Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / 10класс ашық сабақ " Өзің таңдаған өмір"

10класс ашық сабақ " Өзің таңдаған өмір"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Құмсай орта мектебі













«Өзің таңдаған өмір»









Мектеп психологы:

Тлеубаева Н.А.














Өзің таңдаған өмір


Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани алуына ықпал ету; өзін-өзі іштей бақылауға және тежей білуге үйрету;тұлғалық өсіп жетілуі мен денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету.


Барысы:

Психолог:Бүгін біз бір-бірімізді тыңдауға,өз-өзімізге сенімді болуға,тыңдауға,өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.


1. «Керемет сиқырлы орман» жаттығуы.

Қазір біз әртүрлі кереметтер болатын және әрқашан да жақсы және жағымды жағдайлар болатын сиқырлы орманға айналамыз.

2 топқа бөлініп тұрамыз.

Біздің қолымыз орманнан өткен адамды нәзік сипайтын талдың бұтағына айналады.Кезекпен орман арасынан өтеміз,ал бұтақтар өткен адамның басынан,арқасынан,қолынан сипайды.


Талдау:

1.Сізді бұтақтар сипалғанда қандай сезімде боласыз?

2.Тал болғандағы сезіміңіз?


2.Жаттығулар

Бұдан кейін жұмысқа қабілеттілікті қалыптастыруға арналған жаттығулар орындалады.


3. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы.

Мен балардың бір-бірін жақын тануы үшін әрбіреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.


Карточкадағы сөйлемдер:

Ең үлкен қуаныш – бұл ...

Ең үлкен қорқыныш – бұл ...

Мен мынадай адамдарға сенемін ...

Мен мынадай адамдарға сенбеймін ...

Мен қуанамын , егер ...

Мен ренжимін, егер ...

Мен ұнатамын, егер ...

Мен ұнатпаймын, егер ...

Маған көңілді, егер ...

Маған көңілсіз, егер ...

Менің мектепке кегендегі көңіл-күйім ...


Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңыздар?

Әрине,әрқайсымыз қуаныш, қорқыныш,сенімсіздік сияқты сезімдерді өткердік.Бізге осындай сәтте қолдау мен сүйеніш қажет.Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап тапқан.

4.Коллаж «Менің таңбам»

15 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан.ұл таңбалардан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған.Қазір әрқайсымыз өзімізге таңба жасаймыз.Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақты аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген.

Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер.

Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін сөз,сурет, сивол арқылы көрсетіңдер.Бесіншіден - өзің туралы естігің келетін үш сөз.

10-15 минут уақыт беріледі.

Қатысушылар қалаулары бойынша өз жұмыстарын көрсетеді.

Біз дайындаған таңба өзімізге көмектеседі.Осыны әрқайсымыз есте сақтауымыз керек.

5. «Әрі қарай не?» жаттығуы.

Қазір мен сендерге өзің туралы сөздері дауыстап,әрі сенімді айтуды ұсынамын.Ал, басқалар айтқанда бұл сөздер қалай естіледі?

Бұл сөздерді әрқайсысы айтуы керек. Кімге айтқысы келсе соған айтады.

Талдау:

  1. бұл сөздерді өзің айтқанда не сөздің?

  2. Бұл сөздерді өзің біреуге айтқанда және басқа адам айтқанда қалай естіледі,қандай айырмашылық болды?


6. «Массаж»

Бір-бірінің артыңнан шеңберге тұрыңдар.Алдыңда тұрған адамның басына қолдарыңды жайлап қойып, массаж жаса ,иығын уқала.Енді арқаны шымшып, алақанмен сыйпа.

7. Рефлексия.

1.Тренингтен өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?

2.Сендерге не ұнады, не ұнамады?

3.Қалай ойлайсыңдар, таңба нашар көңіл- күйді жеңе білуге,өз күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?


Қатысқандарыңызға рахмет,барлығыңа сәттілік тілеймін.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 19.09.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров133
Номер материала ДA-051984
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх