Инфоурок Информатика Другие методич. материалы11 класс информатика Оқыту мен оқудағы өзгерістер

11 класс информатика Оқыту мен оқудағы өзгерістер

Скачать материал

Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал орта мектебі

ІІІ-деңгейлі информатика пәнінің мұғалімі

Барменкулов Асқарбай Берікұлы

 

«Өзгеріс деген не?»  туралы рефлексивтік есеп.

 

Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Тәуелсіз еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман  талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды.

Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық  та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.

Ал XXI ғ. нағыз  ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп  келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қазір таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама,  яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,   мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді: Менің экспериментке алып отырған сыныбым 7-а сыныбы, дәлірек айтсам сыныптың жартысы, себебі информатика сабағында оқушылар 2 топқа бөлініп оқытылады. Тобымда он екі оқушы бар. Эксперимент сабақтарымда оқушылар арасын өзгешіліктер байқалды. Нақтырақ тоқтала кетсем, дарынды және талантты оқушылар анықталды және сыни тұрығыдан ойлауды да үйренді, топтық жұмысқа үйренді, ойларын толық жеткізе алатын болды. Бағалау кезеңдерін де өздерін бағалауды үйренді, «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша өз ойларын білдіруге үйренді.

Оқыту – бұл ерікті, дербес, күш салуды қажет ететін үдеріс. Бұл – ынтаны, шыдамдылық пен мұқияттылықты талап ететін (педагогтар мен оқушылар тарапынан), өзіндік серпіні болуы мүмкін ескі, баяу, бірізді үдеріс.” –деген Джон Хеттидің сөздерін сабақ өту барысында ғана жетік түсінуге болады. Себебі  бұл шынында да баяу жүргізілетін үдеріс, бірден күрделі өзгерістерді еңгізген өте қиын. Алдын-ала балаларды дайындау керек, әр жаңа әдісті еңгізе отыра оқушыларға қолайлы орта, жағдаяттар жасалынуы керек. Балалар да бірден алып кете алмайды, себебі олар қалыпты, бір ізді оқытуға үйренген, тұрақты дағдылары қалыптасқан. Әрине уақыт пен аянбай күш салып, өзгертуге тырысқан кезде барлығына да қол жеткізуге болады. Бірақ төрт -бес сабақта көзге көріне қоярлықтай жетістіктерге қол жеткізу қиын. Оқушылардың белсенділігі, пәнге деген қызығушылықтары артқанын байқауға болады. Бірақ білім сапасындағы өзгерістер туралы қысқа уақыт аралығында айтқан қиын.

Ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық почта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі, әдебиет және ағылшын тілі, информатика сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады.

Оқушыларды формативті және суммативті бағалау тәсілдерін сабақ беру барысында пайдалануға болады.  Формативті бағалау кезінде мақтау, мадақтау сөздері арқылы ынталандырып отырады. Осындай мадақтама сөздердің әсерінен үлгерімі нашар оқушылар да сабаққа ынталана қатысады. Оқушылар жаңа әдіс-тәсілдермен өтілген сабақтардың дәстүрлі сабақтан ерекше екендігін, өздеріне ұнайтындығын, тілектерін, қалауларын стикерлерге жазу арқылы білдірді. Оқушылар топтық жұмысқа үйренген кезде өзін-өзі құрметтейтін, өзін-өзі басқаруы дамыған, тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Осы оқудың маған деген өзгерісі және әсері көп болды, жақсы жағынан септігін тигізді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "11 класс информатика Оқыту мен оқудағы өзгерістер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 852 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.09.2015 825
    • DOCX 44.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Барменкулов Аскарбай Берикович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5448
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 971 человек

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе