Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / 1класс Сабак жоспары 1класс Музыка

1класс Сабак жоспары 1класс Музыка

  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау 1 класс

1 - сабақ жоспары

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Өзіңді таны

Күні:


Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.1.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл-күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау

1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды.

Curwen қол қимылы жүйелік белгілерімен танысады

Оқушылардың көпшілігі:

Ән айтады және аспапта ойнайды (жеке және топ құрамында).

Музыкалық сауаттылықты дамытады.

Кейбір оқушылар:

Қажет жағдайда басқаларды қадағалайды.

Дыбыстар мен символдарды байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Өзі туралы әңгімелеп бере алады.

Пән лексикасы мен терминолоиясы:

Әуен, музыкалық дыбыс, ырғақ

... секілді сезіледі

... секілді естіледі

Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сен музыкалық дыбысты қалай сипаттар едің?

- Музыка тыңдағанда қандай сезімде боласың?

- Музыкалық дыбысты неден, қайдан естиміз?

- Музыкалық дыбыстың биіктігін салыстыр.


Бастапқы білімдер

Оқушылар өткен сабақта үйренген әндерін орындайды.

Өз шығармашылықтарын көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақ сатылары

Сабақтағы жоспарланған әрекет

Ресурстар

0-5 минут

Сабақ басталар алдында «Мектебім» Б.Бейсенованың әні орындалып тұрады.

Сыныпта ілулі тұрған Ы.Алтынсарин өлеңінің тазмұнымен таныстыру.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу:

Сәлеметсіңдер ме , балалар! – Здравствуйте, дети! – Hello, children!

Оқушыларды оқулық мұқабасымен, алғашқы беттегі арнау сөзбен, шартты белгілерімен, тарауға берілген сурет мазмұнымен таныстыру. Оқулық арқылы не үйренетіндіктерін айту.

ҚР Мемлекеттік Гимнінің композиторымен және сөзін жазған авторларымен таныстыру, аудиожазбадан тыңдау.

Алғашқы қоңырауға арналған суреттер







Үш тілді сөздік







Аудиожазба

Сабақтың ортасы

7-11


















12-14














15-20




21-35




Ой қозғау

- «Мектебім» әнінің мазмұны, көңіл-күйі саған қандай әсер қалдырды?

(Ұ,Ж) Ән әуенінен алған әсерін, сезімін сипаттап беруін сұраңыз (көңілді, жайдары, шаттана т.б)

Әдемі әуені бар сазды дыбыстардың музыкалық дыбыстар деп аталатынын түсіндіру.

(Ұ) Үштілділік: «Сәлем! – Привет! - Hello »;

«әуен –мелодия - melody» сөздерін үш тілде бірге қайталау.

Ағылшын ұстазы, музыка маманы Дж.Кервеннің дыбыстарды қол қимылымен көрсету тәсілімен таныстыру. Қолдың әр қимылының қандай дыбысты білдіретінін сурет арқылы көрсету.

(Ұ,Қ) Музыка тыңдау: «Сәлемдесу» әнінің әуенін соль, ми дыбыстарымен айтып көрсетіп, биік, төмен дыбыстар туралы түсінік беру. Оқушылар биік, төмен дыбысты қол қимылымен кқрсетеді, айырмашылығын сезеді. Бірге қосылып қайталау.

(МК,Ұ) Соль, ми (G және E) ноталарында қарапайым әндерді қол қимылымен көрсету. Мұғалім Curwen жүйесі бойынша қол белгілерін қолданады. Кітапта берілген суретке қарай отырып әр дыбыстың көрсету ерекшелігін түсіндіру.

(Ұ,Қ) Оқушылар «біркелкі соққы» түсінігімен танысады, тізелерін және иықтарын ұрғылай отырып біркелкі соққы үлгілерін көрсетеді.

(Ұ,Қ) Әрбір оқушыға ұрмалы аспап беру. Оларға осы аспаппен «Сәлемдесу» әнінің ырғағын ұрып ойнауды көрсету. Әннің ырғағын қандай екеніні анықтау.

Барлық сынып оқушылары шеңберге тұрып, музыка ырғағын марш екпінінде көрсетеді.

Мектеп туралы түрлі суреттер














Curwen қолдың жүйелік белгілерінің кестесі















Audacity дыбыс жазуға арналған бағдарлама





Марш екпініндегі музыка

Сабақтың соңы

35-45

(Ұ, Ө, Қ) Әнді екі нотада әндете отырып ұрмалы аспапты(асатаяқ) бір оқушыға беру, ол келесі оқушыға береді, осылайша жалғаса береді.

Ырғақтар жазылған карталар

Асатаяқ

Қосымша ақпарат

Дифференциация – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Неғырлым қабілетті оқушылардың алдыеа қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды игері деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік АКТ –мен байланыстар. Құндылықтармен байланыстар (тәрбиелік элемент)

Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау.

Оқушы жүргізуші бола алады. Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.

Бақылау, тыңдау, ойлануға берілген сұрақтар:

-Биік, төмен дыбыстың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

- Музыкалық дыбыстан не шығады?

- Curwen қолдың жүйелік белгілерін қалай түсініп қабылдадыңдар?

«Дүниетанумен» байланыс.

Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл күй қандай болды?

Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?

Сабақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?



Қорытынды баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті?(сабақ беру, үйрету туралы ойланыңыз?

1.

2.

Қандай екі нарсе сабақты жақсартатын еді( сабақ беру туралы сондай-ақ үйрету туралы ойланыңыз?

1.

2.

Мен сабақ барысында сынып және жекеленген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?

1.

2.


























2-сабақ жоспары

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Менің есімім

Күні:


Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f , p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп, анықтау.

1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.

1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

1.1.2.2 Қарапайым ырғақтықт суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Ән айтады және жұмбақ шешеді (жеке және топ құрамында)

Музыкалық сауаттылықты дамытады.

Кейбір оқушылар:

Ән үйрену барысындағы санауды үйренеді.

Тиісті жағдайларда басқаларды қадағалайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Өздерінің есімдерін айтып, таныстыра алады.

«Музыка» сөзін қазақша, орысша, ағылшынша айтып үйренеді.

Пән лексикасы мен терминолоиясы:

Көтеріңкі әуен, музыкалық дыбыс,қаттырақ, жайырақ, ырғақ, буынға бөліп айту, дыбыс биіктігі, жоғары дыбыс, төмен дыбыс

Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

- «Жұмбақ саусақ» әніне жаңа фраза ойластыруға дайынсың ба?

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Сен өз есіміңді әуендетіп, дыбыс биіктігін қолмен көрсете орындай аласың ба?

-Музыка тыңдағанда қандай сезімде боласың?

-Өз есіміңді қол шапалақпен буынға бөліп орындай аласың ба?

-Сенің есімің неше буыннан тұрады?

Алдынғы сабақтарда алған білім

Оқушылар үйде, теледидардан, балабақшадан үйренген әндерін орындайды.

Өз шығармашылықтарын көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақ сатылары

Сабақтағы жоспарланған әрекет

Ресурстар

0-5 минут



(МҚ,Ж) Оқушылармен үш тілде әуенді сәлемдесу:

Сәлеметсіңдер ме , балалар!

Здравствуйте, дети!

Hello, children!

Алдыңғы сабақта өткен «Сәлемдесу» әнін қайталаңыздар. «Сәлем! Привет! Hello» әніне балалардың өз есімдерін қосып айтқызыңыз.

Музыкалық аспап



Curwen қолдың жүйелік белгілерінің кестесі



Сабақтың ортасы

7-11
















12-14






15-20














21-35

(ОТ) Екі нотадағы әнді айтып тұрған кезде оқушылар ұрмалы аспапты (бубен, маракас) бір-біріне жалғастырып ұсынады.Ән аяқталған кезде қолында аспап қалған оқушы мұғалім тапсырған қарапайым ырғақты қайталауы тиіс, ал сыныптың барлығы қол шапалақтап қосылады.

(МҚ, Ж) Аспаптарды қолдана отырып ырғақтарға өз есімдерін буындап қосып айтуын сұраңыз.

Жұптасып отырған балалар бір-біріне есімдерін соль, ми биіктігімен айтып беріп үйренсін.

Мысалы: Ер-бол (2буын), Да-ни-яр (3буын),

Дәу-лет-қа-ли (4 буын)

Curwen қолдың жүйені көрсетіңіз.

(Ұ) Үштілділік: музыка –мелодия – music- барлығы бірге айтып үйренеді.

(Т,ОТ) Дыбыстар мен символдар арасындағы байланысты анықтай бастайды. Жұмбақ шеше отырып балалар затты сипаттайды. Оларды қай жерде қолданатынын әңгімелейді, түсіндіреді.

(Ұ, МК) Дауыс жаттығуы: Дауысты дыбыстың дұрыс айтылуын қалыптастыруға әуезді, созылып айтылатын «а, о, у, и» дауысты дыбыстарының немесе «да-ла», «ле-ле» буындарының, сөз соңындағы дауыссыз дыбыстарды дәл де анық орындауға «ба-ла-пан-пан-пан», «ба-ра-бан-бан-бан» сияқты сөздерді буынға бөліп айтудың тигізер көмегі көп екенін ескеріңіз.

(Ұ, Қ) Ән үйрену: «Он саусақ» (С.Мұхамеджанов). Ән мәтінінің мазмұнын суреттерімен байланыстыра отырып түсіндіріңіз. Саусақтардың қызметі туралы балалар өз ойларын ортаға салсын.

Мысалы: «Ине не үшін керек? Қаламды не үшін қолданамыз? Он саусақпен не істей аламыз?»

(Т, МК) Ән үйрену: «Жұмбақ саусақ» (қазақтың халық әні)

Суретке қарай отырып санауды және әндетуді үйретіңіз.

Балалардан дауыспен шағын музыкалық фраза ойластыруын сұраңыз. Ол үшін оқулықтағы суреттердің орнына өзі басқа заттардың атауын атасын. Сөз атауы мен сан атауының бірінші дыбыстары сәйкес келуіне назар аудару керек.

Мысалы: «Бір дегенім – бала, екі дегенім- етік, үш дегенім- үйрек» т.б.


Ұрмалы аспаптар























Музыкалық аспап








«Он саусақ» (С.Мұхамеджанов).

Музыкалық аспап, түрлі түсті суреттер




«Жұмбақ саусақ» (қазақтың халық әні)


Сабақтың соңы

35-45

(МК, Ұ, Қ) Оқушылар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды- солға адымдау, оңға адымдау.3 рет қол шапалақтау кідіріс (төртке дейін санау) және басынан қайталау. Әрі қарай осы қимыл –қозңалыстарды қайталай отырып оқушылар кідіріс кезінде өз есімін қосады. Сабақ соңында оқушылардың білімін бағалау.


Қосымша ақпарат

Дифференциация- көбірек қолдану көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік.

Ақт- мен байланыстар

Құндылықтармен байланыстар «тәрбиелік элемент)

Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау.

Оқушы жүргізуші бола алады.

Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.

Бақылау,тыңдау,оқушыларға

Ойлануға берілген сұрақтар:

-Ән мазмұны мен суреттің байланысын байқадың ба?

-Балалар өз есімдерін дұрыс буындай алды ма?


«Сауат ашу», «Дүниетану» пәндерімен байланыс

Басқалармен бірге жұмыс істеу, түрлі пікірлерді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары\оқу мақсатары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл күй қандай болды?

Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?

САбақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер еңгізуді қалар едім?


Бұл бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз.Сол жақ бағанадағы өз сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті?(сабақ беру, үйрету туралы ойланыңыз?

1:

2:

Қандай екі нарсе сабақты жақсартатын еді( сабақ беру туралы сондай-ақүйрету туралы ойланыңыз?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып және жекеленген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?














3- сабақ жоспары

САБАҚ: Менің дауысым

Күні:

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.1.2.1Қарапайым музыкалық пьесаларды,жаттауға берілген әндер мен шағын әндерді жеке орындау.

1.4.2.1 Музыкалық сауаттылықты дамыту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өзге орындаушыларға тосыннан қосыла алады.Музыкалық және шулы дыбыстарды ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі: Музыкалық түсінігін дамытады.

Шулы дыбыстар туралы түсінік алады. «Музыкалық аспап»сөзін үш тілде айтып үйренеді.

Кейбір оқушылар:Тосынан қосыла отырып есіндегі қарапайым музыкалық материалды шулы аспаптарда ойнап ән айтады. Тиісті жағдайда басқаларды қадағалайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:Тыңдаған музыка туралы өз ойларын айта алады.

Пән лексикасы мен терминолоиясы:

Әуен, музыкалық дыбыс, дирижер, мимика, В.А.Моцарт

....секілді естіледі.

....секілді айтылды.

Диалог\жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Жұлдызша туралы не айта аласыз?

-Музыка саған қандай ой салады?

-Музыка нені еске түсіреді?

-Әннің ырғағына қандай қимыл жасауға болады?


Бастапқы білімдер

Оқушылар өткен сабақта үйренген әндерін орындайды.

Өз шығармашылықтарын көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақ сатылары

Сабақтағы жоспарланған әрекет

Ресурстар

0-5 минут

Алдыңғы сабақтағы «Он саусақ» (С.Мұхамбетжановт) әнін орындау


Сабақтың ортасы

7-11











12-14




15-20












21-35

(Ұ,Ө,Қ) «Дирижер» ойынымұғалім мимикалық емес белгіні қолданады, ал оқушылар мұғалімнің іс-әрекетіне сәйкес дыбыс шығарады (Мұғалім жөтеледі, оқушылар қайталайды.)

Алты түрлі пантомима көрсету арқылы ойынды жүргізіп, оқушылар ұсынысын қабылдаңыз.

Шулы дыбыс туралы түсінік беріңіз.Оқулықтағы суреттерден шулы дыбысты қай жерлерде еститінін балалар айтады, өз жорамалдарын дәлелдейді.

(Ұ)Бірге қайталайық! Музыкалық аспап – музыкалный инструмент – musical instrument.

Оқулықта берілген суреттерден суреттерден музыкалық және шулы дыбыстарды ажырату.

(Ұ, ОТ) Жұлдызшамен танысу.

Оқулықтағы мәтінді оқып, баланың қызығушылығын ашыңыз.

Жұлдызша туралы ойларын тыңданыз.

(МК,Ұ) Ән үйрену:Балаларға арналған әндер үйрену (мысалы, В.А Моцарттың «Twinkle twinkle,little, star» немесе қазақ\ орыс тілдерінде)

Әнді сезімталдықпен орындауға баулыңыз.

(Ұ,Ө,Қ) Мұғалім әннің жаңа нұсқасын жазып, тыңдауға береді.

Оқушылар талдайды және музыка туралы өздерінің қарапайым пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салады.

(Т,ОТ) Шағын топтарда жұмыс жасау арқылы оқушылар осы әнге қимылдар ойластырады.

Curwen қолдың жүйелік белгілерімен көрсетіп, әнді үйрету(оқулықтағы суретке қарай отырып).

(Ұ,Ө,Қ) Мұғалім әнді аудио немесе бейнежазбаға жазып, оқушыларға дауыстарын өзгертіп әндетуді ұсынады.

http\\pages.bloomsbury.

com\musicexpress\

book-1








Суретті карточкалар


Сандық жазу құрылысы.

Аудио немесе бейнежазбамен


В.А.Моцарт

«Twinkle twinkle,little, star»


Балаларға арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әндер.





Сандық жазу құрылғысы.

Сабақтың соңы

35-45

(Ұ,Ө,Қ) Қайталау.Оқушылар шеңберге тұрып, қимыл-қозғалыс жасайды- солға адымдау, оңға адымдау.3 рет қол шапалақтау кідіріс (пауза) (төртке дейн санау) және басынан қайталау.Мұны 3 рет жасаңыздар.Әрі қарай осы қимыл-қозғалыстарды қайталай отырып оқушылар кідіріс кезінде өз есімін қосады.


Қосымша ақпарат

Дифференциация- көбірек қолдану көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік.

Ақт- мен байланыстар

Құндылықтармен байланыстар «тәрбиелік элемент)

Шығармашылық міндеттегі нәтижелерді дифференциациялау.

Оқушы жүргізуші бола алады.

Қорытынды міндеттегі неғұрлым күрделі ырғақтар.

Бақылау,тыңдау,оқушыларға

Ойлануға берілген сұрақтар:

-Тыңдаған музыка саған қалай әсер етті?

-Оқулықтағы суретпен Curwen

Қолдың жүйелік белгісін көрсете аласың ба?

  • Қоршаған әлеммен байланыс

  • Басқалармен жұмыс істеу, түрлі пәкірлерді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары\оқу мақсатары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл күй қандай болды?

Менің дифференциациялық әдісім дұрыс жұмыс істеді ме?

САбақтың барлық кезеңдерін берілген уақытта жүргіздім бе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер еңгізуді қалар едім?


Бұл бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз.Сол жақ бағанадағы өз сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті?(сабақ беру, үйрету туралы ойланыңыз?

1:

2:

Қандай екі нарсе сабақты жақсартатын еді( сабақ беру туралы сондай-ақүйрету туралы ойланыңыз?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып және жекеленген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?
















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.09.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров413
Номер материала ДБ-190620
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

4 месяца назад

тАҢШОЛПАН ХУАНАРҚЫЗЫ МУЗЫКАНЫҢ ТОЛЫҚ ҚМЖ БАРМА 1 СЫНЫПҚА БАР БОЛСА ӨТІНІШsultamuratova1984@mail.ru ЭЛ.ПОЧТАҒА ЖІБЕРЕСІЗБА? АЛДЫН АЛА РАХМЕТ!


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх