Инфоурок Другое Другие методич. материалыКлассный час: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

Классный час: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

Скачать материал

Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға халқымыздың ізгі-қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру;

1.     Білімділік: білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру.

2.     Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

3.     Дамытушылық: ата мұраны, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, этика-эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.

Сабақтың түрі: ұжымдық

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, бәсеке

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар,төсбелгілер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1)    оқушыларды, бөлмені сабаққа дайындау;

2)    қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.

    1) Топқа бөлініп, әркім өзі үшін және топ пен сынып үшін ұпай   жинайды.

    2) Сынып мониторингі жазылып ең озат оқушы мен ең әлсіз оқушыны

   анықтаймыз, сонымен қатар алғыр сыныпты байқаймыз.

3)    Тақырыбымызға сай әдептілікті ұстанып, ата-бабамыздың салт-дәстүрін біле отырып, оны келешекте жалғастырушы азамат болу керек.

     4) Сабақтың ұстанымы: “Тобымызға үлес қосу үшін белсенділік көрсету”

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру және сұрау.

1)    оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексеру;

2)    10 сұрақтан тұратын тест жұмысын алу. жауабы: (ВАС)

ІV. Жаңа тақырыппен жұмыс.

-Оқулықтарыңды ашып жаңа сабақтың тақырыбы мен жоспарымен таныстыру..

1.     Қазақтардың қонақжайлық қасиеті және өзара көмек жөніндегі әдет-ғұрыптар.

2.     Әдептілік пен сыпайылық әдет-ғұрып.

3.     Жасы үлкендерге құрмет көрсету.

4.     Тамырлық әдет-ғұрып.

5.     Қоныс таңдау әдет-ғұрпы.

6.     Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

7.     Бата беру.

8.     Бала тәрбиесі.

         - Сендер бүгінгі сабаққа қонақтар келеді деп  жақсылап дайындалып келдіңдер. Сабақты осы аталған жоспарлар негізінде әр түрлі тапсырмалар орындап, сендердің сабаққа дайындалып келгендеріңді көреміз.

- Салт-дәстүрді дегенді қалай түсінесің?  Дәстүр латынша жапсыру, жалғастыру-тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.

- Әдет-ғұрып деген не? Әдет-ғұрып дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт-сана.

- Екеуінің айырмашылығы неде?

- Қай уақытта қалыптасқан?

- Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты зерттейтін ғылымды не дейді?

- Ал археология нені зерттейді?

-Н.Назарбаев  өзінің халыққа ұсынған “Қазақстан -2030” ұзақ мерзімді еңбегінде Қазақстанның 8 артықшылығын көрсеткенде, соның біреуі “қазақстандықтардың байсалдығы мен төзімділігін, олардың кеңпейілдігі мен ақжарқындығын” атаған. (Қазақстан-2030, 16 бет)

-Енді оқулығымызды жауып, жоспар бойынша тапсырмалар орындаймыз.

№1 тапсырма. Қонақжайлылық пен өзара көмек. Әр топқа ортақ сұрақ таратылып беріледі.

А) Қазақтың қонақжайлығын неден көреміз?   (1-топ)

Ә) Қандай жағдайларда қонаққа шақырған?  (2-топ)

Б) Қазақтарда қиын-қыстауларда қандай көмек берген?  (3-топ)

В) Қазақтарда бір-біріне өзара қандай жәрдем беріп тұрған?   (4-топ)

С) Бұларды орындамаған жағдайда қандай жаза берген деп ойлайсыңдар?  (5-топ )

- Қонақ келгенде қалай күтеміз? Оқушылардың әдепті болу мен мәдениетті сөйлеуін, сөз тосуын, жауап тыңдай білу керектігін еске салу.

№2 тапсырма. Әдептілік пен сыпайлылық. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Берілген сөздердің мағынасын ашады.


1.     Амандасу                                                        

2.     Ат қою

3.     Базарлық

4.     Байғазы беру

5.     Сарқыт

6.     Сәлемдеме

7.     Сүйінші

8.     Ажырасу аяқ

9.     Кіндік шеше                                    

10. Үлкенге құрмет

11. Кім қалай аталады?

12. Соғым

13. Қалау

14. Сыбаға

15. Сый-сияпат

16. А



№2 тапсырма. Тамырлық әдет-ғұрып. Оқулықтан тақырыпшаны оқып, әңгімелеп беру. Ауызша қалау бойынша оқушылардан сұрау.

-Кім бұл тақырыпты “3” –ке жауап беремін дейді?

-Кім бұл тақырыпты “4” –ке жауап беремін дейді?

-Кім бұл тақырыпты “5” –ке жауап беремін дейді? Қалаған оқушы айтады, көп оқушы қол көтерген жағдайда ең ұпайы аз оқушы айтады.( Бұнда оқушының өз - өзін бағалауды көреміз.)

№3 тапсырма. Қоныс таңдау әдет-ғұрпы. Деңгейлік жұмыс.

Қызыл түс-қоныс таңдау деген не?

Жасыл түс-қалай қоныс таңдаған?

Көк түс-жер дауы қалай шешіліп отырған?

№4 тапсырма. Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.                                                                                                                                                                         Қызыл түс-бала туғаннан бастап ретімен салт-дәстүрлерді атаңдар.

Жасыл түс-отбасы мен некеге байланысты әдет-ғұрыптарды атаңдар.

Көк түс- Қазақстанның “Отбасы мен неке заңы” жайында не білесіңдер?

Үй тапсырмасын беріп қою.

1.  Отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер бойынша қазіргі кезбен салыстырып, венн диаграммасын жазып келу;

2. Ұмыт болған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жайында біліп келу.

№5 тапсырма. Бала тәрбиесі. “Сөз сыры” ойыны. Барлық топқа “сөз сырларын” ауызша оқып, оның мағынасын ашып беруді оқушылардан сұрау.

·        “Жібі түзу”-дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгершілігі бар адамды айтады.

·        “Бала өзі өскендей, келін өзі келгендей”-ата-ананы тыңдамаған, сыйламаған жастар туралы осы мақалды айтады.

·        “Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас”- жеке басының қамын ойлайтын, өзімшіл адамды халық қадірлемейді. Бұл нақыл адамдарды бірлікке, бірін- бірі сыйлауға тәрбиелейді.

·        “Қызға қырық үйден тыю”- кез келген үйге бара беру, қонып қалу ұят, негізінен ибалы да нәзік ақылды болуға тиіс қазақ қызына аса лайықсыз қылық

·        “Әншейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас” –жай күндерде білгішсініп, ал нағыз сөз айтатын кезде міңгірлеп қалатын адамға халық осылай анықтама берген.

№6 тапсырма. Бата беру. Бұрынғы заманда халық ізгі тілек, ақ бата арқылы мақсат-мұратқа жетуге болады деп сенген. Сондықтан халық “батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді” деп даналық сөздері арқылы тұжырымдай отырып, үлкендерден бата алуды мұрат санаған.  

Оқу оқып, ғалым бол,

Жанған оттай жалын бол.

Атың шығып халыққа,

Затыңменен мәлім бол!

Әділ шешер әр істі,

Ақылың асқан дана бол!

Қорытынды. Сабақты бекітіп, оқушылардың жинаған ұпайлары бойынша ең алғыр оқушы мен ең әлсіз оқушыны анықтау, қай топ жеңіске жеткенін жинақтап, оқушыларды бағалау.

                                         Қосымша салт-дәстүрлер.

“Қой басты” еретеде киіз басушылар, киіз тебу, пісіру кезінде оны үй арасында домалата жұріп, бір үй тұсына келгенде “қой басты” деп айқай салады, үй иесі киіз басушыларға құрт, май, шай, немесе қой сойып, дастарханға шақырып тамақ берген.

     “Шарғы” деген дәстүр өзіне таяу сіңілісіне басындағы орамалды ұзатылған қыз береді. Бұл ендігі кезек сенікі деген мағына екен.

    “Біз шаншар” салты “жаушы” орнына жүреді екен. Бұрындары ақсақалды кісілер бір топ ер азаматтар бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды. Ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп, аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы тұрған бізді тауып алады. Бұл “бізде ұл бар, сізде қыз бар, құда болайық” дегенді білдіреді екен.

    “Қап қағар” –қыс аяқталып, көктем басталғанда ет сүрленіп, азая бастайды. Ол ет қапта болады. Сол кезде ет асылып, аздап адам шақырылады. Бұл дәстүр “ ет қайтар” деген ұғымды білдіреді, ал қаптың ең соңғысын асып, бөліп жейді.

   “Наурыз төлі” төл басы ретінде қараған, төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға бермейді. Мұндай мал тек қызығына, тойына сойып, ырым еткен.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час: Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға халқымыздың ізгі-қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт-дәстүрлерді бойларына сіңіру;

  • Білімділік: білім деңгейін көтеру, жетілдіру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақты білімді болуға, салт-дәстүрді құрметтеуге, сақтауға, қонақ қарсы алуға, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: ата мұраны, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, этика-эстетикалық талғамдарын арттыру, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.

Сабақтың түрі: ұжымдық

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, бәсеке

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар,төсбелгілер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушыларды, бөлмені сабаққа дайындау;
  • қонақтарды қарсы алу.
  • Тақырыбымызға сай әдептілікті ұстанып, ата-бабамыздың салт-дәстүрін біле отырып, оны келешекте жалғастырушы азамат болу керек.

ІІ. Сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.

1) Топқа бөлініп, әркім өзі үшін және топ пен сынып үшін ұпайжинайды.

2) Сынып мониторингі жазылып ең озат оқушы мен ең әлсіз оқушыны

анықтаймыз, сонымен қатар алғыр сыныпты байқаймыз.

4) Сабақтың ұстанымы: “Тобымызға үлес қосу үшін белсенділік көрсету”

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру және сұрау.

  • оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын тексеру;
  • 10 сұрақтан тұратын тест жұмысын алу. жауабы: (ВАС)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 567 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2018 999
    • DOCX 22.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажигалиева Райхан Турганбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1451
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции