Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Класс сағаты: "Қыздарға әсемдік жарасады"

Класс сағаты: "Қыздарға әсемдік жарасады"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар


Күні:21.11.2015


Класс сағаты

Мұғалімі : Табанова Молдир Ерболатовна

Класс

8

Сабақтың тақырыбы

Қыздарға – әсемдік жарасады (қыздарға арналған класс сағаты)

Сабақтың мақсаты

қыз балаларды әсемдікке баулу, мәдениетті болу ережелерін үйрету, жеке тұлға ретінде дамыту.

Күтілетін нәтиже

Әдептілік, мәдениет туралы түсініктері дамиды, әдемілікке, әсемдікке қызығушылықтары артады, қыздар өздерін әдептілікке тәрбиелейді.

Әдіс-тәсілдер

Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс



Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

бағалау

ресурстар

І

Қызығушылықты ояту



Қайырлы күн, қыздар!

     Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

     Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

     Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

     Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Қыздар, «адамгершілік амандасудан басталады» - дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп, бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет. Енді әсем  әуен сазымен бір-бірімізге тілегімізді айтайық.




ІІ

Мағынаны ашу








Кіріспе сөз:

«Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» демекші, біздің бабаларымыз әсемдіктің сұлу үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді армандаған. Нәзіктік пен өжеттілік бір бойынан табылатын қазақтың аруларына тәнті болған ақын-жазушыларымыз «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп әнге қосып, өлең шығарғаны жасырын емес. Ал жалпы қазақ қызының менталитетіне «қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық» сияқты қасиеттер кіретіні сөзсіз ғой. Қазақ халқы қыз баланы «қонақ» деп есептеп, төрге отырғызады. Меніңше, қыз баланың барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты болып бойжетуіне анасы үлкен роль атқарады. Қазақта «Ана көрген тон пішер» деген мақал осыдан қалса керек.

Тарихқа көз жүгіртсек Домалақ ана, Айша Бибі, Ұлжан, Зере сияқты аналарымызды нағыз қазақ әйелдерінің символы деп білеміз. Ал бүгінгі күні «қыз» дегенде, көз алдымызға талантымен, тәлім-тәрбиесімен халықтың құрметіне бөленіп жүрген Бибігүл, Майра, Роза, Фариза сияқты апайларымыз оралатыны сөзсіз. Осындай дара тұлғаларға қарап мақтанасың, қуанасың, шаттанасың! Осы апаларымызды үлгі тұтып, еліктеп өссе, артымыздан бойжетіп келе жатқан сіздер жаман болып өспейді деп ойлаймын.

 

  • Сұрақ-жауап

Қазақ қызының болмысы қандай болуы шарт?

"Ана көрген тон пішер" деген мақалдың бүгіндегі  өзектілігі қай деңгейде деп ойлайсыңдар?"

Қыздарымыздың киіну мәдениеті көңілден шыға ма?

  "Қызға қырық үйден, қала берсе күңнен тыйым" деген нақыл неге қолданыстан шығып қалды?

 





ІІІ

Ой толғаныс



Венн диаграммасы.
•    Менің бойымдағы кемшіліктер
•    Менің бойымдағы өзіндік ерекшеліктерім
•    Өзіме ұсыныс
Менің бойымдағы кемшіліктер мен өзіндік ерекшеліктерім және қиылысу аймағына жақын арада өзіндік тәрбиелеу арқылы түзетуге тиіс деген ұсыныстарын жазады.

Сабақ соңында қыздардың мектеп формасының сақталуын қадағалау, шаш күтімдерін тексеру, класс тазалығы мен гүл күтімі туралы ескетулер жасау.



Үй тапсырмасы





Не сәтті өтті ?





Не сәтсіз өтті ?
























Қысқа мерзімді жоспар


Күні:28.11.2015


Класс сағаты

Мұғалімі : Табанова Молдир Ерболатовна

Класс

8

Сабақтың тақырыбы

Зиянды әдет – мың бір індет

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже


Әдіс-тәсілдер

Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс



Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

бағалау

ресурстар

І

Қызығушылықты ояту



Тренинг : «Қолшатыр»

(оқушылар қолшатырдың астына денсаулыққа зиянды әдеттер жазу керек)



ІІ

Мағынаны ашу








Кіріспе сөз: Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт - наша, темекі, арақ.Ал, енді сендерге мынадай сұрақтар қойғым келіп тұр:
Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.
Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.
Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.
Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13 - 15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді.
Бұл – өте өкінішті жағдай.

1 топ Бүгінгі таңда елімізді толғандыратын адамның денсаулығына әсер ететін қандай зиянды заттарды білесіздер?
2 топ «Денсаулық» ассоциация

3 топ Салауатты өмір салтына сурет



ІІІ

Ой толғаныс



Рефлексия.

  • Денің сау болсын десең,

  • Ұзақ өмір сүргің келсе

  • Жаңа достар тапқың келсе

  • Көңілің сергек болсын десең,

  • Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе

  • Салауатты ғұмыр кешем десең,

  • -Таза болам десең

  • Арманыңа жетем десең

Өз еркіңе тоқтау салып, Спортпен шұғылдан

  • Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

  • Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?

  • Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?

Қатысымды талдау, күнделіктерін тексеру, бағаларын қарау, тәртіптері бойынша сөйлесу



Үй тапсырмасы





Не сәтті өтті ?





Не сәтсіз өтті ?





























Қысқа мерзімді жоспар

Күні:5.12.2015


Класс сағаты

Мұғалімі : Табанова Молдир Ерболатовна

Класс

8

Сабақтың тақырыбы

Имандылық жүрекке ұяласа

Сабақтың мақсаты

Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу

Күтілетін нәтиже


Әдіс-тәсілдер

Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

бағалау

ресурстар

І

Қызығушылықты ояту

Тренинг : «Қолшатыр»




ІІ

Мағынаны ашу








  1. Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне,, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырған.
    1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
    2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
    3. Ислам - бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
    4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
    Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес.

  2. Топтық жұмыс:

  3. Мұсылман болу – ұлы игілік.
    Мұсылманның бес парызы
    Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық



ІІІ

Ой толғаныс



Нысана әдісі



Үй тапсырмасы





Не сәтті өтті ?





Не сәтсіз өтті ?



























Қысқа мерзімді жоспар


Күні:15.12.2015


Класс сағаты

Мұғалімі : Табанова Молдир Ерболатовна

Класс

8

Сабақтың тақырыбы

Азаттықтың ақ таңы

Сабақтың мақсаты

Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын,
Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже


Әдіс-тәсілдер

Тренинг, топқа бөлу, топтық жұмыс

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың мазмұны

бағалау

ресурстар

І

Қызығушылықты ояту

Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. 
Шырқадым әнұранды бар дауыспен, 
Арманым –Ата заңым қабылданып.



ІІ

Мағынаны ашу








Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайды. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық. 

Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі



ІІІ

Ой толғаныс



Оқушыларды 3 топқа бөле отыра, әр топқа тапсырма беріледі:

1 топ:

2 топ:

3 топ:



Үй тапсырмасы





Не сәтті өтті ?





Не сәтсіз өтті ?





















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров201
Номер материала ДВ-300485
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх