Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Классный час «Cен және сенің құқықтарың»(7 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Классный час «Cен және сенің құқықтарың»(7 класс)

библиотека
материалов

«Cен және сенің құқықтарың»

Мақсаты:

1.Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру.

2.Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру

3. Заңдарды сыйлап,өз құқығын қорғауға тәрбиелеу

 

Қолданылатын көрнекіліктер:ҚР Конституциясы, Бала құқықтары туралы Конвенция, интербелсенді тақта арқылы слайдтар,ертегілер, жағдаяттар т.б.

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық

б) Ой шақыру сұрақтары

ІІ.Негізгі бөлім

1. Ата заңымалтын заңым.

а) «Бәріміз біргеойыны

б) Өмір, денсаулық, бостандық.

2. Менің отанымҚазақстан.

«Сен білесіңбе?»

«Сөз шебері»

«Кім жылдам

Жұмбақ шешу

Ситуациялық жағдайлар

III.Қорытынды

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Психологиялық дайындық.

Мұғалім:

Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып, терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз?

Әрине, күнді, күннің нұрын көреміз. Егер күн жарқырап, нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз?

Қуан шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін! (балалар хормен айтады)


2) Ой шақыру сұрақтары

а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?

ә) Партада кіммен отырдың?

б) Білім туралы кім қандай мақал біледі?

в) Қазір қай мезгіл?

г) Желтоқсан айы қай мезгілге жатады?

д) Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

- Дұрыс. 1 – желтоқсан президент күні

16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні

ж) 30тамыз - Конституция күні




Мұғалім:

- Әр елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болады. Егемендігіміздің белгілерінің бірі – ол мемлекеттік рәміздер.

«Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл Қазақ ,

сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» -деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар.

- Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.

Конституция - еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы байыпты да, парасатты кітап. Конституцияны мұқият оқып үйренген жөн. Өйткені онда жазылған заң талаптарын өзімізде байқай берместен, күн сайын қолданып отырамыз. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Ата заңым, алтын заңым-ардағым,

Аялаған азаматтың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың – дегендей, Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек:


Ерасыл:

Халықтың ақ тілегі,
Ізгіліктің бастауы,
Ата заң бұл киелі.
Еліміздің бас заңы.
Түзілген өн бойында.
Әділдіктің ақ жолы!
Нұр боп жансын жолында,
Самға, біліп алда оны!


 Енді заңдағы баптарға сөз береміз.

Ұлан:
2 - бап. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған.
Елімнің бар президенті.
Ол - Нұрсұлтан Назарбаев.

Айдана:
13 - бап (3). Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Әділ заң еңбек желісін
Бағалар ерлер жеңісін
Адамның еркін айқындап Қызмет етер ел үшін.

Қуан:
14 - бапЗаң алдында жұрттың бәрі тең.
Бұл заңда жеңіс даңқымыз.
Салтанат құрған салтымыз
Сүйеніш, қамқор қорғаушы
Сүйеді заңын халқымыз.

Ақбота:
75 - бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Шыр етіп жерге түскенде,
Жұтқаным ауа, таза леп
Жер - Ана сенің қойыныңда Өмір сүремін керемет.


Дана:
5 - бап. Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ!
Ата заңым,
Шындығымның шырайы.
Бақытымның күн, айы
Қамқор болып бөбекке
Қолын созған ұдайы.

Мөлдір:
12 - бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі.
Қорғар бәле - жаладан
Ата заң бұл ардақты.

Орал:
19 - бап. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!

Жәнібек:
24- бап. Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар.
Еңбексіз адам гүлдемес,
Білімсіз адам түк емес.
Еңбек пен білім ұштасса,
Тынығарсың бір белес.

Үміт:
27 - бап. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы.
Тәртіпті егер болсаң сен,
Жақсы көрер ұстазың.
Ата - анаң мен мектебің
Өнеге болар ұстамың.

Мерей:
29 - бап. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Ата заңым!
Шаттығымды қорғайды,
Пәктігімді қолдайды.
Ар атынан айтқан соң,
Денсаулықты ойлайды.

Аружан:
30 - бап. Азаматтардың, тегін орта білім алуына, жоғары білім алуына құқығы бар.
Кітапты алып қолыңа,
Біліммен енді достастың.
Жаз бойы күнде ойнаған,

Алаңмен бүгін қоштастың.
Оқудан қалма, күнде бар,
Тапсырма берер, тапсырма.
Ұстазыңа адал бол,
Достарыңа жатсынба!
Ынтымақ, достық, тыныштық.
Туыстық бізге тым ыстық
Бейбіт өмір белгісі -
Күлімдеп шыққан күн ыстық.
Оқы да білім ал деген,
От бол да, мәңгі жан деген.
Ата заңым менің,

Еңбек ет, еркін жүр деген.
Асыр сап ойнап күл деген,
Ата заңым менің.
Қорғаған аспан күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата заңым менің,


Айша:
Құптаған көңіл қоштығын.
Ұлттардың берік достығын,
Ата заңым менің.
Тәуелсіз еркін ел бүгін,

Талай жыл күткен теңдігім.
Ата заңым менің.
Санама құйған сан нұрын,
Бақытыма бағым, тағдырым
Ата заңым менің.





Мұғалім:

- Олай болса, бірлесіп «Бәріміз бірге!» ойынын ойнайық.


1) «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)

а) Біздің мемлекет – ҚР.

ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

б) Мемлекеттік рәміздеріміз –ту, елтаңба, әнұран.

в) Елорда – Астана.

г) ҚР кім басқарады? – Президент.

д) 1 желтоқсан - Президент күні

е) 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні

ж) 30тамыз - Конституция күні


Мұғалім: Өмір, денсаулық, бостандық туралы айтайық

1 – оқушы Дана

- Адамға не қымбат? – Өмір

15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.


2 – оқушы Абай

Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.


3 – оқушы Ерасыл

Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принциптер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт

4 – оқушы Жәнібек

Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым - қатынасқа қойылатын талап

5 – оқушы Дана.Ж.

Құқық - қоғамдағы адамдардың өзара қарым - қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым


6 – оқушы Үміт

Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси - құқықтық акт.

7 – оқушы Алинұр

Мораль - адамның іс - әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т. б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.

8 – оқушы Әли

Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.


9 – оқушы Аружан

Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20 - қарашасында «Балалар құқықтары туралы конвенция» қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.


10 – оқушы Айдана

- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

- Мемлекет әрбір баланың аман - сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді.


11 – оқушы Назира

- Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

- Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы

- Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы


12 – оқушы Жұлдызай

Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттері:

1. Әрбір оқушы ҚР -ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,

2. Басқа адамның құқықтарын, ар - намысы мен қадір - қасиетін сақтауға,


13 – оқушы Айым

1. Табиғатты қорғауға

2. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті


14 – оқушы Қуан

Отанның, ел - жұртыңның мақтаны бол,

Алды бол қатарыңның бұл өмірде


Сен білесіңбе? 


Бұл турда  Ертегілер еліне саяхат жасай отырып, Бала құқытары туралы Конвенцияның баптарымен таныстыру үшін саяхат айналымын өткізбекпіз.Балалар, Конвенцияда қаралған құқықтарың жөнінде біршама түсініктерің болуы керек. Енді мен сендерге өздерің білетін ертегілерден үзінді оқимын, сендер Конвенцияда қандай құқығымыз туралы айтылғандығы жөнінде түсінік бересіңдер.

Бар екен де жоқ екен

Ерте, ерте, ерте екен

Ешкілері бөрте екен

Қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен

1.«Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда  қандай құқық көрсетілген? Баланың құқығы бұзылды ма? (Ия, 37 бап азаптау жәнек бас бостандығынан айыру)

2.«Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырып алған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды, қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай құқығымызды көрсетесіңдер? Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституцияның 18 бабы,Конвенцияның)

3. «Тазша бала» ертегісінде хан жарлығы бойынша жетім өскен Тазша бала тапқырлығымен қырық «өтірік әңгіме» айтып, өлең құрастырып халқын, ханын риза қылды. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?  Бала құқығы бұзылды ма? (Жоқ, 20 бап,Конвенция 13 бап)

4.«Ұр-тоқпақ» ертегісінде кедей шал Қазбайға жасаған жақсылығы үшін алған «Піс, қазанын»,  «Құс, есегін» Ұр тоқпақтың көмегімен қайтарып алады. Бұл жерде қандай құқық туралы айтасыңдар?  Бала құқығы бұзылды ма? (Ия, Конституция17 бап, Конвенция 2 бап)

 

«Сөз шебері» деп аталады. Бұл турда сендер түсініктер бойынша жасырылған сөзді тауып, анықтамасын бересіңдер.

 

                  Дұрыс жауаптары:

  • Адяиколцре- Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат

  • кемтелем- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы 

  • Оятцкснуит -  Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

  • Ұқыққ   -  мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы.


«Кім жылдам?» ойыны

-Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.

Кім көп мақал-мәтелдер біледі? Олай болса, мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

1.     Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

2.     Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

3.     Ұрлық түбі ... (қорлық)

4.     Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)  

5.     Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

6.     Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

7.     Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)


Жұмбақ( слаид)

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, келім – кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қабылданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

(1991 жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

(Қазақстан – 2030)

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

(екі)


Ситуациялық сұрақтар беріледі.
Мен құқығымды қаншалықты білемін?
1.Сен дүкенге бардың сатушы саған байқамай артық ақша беріп жіберді. Сендер не істейсің?
2.Бір оқушы сыныптасына Ертең 200 теңге әкеліп бересің әкелмесең басқаша сөйлесеміз деді? Сіздер не дейсіңдер?
3.Мектеп оқушысы телефон ұрлады. Сендер не айтасыз?
4.Сыныпта бір оқушы екіншісінің сөмкесіне сызып тастады.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Қорытынды:

Мұғалім:
Отанымыз Қазақ елі әрқашанда тыныштық пен татулықтың
арқасында көк туымыз желбірей берсін !
Ән «Көк тудың желбірегені»







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров159
Номер материала ДВ-439326
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх