Инфоурок Другое Рабочие программыКласный час на тему «Деңсаулықпен достасу,табиғатпен сырласу»

Класный час на тему «Деңсаулықпен достасу,табиғатпен сырласу»

Скачать материал


Аршидинов Раман Кахирманович

« И.Искандеров атындағы орта мектебі

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Деңсаулықпен достасу,табиғатпен сырласу»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың өлі және тірі табиғат туралы ұғымдарын бекіту, адам

игілігі, денсаулығы үшін пайдасын түсіндіру.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ақыл – ойын, ынта – ықыласын,

танымдық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Табиғатты аялап қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: «Ой қозғау», «Жалғастыр», «Ойлан,тап»

Көрнекіліктер: табиғат суреттері. слайд

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Раман  

«Ой қозғау»

1.Өлеңді мәнерлеп оқыту

О, табиғат, қандайсың,

Тіл жете ме, сыйыңа?

Адамзаттың керегін

Өзің беріп тұрасың.

Жұтсам – ауа, ішсем –су,

Табиғатым – жұмағым.

 Раман.

-Балалар өлеңде не туралы айтылған ?(балалардың жауабы)

-Бүгінгі сабақтын тақырыбына байланысты әңгімеміз  денсаулық және табиғат жөнінде болмақ . Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Денеңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі-денсаулықтың белгісі. Табиғат туралы не білесіңдер? Ал табиғатпен денсаулықтың қарым-қатынасы қаңдай?Бұл сұрақтарға жауапты сендердің жатқа алып келген өлеңдеріңнен тауып көрейік.

«Поэзия минуты»

Оқушылар табиғат туралы өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады


Денсаулық – ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Денсаулық ол шыныққан,

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол тыныққан,

Жүйке-тамыр жүйесі.


 

Үлкен өзен-көлдері,

Үлкен орман –шөлдері.

Үлкен қала, тауы бар,

Бағы жанған жерім бар,

Денсаулықты тілеген

Егеменді елім бар!


Дене қимылы-дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең

Таза болса-табиғат,

Аман болар азамат.

- Балалар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?

 

(балалардың жауабы)

 Раман

-Бізді қоршаған орта: жан – жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат тірі табиғат, өлі табиғат болып екіге бөлінеді.

-Қалай ойлайсыңдар тірі табиғатқа нелер жатады?

(өсімдіктер, жануарлар, ағаштар, гүлдер т.б.)

-Өлі табиғатқа нелер жатады?

(тау, тас, ауа, су, ай, жұлдыз т.б. жатады)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, тірі табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп – өнетіндердің барлығы жатады екен. Яғни тірі табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал өлі табиғат өспейді, тыныс алмайды, қоректенбейді.

Жұмбақ жасыру:

Жылт – жылт етеді,

Жылғалардан өтеді.

(су)  (су адам баласына қандай пайдасын тігізеді?)                                                 

Көзге көрінбейді

Қолға ілінбейді

(ауа) ауаны не ластайды? Таза ауа болу үшін не қажет?( ағаш туралы әңгімелеу)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

(күн)  (микроптарды өлтіреді,жерді жылтады)

-Тамаша, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Енді сендермен бір ойын ойнайық. Ойынның аты «Ғажайып сөзді аяқта»

Ойын: «Жер, су, ауа»

Шарты: Жер дегенде отырамыз, ауа- қолдарын жоғары көтереміз, су- жүземіз, күннің көзі- сәулесін шашамыз.


Ойын: «Ғажайып сөзді аяқта»

Табиғатсыз..................(өмір жоқ)

Суды ........................(ластамаймыз)

Орманда от ..............(жақпаймыз)

Ағашты......................(сындырмаймыз)

Құстарды...................(қорғаймыз)

Ағашты көп ..............(отырғызамыз)

Таза ауамен................(дем аламыз)

Денсаулықтың қадірін----- (ауырғанда білерсің)

Тазалық –------- (денсаулық кепілі).

Тазалық-саулық негізі,---------( саулық – байлық негізі).

 

-Керемет, балалар шаршадыңдар ма, онда бәріміз сергіп алайық.

 

 - Жазда жасыл, қыста ақ көйлегін киіп алар.

(жер)

 

Раман

-Балалар бізге жер анадан хат кепті.Оқып көрейік.

-Балалар салеметсіндер ме, тыңысым тарылып демім жетпей жатыр. Кей бір адам баласы өзіні табиғатта тәртіпсіз ұстайды, демалыста табиғат аясында  коқыстарды калдырып кетеді.

-Балалар жер анаға көмектесеміз бе? . Біз қаңдай ережелерді білеміз?

(балалардың жауабы)                                                  

Табиғат біздің анамыз!                          Табиғатты сүю парыз!

Табиғатқа баламыз.                                Сүю үшін қорғау парыз!

Иіліп сәлем береміз!                               Табиғатсыз күнің жоқ.

Біз әдепті баламыз.                                  Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ!

                                                      

Уланса ауа,                                               Табиғаттың ауырғаны

Уланамыз бәріміз.                                    Ауырғаның сенің де

Уланса су,                                                 Табиғатты қорғау сенің,

Уланатын тағы біз.                                   Міндетің біл, тегінде.


Табиғат та еркелейді,

Сен де оған еркеле.

Оны анаңдай аялашы.

Бір шөбін де өртеме.

  

 Қорытынды. Бағалау

«Табиғат адамға не береді?» тақырыбында оқушыларға эссе жаздыру.

Раман

-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?

-Табиғат нешеге бөлінеді екен?

- Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау  біздің парызымыз.

-Адам баласының, табиғатпен байланысы өте тығыс,сондықтан мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау керек.

Үйге тапсырма : Тақырыпқа байланысты сурет салу










































Қазақ тілі 4-сынып

Тақырыбы: Етістік

Мақсаты: І Етістік туралы оқушылар түсінігін анықтап, қосымша

түсінік беру.

ІІ.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

ІІІ.Бір-бірінің пікірлерін тыңдауға,әдептілікке тәрбиелеу

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту

Қолданылатын стратегиялар: «Ойлан,тап», «Графикалық диктант»

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Қолданы

латын

әдістер

Мұғалім іс әрекеті

Оқушы іс әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

«Блиц сұрақтар»

Сәлемдесу.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

1.Етістік дегеніміз не?

2.Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Етістіктің қандай түрлері бар?

4.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?

6. Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

7.Дара етістіктің күрделі етістіктен айырмашылығы неде?

8.Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?

9. Ой-ла,сан-а,күл-імсіре етістіктің қай түріне жатады?

10.Жазып отыр,уәде берді –етістіктің қай түріне жатады?

Сәлемдеседі.Оқу құралдарын сабаққа дайындайды.

Берілген сұрақтарға жауап беріп,білімдерін ашық журналға бағалайды.

Сабақ мақсатымен таныстыру


Сабақ мақсатымен таныстыру


Жаңа сабақты меңгерту











































































































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Класный час на тему «Деңсаулықпен достасу,табиғатпен сырласу»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2016 679
    • DOCX 22.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аршидинов Раман Кахирманович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аршидинов Раман Кахирманович
    Аршидинов Раман Кахирманович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11358
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой