Инфоурок Музыка Другие методич. материалыДоклад на тему " Қазақ хор музыкасының даму трихы"

Клад на тему " Қазақ хор музыкасының даму трихы"

Скачать материал

Қазақ хор музыкасының даму тарихы.

Көптеген ғасырлар бойы қазақтардың музыкылық өнері ән мәдениетінің айналасында дамыған. Әндер адамның тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды, ата – бабадан тараған әндер жастарды адамгершілікке үйретті, өмірде керек эмоцияларды қалыптастырды. Әндердің тақырыбы  әр алуан болды, олар келесі жанрлар бойынша бөлінеді:

1.                 Тұрмыс – салт әндер (күнтізбелік әндер). « Наурыз әндері» - жаңа – жылдық құттықтау әндері, сәттілік тілеу әндері – «Жарапазан», «Жарамазан», «Бәдік», ал бақташылар әні пәле – жаладан аластау үшін қолданылған.

2.                 Отбасылық – салт әндер (үйлену тойы және кісі қазасына арналған әндер). «Той бастар», «Жар - жар», «Сыңсу» ( қалындықтын өз жұртымен қоштасу әні), «Беташар», «Жоқтау» (марқұмды жоқтау әні), « Қоштасу»  (қайғыру әні).

3.                 Отбасылық – тұрмыстық әндер (ақыл әндер) – мұнда еңбекқорлық, шыншылдық, Отанына, халқына  деген махаббат әндетіледі, бесік жырлары, табиғат туралы лирикалық әндер жатады.

4.                 Еңбек және тарихи әндері.

Қазақ халық унисонды ән айту хор ұжымдық ән айтуға жатпайды. Бірдауысты ән айту хормен ән айтуға жатпайды. Белгілі бір уақытқа дейін қазақ тілінде  « хор»  немесе  «хормен ән айту» сияқты сөздер болмаған, оның орнына «қосылып айту», яғни, бірге, топпен ән айту деген мағынаны білдіретін сөз болды.

  1917 жылдағы көтерілістен кейін ғана Қазақстанда хор өнері белсенді қарқынын ала бастайды. Хор өнері халықтың көңілі мен ойлау қабілетіне ықпалын тигізетін құралға айнала бастады. Совет үкіметі хормен ән айту өнерін көтерілістік – массалық әндер арқылы коммунистік ойларды насихаттаушы құрал ретінде қолданды. Әндер көтерілістерде, жиналыстарда, яғни, көп адам жиналатын жерлерде естілетін болған. Ол әндерде көтерілістің батырлары, олардың ерлігі әндетілді.

Қазақстандағы хор өнерінің ұзақ жолын үш кезеңге бөлуге болады:

1.                 XX ғасырдың  30 – 40 жж. – қазақ халық әндерінің хорға арнап өндеуі басым болды.

2.                 XX ғасырдың  50 – 60 жж. – хор музыкасының жанрлар көлемінің ұлғайу кезеңі: бірегей хор шығармалары пайда болды, хор поэмасы, хор сюита жанрлары белсенді дами бастады.

3.                  XX ғасырдың  70 – 80 жж. – кантата – ораториялық, хор әндері, хор миниатюралары  жанрларының даму кезеңі.

М. М. Ахметова айтқандай: «Қазақстанның хор өнерінің дамуына орыс композиторлары мен музыканттары зор үлестерін қосты – И. В. Коцык, Д. Д. Ковалев, Б. А. Орлов, Е. Г. Брусиловский, Д. Д. Мацуцын, Б. Г. Ерзакович».

Қазақ музыкасында қалыптасып кеткен бір дауысты унисонды орындаудан кейін орындаушылық тәжірибеге жаңаша көп дауысты ән айту мәнерін орнату оңайға соқпады. Сонда да көптеген композиторлар жаңа пайда болған мәнерді қалыптастыруға үлестерін көптен коса бастады.

30 – шы жылдарындағы қазақ халық әндерінің жазу үлгілері:

1.                 Өңдеулерде шағын кіріспелер қолданылды.

2.                 Өңдеудің негізгі көлемі – шумақты – вариациялық.

3.                 Хор педалін қолдану, хор топтарымен олардың тембірін ұштастыру.

У. Джумакова мен Н. Кетегенованың  айтуларынша, «Опералық шығармашылық  Қазақстан композиторлар арасында айрықша құбылыс. Мұнда өзара қазақ халқының ұлттық дәстіру мен еуропалық, орыс өнерлері байланысқан».

Қазақстанның опера жанырын да үш кезеңге бөлуге болады:

1 – ші кезең – 1934 жылдан -  1947 жылға дейін. Бұл кезең қазақ операсының қалыптасу кезеңі болып есептеледі. Сол кезеңге  « Қыз Жібек», « Жалбыр»,

« Ер Тарғын» опералары жатады, осы кезеңнің опера жанырының тұңғыш майталманы Е.Брусиловский, жоғарыда аталып өткен барлық опералар осы композитордың қаламынан пайда болды. Осы опералардағы хор көріністер бір – екі дауысты болса, келесі «Айман - Шолпан», « Алтын астық», «Тұтқын қыз», «Гвардия алға» операларында хор үндеуі едәуір күрделенген, үйреншікті бір – екі дауыс фактурасы енді күрделенген түрде жазыла бастады. Мысалы «Ер Тарғын» операсында көп дауысты полифония байқалады. Мысалы 1934 жылы жазылған «Қыз Жібек» операсы және  1940 жылы жазылған « Алтын астық» операсын алып салыстыратын болсақ, хор фактурасында үлкен айырмашылық бар екенін көруге болады. Осы кезеңдегі опералардың көбі ұлттық стильде жазылған.

2 - ші кезең -   XX ғғ. 40 жылдың аяғы мен  60 жылдың басы. Совет Одығындағы жаңа кезеңнің пайда болуымен тепе – тең болды. Осы уақытта опера жанырына деген қызығушылық  аса үлкен болмады. Болған операларға екінші басылымдар пайда бола бастады. Бірақ халыққа жағынып қалған бұл жанр өз серпінін жоя қойған жоқ. Содан болар, 1953 жылы Е. Брусиловскидің кезекті операсы «Дударай» пайда болды. Одан кейін де басқа композиторлардың опералары белсенді қарқынмен пайда бола бастады.

3 – ші кезең 70 – ші жылдың басы. Бұл кезең опера жанырының күрделену кезеңі болып саналады. Кантата, оратория, хор сюитасы, хор және вокалды музыка жанырларында өз тәжірибелерін жинап, шыңдап алған композиторлар енді бар білгендерін операның одан бетер шыңдалуына салып, дамуына үлестерін қоса бастайды. Осы кезеңде Қазақстан композиторларының   «Садыр Палван», «Алпамыс», « Еңлік - Кебек», « Құрманғазы», « Махамбет», « Жиырма сегіз» сияқты опералары пайда бола бастады.

Хордың операдағы рөлі, Қазақстан композиторлары үшін үлкен өзгеріске ұшырады. Енді кезінде қазақтың « қосылып айту» деген сөзі « хормен ән айту» деген атқа ие болды, бұл деген, опера жанырындағы хордың орны ерекше бөлек дегенді білдіреді, хор – ол осы жанырдың таптырмас бөлігі, басты кейіпкерлердің қатарына еңген ұжым болып калыптасты. Осыдан,хор өнерінің қандай қарқынмен дамығанын көруге болады. Хордың профессионалды деңгейі композиторлар үщін талай, әр алуан хор стилін қолдануға болатынын анық көрсетті.        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.                 Г. Арикайнен  «Қазақстандағы хор өнері» - Алма – Ата, 1965 ж. – 274 б.

2.                 М. Ахметова «Қазақ ән мәдениетінің дәстүрлері» -  Алма – Ата, 1984 ж. -  128б.

3.                 У. Джумакова, Н. Кетегенова « Қазақ музыка әдебиеті» - Алматы, 1995 ж. -  256б.

 

 

 

 

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему " Қазақ хор музыкасының даму трихы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 307 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 2326
    • DOCX 21.1 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бексултанова Асыл Мауленовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бексултанова Асыл Мауленовна
    Бексултанова Асыл Мауленовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2440
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные направления музыкального искусства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания музыкально-теоретических дисциплин в дополнительном образовании

Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 305 человек

Курс повышения квалификации

Мировая музыкальная культура от Баха до Шнитке

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе