленеді.

Мұғалім: - Мерекемізде қанатты достарымыздың табиғаттағы орыны мен адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеп, викторина, жұмбақ шешеміз, мақал-мәтелдер, ауа-райына байланысты халық болжамдарын айтамыз.

 - Жалпы адам мен құстардың достығы сонау, ерте заманнан-ақ басталған. Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қабілеті болған. Себебі, ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы, жақсылық жасап дәулет сыйлаушы Бақыт құсы кездеседі. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсетеді. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Өздеріңе белгілі, құстардың келтірер пайдасы көп, зияны да аз емес.

Енді мына бейнебаянға назар аударайық.

Құстар туралы видео көру №1

Мұғалім: Ал енді сабағымызды әрі қарай сайы түрінде жалғастырайық, алдыңғы сынып сағатында екі топқа бөлініп, үйге тапсырма алған болатынсыңдар. (Қай топтың 1боп бастайтынын анықтау)

- Әр топқа сөз берелік.

1. Топтармен танысу.

І топ-«Торғай». Қыстап қалатын құстар(топ басшысы таныстырады)

ІІ топ-«Қарлығаш». Жыл құстары

Мұғалім: - Балалар, өздерің айтып кеткен жыл құстары мен қыстап қалатын құстардан басқа биші құстар да болады екен, мына бейнебаянға назар аударайық.

Видео: «Биші құстар»№2

2. Жоба қорғау.

І топ: «Түйеқұс»

ІІ топ: «Пингвин»

- Бұл құстар қандай құстар екен?

- Ұша алмайтын құстар.

Мұғалім: Тағы қандай құстар болады?

- Жыртқыш құстар. Иә, өздерің байқағандай құстардың түрі өте көп екен. Жыртқыш құстарға кейін жеке тоқталатын боламыз.

- Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы мақал- мәтелдер, аңыз-әңгімелер көп жылдар бойы нақылға айналған асыл сөздер көп. Тіпті ауа-райын да құстардың іс-әрекетіне қарап-ақ болжайтын болған екен. Бұның өзі адамның құстарға деген оң көзқарасын айқындай түскедей. Ендеше қанатты достарымыз туралы білетін білімімізді келесі кезеңде ортаға салайық.

3. «Кім көп біледі?» қортынды кезең.

1. Мақал-мәтелдер.

-   Бұлбұл үнді, жылан тілді.

-    Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

-   Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.

-    Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады. 

2. Викториналық сұрақтар.

Мұғалім: - Енді құрметті достар, құстар жөнінде викториналық сұрақтарға жауап берейік.

  1. Викториналық сұрақтар:

- Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

- Қандай құстарды жыл құстары дейміз? (күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта келетін құстарды)

- Құстың негізгі мекенін атаңдар? (ұя)

- Қай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)

-Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960)

-  Құстардың неше түрі бар? (2. Жабайы және үй)

- Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі неде?

- Суыққа төзімді құс?

- Құстарда тіс бола ма?

2. Сыни тұрғыдан сұрақтар:

1.Құстардың қанаты жоқ, ұша алмайды?

2.Түйеқұс ұшады?

3.Қыран - жуас құс?

4.Жапалақ, үкі күндіз ұшады?

5.Бұлбұл құс ән салмайды?

6.Аққу құс әдемі емес,сыңарсыз құс?

3.«Құстар қалай дыбыстайды?" сәйкестендіру сызбасын толтыру.

Мұғалім:  Көкте ұшқан құстардың қиқуланған, тыраулаған, шиқылдаған дауыстары естіледі. Құстар ұшқанда қандай дауыстар естиміз. Соны көрсетейік.



Бұлбұл                                қарқылдайды

Торғай                                бырқылдайды

Қарға                                 шықылықтайды

Үйрек                                 шырылдайды

Қаз                                    тыраулайды

Сауысқан                         сайрайды

Тырна                               қаңқылдайды 

4. Жұмбақ шешу.

Мұғалім: Құстарға байланысты көптеген жұмбақтар да бар, енді соларды шешіп көрейік.

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз аққандай

                                         (қарлығаш)

Орманда жоғары

Ағашқа қонады

Тұмсығын балғағып

Тоқ-тоқ соғады

                                  (тоқылдақ)

Өзі сақ, өзі ұсақ

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс?

                       (сауысқан)

Заң жоқ еш уақытта

Біздерді атуға

Түсім де аппақ

Атым......  (аққу)

5. Кісі есімдері.

Мұғалім: Құстар біздің досымыз. Сондықтан да ата-бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Оны біз балаларына құстардың атын қойып, батыр ұлдарын сұңқарға, әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңегендерінен біле аламыз.

- Құстардың атын қойған қандай кісі аттарын білеміз? (Аққу, Тоты; Қарлығаш, Қаршыға, Лашын, Торғай, Бүркіт, Көгершін, Ұзақбай, Тұрымтай, Бөдене, Жанұзақ, Бүркітбай, Бұлбұл, Қазбек, Қазбай, Ақүрпек, Торғай, Сұңқар, Жағалтай)

6. Қазақи болжамдар.

Мұғалім: Балалар, бұдан басқа халқымыз құсқа қарап ауа райын болжаған:

-Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

- Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны

- Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

-   Қарға қарқылдаса, қар жауады.

4. Топтарды бағалау. Тәрбие ісінің меңгерушісі Құнанбаева Г.М. сөз беру.

5. Мұғалімнің қортынды сөзі.

Мұғалім: - Міне, балалар құстар туралы біраз біледі екенбіз. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды, ал құстар табиғаттың бір бөлігі. Жер бетінде құстардың 9000-ға жуық түрі бар, ал біздің елімізде 500-ге жуық түрі бар. Табиғатты қорғап, күтсе ғана ол көбейеді. Азайып кеткен құстарды «Қызыл кітап» тізіміне алып, оларды көбейту шаралары жасалады.  Қорықтар жасалады. Қазақстанда 5 қорық бар. Біз де оларға әр уақытта қамқоршы болайық. Келген көктеміміз, жаңа жылымыз құтты болсын.Әрқашанда аспанымыз ашық болсын, елімізде бейбітшілік болсын. Ақ көгершін-өздерің білесіңдер, тыныштықтың, бейбітшіліктің белгісі. Олай болса мына көгершіндеріміз аспанда қалықтап ұшып, әрқайсымыздың тілегімізді алып ұшсын деп бір-бір тілектен айтайық.

Рефлексия: «Ақ тілек»

Мұғалім: Осымен «Көктемді қондырып қанатына» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.










































Келісемін: Бекітемін:

Директордың тәрие ісі Мектеп директоры

жөніндегі орынбасары __________ Абишев Н.А.

__________ Құнанбаева Г.М.

«___» _________ 2016 жыл «___» ________ 2016 жыл










hello_html_14f00cf3.png




Көктемді қондырып қанатына

(Құстар күніне арналған тәрбие сағаты)

3-сынып

hello_html_d886f83.jpg










Бастауыш сынып

мұғалімі: Шатекова К.Т.




2016 жыл







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-116171
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>