Инфоурок Другое Конспекты7 кл қазақ әдебиеті пәнінен С.Муқанов "Саятшы Ораз"

7 кл қазақ әдебиеті пәнінен С.Муқанов "Саятшы Ораз"

Скачать материал

Бекітемін                                                                                               Күні:

Пәні: Әдебиет

7 класс

Пән мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: C.Мұқанов "Саятшы Ораз"

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға С.Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту.  Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру.

Оқушыларды  өз бетінше іздену жұмысын жасауға, шығармаға талдау жасауға төселдіру. Өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу.

Адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз қадір тұтқан аң – құстарды аялауға, табиғатты сүюге, көршіні қадір тұтуға шақыру.

Оқыту нәтижесі:

Әңгіме мазмұнын меңгереді;

Жеке, топта жұмыс жасауға үйренеді;

Түсінгенін айта алады;

Әңгіме бөліктері бойынша мазмұндау жоспарын құра біледі;

Әңгімеге талдау жұмысын жүргізе алады;

Пәнаралық байланыс

 

Сабақ кезеңдері:

Ресурстар

Мұғалім -оқушы әрекеттері

Белсенді әдіс түрлері

Жеке жұмыс

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі:

 

Оқушылардың сабаққа дайындығын,  қатысымын тексеру, кезекші оқушылармен жұмыс.

Үй тапсырмасын тексеру

Топпен жұмыс

 

Бірін-бірі бағалау

Қызығушылықты ояту

Оқулық

«Өмір мектебі» ғұмырнамалық кітабынан «Саятшы Ораз» деген тақырыппен үзінді берілген екен. Кәне кім айтады: Саятшы деп кімді айтамыз?

Қосымша: құсбегілік, аңшылық туралы айту.

 

 

 

Бағасыз бағалау

Мағынаны тану

 

 

 

            Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.
  2. Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі
  3. Ораздың аңшылығы адамгершілігі
  4. Шығармадағы көркемдегіш құралдар.

                        Сөздік жұмыс

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз беру, садақа беру .

Поселке – шағын ауыл.

Шілік – төрт түлік мал  сүйсініп жайылатын жайылым өсімдігі.

Ителгі – Қазақстанның барлық өңірінде кездесетін биік ағаштар мен құздарда өмір сүретін бүркіттің бір түрі.

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау  тауларының бөктерлерінде мекен етеді.                                                             Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ  аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқушылар алдымен жеке оқиды, да, сабақ жоспары бойынша түсінгендерін айтады.                                                

Ораз бейнесін ашу

                                                        Кішіпейіл       

                                 Ақкөңіл                                       адал

 

 

Ораз                       Аңғал                                                                                                 

                                                                                              жанашыр

 

                              Көпшіл                                              балажан

                                                         Спортшы 

Мәтінге талдау жасау. Топтық жұмыс.

    1. Шығарма  тақырыбы мен идеясын ашу        І топ                 
    2. Мәтіннен суреттеулер табу (Пейзаж, портрет, мінездеме)  ІІ топ
    3. Көркемдік ерекшелігі   ІІІ топ

 

1.Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...

 

2.Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның  арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш  өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.

3.Кейіпкерлерге мінездеме

*         Сүлеймен – орта дәулетті, сараң адам.

Ораз – жалғыз оқты шитімен атқан мерген, қыс бүркіт, жаз қаршыға мен тұйғын салумен айналысқан құсбегі, өзінің олжасын елмен бөлісе білетін қайырымды жан.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке, топпен жұмыс

 

 

 

"Джигсо" әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ораз бейнесін ашу

(2 оқушы)

 

"Кластер"  әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шапалақ арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топта өзара бағалау

Ойтолғаныс

-          Саятшылық деген не?

Саятшылық – қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық өнерінің бірі. Құсбегілікпен, яғни қыран бүркіт асыраумен, баптаумен айналысу өнері.

-          Аңшылық туралы қандай шығармаларды білеміз?

Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін кім жатқа айтып береді.

v   Бес жолды өлең   (Бірін-бірі бағалау)

Зат есім (кім?) – саятшы

Сын есім (қандай?) – әзілқой, жайдары

Етістік (не істеді? Не қылды? Қайтті?) – құс салды, аң аулады, сауға берді

Синоним – құсбегі

Сөйлем құра – Саятшы Ораз есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз жаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген.

Үйге тапсырма

«Саятшы Ораз» әңгімесін оқу, мазмұндау.

 

Cәтті__________________________________________________________________________________________________________________________

 

Сәтсіз__________________________________________________________________________________________________________________________

 


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "7 кл қазақ әдебиеті пәнінен С.Муқанов "Саятшы Ораз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.03.2017 799
    • DOCX 35.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдраимова Гульфира Абдикаримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9768
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой