Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / ИЗО, МХК / Рабочие программы / 5 класс "Чередование согласных звуков"

5 класс "Чередование согласных звуков"


  • ИЗО, МХК

Поделитесь материалом с коллегами:













 Дәріс сабағының тақырыбы:Білім – сенің болашағың
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға бабалардан қалған ұлағатты сөздерді түсіндіре отырып, содан үлгі алуға баулу, еліміздің болашағы – жан – жақты ойлай білетін, қоғамды ары қарай дамытатын болашақ иелері болу үшін сапалы білім керек екендігін ұғындыру;
Б) Дамытушылық: Оқушылырдың ой – өрісін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын ортада айта білуге дағдыландыру;
В) Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, сауаттылыққа, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекілігі: Ыбырай мен Абайдың суреттері, кітап көрмесі, қанатты сөздер, тірек сызбасы, магнитафон, шарлар, бүктеме, кілт.
Түрі: Топпен жұмыс.
Әдісі: Ойын, сұрақ – жауап, тренинг.
Барысы:
І. Кіріспе.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгін 6 – сыныпта “Білім – сенің болашағың” деген тақырыпта тәрбие сағаты өткелі отыр. Шығыстың ұлы ғұламасы Әл – Фараби  “Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу” – деп білімділікке сипаттама берген. Білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Еліміздің болашағы білімді, жан – жақты ойлай білетін, қоғамды алға қарай дамытатын жас жеткіншек – сендерсіңдер. Білімсіз, ғылымсыз ешбір қоғам болмайды да, дамымайды. Жүсіп Баласағұн: “Білімді болсаң ғана ақылды боласың, ал ақылдылықпен дүниенің сырын ашасың, мақсат-мұратқа жетесің”.
Білімді болу – адам болу деген сөз. Білімсіз адам – надан, топас, білімділіктен – ақыл шығады. Кімде білім болса, соның мерейі үстем, жоғары болады.
ІІ. Көрініс: “Ілімді құдай береді”.
Автор: Баби руынан Уақбай баласы Дәрменге Асан руы нағашы жұрты көрінеді. Жетес би билік тұтқасын ұстап жүрген кезде үйіне шақырып, нағашымның батасын алам деген көрінеді. Сөйтіп, қонақасы беріп отырып Жетес биге сұрақ қойыпты:
–         Нағашы – еке, білім деген не? Ілім деген не? – депті. Сонда, Жетекең:
–         Әй, жиенжан – ай, мұны өзің де білесің ғой, бірақ мені сөйлетуге құмар болып отырсың – ау. Сұрадың, айтайын. Ілімді құдай береді, білімді оқып аласың.
–         Жиенжан, сен білмейді екенсің ғой, білім, ілім және бүлін деген бар ғой.
–         Бүгінде – өзі білмейді, білгеннің тілін алмайды, сөйтіп бүлінеді де жүреді.
  ІІ. Көріністі талдау.

Жетес кім болған?
Дәрмен деген кім?
Дәрмен Жетес биге қандай сұрақ қояды?
Жетес би қалай жауап береді?
  Ұран: Балалар, жалқау болмай, оқы сабақ,
             Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ.
Сыныпты екі топқа бөлемін: “Алғырлар” және “Тапқырлар”.
Алғырлар тобының ұраны: “Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ”.
Тапқырлар тобының ұраны: “Егеменді елдің тірегі – оқу мен білімнің тереңділігімен өлшенеді”.
Тренинг – сабақтың негізгі мақсаты – сендерді ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларыңды бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру.
            ІV. “Білгенге маржан – білмегенге арзан” деген тақырыпта
                                        сұрақ – жауап сайысы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ жерінен шыққан оқу – білім туралы өлеңдер жазған ақын, жазушыларды білесіңдер?
Ыбырай кім?
Абай кім?
Алғашқы педагог кім?
Ыбырай халқы үшін қандай еңбек сіңірді?
Абай халқы үшін қандай еңбек сіңірді?
Кім кітапты көп оқиды?
Күллі адам баласын қор қылатын неше нәрсе бар?
Абай атамыз айтқан: “Бес асыл іс, Бес дұшпанды ата”.
Абай аудармаларын білесің бе?
V. Тірек сызба.  Ыбырай  Алтынсарин мен Абай Құнанбаев (білімнің бәйтеректері).
VІ. “1001 мақал, 101 жұмбақ” ойыны, мақал – мәтелдің жалғасын тап.
“Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып тұрған шырақ”.
“Білім – бақтың жібермейтін қазығы,
Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы”.
“Адамды  байлық дәрежеге жеткізбейді,
Білім жеткізеді”.
“Білікті – білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп – өнер”.
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр – шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді.
Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың.
Сөзі – дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлесін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің?
Өзі – арық, сөзі – әріп.
Аппақ дала, қара дән, сепкен дәнін түсінуге жараған.
                   ІІ. “Алтын қақпа” ойыны
Ойын шартында: Тас қақпа, күміс қақпа, алтын қақпаларға сұрақтар беріледі, сол сұраққа дұрыс жауап берілсе, қақпалар ашылады, содан соң, алтын сандыққа сұрақ беріледі, егер сұраққа дұрыс жауап берілсе, алтын сандық ашылады.
Тас қақпаның сұрағы: Тұмар деген не?
Күміс қақпаның сұрағы: Желтоқсан оқиғасы қай жылы, қай айда, қай күндері болды?
Алтын қақпаның сұрағы: Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Алтын сандықтың сұрағы: Досбол би қартайған шағында ауылдас бір қария:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не? – деп сұрапты.
Сонда, Досбол басын көтеріп алыпты да:
Жерден ауыр – ақыл, білім.
Судан терең – оқу, ғылым,
Оттан ыстық – ғашықтық,
Көктен биік – тәкәппарлық, – деп жауап берген екен. Егер алтын сандықты қайсы топ ашса, сол топқа алтын сандықта 
Жетес бидің кітабы  мен “Дүниенің кілті – білімде” деп Ыбырай атамыз айтқандай,  білім  кілті  жасырылған.
VІІІ. Қорытынды:  Білім шыңы
«Дүниенің кілті – білімде» – деп Ыбырай атамыз айтқандай, бүгінгі білім сайысында білім шыңына жеткен “Алғырлар” тобы болды.
Ата – аналарға сұрақ:  Сіз балаңыздың оқуына, білім алуына қаншалықты үлес қосасыз? Әрбір ата – ана өз ойларын айтады.
Қорытынды сөз:  Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады.  Білімнің  керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады.  Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олай болса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.
Ұран:   “Жанымызға білімнің жарық нұрын сыйлаған ұстаздарға мың алғыс!”
    ІХ. Көрнекіліктермен таныстыру.
“Кітап ақылына ақы сұрамайтын – алтын қазына” кітап көрмесімен таныстыру. Кітап – біздің ұстазымыз.
Кітап – ақылды қуат құрал.
Білім – біздің  шамшырағымыз, ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар!

















Тақырыбы: Анашым, шалқып күлсең...
Мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой - өрісін дамыту. Халқымыздың салт - дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі: "Ана" туралы нақыл сөздер, суреттер, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
     Ана дегеніміз - әлемнің жан - дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан - теңіз.
оқушы:

Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
оқушы:

 Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!

Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
"Ақ мамам" хор
оқушы: Бәрімізге анасың, -
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
оқушы:Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
оқушы: Еркелеткен өзің анам
Құшағыңды жайдың маған.
Кеше біздер бала едік,
Өсіп қалыппыз енді анам!
оқушы:Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
оқушы:Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған
Әсемай: Сондықтан құрметті асыл аналар, өздеріңізге арнау - өлеңдерді қабыл алыңыздар.

 Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
"Алтыным" деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
Ляззат: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!
оқушы: Мақтаныңдар, аналар,-
Қыздардан батыр, дана бар.
Әлем сүйген батырлар -
Әлия мен Мәншүкте!
оқушы:

Ана - көркі көгімнің
Ана - нұры жерімнің.
Ана - бағы баланың
Мақтанышы елімнің.

оқушы: «Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

оқушы:Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Али: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.
 

Алуа:

Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

«Сағындым әже» хор.

Ойын: «Қағазбен орау»
Шарты: ортаға 3 ана мен 3 оқушы шақырылады, анасы баласын қағаз біткенге шейін тез орау керек.
Шерхан: Қыздарды көрсем бір түрлі,
Өзімнен - өзім мұңданам.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім.
Дария:Ол саған бәрінен де қымбат. Сен үшін ол - жақының, досың ұстазың. Сондықтан да сен бір - ақ адамды білесің. Ол - ана!
Азамат: Олай болса ана туралы мақал - мәтел айтайық.
Сұңқаров Сұлтан:1. Ананың сүті бал, баланың тілі бал.
Дидар:2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.
Перизат:3. Ердің анасы - елдің анасы.
Расул:4. Ағайын алтау - ана біреу.
Жәнібек:5. Ана жақсылығын ауырсаң білесің.
Сандуғаш: 6. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.
Ән «Анашым қартаймашы»  хор.
оқушы:: «Анашым».

Бәрі хормен
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.

Ойын: «Кімнің анасы». Оқушылардың салған суреттері тақтаға ілінеді, ата-аналары қай сурет қайсыныкі екенін айтады.

"Анаға сыйлық сыйлау" көрініс.

Жүргізуші: -Мынау қандай ұлдар?Қарайықшы, не туралы олар сөйлесіп отыр екен?

Бөлмеде,екі ағайынды тұратын жер.

8-наурыз мейрамы қарсаңында. Ұлдар аналарына не сыйлау керек екенін ойлануда.Үстелде,еденде әр түрлі құрал-жабдықтар,бояу, қағаз, сазбалшық бар. Ұлдар ойланып (біреуі бөлмеде отыр, басын қолымен ұстап).Есікке  біреу қақты.Екі ағайындының досы кірді:

СұлтанР :-Далаға шығайық.Бүгін ауа райы тамаша!

Елзат:-Жоқ,біз шыға алмаймыз.

Сұлтан Р.:-Сендер бірдеңе істеп жатырсыңдар ма?

Елзат:-Қалай,сен ұмытып қалдың ба, ертең 8-наурыз ,ал біз әлі де анамызға не сыйлайтынымызды  таппай,шешпедік. Әрі қарай ойлануда. Біреуі қуанып айқай салды:

Ақерке:-Анамызға тамрояль берейік.

Шерхан:-Не үшін?

Ақерке:-Қалай не үшін?Анамыз тамақ пісіріп бізге рояльда ойнап береді.

Шерхан:-Жоқ, ол маған ұнамайды. Ойланып отыр.Басқасы:

Арман:-О,таптым.

Әділет:-Не?

Арман:-Анамызға үтшаң сыйлайық.

Әділет:-Ол не?

Арман:-Ол үтік пен шаңсорғыш.

Әділет:-Не үшін?

Арман:-Анамыз үтікпен және шаңсорғышпен  жүре береді.

Әділет:-Жоқ, сенің ойың маған ұнамайды.

Ойлап отыр бәрі.

Бір мезетте біреуі қуанып:

оқушы:-Анамызға гүлдердің  суретін сыйлайық және  анамызға әр уақытта көмектесіп,  ешқашан ренжітпей жүрейік. (үстел үстіне отырып сурет сала бастайды).

Сұлтан Р.:-Мен де жүгірдім,анама сыйлық жасаймын.

Жүргізуші: Осындай  қиын жағдайдың ұлдар шешімін  тапты. Бірақ қаншама бала және ер адамдар аналарға  не сыйлайтынын көп ойланады.
Оқушылар еңбек сабағында жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.

Би. «Қазақша».

Ойын: «Атын ата». Оқушылар көздерін жауып тұрып, аналарының біреуі ғана «балам» деп айтуы керек. Оқушылар оның анасы екенін айтуы керек.
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын - дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі "Аяулы менің - анашым" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын

























Тақырыбы: Кешірімшілдік – көңіл кеңдігі
Құндылығы: сүйіспеншілік
Мақсаты: Айналада қоршаған адамдарға кешіріммен сүйіспеншілікпен, түсіністікпен, ізгілікпен қарау адам бойындағы жақсы қасиеттер екенін түсіндіру.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, оқулық, ақ қағаз, дәптер, интерактивті тақта.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
І. Тыныштық сәті.
Орманға ойша серуен. Баяу әуен қойылады.(Ескерту: егер бұл сабақты ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
ІІ. Оқушылардан үй тапсырмасын тексеру мақсатында, алдын ала оқып келуге берілген. М.Мақатаевтың «Күндестік құрысын»өлеңіне сұрақтар қою.
● Адамдар арасында реніштің тууына не себеп болады?
● Күндестік, бақталастық деген сөзді қалай түсінеміз?
● Адамдарға тек қуаныш сыйлау керек деген пікірмен келісесің бе? Неліктен?
● Ақын бізге не айтты?
ІІІ. Дәйек сөз
Сабақтағы берілген тақырыпқа байланысты, оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтып үйрену мақсатында А. Йгүнекидің «Кешіре білген адам - күшті адам» деген қанатты сөзіне көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талдауға ұсынылады.
Қорытынды сөз: Кемшіліксіз адам болмайды. Білместіктен тәжірибесіздіктен қателесулер болады. Қателесу - кінәлі болу, Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал жөн сөзге түсіне жығылып, кінәсін мойындап, қатесін түзете білу ақылдылықтың, қайраткерліктің белгісі.
ІV. Әңгімелесу
Оқушылардың берілген тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу, тәлім - тәрбие алу, адамдық құндылықтарды үйрену мақсатында. Төле бидің тоғыз жасар Жетеске берген батасын айту.
Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады, оданда өлмейтін, өшпейтін, көкейден еш кетпейтін батаңызды беріңіз - дейді. Сонда Төле бидің батасы: (Оқушылар қолын жаяды)
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атаса болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала
Өзегің талса, өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!
Өзіңе өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі баста ұстанымы, қағидасы болған? Қазақ данышпандарының осы бағытта айтқан қандай ұлағатты сөздерін мысалға келтірер едіңіздер? Осы батадан қандай ой түйдіңіздер?
V. Шығармашылық жұмыс
Оқушыларға тек қана ақпараты беріп қана қоймай, өз бетімен іздену мақсатында өлең жолдарын өз ойларымен құрастыруға беру.
Тұрғанда сан алуан ғасыр күдік,
Тәрбиеге береді..........................
Адамдық, азаматтық, ақ көңілділік,
Әркімге ең қажет.............................
Бәрімізден табылса құп жарасар.
....................................., рақымдылық.
Бәрінің бастауы -.............................
Тереңірек ой....................................
VI. Топпен ән айту
Оқушыларды бір сәт сергіту мақсатында, Жарылқасын Дәулеттің әні «Қазақ елі» әнін айту.
VII. Дәптермен жұмыс
Дәптерде төмендегі дей тапсырма берілген: Бірінші бағанға өзіңе жақын адамдарда жазыңдар. Екінші бағанға жақын адамдарыңнан не күтесің, соны тізбектеп жазыңдар.
Жақын адамдар Олардан не күтесің?
VII. Үй тапсырмасы

VIII. сабақты қорытындылау,


Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері  

Сабақтың мақсаты: білімділік - қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт - дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал - мәтелдерін үйрету.
тәрбиелік - имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
дамытушылық - елжандылыққа, терең ойлауға, өнер сүюге, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты білімін дамыту арқылы нығайту.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты, ойын түрінде

Сабақтың барысы
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт - дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт - дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл - ауқат, тұрмыс - тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғамдық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс - бұрысы бар деуге болмайды. Енді салт - дәстүрлеріміздің алғашқы кезегі ойындар түріне қысқаша тоқталып өтейік.
АУДАРЫСПАҚ - бұл ойынға екі ер бала қатысады. Бір - бірін арқалап та немесе ересек балалар болатын болса ат үстінде отырып бірін - бірі аударып аттан құлатуы керек.

АСЫҚ ОЙНАУ - бірнеше балалар жиылып алып асық атысып ойналады. Әрбір асықтың құлағаны әртүрлі есептелініп, әртүрлі аталады.

АҚСҮЙЕК – ақсүек алысқа лақтырылады, яғни кешқұрым уақытта оны тауып алу қиынырақ, сондықтан бұл ойынның қызығы кім бірінші іздеп тапса сол жеңімпаз. Ауыл жастары жиналып іздеуге кіріседі, таппай артынан оралған адам не өлең, не болмаса жұмбақ жасырып, яки өлең айтып беруі керек.

АРҚАН ТАРТЫС - арқанның екі жағына балалар бөлініп тұрады да тартысады. Қай жақ жылдамдық танытып бірінші өз жағана тартып алса сол топ жеңімпаз атанады. Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4 - 6 жасқа келгенде ат үстінде өзін - өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер - тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандорба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Мұғалім: Негізі салт - дәстүрлеріміздің өзі ішінара бірнеше топтарға бөлінеді, мына сызба бойынша түсіндіріп кетейін.
Тәрбие дәстүрі
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Еңбек, отбасы, тұрмыс дәстүрі
Еңбек, отбасы, тұрмыс дәстүрі - аңшылық, бәйге, отпен аластау, дастарханға бата;
Тәрбие дәстүрі – бесікке салу, алтыбақан, ұлттық ойындар;
Қорытынды
Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Қазақ халқының әрбір тұжырымды ойы, мақал - мәтелі, тыйым сөздері - тәрбиенің мол мұрасы екендігін, оның күнделікті өмірде қажеттілігін көрдік. Халқымыздың әдет - ғұрыппен дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деуге болады.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда!
Үйге тапсырма: 10 түрлі салт – дәстүрлерді жаттап, мағынасын ашып баяндап келу.























Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты:
- Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.
- Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.
- Үлкендерді еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Сен қандай ақылдысың!
Біздің денсаулығымыз мықты.
Біз ойнаумыз, күлеміз.
Айналадағы дүниені танып білеміз.
Міне көрдіңдерме? Балалар болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді тәрбиелі болуы керек.
1. Бүгін қай күн?
2. Бүгін ауа райы қандай?
3. Жылдың қай мезгілі?
Бір - екі - үш...
Сынып іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаумыз,
Сабақты біз бастаймыз.
ІІ. Жаңа сабақ барысы.
1. Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқиды?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.
Тағы қандай маман иелерін білеміз?
ІІІ. Сөздікпен жұмыс (тақтада суреттермен сүйемелдеп көрсету - көрнекілік әдісі)
. Жүргізуші
2. Өрт сөндіруші
3. Тігінші
4. Әскери қызметкер
5. Әртіс
6. Құрылысшы
7. Аспазшы
8. Дәрігер
9. Етікші
10. Шаштараз
11. Мұғалім
12. Кітапханашы
ІV. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
V. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
Мамандық таңдау
Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.
Мамандықтың түрі көп. Әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер – адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге жетелейді. Жазушы сөзбен өрнек салады.
Адам жас кезінен терең білім алуға талпынады. Көп оқиды. Өз бетінше ізденеді. Басқа адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады.
Сабақ қорытындысы.
«5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз,
Білім алып, тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.
Үй тапсырмасы:
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау


«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі














Қазақтың салт-дәстүрлері

(танымдық сабақ)










Өткізген: Күмісбай Ж.

Сыныбы: 5 «Ә»













2015 – 2016 оқу жылы




Автор
Дата добавления 08.04.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Рабочие программы
Просмотров99
Номер материала ДБ-017811
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх