Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / 1 класс, на тему Әліппемен қоштасу

1 класс, на тему Әліппемен қоштасу


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты мұғалімдер!

Кеше ғана  тұлымдары  желбіреп, жүректері  лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз міне қолдарына алғаш ұстаған әліппе оқулығымен қоштасқалы отыр. Кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, өздері жаза алатын оқушы болды. Енді міне сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той –сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке. Олай болса

«Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға ұрықсат етіңіздер.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

1 «Ә»- сыныбын ортамызға!

(музыкамен оқушылар ішке кіреді)


Қымбатты менің шәкіртерім, сендерді бар ғылымның басы - Әліппені табыспен аяқтауларыңызбен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болып, оқуда озат болыңдар.


Жүргізуші:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың.

Сөзге құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.

1-оқушы: Жомартқали Еркеназ

Көз салып қараңызшы боймызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіздер ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-оқушы:Елдана

Өтті оқу сан сабақ ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ

Өсті білім ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

3- оқушы:Ақжол

Әліпбидің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында,

Байқадыңба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде? Түсінші

4- оқушы: Райымбек

«А» деген ол-аналар ғой ардақты.

«Ә»деген ол-әкелер ғой салмақты

«Б» деген ол-балалар ғой көңілді

Біздің елде үшеуіде кәделі.

5- оқушы:Ернат

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.


Жүргізуші:

«Қолдарыңдағы әсем кітап «Әліппең» - аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың Еңбегіңмен алған білім өзің үшін де Елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

Бұл тілекті сендерге Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «әліппе» кітабымен бірге жолдаған.

Әліппеден балалар не үйрендік?

Кәнікей, кім тапқыр екен көрейік мына сөзжұмбақты шешсеңдер ортадағы ерекше торкөздерден керемет бір сөзді оқуға болады.

Сөз жұмбақ шешу.

  1. Әкемнің анасы. (Әже)

  2. Біз мектептен не аламыз? (білім)

  3. Мақта қыз үй сыпырып жүріп не тауып алады? (мейіз)

  4. «тарыдай болып кіріп, таудай болып» шығатын орын не? (мектеп)

  5. Қыстың үшінші айы қалай аталады? (ақпан)

  6. Үздік баға. (бес)

Енді сөз жұмбақтың ортасындағы тор көздегі ерекше сөзді оқиық

(Әліппе)

Әліппе деген сөздің қалай пайда болғанын білесіңдер ма?

Олай болса кәне тыңдап көрейік.

Жүргізуші:

Бүгінгі біздің мерекеміз Әліппеге арналып отыр.

Олай болса әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе
















Әліппе айтады:

Менің атым-Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Міне осылай ер жеткен

Ағаң менен әпкеңде.

Армысыздар, жас достар,

Армысыздар ұстаздар.

Аталар мен әжелер,

Не үйрендік, не білдік?

Қане, ортаға салыңдар.


  1. Оқушы: Мөлдір

Талабы биік таудаймыз.

Мың бұралған бишіміз.

Біз –шеберміз.

Ақылдымыз.

Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

Көп оқимыз.

Хормен: Біз қазақ елінің болашағымыз!


2-Оқушы: Али

Алфабитті жаттадық,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

  1. әріп бар.


3-оқушы Жансая

Енді біз оқи аламыз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.


5- оқушы:Аянат

Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен,

Есігін ашып мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Балалар әліппеге арнап ән шырқап жіберейік Ән: Әліппе







Әліппе айтады:

Ретімен тізбелі

Әрбір санды даралап

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ.

Санамақ айтылады

1-дегенім бесік, Шықтық содан өсіп (Аянат)

2-дегенім – елім. Далам, тауым, көгім (Ботакөз)

3-дегенім – үміт, Үміт артар жігіт. (Яссауи)

4-дегенім – төзім, Төзе білем өзім. (Ақсәуле)

5-дегенім- бақыт, Бағалайтын уақыт. (Мирас)

6-дегенім-ақыл, тыңдағаның мақұл.(Алихан)

7-дегенім-жалау, Жүректегі алау.(Ақерке)

8-деген – сөзің. Серт беретін кезің.(Нұрғиса)

9-дегенім – тоқтау, елдің жоғын жоқтау.(Саяжан)

10-дегенім – Отан, Қорға соны ботам. (Төлеген)


Әліппе:- Жарайсыңдар, балалар.

Жүргізуші:

Әліппе, біздің балалар «Не жаман, не жақсы ?» туралы тақпақтар біледі.

Соны айтып берсін.

Әліппе: Жарайды, айтып берсін.






























Не жақсы? Не жаман?

Аянат

1.Біріншіден не жақсы? Беті –қолың кір-кір боп,

Биязы мінез тіл алғыш Берекесіз ыржақтап

Бал-бұл жанып жүретін Бейбастық өссең ,сол жаман.

Бауырмалдылық сол жақсы.

Ботакөз

2.Екіншіден не жақсы? Екіншіден не жаман?

Ерте жатып мезгілмен Ессіз деніп, желпініп,

Ерте тұрып төсекті Екіленіп, ерігіп.

Ерінбей жисаң , сол жақсы Ерке боп өссең , сол жаман

Яссауи

3.Үшіншіден не жақсы? Үшіншіден не жаман?

Үйдің ішін тазалап Ұшып қонып жүретін

Үстіне де қарайлап Шегірткедей жеңілтек

Үлгіре алсаң сол жақсы. Ұшқалақ болсаң сол жаман

Ақсәуле

4.Төртіншіден не жақсы? Төртіншіден не жаман?

Тал шыбықтай таңертен Төменде тұрған өздерің

Тамаша әдет сол жақсы Төбеде тұрған алмаған

Талассаңдар сол жаман.

Мирас

5.Бесіншіден не жақсы? Бесіншіден не жаман?

Былдырламай көбірек Бар кітабың шашылып

Байыпты да байқағыш Берілген сабақ оқылмай

Бала болсаң сол жақсы екі алсаң сол жаман

Алихан

6.Алтыншыдан не жақсы? Алтыншыдан не жаман?

Ашу деген бәледен Ата –анаңның ақылын

Алшақ жүріп жанаспай Ала білмей кезінде

Ақылды болсаң сол жақсы Ақымақ болсаң сол жаман.

Ақерке

7.Жетіншіден не жақсы? Жетіншіден не жаман?

Жауқазындай жайраңдап Жиренішті әдеттен

Жұрт ісіне қайран қап Жирене білмей кезінде

Жатса шіркін, сол жақсы. Жетесіз болсаң сол жаман.

Нұрғиса

8.Сегізіншіден не жақсы Сегізіншіден не жаман?

Саспай, жастай өнердің Соқоқтықпай күнде ойнайтын

Сүйсен бәрін беріліп, Серік таппай қиналып

Сан істерден сол жақсы Сергелдең болсаң сол жаман

Саяжан

9.Тоғызыншыдан не жақсы? Тоғызыншыдан не жаман?

Тәтті досқа сөз беріп Топ ішінде мақтанып.

Танып жүрмей артынан Төбелесіп жұртпенен

Табынды болсаң сол жақсы. Таяқ жесең сол жаман.

Төлеген

10.Оныншыдан не жақсы? Оныншыдан не жаман?

Ойлап істеп ісіңді Ойын қуып жасында,

Озып шықсаң ортадан Оқусыз өтсең балақай

Бәрінен де сол жақсы Бәрінен де сол жаман.


Жүргізуші:

Шашу,шашу шашайық, 
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Би билеп, ән салайық.



Би:Вальс


Жүргізуші:

Барлық әріп бағалы

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды

Әріптерді ортаға шақырамыз.


«Ә» әрпінен табамыз,

Әжемізді ақылгөй (Гүлназ)


«Г» әрпінен гүлденер,

Қызғалдақты қырат тау. (Райымбек)


«Д» әрпінен бастасаң

Дархан, дария далам бар. (Рамазан)


«Е» ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген адамзат (Дильназ)


«Қ» әрпінен басталған

Бас аяғы қазақтың

Жасай берсін қазағым

Жасай берсін азат күн! (Али)


Ән: Ертегілер әнімен ортада Сәбитқызы Еркеназды шақырамыз.

Енді әліппе оқулығынан әңгіме оқуға шақырамыз. Балаларымыз қаншалықты оқу машығын меңгергенін көрсетсін.

«Қаһарман» Ботакөз 100-бет

«Бір қазан сүт» Төлеген 126-бет

«Құстың ұясы» Аянат 124-бет

Әліппе айтады Балалар бәріміз бірге сергіту сәтін жасап бір билеп алайық.

Әліппе айтады:

Кір шалмасын беттеріңді,

Таза болсын оқулықпен дәперің

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын!

Құрметті оқушылар сендердің білімді, ақылды екендеріңе көзім жетті. Сендерге мұра ретінде ана тілі бауырымды қалдырамын. Бұл оқулық сендердің өмірлеріңе үлкен жол ашады.



  1. Оқушы:Рамазан

Қош бол, құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тықылдатып сөйлеттің.

2-оқушы: Әлішер

Таныстырып 42 әріппен

Қош бол менің, қасиетті Әліппем.

Сенің арқаң оқи , жаза білгенім,

Сауатты адам санатына енгенім.

3-Оқушы: Гүлім

Әліппем, менің әліппем

Өмірден келем танып мен

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп рахмет.

Хормен «Қош бол Әліппе»


Ана тілі кіреді:

Армысыздар , балалар ! Неткен білімділер десеңізші әліппеден үйренген өнерлеріңізді ортаға салып жатырсыздар ма?

Кітап оқу адамға

Әкеледі жақсылық

Ой ұшқындап санада

Оянады жақсы үміт

Ұсынылатын тектілік

Кітап қана қорғаның

Көп оқысаң көп біліп

Нағыз адам болғаның

Балалар! Менің жұмбағым бар кәне кім тез ойланып шеше алады екен?

1.Алтын сандығым ашылды,

Ішінен күміс шашылды. (жұлдыз)

2.Бір үйдің қырық баласы бар ,

Сөзге шорқақ екі данасы бар. (40 әріп,2 таңба)

3.Ақ қағазға сан қайталаған

Жазудан еш шаршамаған. (дәптер беті, қалам)

4.Бүлдірсең дәптерді ,

Кетірем , тап мені . (өшіргіш)

Өте жақсы оқу білім туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ма?







Жүргізуші:

Ана тілі, біздің жас бүлдіршіндеріміз әліппе оқулығынан әріптерді ғана емес, сонымен қатар өлең мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегі, әңгімелер оқыды. Математикадан қосу, азайту, логикалық тапсырмалар орындауды да біледі. Біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.

Би: Снежинка


Жүргізуші

Балалар біздің мерекемізге көп ұстаздар келіпті ұстаздар туралы қандай тақпақтар білеміз?

1-оқушы:Дильназ

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

2-Оқушы:Мирас

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе,

Ақылды сен, мұғалім.

3-Оқушы:Еркеназ

Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы.

4-Оқушы:Ақжол

Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолыңды айқын нұсқадың.
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұштадың.
 


Енді бәріміз бірге ұстаздарға арнап ән айтайық

Ән «Мұғалім ол біздің».

Би: Саяжан









Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

Жаңа жылды не мен қарсы аламыз?

Балалар білесіңдер ме? Аяз ата біздің қаламызға келіпті бугин, ертең біздің мектепке де келіп қалады, бірақ ол сендердің әліппемен қоштасу тойларыңа сыйлықтар беріп жіберіпті. Аяз ата бұл сыйлықтарды ең тапқыр баларға берілсін депті.

Жұмбақ шешеді

Ән: Бала тілегі Кенжебай Елдананың орындауында

Жүргізуші:

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Демекші ендігі сөз кезегін ата-аналарға береміз. (Сыйлықтарын табыстайды)

Жүргізуші:

Келесі ән құрметті аналар сіздерге арналады ортаға менің шәкірттерім Ильхам, Ислам Құдайбергеновтар дың орындауында Алтын ана әнін қабыл алыңыздар.

Мектебіміздің басшысы Аманова Алма Сұлтанқызына беріледі


Ендігі кезекте оқушыларға алғыс хаттарды табыстауға мектебіміздің оқу білімінің меңгерушісі Идирова Гүлмира Дастенқызына береміз.


Қазақтың буын биі Қара жорғамен ортаға Абдразаков Рамазанды шақырамыз.

Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан ата аналарға алғыс хаттарын табыстауға мектебіміздің Оқу тәрбие орынбасары Бектібаева Гүлмира Камалбекқызына беріледі.

















Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров79
Номер материала ДВ-428996
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх