Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Классный час "Абай тағылымы ұрпаққа үлгі"

Классный час "Абай тағылымы ұрпаққа үлгі"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Қызылорда облысы

Сырдария ауданы

35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі Жұмабекқызы Айжан

hello_html_m51b7874a.gif




Тәрбие сағатының тақырыбы: Абай тағылымы – ұрпаққа үлгі

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы ақын мұрасы арқылы, оның толық адам туралы тағылымы негізінде оқушыларға адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжадылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Абай тағылымы негізінде олардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына түрткі жасау.

Көрнекілігі: «Абай – дана, Абай – дара қазақта» слайд, кітап көрмесі, нақылға айналған сөздері, қара сөздері.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Негізгі бөлім

«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.


Азиза. Біреулерге болғанмен айдала,

Басын иіп иәу етеді бар дана.

Ұлы Абайды дүниеге әкелген,

Құдіретіңнен айналайын сардала.


Мұғалім: Балалар, біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді. Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның ең бастысы, біздер үшін әдептілік.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан, - деп Абай атамыз айтқандай, кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата-анаңның, Отаныңның мақтаны боласың.


Бейбітгүл. Парасатты болып туған,

Шыңғыстаудың Абайы.

Ән мен жырын мұра қылған,

Сарыарқаның Абайы.

Нақылымен сана құйған,

Қазағымның Абайы.

Ақылымен дана болған,

Бүкіл әлем Абайы.

Арнұр. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.


Н.Ақниет. Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп жырлапты жыр алыбы Жамбыл.

Даниял. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.


Нұрдәулет. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.


Аниса. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған.


Махаббат. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында орыстың Приходная школасында үш ай орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел жұрты Абайды би етіп сайлайды.


Сәбира. Абай ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.

Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боларсың елден бөлек, - дейді Абай ата.


Ақжібек. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралды. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.


Дильназ. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай, Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған.

  • Абайдың шығармаларының мазмұны мен мәні қандай екенін тыңдап көрелік.


Ж. Ақниет. Абайдың мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамдардың өзара қарым-қатынасы, әсіресе жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл ұлы ұстаз Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы сол халықтың еңбексүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен болжады. Еңбекті Абай байлықтың, молшылықтың көзі санады. Жастарды еңбекке шақырды.

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін тасатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болады аларман, - деп ол кезіндегі еңбек етпейтін жастардың осындай жағымсыз мінездерін сынады.

Абай даналығы «Еңбек ет те, мал тап» деген ақылға саяды. Тек еңбек, еңбекқұмарлық халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.


Айшат. Абай өз жасында ғылым оқи алмай қалғанын арман етіп жазған өлеңі:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жетке соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Осы өзінің өкінгенінен балаларын мектепке оқуға береді. Ол баласын мақтан етсін, мал тапсын деп емес, бір ғана ғылым үшін бергенін:

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, дейді. Алдына мақсат қойған адам түбінде бір сол мақсатына жететініне сенеді.

Ғылым болмай немене,

Балалықты қисаңыз...

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз, - дейді. Ғылымның қажеттілігіне көз жеткізу үшін оның тигізер пайдасын да қалдырмай айтады.


Даниял. Абай адамгершілікті, әділеттілікті ең негізгі моральдық ұстаным ретінде поэзиялық-тәрбиелік туындыларында да, қарасөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.

Ол он жетінші қарасөздерінде қайрат, ақыл, жүрек үшеуін айтып, ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Бірінші – жүректің сезгіштігі. Мұның өзі көрегендік екендігін түсіну қиын емес.

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқан кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,

Алдың – жалын, артың – мұз,

Барар едің қай жаққа? – дейді ақын «Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде.Сөйтіп ол әділеттік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.


Нұрсерік. Досыңа достық қарыз іс

Ойға түстім, толғандым,

Өз мінімді қолға алдым,

Мінезіме көз салдым,

Тексеруге ойландым, - деп нағыз адам әрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте, келешекке үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды.

Абайдың «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды, білгені, көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген он тоғызыншы сөзін негізге ала отырыпәр адам өсіп жетілгеннен кейін білім, тәрбие арқылы дүниетанымын дамытып, өз ойын, өз көзқарасын жеткізе білуі қажет.

Халық қамын ойлаған Абай бірлікке шақырады. Кейбір құрбылардың достығын сынайды.


Мұғалім: Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдылардан аулақ болуға үйретеді.


Шұғыла. Тегінде адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озық. Одан басқа нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. (он сегізінші қарасөзі)

Назым. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме? (жиырма бірінші қарасөзі)


Мұғалім. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты жазған қандай өлеңдері бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»)

Абайдың өлеңдерін жатқа оқу.

  1. «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

  2. «Адам болам десеңіз»

  3. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Абай атамызға арналған өлең шумақтарын оқиық.


Нұрай. Абай атам – данышпан, ұлы ақын,

Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.

Елін, жерін, Отанын әнге қосып,

Өлеңімен жырлаған халқын жақын.

Орыс халқы мақтанса Пушкинменен,

Абай атам – ұлы ақын, еңбегі ерен.

Қос ақынның оқысаң өлеңдерін,

Махаббатың артады елге деген.


Нұралы. Ата сөзі – қазақтың бойтұмары,

Оқысаң, ашылады ой тұманы,

Қиналсаң ақыл қосып ақылыңа,

Жырларында жанашыр ой тұрады.

Қазаққа бөлек екен Абай орны,

Талапшыл, қанағатшыл, терең ойлы.

Өнер – білім, ғылымды қадірлеумен

Қазақ елін ақиқат жолға қойды.


Абайдың әндерін айтып, үйрену.

  1. «Желсіз түнде жарық ай»

  2. «Көзімнің қарасы»

ІІІ Қорытынды

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адалдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге (С. Торайғыров)

Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артынан өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кеткен ақынның өз сөзімен айтсақ:

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...






Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров128
Номер материала ДВ-385165
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх