Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Классный час " Ел тағдыры - тіл тағдыры"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Классный час " Ел тағдыры - тіл тағдыры"

библиотека
материалов

hello_html_4cc7d1f0.gif

19 орта мектебі

















Тақырыбы: «Ел тағдыры – тіл тағдыры »



Өткізген: Жанұзақова Н.Ж.



















2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Тіл тағдыры – ел тағдыры.
Мақсаты:
1. Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. 
2. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
3. Өз ана тілін қастерлеуге, басқа тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнкілігі: Тіл туралы жазылған ойлы сөздер, тілге байланысты мақалдар, сынып сағатының көрнекі етіп жазылған тақырыбы.

Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егеменді мемлекетіміздің басты белгілерінің бірі тіл. Қазақстанда тұрған әрбір азамат мемлекеттік тілді құрметтейді. 
Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ана тілімізді қадірлеу керек. 
3.«Ұйқасын тап!» ойыны.
Тіл туралы мақалдың жалғасын табу керек.
1. Ана тілін білмеген адам...........
(Ештеңені сезбейтін надан.)
2. Тіл тағдыры.-..................
(ел тағдыры )
3. Тіл тас жарады..............
(тас жармаса бас жарады )
4. Бас кеспек болса да..........
(тіл кеспек жоқ )
5. Өнер алды..........
(қызыл тіл)

4. Оқушылар тіл туралы жаттаған өлеңдерін айтады.
1-оқушы:
Туған тілім. Дихан Әбілов
Туған тілім – бабам тілі өз тілім
Туған тілім – анам тілім өз тілім
Туған тілім – далам тілім өз тілім
Туған тілім – адам тілі өз тілім.
2-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы:
Мұқағали Мақатаев.
Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым – халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
4-оқушы:
Ал екінші бақытым – тілім менің.
Жас жүректі тіліммен тілім дедім.
Кей-кейде дүниеден түңүлсем де.
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
5-оқушы:
Бақытым бар үшінші-Отан деген.
Кім мықты?-десе біреу,-Отан дерем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба ?
Оланбай-ақкел дағы от ал менен.
6-оқушы :
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
7-оқушы:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұқтардай пірім менің,
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе менің де бүлінгеім.

6. Сұрақтар беру арқылы сынып сағатын қорытындылау.
1. Ана тіліміз қандай тіл?
2. Өнер алды не?

























Зиянды дағдылардан аулақ болу



Зиянды заттан аулақ болу
1.    Темекінің зияны.
2.     Есірткі адамзаттың соры.
3.     Арақтың түрлері.
“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы  И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге  деген табиғи қажеттілік жоқ.
Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміе бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған “барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты.
Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит,фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар.  
Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.
Темекі құрамындағы заттар.
Темекі түтігінде 4000-нан астам химиялық элементтер бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсация ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.   
Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады,  бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
Кадмий – жоғары улы металл, батарейкаға пайдаланылады.
Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.
Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.
Мышьяк - өте улы (кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады).

Темекі шегудің зияны туралы жанжақты, әсерлі әңгімелеп беру қазіргі жасөспірімдерде оған деген тұрарқты теріс көзқарас, қабыл алмау сияқты әсерлер туғызуы неғайбыл. Қазіргі жасөспірімдерге ол жеткіліксіз. Сондықтан да ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып “әдемі өмірдің” сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуы керек.
Есірткі қайдан алынады?
Есірткі тобындағы заттар,көбінесе көкнәр өсімдігінен екі түрлі жолмен жасалады.
1.    Көкнәр өсімдігінің ұрық қабығы пісуден бұрын, пышақпен тілгенде аққан сұйықтың күнге кептірілуінен жасалатын апиын сағызынан өндіріледі.
2.    Піскен ұрық қауашағының құрғақ артықтарынан өндіріледі. 
Героин деген не?
Екі рет қолдан өтуі арқылы өндіріледі. Медициналық мақсатқа мүлде қолданылмайды. Жасалуы да заңсыз. Героин есірткінің 90% болып табылады. Өте қысқа уақытта тым аз мөлшері құмарлыққа апарады. Героиннің ұнтақ түрін искеу, ал суға езіндісін тамырға құю арқылы пайданылады.
Басқа да құмарлық тудыратын заттар.
Морфий мен кодеин медецинада ауру басу үшін қолданылады. Гашиш үнді сорасы өсімдігінің түбірі, жапырағы және гүдінен өндіріледі. Құрғақ жапырақтарын темекіге орап тарту ең көп көлемде қолданылатын түрі. Гашиш қолданған адамдарда мишық қызметі бұзылады. Заттар кейде үлкен, не кіші көрінеді. Сондықтан жол апаттарына көп ұрынады.
Кокайн Оңтүстік Америкада өсетін кока өсімдігінің жапырақтарынан жасалады. Ақ, мөлдір тұз сияқты ұнтақ 200 кг кока жапырағынан 0,5 кг кокайн алынады.
Есірткі адамзаттың соры.
Адамдарды нашақорлыққа баулу – қылмыстың ең соры. Олар бірлі-жарым адамды ғана қан ақсатып қоймайды, бүкіл ел мен ұлттың тамырына балта шабады. Бұл біздің жас мемлекетіміз үшін соғыс апатымен тең. Оған қарсы неге күш біріктіреміз? Неге күреспейміз?
Күні кешеге дейін нашақорлық деген атау қазақ ұғымында болған емес. Маскүнемдік те бізге жат еді. Қоғамдық орта да, табиғат та таза, тұнық болатын. Ластықтан жиіркенетінбіз. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Қыздырмаға ілескен сорлы аз уақытта бір жола мәңгіреді. Есірткісіз бір сәт те тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Отан, ата-ана, құрбы құрдас дегенді білмейді де сезбейді. Олардың бұл дүниеден кешетіні – азап.
Есерткі және денсаулық.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Гашиш шеккен адамдардың жүрек соғуы мен тамыр соғуы артады. Созылмалы қан тамыр аурулары барларда (инфаркт) тамыр бітелу болды. Ұзақ уақыт апиын тартқандарда тыныс жолы аурулары пайда болады. Сонымен бірге жүрек, ми, бүйректерде де зиянды зардап туғызады.
Гашиш адамның денсаулығын зияндап қана қоймай, оны қылмысқа да итермелейді. Медициналық мақсатта мүлде қолданылмайтын есірткіні шегу адамды жындануға, тіпті өлімге дейін итермелейтін жаман әдет.
Кокайн қолданған кезде орталық жүйке  жүйесіне ықпал жасайды да, жүрек  соғуы тездейді, қан қысымы артады және тыныс алуы жиілейді, көп қолданылса өлтіреді.
Ұзақ жылдар бойы кокайн қолданғандарда ұйқысыздықтың, рухани қалыпсыздық, өзін өлтіруге бейімделу байқалады. Кокайннің жүрек бұлшық етті және сүйек қаңқасы бұлшық еттеріне уытты ықпалы бар.
Нашақорлар жөніндегі соңғы жаңалықтар.
Соңғы мәліметтерге жүгінсек, республика бойынша 20 мыңнан аса нашақордың бар екені анықталып, тіркеуге алынған.
АРАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Алкоголъ атауы арабша термін болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ¥па бейнесіндегі ұнтақ мағнасына келетін "ЕЛ-КҮҰЛ" терміні, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, Түрікше оқылу ф ормасымен Алкоголъ болып кірген.
Құрамында Алкоголъ бар ішімдіктерде химиялық жақтан бір неше түрлі алкоголъ болғанымен, ең бастысы Этил (еШуіе) Ал-коголъ. БҮ-Л зат химиялық жақтан Этанол, жалпылық ретінде де, Дақыл спирті (£гаіп аісоһоі) деп аталады.
Арақта болатын басқаша алкоголъ тұрі де метил алкоголъ, не-месе Метанол. БҮЛ алкоголъ халық арасында көбінесе Эгил Смирті ретінде білінеді. Метил (Меіһуіе) алкоголъ антифріздерде (қатырмайтын зат) жэне жанарзаттарда болғанындай, кейбір өмдіріс орындарында сауда мақсатында да қолданылады. Метил спирті өлтіруші бір у. Өте аз мелшерінің өзі соқырлыққа және өлімге жол ашады. Жасырын өндірілген арақтарда кейде метил спирті қолданылып, көптеген өлімге себеп болған.
Тағы бір алкоголъ түрі изопропил алкоголъ, арақтыц 6ҮЛ түрі де улы. Алайда алкоголъ (арақ) дегенде көбінесе этил спирті меңзеледі. 

Мас деп аталған жағдай қалай туылады?
Алкоголь бір түрлі анистетик, яғни, жансыздарушы зат. Ол қан арқылы миға жетеді.
Миды дененім басшылық орталығы деп ТҮСІНІҢІЗ, арақ миға келген соң, мидың әрекетіне зиян жеткізеді. Ал-дымен шешім жасау немесе тергеу қуатын бүзады. Мас адам қате қарарлар береді және есептерін қате есептейді. Одан кейін, адам-дардың басты ерекшелігі болған үялу сезімін өлтіреді. Мас адам, сау кезінде қолы бармайтын ұятты қимылдар көрсеткенін аңғармайды. Арақ осыдан кейін, көруге және сөйлеуге кедергі болады. Мас адам, жалпы алғанда, дөрекі, тәртіпсіз болады, қажетсіз әрі айғайлап көп сөйлейді. Әсіресе арақ, естіу қуатына, мишыққа әсер етіп бүлшық ет-тердің тәртіпті қимылын бұзады. Сол себепті, мастар көрінгеніндей тәлтіректеп жүреді, денесінің тепе -теңдігін сақтай алмайды. 
Міне, осындай КҮЙГЕ ТҮСКӨН мас адам, ойламайтын, ақылдан адасқан, сыртқы дүниемен қатысы азайган, адамға ең қажетті ұялу сезімі әлсіреген, тек қана тыныс алған, айналым, сіңіру жгйелері ав-томатты ғана әрекеттенген бір жаратылысқа айналады, бгдан да ілгерлеп ішілген арақ, жоғардағы қимылдарды да тоқтатады. Жүрегі тоқтап, тынысы тарылады да ажалға жегелейді. Асырып ішкен арақтан дастарқан басында тұра алмай өлгендер аз емес.
Мінеки, маскүнемнің халі. Қоғамға рухани және заттық ау-ыртпалық, қиындық туғызған масыл күйіне түседі. Арак ішкендердің "Маскүнем боламыз" деп араққа бастамайтыны шүбәсіз. Алайда, жүре келе маскүнемге айналып, өмірінде, ақыретінде ілікке алғысыз етеді.
Алкоголъды арақтар әуелі төте тиген жерлеріндегі органдарды зияндайды. Мысалы, ауызда рак, өңеште қабыну, тіпгі қылтамақ рагы, асқазанда бастабында запыран, біртіндеп, асқазан жарасын майданға әкеледі. Тіпті асқазан тесілуіне де жолашады. Әрі, арақ ас сіңіру жүиесін бүзады. Ұйқы безін қабындырады. Дененің "химия зертханасы" сияқты болған бауырға арақтың тигізетін зияны ерек-ше. Бауырдың майлануына, ары қарай циррозға (бауырдың қабынуы), тіпті бауыр рагына апарып соғады. Цирроз дегенде ойыңызға бірден арақ келеді. Себебі цирроз ұзақ уақыт арақ ішкендерде жиі кездесетін, соны өліммен бітетін ауру.
Арақ жүйке ЖҮЙЕСІ ҮШІН, әсіресе миға іетенше ауыр зақым келтіреді. Арак, ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға үшырайды, тіпті өледі.
СЫРА, ШАРАП,ЛИКЕР ЖӘНЕ ДЖИН
Арақтар, спирт пен судан тыс, басқа да ләззат беретін және рең беретін заттарды қамтиды. Алкоголь құрамды арақта азықтық құн болмайды. Суретте, ішіне тең мөлшерде этил спирті қосылған түрлі арақтар көрсетілген. Бір құмыра сыра ішкен адамның денесі, бір тостаған шарап ішкендей этил спирті қабылдағанмен тең болады.
“Денсаулығыңды ақсатқаның - өзіңді өзің қақсатқаның” – дегендей, әр адам өз денсаулығын қорғай білу керек. Денсаулыққа жат қылықтардан арылу үшін бүкіл елдің барлық адамының күш біріктіріп күрескені жөн деп ойлаймын.

 



















Ұстазым, менің ұстазым!"

Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» Абай.
«Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы - білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.
«Адамның адамшылығы..... жақсы
ұстаздан басталады»
Мұғалім. - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр. Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар Сіздерге бүкіл әлем баласы бас иеді.
1 оқушы.
Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавтан, батырдан,
Өнері тасқан артистен,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Сіздерге бүгін мың алғыс (бәрі бас иеді)
Хор: «Мұғалім – ол біздің» әні орындалады.
0 оқушы. Нұрлан.
Құрметті ұстаздар! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы жүрегімізден шыққан алғыс сезімізді тындаңыздар.
3 оқушы.
Ұлт ұстазы
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол - ұстаздар деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса, қуанады баладай.
Түсе қалса, қабағы мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан» терсе, көтереді төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып - тасып мерейленіп тағы да
-Міне, менің шәкірттерім осындай,-
деп, өткенін еске сағына.
Жақсы шәкірт - жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы, ұлағатты келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Хор: «Біз бақытты балдырғандар» Сөзі М.Әлімбаевтікі, әні Ө.Байділдаевтікі
Мұғалім. - Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
4 оқушы:
«Ұстаз деген....»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.- Оқушы - мұғалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісе бола біл. Бұл онша қиын да емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге көтетле алмай қалуы мүмкін.
5 оқушы:
«Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата - тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл - болмай ма ұлықты,
Қыз - болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім. - Ұстаз жолы - қиын да қызық, ауыр да абыройлы жол.
Ән «Сәби болғым келеді» сөзі М.Мақатаевтікі, әні Т.Рахимовтікі
Көрініс: «Баласы мен атасы»
Баласы - Ата, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім?
Мен білетін ертекке,
Дұрыс, дей ме, шырағым!
- Ата, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге?
Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды?
Еркелікке, көнсе егер
Күнде етем бе сонымды?
-Ата, Сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Атасы: -
Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған атаңа.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Атасының баласы
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
Ұлдар тобының орындауында «Жорға» биі.
Мұғалім. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді біреуіне ақыл жүрмейді, мінез-құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі - кішкентай ғана күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.
6 оқушы:
Өмірімнің жалғасы түлектерде,
Жас ұрпақтың өмірін мәпелеген,
Бір саналар ана менен әкеменен
Мен ұстазбын, бірімін, миллиондардың,
Болашаққа, ұрпаққа жетелеген.
7 оқушы:
Диханмын мен жерге емес, жүректерге,
Ұлан - асыр өлшеусіз тілектерге.
Дән орнына азамат жан өсірем,
Өмірімнің жалғасы - түлектерде.
8 оқушы:
Ізденетін үнемі сан саладан,
Жүгім ауыр, демеймін арқалаған.
Ел мақтаны азамат өссе болды,
Осы менің тілегім бар қалаған.
Мұғалім. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!
9 оқушы:
Ұстаздар Хан бол, мейілің, қарабол
Дарын бол, мейілің, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
10 оқушы:
Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі.

















Тақырыбы: «Жолда жүру ережесі»
Мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
б) дамытушылық: жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру, қызығушылығын дамыту;
в) тәрбиелік: жолда жүру мәдениетіне, жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілерінің суреттері, ойын құралдары, «Жолда жүру ережесі», т. б.
Техникалық құрал: мультимедиялық құрал

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық:
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Жиынымыз басталсын сәлемменен. (Хормен сәлемдесу)
Сәлем достар! Қош келдіңіздер, қонақтар!

б) Кіріспе сөз:
Мұғалім: аяулы оқушыларым, сендерді көріп тұрғаныма өте қуаныштымын. Енді үлкен бір шеңберге тұра қалып, бір - бірімізге жақсы көңіл - күй сыйлайықшы. Бірақ бір - біріміздің айтқан сөздерімізді қайталамаймыз.
- Жақсы, тамаша. Ал сендерге мына көңілді Күн, көктемгі шөп, алғашқы гүл де өзінің күлкісін сыйлап жатыр (Мультимедиядан).

Әркім өзіне ұнаған күлкіні таңдап алсыншы (үлестірме қағаздардан).

ІІ. Негізгі бөлім.
а) Ой қозғау.
Неше және қандай түстерді көріп тұрмыз? -...
Олар бізге не туралы айтуы мүмкін? -...
Жұмбақ.
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)
ә) Топтасу.
Таңдаған үлестірме қағаздары бойынша топтарға бөлінеді:
Қызылдар тобы
Сарылар тобы
Жасылдар тобы
б) Мұғалім: бүгін біз жолда жүру ережесі туралы айтамыз. Сабақ бойы назар қойып, мұқият тыңдасаң, біраз нәрсе үйренесің.

Сұрақ - жауап:
1. Кім жолда жүру ережесін сақтау керек? -...
2. Жолда жүру ережесін неге біліп және оны неге сақтауымыз керек? -...
3. Адамдар жолда жүру ережесін сақтап жүрме - деп кім бақылайды? -...
4. Тағы бір көмекші бар еді. Ол не? -...
Бірақ ол бізге келем дегенше шашылып қалыпты. Оны топта жинап көрейікші.
в) Топтық жұмыс: «Бағдаршам»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: оқушылар топтасады. Бағдаршамды қиындылардан құрастырады.
1 - бала:
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Жол тәртібін білейік,
Аман - есен жүрейік!

2 - бала:
Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары шамы жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Зымырай бер бел асып.











Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер жазылған плакаттар
Барысы:                                    І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 3-сынып оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
 Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
 Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен  сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Біздің ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі Аязбаев Жапбасбай  атамыз және Жұбаназарова Ұлжан және Шәкірова Гүлжаһан  әжеміз  бүгін бізде қонақта.
Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым 
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
а/ Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім?    (Ата)

Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?    (әже)
І бөлім   «Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/ Ауыл қариялары туралы мәлімет беру.
Әже- ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
б/ Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.
 ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

1 оқушы
Менің әжем,ақ әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
4-оқушы: 
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: Анашым -------------------------------------------------
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: Атасы мен немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: Өзбек биі-----------------------------
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті атасын айтқызу
ә/ Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!









 Тақырыбы: «Аталы сөз: бата, өнеге»
Мақсаты:Оқушыларымызға ата-бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке, тапқырлыққа, салмақты ой айтуға үйрету.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау;туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мақал-мәтел.
Барысы:
Мұғалім: «Сәлем сөздің –анасы», Сәлеметсіздер ме ұстаздар, оқушылар, бүгін біз 5 а сыныбында «Аталы сөз: бата, өнеге» деген тақырыпта сайыс өткізгелі отырмыз.
Бұл сайыстың мақсаты: Әр ұлттың өзінің бірге жасап келе жатқан рухани асыл мұрасы: әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бар. Тәрбие сағаттары арқылы және жалпы күнделікті өмірде балалардың бойына ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен мұрасын насихаттау.
1-жүргізуші.
Бүгінгі тәрбие сағаты ерекше, Бірден сөз бастауға жүрексініп тұрмын.
2-жүргізуші.
«Сөз атасы – сәлем» демей ме алдымен амандасайық.
1- жүргізуші.
Армысыздар осындағы көпшілік,
 
Сәлем бердік бәріңізге бас иіп.
2- жүргізуші.
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1- Жүргізуші
Бүгін алдарыңызда тұрып бабаларымыздың маржан тастай тізілген, шешендік сөздерін, алтынға балаған өсиеттерін биіктерге шыңдатайықшы.
2- жүргізуші.
Иә, дұрыс айтасың «Аталар сөзі – ақылдың көзі» демей ме? Қара қылды қақ жарған бабаларымыздың ұрпақтары емеспіз бе?
1- жүргізуші.
Олай болса қонақтар,
 
Өресі биік жарандар.
Ақыл сөзді ашайық,
 
Тәрбие сағатын маржан сөзбен ашайық.
2- жүргізуші.
Өзіңдікі елің де,
 
Өзіңдікі жерің де,
 
Өзіңді өзің еткен бақ, -
Тәуелсіздік төрінде!
Өзіңдікі туың да,
 
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
 
Белді бекем буын да - деп, ақын Иран-Ғайып айтқандай, иә, біз егеменбіз, тәуелсізбіз, азатпыз. Ал осы бір қасиетті сөздердің мағынасын болашақтың кілтін ұстар бүгінгі жас ұрпақ қалай түсінер екен?
1-жүргізуші.
Егеменді ел болу дегеніміз – қоғам өміріндегі тарихи сілкініс, оның ең басты мақсаты – қоғамдық, ұлттық сананы сауықтыру, егемендікпен, тәуелсіздікпен бірге қайта оралған ата-салтымызды, әдет-ғұрып, дәстүрімізді баянды ету деген сөз.
2-жүргізуші.
Дәстүр, әдет-ғұрып пен салт – сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көтерумен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды.
1- жүргізуші.
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне тән әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрі бар.
2-жүргізуші.
Дәстүр жақындастырады да, араластырады да, біріктіреді де.
1- жүргізуші.
Дәстүр жинақталған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған рухани мұрасы.
2-жүргізуші.
Қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-санасына бағытталған «Аталы сөз:
бата, өнеге» атты оқушылар сайысына қатысушыларды ортаға шақырайық. Сайысымызға қатысушы топтармен таныс болыңыздар:
1. «Тұлпар» тобы.
2. «Қыран» тобы.
Әділқазылар алқасының мүшелері
н сайлап алайық:
1. Таныстыру
2.“Бәйге”
3.“Ата салтың – халықтың қалпың”
4.«Халықтың киелі сандары»
5.“Мақал - сөздің мәйегі ”
6. «Зерделінің - ойы озық»
7. Қазақта тұңғыш ... .
1- жүргізуші.
Сайысымыздың 1-кезеңі «Таныстыру» Бірінші болып қай топ бастайтынын сұрақ қою арқылы шешейік.
2-жүргізуші
Тәттіде не тәтті?
Қатты да не қатты?
Жұмсақта не жұмсақ?
Осы сұрақтардың жауабын тап және бұл кімнің даналығы?
Бірінші болып « » тобы бастайды.
2- кезең
1-жүргізуші.
Ата-бабам ардақты,
 
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
 
Ата жолын жалғапты.
2- жүргізуші.
Кең даланың ежелгі,
 
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
 
Бар дәстүр мен салтымыз

1 жүргізуші.
Келесі кезеңіміз «Бәйге» деп аталады Бұл кезеңде топтарымыз салт-дәстүр, әдет-ғүрып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді.
Олай болса сайысымызды бастаймыз.
1. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, не деп ырымдайды? (Малы пышаққа түседі)
2. Жеті жарғы заңы бойынша көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге қандай жаза қолданған? (өлім жазасы)
3. Киіз үйдің 12 қанатты үйін қалай атайды? Ақ Орда
4. Баланың (ұл, қыз) кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны қалай атайды? (Тұлым).
5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Ол нені білдіреді?(Себебі мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып, өседі дейді.)
6. Жеті жарғы бойынша жазықсыз кісі өлтіргендерге қандай жаза қолданған. (Өлім жазасын бұйырған).
7. Киіз үйдің құрылысында кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлігі? (уық)
8. Ұзатылған қыз өзінің тетелес сіңлісіне басына тартатын орамал береді. Бұл –ендігі кезек сенікі дегенді білдіреді. Бұл дәстүр қалай аталады? (Шарғы)
9. Қазақта тіл ұшын жесе сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Ал, таңдай жесе... (Шешен болады)
10. Тұрмысқа аттанғалы отырған қыздың туған туысқандарымен қоштасу өлеңі?(сыңсу)
11. Жүн сабарда, сабап болған соң тамақ беру дәстүрі? (Тулақ шашу)
12. Құмырсқалар күндіз илеуіне асығып жатса, нені білдіреді? (Ауа райы бұзылады.)
13. Ұста пышаққа жарымас, етікші неге жарымас?(Етікке жарымас)
14. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (аяққа)
15. Қылыштан өткір не бар? (тіл)
16. Ең киелі құс?(аққу)
17. Сәукеле желегін кім қай уақытта киген? (қалыңдық киген)
18. Қазақ шопандарының шахматы? (тоғызқұмалақ)
19. Жаңа дүниеге келген сәбидің киетін алғашқы киімі?(иткөйлек)
20. Мұсылманның қасиетті кітабы? (құран)
«Ата салтың - халықтық қалпың» 3-кезең
1-жүргізуші
Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
 
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Кең даладай, жиналмаған шалғайы,
 
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ
2-жүргізуші.
Сайысымыздың келесі кезеңі «Ата салтың - халықтық қалпың» деп аталады. Бұл кезеңде топтарымыз сандықшаларды таңдап, ондағы салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді. Топпен жұмыс.Ойынды ұпайы көп топ бастайды. Егер жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруіне болады.
1.«Енші» және «Жасау» салттары туралы түсініктеме бер.
2.«Шүлен тарату» салты туралы түсінік бер. (Бұл кедей –кепшіктерге берілетін жәрдем мен қамқорлық түрі. Шүленді күзді күні мал басы көбейіп, қоңайып, жайлаудан түсер кезде таратады.)
3. «Бата»және «Теріс батаның» айырмашылығын түсіндіріп бер. (Бата - ақ тілеудің белгісі. Батаны аузы дуалы, жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді. Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның ең ауыр түрі. Мұндай батаны сенімі ақталмаған, өзіне тілі, қолы тиген баласына әкесі қолын теріс жайып берген батасы).
4. Қазақтың қандай салт-дәстүр жырларын білесің? Біреуін түсіндіріп бер. (сыңсу, жар-жар, беташар, қоштасу, тойбастар)
5. «Тымаққа салу» деген дәстүрін түсіндіріп бер. (Шала туған баланы тымаққа салып өсірген, себебі сәбиді қолға ұстауға, бесікке салуға болмайды).
4-кезең
1-жүргізуші.
Ата – салтым ардақты,
 
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
 
Тістерсің бір күн бармақты.
2-жүргізуші
Сайысымыздың 4-кезеңі «Халықтың киелі сандары»
Киелі сандарға байланысты сенімдер мен нанымдар сөз болады. Екі топ жарыса жауап береді.
Үш санына байланысты қандай ұғымдар бар?
1. Үш жүз. Ұлы жүз , орта жүз, кіші жүз.
2. Үш жұрт. Өз жұртың, Нағашы жұрт, қайын жұрт.
3. Үш қуат. Ақыл қуат, жүрек қуат, сенім қуат.
4. Үш арсыз. Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
5. Үш дауасыз. Мінез, кәрілік, Ажал.
6.Үш би. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
7. Үш қадірсіз. Жастық шақ қадірсіз. Денсаулық қадірсіз. Жақсы жар қадірсіз.
1-жүргізуші.
Ендігі кезекті 7 санына берейік. Қазақ халқы 7 санын қасиетті деп бағалап, соған байланысты нанымдар мен сенімдер зерделеген.Жеті санына байланысты ұғымдар туралы не білеміз?
1.Жеті қазына
1.Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3.Ақыл, білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы.
2. Жеті күн.
1.Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсікүні. 4. Арғы күні. 5 Ауыр күн. 6.Соңғы күн 7. Азына.
3. Жеті ата.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
4. Жеті жұтты ата.
Мал қырылу. Құрғақшылық. Өрт. Оба. Соғыс. Топан су. Зілзала.
5. Жеті жоқ.
Жерде өлшеуіш жоқ. Аспанда тіреуіш жоқ. Таста тамыр жоқ. Тасбақада талақ жоқ. Аллада бауыр жоқ. Аққуда сүт жоқ. Жылқыда өт жоқ.
5 кезең
2-жүргізуші
Енді сайысымызды мақал-мәтел айту түрімен жалғастырамыз. Бұл бөлім «Мақал - сөздің мәйегі» деп аталады.Шарт бойынша сұраққа мақалдап жауап бересіздер.
1ші « » тобы жауап береді.
1 Білмеген не ішеді? (Білмеген у ішеді)
2. Жас келсе неге? (жас келсе іске)
3.Білгенің қанша, білмегенің қанша? ( Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
4.Түкірік көл бола ма? (Көп түкірсе көл болар)
5.Жылынды інінен қалай шығарамыз? (Жылы – жылы сөйлесең, зымиян жылан да інінен шығар)
6.Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлайтыны адалдық, қасқырдың ойлайтыны арамдық)
7. Адамның қай мүшесі батыр, қай мүшесі қорқақ? (Көз қорқақ, қол батыр)
8.Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір-ақ сөз)
9. Жегеннің тісіне, жемегеннің түсіндегі не? (Ет жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді)
10. Жүндеуге жуас жануар? ) Жуас түйе жүндеуге жақсы.
1-жүргізуші
2. « » топқа кезек берейік.
1. Бір қарын май шіри ма? (Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді)
2 Жолы болар жігіттің алдынан шығатын кім? (Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан)
3. Қандай жағыдайда айнаға өкпелемеу керек? (Аузың қисық болса, айнаға өкпелеме)
4.Тауықтың түсіне кіретін не? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
5. Семіздікті көтеретін жануар? (Семіздікті қой ғана көтереді)
6. Айран ішкендер құтылғанда, кім тұтылады? (Айран ішкен құтылар, қазан жалаған тұтылар)
7.Мүйіз сұраймын деп жүріп, құлағынан айрылған жануар? (Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айрылыпты)
8.Ысқырығы жер жарып жүрген адамның айдаған малы? (Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарар)
9. Қар жана ма? (Қалауын тапсаң, қар жанар)
10.Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)
6-кезең
1-жүргізуші
Халқымыз «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз»- деп киіз үй жайында, «Ас адамның арқауы»- деп тағам жайында және «Адам көркі шүберек» - деп киімдер жайында аталы сөздер қалдырып кеткен.
2-жүргізуші
Бұл аталы сөздер арқылы осы дүниелерде халқымыздың мәдениетінің, бірнеше өнерінің басын құрайтын ғажап туындылары жатқанын білеміз.
Олай болса сайысымыздың 6-кезеңі «Зерделінің – ойы озық»Халқымыздың мәдениетіне байланысты ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береміз.
Ұлттық киімдер.
10ұпай. Ерлердің бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін осы киіміне қарап та тани берген. Ол - биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын бас киім. (Тымақ)
20ұпай. Қазақтың ежелгі әрі кәделі киімі. Ол - арасына жүн немесе мақта салынып, сыртын шұға, немесе барқыт сияқты әдемі әрі мықты матадан қапталып, іші астарланған жылы киім. Жағасы, жеңі әсем ұлттық ою - өрнектермен безендірілген.
(Шапан)
30ұпай. Ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, әрі әсем бас киім. Ол - 2-3 қарыстай биік, дөңгелек, төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғары жағына үкі тағады. Артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ұзын ақ желек тағады.
(Сәукеле)
Ұлттық тағамдар:
10ұпай. Сүт тағамдарының ішіндегі қымыздан кейінгі бағалы сусын. Ол түйе сүтінен жасалады. Ол – ашытылып, тері, ағаш, ыдыстарға құйылып сақталады, пісіріледі. Майлы, жұмсақ, әрі қоюлау болады. (Шұбат)
20ұпай. Сүттен ұйытылады. Дәмі өте ащы болмайды. Қою әрі дәмді болады. Халық оны дірілдір деп те атайды. (Қатық)
30ұпай.Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті. Бала да, төл де осы сүтті тойып ішу керек.Оған тоймаған төл де, бала да әлсіз болып өседі. (Уыз)
Қарашаңырақ
10ұпай. Киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөзі осыған байланысты айтылады. (Шаңырақ)
20ұпай. Киіз үйдің бір бөлігі, Оны жүннен орап, кілем, текемет түсіндей оюлармен безендіріп тоқиды. Керегемен туырлықтың ортасына келеді. Мұның әсемдікке, әрі жылылыққа әсері мол. Одан сыртағы құрт-құмырсқа, кесіртке, жылан, т.б жәндіктер кіре алмайды. (Ши)
30ұпай. Киіз үйде есік екеу болады. Ішкісі ағаштан жасалады. Оны «сықырлауық» дейді. Екіншісі киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Мұны ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықтап жиналып қойылады. Мұны не дейміз.
(Киіз есік)

7. Қазақта тұңғыш....
1. Ең тұңғыш би (Майқы)
2. Ең тұңғыш шешен (Жиренше)
3. Ең тұңғыш дана ана (Қарашаш)
4. Ең тұңғыш кіші жүздің ханы (Әбілхайыр)
5. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы (Шоқан Уәлиханов)
6. Ең тұңғыш ағартушы ұстаз, оқулық авторы (Ыбырай Алтынсарин)
7. Ең тұңғыш қазақ әліппесін (төте жазу) жасаған (Ахмет Байтұрсынов)
8. Ең тұңғыш эпопея жазған (Мұхтар Әуезов)
9. Ең тұңғыш космонавт (Тоқтар Әубәкіров)
10. Ең тұңғыш биші (Шара Құлжанова)
11. Ең тұңғыш президент (Н. Ә. Назарбаев)
12. Ең тұңғыш Олимпиада чемпионы атағын алған палуан (Жақсылық Үшкемпіров)
13. Ең тұңғыш дүние жүзі чемпион атағын алған палуан(Қажымұқан Мұңайтпасов)


















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-468989

Похожие материалы