Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Классный час "Ана өмір шырағы" (2 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Классный час "Ана өмір шырағы" (2 класс)

библиотека
материалов

Павлодар облысы,Баянауыл ауданы Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Б.Қосдаулетова

«Ана - өмірдің шуағы»


Мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген

сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Ана

жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен

әжелерді мерекемен құттықтау, оқушыларды білімге,

мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата – анаға

деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.


Сабақтың көрнекілігі: безендірілген гүлдер, интербелсенді тақта


Сабақтың барысы:

Кіріспе.

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны өзінің көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір – қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ.Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі - далада» демекші, өзінің перзенттікборышын ұмытқан, сөйтіп ата – анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

Ана - өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлды шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтімен дариды. Ана - ұлы адам, Ана – құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

Құрметті асыл аналар, қыз қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Ардақ Наурызгүлдің орындауындағы «Ертегілер» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:

«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Ал енді балаларға бірнеше сауал қояықшы:

1. Ең асыл жан кім? (Ана)

2. Қызығыңды да бұзығыңды да көтеретін кім? (Ана)

3. Үнемі жаныңда періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? (Ана)

4. Сонымен бүгін қандай мейрам? (Аналар)

5. Осындай үлкен мейрамда аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме? (Иә)

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.

Жүргізуші: Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана! – Динараның орындауында ән: Мама.

Ойын:

Жүргізуші: Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Анады да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- Динара мен Наурызгүлдің орындауында ән:Балалық шақ.

Ойын: «Анашым» сөзіне сөздер құрыстыру.

Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Динараның орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

Ардақты аналар, аяулы апайлар, ақкөңіл жеңгейлер, қылықты қыздар, әрқашан да сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер! Мейірімді жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Осымен біздің 8 – наурыз мерекеге арналған
сынып сағатымыз аяқталды сау саламат болыңыздар!!!












Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров160
Номер материала ДВ-186325
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх