Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Класный чась на тему "1 желтоқсан - Президент күні"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Класный чась на тему "1 желтоқсан - Президент күні"

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ 1 Желто?сан - Президент к?н_.docx

библиотека
материалов

Смагулова Еркеш Ауталиповна

«Қайыңды негізгі орта мектебі» КММ

Шығыс Қазақстан облысы

Тақырыбы: 1 желтоқсан – Президент күні

Мақсаты: —1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3. Жиынға отырғандардың жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу; Елбасы кезекті жұмыстарының бойында тұлғалның кәсіптік бағалы қасиеттерімен салаутты өмір салтын қалыптастыруына, қазіргі таңдағы жастарды өз Отанына деген көзқарасын, еліміздің тәуелсіздік алғалы жетістіктерімен таныстырып сонымен қатар қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Отбасы және балалық шағы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 – шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау – бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз – маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару деген оған керемет мереке сияқты саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата – анасын қатты құрмет тұтты.

Қызмет жолы.

1960 жылы Днепродзерджинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960 – 1969 ж. Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 – 1973 ж. Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партия – комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 – 1977 ж. Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977 – 1979 ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 – хатшысы.

1979 – 1984 ж. Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984 – 1989 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989 – 1991 ж. Қазақстан КП ОК Бірінші хатшысы, 1990 жыл ақпан – сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1990 ж.сәуірінен Қазақ КСР президенті.

1991 ж.желтоқсанның 1 – інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президенті үшін жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 ж.сәуірдің 29 – ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 ж.қаңтардың 10 –ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

2005 ж.желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5% дауысын алып Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2011 ж.сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5% дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

Отбасылық жағдайы

Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.Президенттің үш қызы бар:

Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. Тимур Құлыбаевтың жұбайы.[3]

Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.

Кең далалы. Кең пейілді қазақпыз,

Құл еместіз, еркін жантыз, азатпыз.

Ел намысын ешбір жанға бермейміз.

Өмірді алға бастырамыз, ерлейміз.

Сертіқ осы, азат жігіт, азат қыз!

Қазақстан дейтін менің барелім,

Жатыр алып жарты дуние әлемін.

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға,

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Төріне туған жердің туын тігіп,

Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

Астана – ақ ордасы қазағымның,

Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.

Астана – Отанымның тірегісің,

Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.

Алматыдай гүлденіп өсе берші,

Елімнің жас қыраны, түлегісің.

Астана- алтын қала, асыл ұғым,

Көркі бол алдағы ұлы ғасырымның.

Қайғыны қақ бөлетін ер қазақтың

Дәуірден дәуірлерге асыр үнін

Жасасын, жаса азат күн!

Жасасын бейбіт ел, су, жер!

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел!

Уа, айбынды тұғырлы елім, қазағым!

Ақсап ең ғой осы сәтін ғасырдың.

Енді міне, айта аларсың менміндеп,

Қазақ деген егеменді елмін деп.

Кітаптары

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

«Тарих толқынында» (А., 1997),

«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

«Сындарлы он жыл» (А., 2002),

«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

Сынып жетекшісі кітап көрмесімен таныстырып өтеді.

Егеменді елімнің ертені деп,

Елбасы бағыт берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, ел үшін,

Еңбек ет, тыным таппай, жан аяма.

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда журсен жүрегіміз.

Бірлік бар да тірлік бар деген бабам,

Бірлік деп бірге соңсын жүрегіміз.

Міне, осындай шұғылалы елімнің,

Бірнеше ел сыйып кетер ұлан-байтақ жерімнің,

Толар шағы қазірден –ақ бар әлемғе паш бүгін,

Болашағы берік қолда Нұрсұлтандай ерімнің

Дәйексөздері

“Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде.”

“Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылық-тарға соқтыратыны сөзсіз.”

“Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде, ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек.”

“Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.”

“Отаршыл заманды еске салып, халықтың намысына тиетін атауларды да, тілдің төл заңдылықтарын, табиғи үйлесімін бұзып тұрған атауларды да өзгерту керек.”[4]

Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Қазақстан менеджмент институты

Экономика және болжау институты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

Назарбаев Университетi

Назарбаев Зияткерлік Мектебі[5]

бірқатар лицейлер мен колледждер

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Басқа лауазымдары мен мансаптары

Экономика ғылымдарының докторы (1993)

ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы

Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы

Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы

Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы

Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы

ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы

Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды

Егеменді елімнің ертеңі деп,

Елбасы бағыт берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, ел үшін деп,

Еңбек ет, тыным таппай, жан аяма.

Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді, ақылды, өзінің ұстанған саясаты бар Н.Назарбаев туралы айтып өттік. Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз.

Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров159
Номер материала ДВ-371415
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх