Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 1 класс "Сыныптан тыс жұмыс" "Әліппенмен қоштасу"

1 класс "Сыныптан тыс жұмыс" "Әліппенмен қоштасу"


библиотека
материалов

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата- аналар, қонақтар! Біз бүгін барлық ғылымның атасы , біздің болашағымыздың негізін салған 42 әріпті танытып, сауатымызды ашып отырған сүйікті Әліппемізбен қоштасқалы отырмыз. Осы Әліппе арқылы әріптерді танып, сөзбен сөйлем құрап, енді оқулықтың бетіндегі жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілерді, тақпақтарды өзіміз оқи алатын болдық. Оқу иенмен құдық қазғандай демекші , білім де сондай қиын жол. Бағдарламамыз бірнеше айдардан тұрады:

Алғашқы қадам, Бала тілі- бал, Ертегілер елінде, Ғажайып әріптер, Әліппен – білім көзі, Мұғалім – әз жан.

Кеше ған мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінгі 42 әріптің қыр –сырын меңгеріп Әліппе оқулығымен қоштасқалы отыр.

1 о

Іші толған әріпке,

Мынау әйбат Әліппе,

Барлық ілім- білімнің

Әжесі осы Әліппе.

Іші толған әріпке

Жақсы кітап Әліппе,

Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықтап сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бәрін де,

Біз жазамыз Ана деп

Қаһарман ел – қазақ деп,

Бала –шаға ғажап деп.

Жеміске құты толы ма,

Бір- бірлеп теріп алмасаң.

Әп-сәтте шыға қалама

Еккен дәнін ойласаң.

Білім де сондай қарағым,

Біртіндеп сіңер ойыңа

Ұғып ал, білім боларын

Шам- шырағың жолыңа.

Ж; Бүгінгі ән жырымыз

Әліппеге арналмақ

Әліппені ортаға шақырайық

Төрлетіңіз Әліппе. Хормен

Әліппе: Армысыздар, жас достар

Армысыздар, ата- ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Айналайын, балдырған

Менен білім алдыңдар!

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам!

Ән; Әліппе,

Ж; Бала деген, шіркін –ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен

Арып- ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен! Деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай енді келесі кезекті оқушыларға берейік.

1о Көздері қорықты

Кішімен ұлықта

Таныған әріпті

Бірінші сыныпта

2о Бәрінен жоғары

Тұратын рух та

Кеудеге қонады

Бірінші сыныпта

3о Ардақты арайлы

Салт- дәстүр ғұрыпта

Бойыңа тарайды

Бірінші сыныпта

4о Таң атып күн шығып

Бұғады түн ыққа

Біл сырын құлшынып

Бірінші сыныпта

5о Біртіндеп бойлайсың

Тұнса әлем тұныққа

Ғалымша ойлайсың

Бірінші сыныпта

6о Асқанда асқардан

Ұяңды ұмытпа

Ұлы арман басталған

Бірінші сыныпта

7 о Әдібай Табылдиев Ана мен бала әңгімесі

-Апа !- деді баласы

- Оу , не? – деді апасы

-Тек отызда жасыңыз

Неге ағарды шашыңыз

-Ағарғаны шашымның

Көп кейіттің анаңды

Шашым содан ағарды

-Кемшілікті біртіндеп

Түзетеді ұлың деп

Бала тұрды күлімдеп.

Ана тұрды Күнім деп.

8 о Қадыр Мырзалиев А әрпі

-Ата зейін салдың ба?

Бас әріптің алдында

Неліктен А Тұрады басында?

Деп бір күні сұрадым

Атам менің сауатты

Былай берді жауапты:

-Ата, ана, ақыл , ар, адам

А дан басталар.

Содан шығар Нұрханым

Бас әріптің алдында

А әрпінің тұрғаны.

9 о Бал бала

Бала , бала балдайсың

Бал жеміспен қандайсың?

Балдай тәтті бал жеміс,

Бал жемістен ал деңіз.

Бала, бала балдайсың

Бауырсақпен қандайсың?

Жеймін нәйм- нәйм деп.

Бала бала балдайсың

Балдан берсем қандайсың?

Алыптардай толамын

Бадпанақтай боламын.

Ж: Бала тілі – бал деген осы ғой. Келесі айдарымыз Ертегілер елінде,деп аталады,

Жұмбақ : Бірі айтылады да естіледі

Екіншісі жазылады да көрінеді. Ол не? Дыбыс және әріп

Ендеше ертегімізде дыбыс және әріп жайлы болмақ.

Ертегі Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Баяғыда дыбыстар тату өмір сүріпті. Олар әлде бір мемлекетте емес тұп- тура ауызда өмір сүріпті. Дыбыстардың жап-жақсы үйлері болыпты. Ол- мынау ауыз екен. Үйлерінің төбесі бар екен, едені бар екен. Есігі бар екен.\ерін\ Қақпасы бар екен, \ тіс\ Дыбыстар сол үйден емін еркін кіріп, шығып жүреді екен.

Бірде сол үйге айдаһар кіріп алыпты. Ол мынау тіл екен. Біртіндеп айдаһар олардың тыныштығын бұзады. Өзінің оғаш әрекетін жасап, олардың ойранын шығарады. Дыбыстар есіктен бұрынғдай емін еркін шыға алмайды. Әртүрлі кедергілерге ұшырайды. Айдаһар оларды төбеге \л\ бірде қабырғаға \т\, бірде құйрығына іліп алып айналдырды\р\ Кейде қақпаны \ж.с\. кейде есікті \м\ жауып тастайды. Дыбыстар кедергілерден әрең өтіп, үстеріне көк көйлек киіп шығады. \в,ғ,ң,д\ Олар дауыссыз дыбыстар екен.Кейбір дыбыстар емін еркін шығып , үстеріне қызыл көйлек киіп шығады екен. \ а,о,е,і\ Олар дауысты дыбыстар екен.

Ертегі; «В» әрпі

Ертеде «В» әрпі орыс тілі дейтін мемлекетте тату өмір сүріпті. Бір күні мемлекетте қақтығыс болып, «В» әрпі көрші мемлекет , яғни қазақ тілі дейтін мемлекетке қашып келеді. Бұл мемлекет оны құшақ жая қарсы алады. Өзі дауыссыз деген облысқа барады. Алдында үш аудан болады. Олар үнді, ұяң, қатаң деп өз аттарын қойып алыпты. «В» әрпі өзінің атын айтқанда ұяң естілгені үшін ұяңдарға барыпты. Сода бері «В» әрпі ұяң қасиетімен қазақ тілі мемлекетіне сіңіп кеткен екен. \вагон, вокзал,велосипед\













Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-124511

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG