Инфоурок Другое Конспекты5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. "Толағай"ертегісі

5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. "Толағай"ертегісі

Скачать материал

        Әдебиет          5 -класс

Сабақтың тақырыбы:  Ә.Тәжібаев «Толағай»

Сабақтың мақсаты: «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Ақынның өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру, әдеби ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру; «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны мен идеясын ашу

 Дамытушылық:  Өз ойын дәлелдей,тұжырымдай білуге,мәтінмен жұмыс жасай білуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру

Тәрбиелік: Толағай бейнесі арқылы  адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; өз Отанына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған әдебиет оқулығы, слайдтар,бейне роликтер.

Пәнаралық байланыс: география

                                                                Сабақ барысы:

1.Психологиялық дайындық

Бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып,сабағымызды бастайық.

2.Топқа бөлу

Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтелдерді құрастыру арқылы4 топқа бөлінеді.

3.Қызығушылықты ояту

«Кілттік сөздер» әдісі

 

        Тақтада «аңыз», «әдеби», «Толағай», «батыр», «ертегі» сөздерін бүгінгі сабақтың тақырыбына лайықтап біріктіріңіздер.

Ықтимал жауаптар: Толағай- батырлық туралы ертегі.

Толағай- аңыз негізінде жазылған ертегі.

Толағай – әдеби ертегі. т.б.

4.Мағынаны тану

             Мұғалім: Әдеби ертегі туралы түсінік береді.

             Ертегілердің бір саласы - әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме , аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді.Бүгінгі өтетін әдеби ертегі «Толағай» деп аталады.Автор қазақтың танымал ақыны-Әбділда Тәжібаев.

Ә.Тәжібаевтың  өмірі  мен  шығармашылығы   туралы  бейнероликтен көрсету.

«Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталатын Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.

         Картадан көрсету. «Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауының орналасқан жерін картадан көрсету, «Толағай» тауы туралы аңызға тоқталу.

          «Толағай» тауы – Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы. Қалба тауының бір бөлігі, биіктігі шамамен 700 метрдей. Толағай тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады. Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді.Киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұсқа келіп, сол тауға бастырылып қалған екен. Сондықтан «Толағай» тау деп аталыпты.

  Сабағымыздың барысында  «Толағай» ертегісінің негізінде жасалған «Сақ» киностудиясы түсірген «Толағай» мультфильмін көреміз.әр топқа тапсырмалар берілді. Мультфильмді көре отырып ,мәтінмен салыстырамыз, тапсырмаларымызды орындауға дайындалып отырамыз.

«Толағай» мультфильмін көрсету

Топпен жұмыс

1-топ

1.     «Толағай» ертегісінің қандай тәрбиелік маңызы бар?

2.     Батырлықтың мәні тек қана алып болуда ма?

3.     Өзіңді батырмын деп ойлайсыз ба? Неге?

 

2-топ

1.Ертегі мазмұны бойынша  жоспар құрыңыздар

 

                             Жоспар:

1.Толағайдың дүниеге келуі

2.Толағайдың ер жетуі

3.Толағайдың жолбарыспен айқасы

4.Алыптың жан күйзелісі

5.Елі үшін құрбан болған Толағай

 

 

       

 3-топ

1.     «Толағай» ертегісімен «Толағай» мультфильмін салыстырыңыздар.

                    Ұқсастығы

              Айырмашылығы

 

 

 2.Ұқсастығы басым ба? Айырмашылығы ма?Неліктен?

(Әдеби шығарманы оқудың маңыздылығына тоқталу)

4-топ

1.Толағайдың бойындағы қасиеттерін топтастырыңыздар

күшті
жанашыр
 

 

 


Толағайалыпмерген                                             

рақымшыл,батыр
 

 

 

 

 

 


2.Оқулықтан осы қасиетін дәлелдейтін жолдарды тауып оқыңыздар

Күшті.

Арқалады ауыр тауды,

Жаншып бара жатыр жанды.

Маңдайынан тер көл боп ақты,

Жеткенше дем алмайын деп,

Жарты жолда қалмайын деп,

Шаршаса да тоқтамапты.

Алып.

Арқаласа он баланы-

Қайыспайды қабырғасы.

Рақымшыл.

«Қайтсем жауын жаудырамын,

Ел сусынын қандырамын»

Мерген.

Аң аулауға – кең даладан,

Құтылмайды қашқан құлан.

Жалғыз толғап тартуынан,

Жан құтқырмас болды қыран.

Батыр.

«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,

Құйрығынан алды барып.

Таяқ құрлы көрмей тіпті,

Жолбарысты дөңгелетті.

Жанашыр.

Күйген жердің кірді жаны,

Шөлдегендер суға қанды.

Ауыл қайта ажарланды,

Тарқады елдің бір құмары.

Рефлексия

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымызда «Толағай» ертегісімен таныстық . Бүгінгі сабақтың қай тұсы ұнады, көңіліңізден шықпаған  тұсы болды ма? Түсініксіз жері ше? Тақтаға жазып іліңіздер.

Бағалау

«Смайликтер» санын есепке ала отырып,оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма

«Туады ерлер елі үшін» тақырыбында эссе жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

 

 

 

 

 

1-топ

1.«Толағай» ертегісінің қандай тәрбиелік маңызы бар?

2.Батырлықтың мәні тек қана алып болуда ма?

3.Өзіңді батырмын деп ойлайсыз ба? Неге?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-топ

1.Ертегі мазмұны бойынша  жоспар құрыңыздар

 

                             Жоспар:

1.

 

2.

 

3.

 

4.

 

5.

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 3-топ

1.«Толағай» ертегісі    мен «Толағай» мультфильмін салыстырыңыздар.

                    Ұқсастығы

              Айырмашылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.Ұқсастығы басым ба? Айырмашылығы ма?Неліктен?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-топ

1.Толағайдың бойындағы қасиеттерін топтастырыңыздар

 

 

 


Толағай                                             

 

 

 

 

 

 

 


2.Оқулықтан осы қасиетін дәлелдейтін жолдарды тауып оқыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

Ерлік

білек    те

емес   адал

жүректе

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "5-класс Қазақ әдебиеті.Ә.Тәжібаев. "Толағай"ертегісі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 584 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2016 1850
    • DOCX 66.5 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзагалиева Гульназ Сартбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7908
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе