Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыКлассный час " Қазақ хандығына 550 жыл"

Классный час " Қазақ хандығына 550 жыл"

Скачать материал

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл»

 

 

Сабақтың  мақсаты

Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімдерін тереңдету.   Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына  550 жыл болған осы хандықтың тарихын білуге үйрету.

Оқушылардың тарихи –танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін  дамыту. Қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже:

Қазақ елінің тарихын терең білу,тарихи тұлғаларды  мақтан ету, құрметтеу, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу,өмірде қолдана алу.

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады.

Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады.

Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады.

Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, суреттер,карта.

“ Өз  тарихын  білмеген  халық, өзін  де  сыйламайды”.  (Н.Ә.Назарбаев)

Барысы:

       Кіріспе:    «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты  сайысымызға қатысушы оқушылар   қош келдіңіздер.

     Тоғжан 10 сынып оқушысы:

   Қазақ хандығы — бүгінгі  Қазақстан  Республикасы  мен  көрші аймақтардың  территориясында  1465-1847  жылдар  аралығында  құрылған мемлекет. Қазақ  хандығы  Еділден  Жайыққа  дейінгі территорияны, Сырдария  мен Амудария  өзнедерінің  аралығын,  Хорасан  жерін  қамтыған.

       Қазақ  хандығының  мемлекеттік  құрылымы  дала  демократиясына негізделген  монархияға  негізделген.  Мемлекет  басшысы - хандар  саяси  билік жүргізетін.  Олар  төре  тұқымынан  шыққан  сұлтандар  арасындағы  таңдау негізінде сайланатын.

Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы.

      1465 жылдары  Керей  мен  Жәнібек  Әбілхайыр  хандығынан  бөлініп  шығып, Шу мен Талас  өзендерінің  арасындағы  аймаққа  орналасып,  қазақтың  туын көкке  көтергені  тарихтан  аян.  «Қазақ»  деп  ұран  тастағанда  рухы  көтеріліп, намысы  оянған  барлық  қазақ  тайпалары  түгел  жиналып,  Қазақ  хандығының іргесін  қалағанын  баршамыз  білеміз.  Әлбетте,  одан  кейін  тағдыр  сан  түрлі сынаққа  салды  бізді.  Үш  ғасыр  тарихымызбен  ар – ожданымыз  табанға тапталды.  Түрлі  нәубетті  бастан  өткердік.  Бірақ,  мың  өліп  мың  тірілген  қазақ ақыры  азаттығын  алды.  Ал,  Қазақ  хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық  сыйлаған  бабаларға  деген  құрметіміз  деп  қабыл  алыңыздар.
Мақпал:

Түріктің  бір  бұтағы  қазақ  еді,
Қайсар  мінез,  өр  еді,  ғажап  еді.
Жәнібек,  Керей  хандар  басын  қосып,
Өмірге  келген  еді  қазақ  елі.
Алтай  мен  Атыраудың  арасында
Жетісу,  жеті  өзеннің  сағасында.
Бірігіп  Ұлы,  Орта,  Кіші  жүз  боп,
Хандық  құрды  қазақ  өз  даласында.

   Мұғалім:  Елбасы  2015  жыл — ұлттық  тарихымыздың  ұлықталатын  жылы  екенін  еске салды.  Мәселен,  2015  жылы  Қазақ  хандығының  550  жылдығын,  Қазақстан халқы  Ассамблеясы  мен  Конституциямыздың  20  жылдығын,  Ұлы  Жеңістің  

70 жылдығын  атап  өтудеміз

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

I-топ: 9 «Ә» сынып оқушылары: «Хандар» тобы.

II-топ: 9 «А» сынып оқушылары: «Ата заң» тобы.

ІІІ-топ: 10  сынып оқушылары: «Қазақстан» тобы.

 

(Әділ-қазы алқасын сайлау)

Сайыстың  кезеңдері:

·        «Таныстыру» сайысы. Әр топ өз атын қорғайды.

·        «Білімділер»   сайысы. Әр топқа қазақ хандығының құрылуы жайында сұрақтар беріледі.

·         «Шешендер»  сайысы. Топтпрға тақтада әр түрлі сөздер беріледі. Топтық  жұмыс жүргізу  арқылы  сөздердің  мағынасына  қарай  мәтін  құрастыру.

·        «Ой қозғау» сайысы. (Ассоциация). «Алаш», «Қазақ»  сөзінің мағынасы туралы айтады. сөзінің мағынасы туралы айтады.

·        «Ойлан,тап!» сайысы. Суреттегі хандардың кім екенін анықтау.

·        «Шығармашылық тапсырма».

І тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында шағын шығарма жазу.

II тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында постер (плакат) қорғайды.

·        Қорытынды.

 

І кезең: «Таныстыру» сайысы. Әр топ өз топтарының атын және төсбелгісін қорғайды.

 

ІІ кезең: «Білімділер»   сайысы. Әр топқа қазақ хандығының құрылуы жайында сқрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

Сұрақтар:

1.     Қазақ хандығының құрылуы екі мемлекеттің ішкі саяси жағдайына байланысты болды. Ол мемлекеттер: 

(Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан)

2.     Қазақ  халқының  Жәнібек  пен  Керей бастаған бөлігінің Шығыс Дешті Қыпшақтан  Моғолстанға  көшуі  қай  ғасырда  болды?

(XV ғасырдың ортасы)

3.     Қазақ халқының  Жәнібек  пен  Керей  бастаған  бөлігі  қай  хандықтан бөлініп кетті?

(Әбілхайыр хандығынан)

4.     Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан қайта көшті?

(Моғолстанның батыс аймағына)

5.     Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы.

(«өзбек-қазақтар»)

6.     XV ғ. 50-70жж. Керей мен Жәнібек хандарға қосылған адам саны.

(200мың)

7.     Моғолстан билеушісі  Есенбұға  Жәнібек  пен  Керей  одағына  ене отырып, олардың  көмегімен  неге  үміттенді?

(өз шекарасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге)

8.     Керей  мен  Жәнібек  бастаған  қазақтарды  қолдаған  Моғолстан  ханы.

(Есен Бұға)

9.     Қазақ  жеріндегі  ру - тайпалардың  XV ғ. басында  басқа  хандықтарға  ауа көшуінің басты мақсаттары.

(ру-тайпалармен бірігу,тыныштықта өмір сүру үшін)

10.  XVғ. жаңадан құрылған Қазақ хандығының билеушілерінің алдында тұрған міндет.

(Қазақ тайпаларының басын қосып,этникалық аумағын біріктіру)

11.  Қазақ  хандығы  қай  ғасырда  құрылды?  

(XV ғасырдың ортасы)

12.  Қазақ  хандығы  құрылуы  жайында  жазған  тарихшы.

(М.Х.Дулати)

13.  М.Х.Дулатидің  жазуы  бойынша  Қазақ  хандығы  қашан  құрылды? 

(1465-1466жж.)

14.  Қазақ  хандығының  негізін  салушылар.

(Жәнібек пен Керей)

15.            Жәнібек  ханның  шын  есімі.

(Әбусаид, халық  Әз-Жәнібек деп атаған)

16.  Қазақ  хандығының  алғашқы  құрылған  кездегі  территориясы.

(Шу мен Талас өзендері маңы)

17. Алғашқы  Қазақ  хандығы  құрылған  жер.

(Жетісу)

18.  Қазақ  хандығының  ұлттық  туы  тігілген  жер.

(Қозыбасы)

19.  Хандықтың  нығаюымен  байланысты  кімдерге  қараған халықтың бәрі қазақтар деп атала бастады? 

(Жәнібек пен Керейге)

20.  XV ғасырдың соңына қарай Қазақ хандығының құрамында қалған қалалар.

(Созақ,Сығанақ)

21.  Қазақ  хандығы  қай  жылдары  құрылды? 

(1465-1466жж.)

22.  1470  жылы  Керей  хан  бастаған  қол  шабуыл  жасаған  қала.

(Түркістан)

23.  XV ғасырдың аяғына Қазақ хандығының негізгі қарсыласы.

(Мұхаммед Шайбани)

24.  XV ғасырдың соңында  Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің  себебі.

(Сырдария қалалары үшін)

25.  XV ғасырдың  70 ж. Қазақ  хандарының  басып  алған  жерлері.

(Сырдария мен Қаратау өңірі)

26.  Жетісу  жерінде  XV ғ. II ж  қандай  хандық  құрылды? 

(Қазақ хандығы)

27.  Қай жылы Қерей мен Жәнібек Сыр бойындағы қалаларға щабуыл жасады?

(1470ж)

28.  Керейдің ұлы кім?

(Бұрындық)

 

ІІІ кезең: «Білімділер» сайысы. Топтарға тақтада әр түрлі сөздер беріледі. Топтық  жұмыс жүргізу  арқылы  сөздердің  мағынасына  қарай  мәтін  құрастыру. Дұрыс жауап он ұпаймен бағаланады.

 

Керей

екі

ұлы

хан -

қалаушы

хандығының

алғашқы негізін тұлғаның болатын.

қазақ

Қазақ

Тарихи

 бірі,

ханы

 

Жауабы:  Керей  хан – Қазақ  хандығының  негізін  қалаушы  ұлы  екі  тарихи тұлғаның  бірі,  алғашқы  қазақ  ханы  болатын.

 

ІҮ кезең: «Ой қозғау» сайысы. (Ассоциация). «Алаш», «Қазақ», «Қозыбасы»,  «Құрылтай», «Шежіре» сөздерінің  мағынасы туралы айтады. Әр топқа үлестірме қағаздар беріледі. Дұрыс жауап бес ұпаймен бағаланады.

 

Ү кезең: «Ойлан,тап!» сайысы. Суреттегі хандардың кім екенін анықтау.

Тақтада әртүрлі түстермен ұяшықтар берілген. 10, 20, 30, 40 сандарын таңдап, сол ұяшықта берілген суретті тұғаның кім екенін анықтау. Дұрыс жауап ұяшық санымен бағаланады.

Бірінші баған: 10- Абылай хан, 20- Жәнібек хан, 30- Керей хан, 40- Кенесары хан

Екінші  баған: 10- Әбілқайыр  хан, 20- Қасым  хан, 30- Есім  хан, 40- Әз Тәуке  хан

Үшінші  баған: 10- Жәңгір  хан, 20- Тәуекел хан

 

ҮІ кезең: «Шығармашылық тапсырма». Тақтада екі тапсырма берілген, сол тапсырманың бірін таңдап орындайды және қорғайды.

І тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында шағын шығарма жазу.

II тапсырма: «Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл» тақырыбында постер (плакат) қорғайды.

 

ҮІІ кезең: Қорытынды:   Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаев  «Өз  тарихын білмеген  халық,  өзін  де  сыйламайды»  деген.  Сондықтан  әр  қайсымыз  өз  еліміз  тарихын  әрқашанда  жадымызда  сақтап,  мақтан  етейік.
Көк  аспан  түсіндей  желбіреп  байрағы,
Бір  мүдде  бір  мақсат  алдына  қойғаны.
Көк  түрік  отаны  бүгінгі  қазақтың,
Тәуелсіз  мәңгілік  ел  болу  арманы, -  деп  сайысымызды  аяқтаймыз. Келгендеріңізге  рахмет.

Әділқазылар  сайыста  жеңімпаз  топты  анықтап,  марапаттайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час " Қазақ хандығына 550 жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2015 717
    • DOCX 50.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каратаева Багила Кажмухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каратаева Багила Кажмухановна
    Каратаева Багила Кажмухановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 20849
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Основы управления проектами: от концепции к реализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе