Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Класс сағаты "Нашақорлық -ғасыр дерті"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Класс сағаты "Нашақорлық -ғасыр дерті"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Нашақорлық – ғасырымыздың нәубеті.

Сабақтың мақсаты:

- жасөспірімдер мен жастар арасындағы кең таралған XXI ғасыр індеті - нашақорлықтың алдын алу әдістерін қарастыру, жастарды бұл қауіптен сақтандыру жолдарын іздеу;

- оқушылардың қоғам өміріндегі өзгерістер туралы ой-өрістерін дамыту;

- оқушыларды қазіргі өмір талабына сай оқу, білім, өнер, спорт түрлеріне қызықтыра отырып салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,тақырып жазылған плакат,

мақал-мәтелдер, нақыл сөздер,

бейнесуреттер,слайд шоу.

Сабақтың түрі: Пікір сайыс

Сабақтың өту барысы: 1.Ұйымдастыру(оқушыларды топпен отырғызу).

2.Баяндама «Нашақорлық – ғасырымыздың нәубеті».

3.Оқушылар арасындағы жарыс бірнеше турлардан тұрады.

І тур. Нашақорлықтың тарихы дамуы,қоғамға зияны.

ІІ тур.Деңгейлік тапсырмалар.( сұрақтарға жауап )

ІІІ тур. Брейн-ринг ойыны.

IVтур. Дебат.

4. Қорытынды. Жасөспірімдер нашақорлықтан сақтанайық.

1 жүргізуші.

Қазіргі заман талабына сай өмір сүруміз үшін салауатты өмір салтын ұстануымыз қажет.Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан-2030»бағдарламасына халықтың салауатты өміріне ерекше көңіл бөле келе оған қол жеткізуіміздің 3 бағытын көрсетіп берді.

  1. Нашақорлыққа қарсы күрес.

  2. Темекі шегуді тоқтату.

  3. Маскүнемдікке қарсы күрес.

2 жүргізуші.

Халықтың денсаулығын қорғап, денсаулығын сақтау жүйесінін қолдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау ұлан – асыр іс.

Дені саудың – тәні таза, жаны жарқын

Денсаулық бірдің емес, мыңның байлығы

Және баршаға ортақ ең басты байлық

1 жүргізуші. Сөз кезегі баяндамашыға беріледі.

Баяндама: Нашақорлық – ғасырымыздың нәубеті

Есірткі мен нашақорлықпен күрес бүгінгі таңда халықаралық мәнге ие. Бүкіл дүние жүзі осы қатерлі дерттің тамырына балта шабуға қанша жұмылса да, қауіп төңдіруін қояр емес әсіресе, осы қатерлі дерттің алдын-ала сақтандыру қорғап қалудың маңызы зор. Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен бірге әлем боп күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткі – бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты. Есірткіге берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.

Нашақорлық – сырқат, емдеуден гөрі оның алдын- алу жеңіл.

2 жүргізуші.

Нашақорлық өте зиян адамға,

Туғызады қауіп барша ғаламға.

Түрі де көп бұл нашаның әлемде

Үйренеді оған кәрің, жас балаңда.

Нашақордың өмірі ұзақ болмайды.


1 жүргізуші.

Келесі тапсырмамыз. Оқушылар арасындағы жарыс .Бірнеше турлардан тұрады.

І тур. Нашақорлықтың тарихы дамуы, қоғамға зияны.

Әр топтың оқушылары жауап береді.

Ескі жазбалардың мәліметіне қарасақ, наша жер бетінде ежелден-ақ адамзатпен қатар өмір кешіп келе жатқанға ұқсайды.

2 жүргізуші. Келесі тур тапсырмалары «Деңгейлік тапсырмалар» әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

І деңгей:

1.Жасөспірімдер нашақорлыққа неге әуес?

2.Есірткінің дүние жүзіне таралуы?

3.Есірткі ахуалы

ІІ деңгей

1.Есірткі адам ағзасына қалай әсер етеді?

2.Қазақстанда есірткіге қарсы құрылған ұйым бар ма?

3.Есірткіні саудаға салатын адамдарға біздің елде қандай шара қолданады?

III деңгей

1.Эйфория дегеніміз не?

2.Есірткі адамзаттың соры?

3.Кокоин түріндегі затар?

1 жүргізуші.ІІІ тур. Брейн-ринг ойыны. Шарты: 3топқа бөліну сұраққа жауап .

Сұрақтар:

1.Есірткі тарихы.

2.Есірткі дүние жүзінде қай мемлекеттерде күшейе түсуде?

3.Есірткінің ахуалы?

4.Героин туралы не білесіз?

5.Азғындыққа апарар жол?

6.Ғасыр дерті жойылсын?

2 жүргізуші. IVтур. Дебат.Әр топқа берілген тапсырмаларды оқып өз пікірлерін айтады. «ия», «жоқ», т.б. пікір айтуға болады.

1 топ.1.Нашақорлық – отбасы бұзылуының негізгі себебі.

2.Есірткі қолдану сенің денсаулығыңа зиян.

2топ. 1.Нашақор – жігерсіз, жеңіл мінезді адам.

2.Жастар арасында нашақор проблемасы өршуде.

3топ. 1.Наша адам ағзасына зиянды.

2.Есірткі қылмысы жалпы қылмыстың өсуіне әсер етіп отыр.

1 жүргізуші.

Қорытынды сөз. Жасөспірімдер нашақорлықтан сақтанайық .

Соңғы жылдар жастар арасындағы нашақорлық аса өзекті проблемаға айналды.Соңғы жылдары есірткі пайдалану салдарынан өлім-жетім көбейіп кетті.(мұғалім сөзі)

Дүниеге дерт боп жетеді,

Әдет боп жаман кетеді.

Есірткі затты көп тұтсан,

Өмірің қор боп өтеді.

Спортпен болып мәңгі дос

Мағынасыз жүрме бос

Есірткі заттан аулақ деп,

Достарыңа ақыл қос! – дей келе, ғасырымыздың дерті нашақорлықты ел болып, халық болып ауыздайық. Ғасыр індетіне қарсы бірлесе күресейік !



36 қазақ орта мектебі












Тәрбие сағаты





Тақырыбы Нашақорлық – ғасырымыздың нәубеті.

Класы 9 в

Өткізген Шауленова Гулнар Салыковна

















Ақтөбе қаласы

2014-2015 оқу жылы



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров259
Номер материала ДВ-332371
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх