Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыКлассный час: "Әдептілік-адам көркі"

Классный час: "Әдептілік-адам көркі"

Скачать материал

                                  Әдептілік – адам көркі

Мақсаты: 1) Мақал –мәтел,өлеңдер үйрету. Олардың мағынасын талдап, пайдасы туралы әңгімелеу;

2) Оқушыларды үлкенді сыйлауға,кішіні ренжітпеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мақал – мәтелдер жазылған плакаттар,суреттер.

Барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі.Осы әдептілік ережесін сақтау керек.

Мысалы, уәде беріп,оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе,үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «әдепсіз екен» дейді.Онымен басқа адамдар қарым – қатынас жасаудан қашады.Оны сыйламайды.Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады.Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі.Автобусқа мінгенде үлкен адамға орын береді.Сөйлескен кезде сен демей, сіз деп сөйлескен жөн.Ол әдептіліктің белгісі болып табылады.

Үйде әжелерің,аталарың « Үлкенді сыйла,әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма,кішкентайларға көмектес» деп үйретіп отырады.Міне, осы ереженің бәрін ұстап,бұзбай жүрген бала – нағыз әдепті бала.Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен әрі ауыр жүк көтеріп келе жатқан адамдарға жол беру қажет.

Даяна:

Ісіңе жұрт сүйінер,

Бала болсаң әдепті.

Дос – жараның күйінер

Таста жаман әдетті.

Осы бастан үйреткен,

Бойыңды аулақ, дара ұстап.

Сырын жаман әдеттің

Біліп ал да дұрыстап.

 

Сабина:

Түйіп зерде,ойыңа

Жастайыңнан ұғып қал.

Үйлеспейтін бойыңа

Қандай жаман қылық бар?

«Бес нәрседен қашық бол!»

Деген Абай атамыз.

Әдепсізге машық сол

Бес жаманды атаңыз.

 

Хантемір:

Өтірік,өсек,мақтаншақ,

Еріншек,бекер мал шашпақ.

Сақтандырған атамыз,

Бес жаман іс,аңғарсақ.

Тамсандырып баршаны,

Аңыз болған көп елге,

Айтыңдаршы, ал қане,

Әдептілік деген не?

Исламбек:

Әдептілік – бұлақтай

Тазалығы арыңның.

Өлшемі – ол сынаптай

Бойындағы барыңның.

Тәрбиенің асқары

Абай атам табынған.

Әдептілік бастауы-

Бес асыл боп табылған.

 

Мансур:

Қанағат,рақым,терең ой,

Талап,еңбек - өркенді,

Бәрі саған керек қой,

Ұлы өмірің – ертеңгі.

Бес асыл іс – бұл арлы,

Үлгі болған ғасырдан.

Қастер тұтып бұларды,

Ардақтап өс жасыңнан.

 

Аяулым:

Бес жаманнан қашық боп,

Армандайық алысты.

Бес асылға асық боп,

Қамшылайық намысты.

Есте ұстап әр уақта

Өсиетін атаның.

Көбейтейік әр уақта

Әдептілік қатарын.

 

Милана:

Ақ көңіл, досшыл боламын,

Аппағы менмін ананың.

Бейбітшіл әрбір досымның

Ісіне мен де қосылдым.

 

І. Сахналық көрініс:

(Ортада дастарқан,қарт ата мен әже шығады).

 

Әжесі: Серікжан-ау,Серікжан! Бері келші,балам!

(Немересі шығады).

 

Атасы:Отыр,балам.Мына әжең екеуіміздің саған айтар сөзіміз бар.Атамыз қазақ «Әдепті бала – арлы бала» деп жатады.Қазақ халқы Баланы «тек» деп өсірген.

Ол – үлкенді сыйла,әдепті бол,жаман әдеттен аулақ бол дегені.

 

Әжесі:Жаман әдетке тиым керек,балам.Ол дегеніміз…

 

Атасы:

Дініңе қарсы келме,

Досыңды өкпелетпе,

Дөрекі сөйлеме,

Дәмге түкірме,

Дастарқанды аттама,баспа.

Әжесі:

Ерді сыйла,

Еліңді ұмытпа.

Еріншек болма,балам.

Есікті қатты жаппа,

Етпетіңнен жатпа.

Атасы:

Зорлықшыл болма,

Иесіз үйге кірме.

Инені тістеме,

Бүйіріңді таянба.

Жалғыз ағашты кеспе,

Таңдайыңды қақпа.

Әжесі:

Қолыңды төбеңе қойма,

Пышақтың жүзін жалама.

Ақты жерге төкпе.

Бөркіңді теуіп ойнама,

Бейітке қарап қолыңды шошайтпа.

Бейуақта жылама,

Басыңды еш шайқама.

Атасы:

Жағыңды таянба,

Жүреңнен отырма.

Босағаны керме,

Үйде отырып ысқырма,

Езуіңді керме.

Нанды табаныңа баспа.

Тізеңді құшақтама,

Қолыңды артыңа ұстама.

Әжесі:

Жұлдыз санама,

Жаманға ерме.

Жаман сөз айтпа,балам.

Жеңілтек болма,

Жағымпаз болма.

Жаман әдеттен аулақ бол, балам.

Атасы:

Жасқаншақ,жасық болма,

Кінәмшіл болма,

Кісі мініне күлме.

 

Әжесі:

Сабырлы,салмақты бол.

Білімді,ойлы бол,балам.

Ата-анаңды сыйла,

Әдепті боп өс,балам.

Атасы:

Біздің осы айтқанымыз әрқашан ойында жүрсін.Осы айтқанды орындасаң өз ортанда кем – қор болмайсың,балам. (Барлығы шығады).

 

ІІ.Ән: «Мен әдепті баламын» хор.

Ақыл әліппесі:

Ырысбек:

Ата-ананың тілегі,

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі,

Адал болып өскенің.

Мәруар:           

Әдептілік дегенің,

Әрқашанда керегің.

Әсемпаздық дегенің,

Әуре сарсаң әлегің.

Ерназар:       

Спортпен айланыс,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс,

Сауық пен кинодан.

Әділет:      

Тәртіпті бала сүеніш,

Төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күініш,

Төмендеп басың кетеді.

Ханым:

Ұрыншақ бала жанында,

Ұрыс пен керіс, айқай-шу.

Ұстамды бала маңынан,

Ұнамды қылық байқайсың.

Анель:     

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында,

Шығарып мақтаймыз.

Еркеш:        

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті деп білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

Кішіпейілділік:

Айша:    

Су құйдым құманмен,

Қолына мен әкемнің.

Содан кейін оған мен,

Орамалды әпердім.

Үлгілі бала:

Айсауле:  

Бақшаны суарып,

Келеді су алып.

Самаурын қайнатып,

Үйде де, түзде де.

Қылығы өнеге,

Ұстазы бізге де,

Ұнайды ол неге?

Арман:        

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ, өзі де

Үлкен болған кезіңде.

Әдептілік әлемі:

Милана:        

Төсегіңді жина өзің,

Жалама аяқ-табақты,

Нанды үгітпе, қадырле,

Саусағыңды сормаған.

Сабина:         

Қарсы ал ерте күн көзін,

Асықпай іш тамақты.

Пышақты ұста оң қолмен,

Қабығымен бәрін же,

Салдыр-салақ болмағын.

Хантемір:      

Салма ауызыңа инені,

Үзбе жұлып түймені.

Ашуланбай долданып,

Жауап бергін ойланып.

Құр бекерге қылқима,

Болмашыға бұртима.

Даяна:       

Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа,

Қыдырып құр қаңғыма.

Анель:     

Сыйла үлкен, кішіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақта көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін.

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

Қазақ биі: Айлана.

ІҮ. «Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен». (Сұрақтарға жауап алу).

Мұғалім:

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу –айқай.

Ербол шықты елеңдеп,

Қағып кетті көршіні

Қапылыста байқамай.

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар:«Кешіріңіз» деу керек.

Мұғалім:

Ерте тұрып,мектепке

Ербол келді сабаққа.

Қарсы алдынан кезігер

Ұстазы оның әр уақытта.

Ұмытты Ербол бұл кезде

Ұстазына не деуді?

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар: «Сәлеметсіз бе» деу керек.

Мұғалім:

Ауыр сумка көтеріп,

Белі кеткен иіліп,

Келе жатты қарт ана.

Ербол қарсы кезікті,

Өте шықты жанынан.

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар:«Көмектесейін» деу керек.

Мұғалім:

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар:«Рақмет» деу керек.

Мұғалім:

Сыйлап үлкен адамды,сәлем берген баланы «Кім дейміз?»

Оқушылар:

Ұқыпты екен бұл дейміз.

Мұғалім:

Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

«Кім дейміз?

Оқушылар: Еңбексүйгіш бұл дейміз.

 

 

Мұғалім:

Өтірік сөз айтпаса,

Уәдесінен қайтпаса

«Кім дейміз?»

Оқушылар:Шыншыл екен бұл дейміз.

Ү. Ән: «Ел басымыз ақиық».  (Алмагүл мен Айлана).

ҮІ. «Жалғастыр» ойыны.

1. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және жалғастырады.

2. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

3. Құстарды атуға болмайды.

4. Кішкене баланы жылатуға болмайды.

5. Қыз баланы ренжітуге болмайды.

6. Сабақтан кешігуге болмайды.

7. Сыныпта айғайлауға болмайды.

8. Үлкен кісіні сыйлау керек.

9. Үлкеннің тілін алу керек.

10.Үлкендерге сәлем беру керек.

11.Аналарды,апаларды сыйлау керек.

12.Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

 

ҮІІ. Қыздарға сөз беру.

1.Сәлем әдептілік белгісі.

2.Сәлемнің сәлемдесу,сәлем беру,сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.

3.Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп,қуанышқа бөленуі.Бір – біріне аман – саулық тілеп, тілектестігін,ниеттестігін білдіру,

әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп,жақсылыққа жарылқауы.

4.Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып,тәуліктің үш мезгілінде де бір – бірімен ақ жарқын амандасуға тиіс.

5.Амандасу – адамгершіліктің,әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

6.Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып,басын изейді.Не болмаса қол беріп амандасады.

7.Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті.Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе,ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді»деген әдеп бар.

8.Жасының үлкендігін міндет етпей,алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді.

9.Сәлем беру – амандық,инабаттылық,көрегендік және мәдениеттілік белгісі.

10.Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа,үлкен – кішіге байланысты емес.

 

ҮІІ: Көрініс: Хантемір мен Ерназар

Ақсақал: Ассалаумағалейкум «Алыстан алты жасар бала келсе,ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» - демекші қалың қалай, балам?

Жігіт: «Келгенше қонақ ұялады,келгеннен соң үй иесі ұялады»деуші еді.келіңіз,төрге шығыңыз,қонақ болып кетіңіз.

Ақсақал: «Қонағын сыйласа, төрге шық» - дегендей төрге шығайын.

Жігіт: «Жат асына қарайды,дос басына қарайды» деуші еді аталарымыз,асқа отырыңыз.

Ақсақал:Ойбай – ау! «Жақсы ас қалғанша,жаман қарын жарылсын».

Жігіт: «Досыңның тамағын қасыңдай іш» демекші ала отырыңыз.

Ақсақал:Ой,рақмет! «Досы жоқ адам,тұзы жоқ тағам» дейді ғой.Алла разы болсын.

Жігіт: «Жылқы кісінегенше,адам сөйлескенше».Осылай таныс- біліс болу да бір ғанибет қой,ата.

Ақсақал: «Мыңның түсін танығанша,бірдің атын біл» дейді атам қазақ.Есімің кім болды,балам?

Жігіт:Есімім Елжас. «Көрген жерде ауыл бар» дегендей келіп тұрыңыз.

Ақсақал:Қонақта кел демек бар,кет демек жоқ» дейді.Қой қайтайын.

Жігіт: «Қонағыңнан алтын алма,алғыс ал»,- демекші,жолыңыз болсын.

Ақсақал: «Алтыға дейін бала ерке,алпыстан кейіншал ерке» деуші еді аталарымыз,сөзімді көңіліңізге ауыр ала көрмеңіз.

Жігіт: «Кәрі,кәрінің сөзі дәрі» дегендей, о не дегеніңіз?

Ақсақал: «Таз таранғанша той тарқар».Қайтайын.

Жігіт: «Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын» дегендей келіп тұрыңыз.

  ІХ. Сұрақ – жауаптар:

    Мұғалім:

1)      Адамгершілік,сыпайылық туралы не білесіңдер?

2)      Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?

3)      Қонақ келгенде бала не істеу керек?

4)      Қонаққа барғанда өзін қалай ұстау керек?

5)      Мектепте,сынып ішінде қалай жүру керек?

6)      Автобусқа мінгенде не істеу керек?

7)      Телефонмен сөйлескенде ше?

8)      Асханада,көшеде адам өзін қалай ұстау керек?

9)      Көшеде кәмпиттің қағазын қайда тастау керек?

10)  Егер де жаныңда тұрған біреудің бір заты түсіп кетсе,сен не істейсің?

 

Х. «Құпия хаттарға» жауап беру:

Оқушылар:Құпия хаттарды ашып,дауыстап оқып,,жауабын ойланып айтады.

1-хат:Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе – көз өтірік айта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

2-хат: Құрметті достар!

Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргенде үй ішін айтып,нәрселерін,қылығын айтып мақтанады.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсы ойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?

3-хат:Құрметті достар!

Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап – ойнап,тапсырмасын орындамай,жазбай келеді.Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем «сен сараңсың» дейді.Мен не істеуім керек?

ХІ. Мақал – мәтелдер сөз беру:

Үлкеннің ақылын тыңдау,сөзге тоқтау,үлкен – кішіні сыйлау – инабаттылықтың көрінісі.

                                                 (Ғабиден Мұстафин)

Аға әдепті болса, іні әдепті,

Апа әдепті болса,сіңлі әдепті.

 

Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

 

Әдеп базарда сатылмайды.

 

Сәлем – сөздің анасы

 

Адам сөйлескенше,

Жылқы кісінескенше.

 

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

                                                                (Абай)

Ағайын – алтау,

Ана – біреу.

 

Жаманға айтқан ақылың,

Далаға атқан оқпен тең.

 

Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы жер – жанның тынысы.

 

Әдептілік ар – ұят,

Тұрпайы мінез,тағы жат.

 

Әдептінің белгісі – иіліп сәлем бергені.

«Сіз» деген - әдеп,

«Біз» деген – көмек.

 

Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

 

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

 

Кіші пейіл болғаннан,

Кішірейіп кетпейсің.

Өр көкірек болғаннан,

Ұлылыққа жетпейсің.

 

ХІІ.Ертегілер мазмұны: «Екі жалқау» және «Сылтаушыл».

ХІІІ. Ойын: «Әдептілік» сөзіндегі әріптерді пайдаланып сөз құрау.

Әдеп,әдепті,кілт,ілді,епті,тілек,әлек,депті,ет,тіл,әлді,кел,келді,іл,елік,тік,тек,әдет,әділет,әділ,әл,деп,кет,кепті,дәке,әке,кәде,ел,еп,ек,текті,піл,кепіл,етік. (35 сөз).

 

 

Қорытынды:

ХІҮ. Мұғалім:

Әр адамның әдептілігі оның сөзінен,көзінен,өзінен байқалады.Халық әдебі «Сіз» деген сөзден басталады.Бұл сөз – сыйласымды,құрметтеуді,ардақтауды білдіретін қасиетті сөз.Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу,балау сөздер де жатады.Ағасы інісіне,не қарындасына «жаным,күнім» деген құрмет сөзбен айтады.

Басқа адамдардан көрген қызмет пен жақсылық үшін «Рақмет» айту әдептілікке жатады.Бұл сөзге «Көңіліңіз қош болсын» т.б. жауап айтылады.жақсылыққа жақсы сөз айтып ризашылық білдірмеу әдепсіздік болады.Әдепті сөздерге неше алуан жанашыр сөздер мен аяныш сөздер де жатады.Ондай сөздерді әдепті адам шын ниетпен адал жүрегінен айтып,басқаға әсерлендіре жеткізу қажет.Әдепті сөздер – ақылдан шыққан сөздер.Әдепке үйреніп,әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам –мәдениетті де әдепті адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час: "Әдептілік-адам көркі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 791 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.04.2016 696
    • DOCX 74 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибрагимова Роза Негметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибрагимова Роза Негметовна
    Ибрагимова Роза Негметовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29686
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 437 человек

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе