18.04.2021 14:00
Лайфхаки к ЕГЭ 2021
Смотреть
вебинар
Инфоурок Другое Другие методич. материалы5 класс сабақ жоспары

5 класс сабақ жоспары

Скачать материал
библиотека
материалов

5 сынып Күні:

Сабақтың  тақырыбы: Шыршалы кеш

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: Қызыл бет тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, сауатты сөйлеу  мен жазуға үйрету;

 б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;                                   

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау  сабағы     

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: қызыл бет арқылы  өз ойларын  айта  білу;                         

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

2-тапсырма. «Қысқа күн» өлеңін жаттау.

             ІІІ. Бекіту.

Оқылым

1-тапсырма. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын айту.

Жауап үлгісі:

жылдың - ілік септік

шыршаны - табыс септік

Аяз ата - атау септік

бізге - барыс септік

сыйлық - атау септік


Жазылым

2-тапсырма. Берілген сөздердің қатарынан артық сөзді алып тастап, көшіріп жазу. Бір сөз ді қатыстырып, сөйлемдер құрау.

Жауап үлгісі:

1. Шырша, шам, ақ сақал, жаңбыр, сыйлық.

2. Қыс, Аяз ата, ыстық, ойыншық, тақпақ.

3. Би, өн, ағаш отырғызу, Ақшақар, мерекелік қойылым.

Сөйлем: Жаңа жыл кешінде біздің сынып шыршаны безендірді.


Оқылым

3-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндап айту. «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойынын өткізуге болады.

Сыныбыммен мақтанамын

Біздің сыныпта 21 оқушы бар. Әр оқушы мектебімізде болатын іс-шараларға белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салып жүреді.

Мектептегі күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, би, домбыра үйірмелеріне қатысады.

Сыныбымызбен мектепте болған Жаңа жыл кешіне қатыстық. Айнұр мен Айжан испан биін биледі. Бекен ән салып, қатысушыларды таңғалдырады. Ал, Арман кеш біткенше ортадағы әсем шыршаның суретін салып, Аяз атаға ұсынды.

Кеш соңында біздің сыныбымыз «Өнерлі сынып» мақтау қағазымен марапатталды.


Жазылым

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып, көшіріп жазу.

Жауап үлгісі:

1. Өз өнерлерін ортаға салып жүреді.

2. Мектептегі күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, би, домбыра үйірмелеріне қатысады.

3. Айнұр мен Айжан испан биін биледі.

4. Кеш соңында біздің сыныбымыз «Өнерлі сынып» мақтау қағазымен марапатталды.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Мектепте Жаңа жыл мерекесі қалай тойланатыны туралы жазу.


  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Формирование компетенций межкультурной коммуникации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс повышения квалификации «Психодинамический подход в консультировании»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Деятельность по хранению музейных предметов и музейных коллекций в музеях всех видов»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.