Инфоурок / Другое / Статьи / Классицизм дәуірінің көрнекті өкілдері

Классицизм дәуірінің көрнекті өкілдері


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Классицизм дәуірінің көрнекті өкілдері


XVII – XIX ғасырдың басында өнерде классицизм бағыты қарқындап дами бастады. Ол - латын сөзі, үлгі деген мағынаны білдіреді. Аталмыш бағыт табиғат пен өмірдегі барлық нәрсені жалпыға бірдей тәртіп басқарады, ал адам жаны мен болмысы өзара үйлесімді болады деген көзқарасқа сүйенеді.

Өнердегі бағыт ретінде классицизм Францияда XVII ғасырда пайда болды. Ал аталмыш бағыт негіздері драматургтар П.Корнель мен Ж.Расиннің трагедияларында анықталды. Осы аралықта Ж.Б. Люлли негізін салған «лирикалық трагедия» жанры қалыптасты. Ал XVIII-ші ғасырдың басында оны Ж.Ф. Рамо алмастырды.

Уақыт өте бұл кезеңді тарих сахнасынан ағартушылық кезең ығыстырып шығарды. Осы уақытта философия, ақыл-ой мен ғылымды мойындап, бас иген кезең болды. Сонымен қатар Француз төңкерісі де осы кезеңде болған. Демек, бұл уақытта теңдік, бостандық, еркіндік ұстанымдары жарияланып, ал осы ұстанымдар классицизмнің екінші кезеңінің өкілдері-ағартушылар ұстанымдарымен өзектес болды.

Австрияның ұлттық мектебі де осы кезеңге жатады. Австрияда музыка мәдениетінің дамуы негізінен оның астанасы – Венамен байланысты, жаңа мектеп “веналық классикалық” – деген атауға ие болды. Вена классикасымен симфониялық музыканың гүлдену шағы басталды. Осы мектептің ұлы өкілдері болып Гаидн, Моцарт және Бетховен танылды. Веналық классиктердің басты жетістігі – симфонизм. Музыка өнеріне деген жаңа бағытты тап осы симфонизм ашып берді.

hello_html_m7b046676.gif

Шынайы ұлылық уақыт ағынына табынбайды деген сөздің жаны

бар. Соның нақты дәлелі - Й.Гайдн шығармашылығы. Өнер тұңғиығының жауһары саналатын оның туындыларында ертеңгі күнге деген оптимистік көзқарас пен ақынның ішкі жан дүниесі тұтасып, үлкен әлемге айналған.

Дегенмен оның өмір жолының бастамасы жарқын музыкалық танымалдықты әкеле қойған жоқ. Гайдн 1732жылы Венаға жақын Рорау деген жерде дүниеге келді. Қарапайым жұмысшы отбасынан ( әкесі ат айдаушы, анасы ас пісіруші) шыққандықтан, жақсы білім алмады. Отбасында он жеті бала болды. Бірақ балаларға дұрыс түсінік, тәрбие берді. Сол тәрбие Гайднды өмірдің қиындығына өзінше бейімделуге көмегін тигізді.

Оның отбасы өнерді жандарына жақын етті. Болашақ композитордың әкесі жақсы ән айтып, арфада ойнаса, кіші інісі Михаэл кәсіби музыкант болып шықты. Й.Гайдн ұзақ уақыт Зальцбург қаласында тұрды, мұнда ол Моцартпен кездесіп жүрді. Алайда, балалық шақта балаларының дарындылығы ерте танылғандығына қарамастан, ата-аналары оқуға ақша төлей алмады. Дауысы керемет, болашақ атақты композитор, танымайтын үлкен қалаға жол тартып, сонда шіркеуге орналасып, хорда ән айтушы болады. Гайднның дауысы бұзыла бастап, ол енді хорда ән айтуға жарамсыз болған соң, оны капелладан шығарып жібереді. Ол сол уақыттың ірі композиторы Николо Порпораға қызметке орналасады. Ақы ретінде одан пайдалы музыкалық кеңестер алып отырды. Қызметші бола жүріп, Гайдн тыңғылықты, еңбекқор оқушы болып шықты.

Гайдн 1759 жылы Чех аристократы граф Морциннен алғашқы тұрақты қызметі капелмейстрлікке ие болады. Екі жыл өткен соң ірі венгр князі Эстергазиден капелмейстр қызметін алады.

Князьдің сарайы Венадан қашық емес Эйзенштадт қалашығында еді. Жазғы уақытты князь қала шетіндегі қожалығында өткізетін. Онымен бірге барлық ақсүйектер мен музыканттар да көшетін. Дәл осы жерде, Гайдн отыз жылға тарта тұрды. Оның өмірі сырттай бір сарында өтіп жатқанымен, өмірінің мәнін құрайтын музыкаға толы болды.

Гайднның міндеті - тек капеллаға жетекшілік ету емес, сарайда және шіркеуде ән салу, музыканттарды үйрету, тәртіпті қадағалау, аспаптар мен ноталарға жауап беру. Ең бастысы, князьдің талабымен симфониялар, квартеттер, опералар жазуға тиіс болды.

Оны жастық шағында да, әбден қартайған шағында да “папаша Гайдн” деп атаған. Империяның ең бай адамдарының бірі, князь Эстергазидің муыканттары үшін 30 жыл бойына ол “папаша” болды. Оны өзінің ұстазы санаған Моцартта Гайднды “папаша” деп атаған.

1791 жылы қарт князь Эстергази қайтыс болды. Оның мұрагері музыканы ұнатпағандықтан, капелланы қажет етпеді. Ол музыканттарды таратып жіберді. Алайда бүкіл Еуропаға даңқы шыққан Гайдн оның капельмейстері болып қалуы үшін жас князь оған зейнетақы тағайындады. Өмірінің осы соңғы кезеңі Гайдн үшін ең бақытты жылдар еді. Композитордың еркі өзіндеболып, сапарға шығып, концерттер беріп, өз шығармаларына дирижерлік жасай алды, жаңа музыкаларды тыңдады. Гендельдің ораториясының әсерімен оның терең мазмұнды туындылары - “Әлемнің жаратқаны” («Сотворение мира»)және “Жыл мезгілдері” («Времена года») ораториялары жазылды. Гайдн өмірінің ақырғы жылдары Венаның шет жағында тыныштықпен өтті. Гайдн 1809 жылы қайтыс болды.


Общая информация

Номер материала: ДВ-511126


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Администратор гостиницы»
Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс повышения квалификации «Интеллектуальная собственность: авторское право, патенты, товарные знаки, бренды»
Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Стратегическое управление деятельностью по дистанционному информационно-справочному обслуживанию»