Инфоурок Другое Другие методич. материалыКлассный час:" 550лет казахскогоханства"

Классный час:" 550лет казахскогоханства"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: “ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ” ВИКТОРИНАЛЫҚ САЙЫСЫ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың әдісі: Топтық сайыс
Көрнекілігі: Хандар, батырлар, билердің суреттері, Қазақстанның картасы, тірек сызбалар мен қима қағаздар.

Барысы.

Ұйымдастыру сәті:  Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 8 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ :

б) "Миға шабуыл"  әдісімен

Алдымен "Би" ұғымын қалай түсінесіңдер? Би болып сайлану үшін сайланатын адамның дәулеті, байлығы ескерілетін бе еді? Қалай ойлайсыңдар?  Би деген кім, қандай болуы керек, биде қандай қасиеттер болуы керек, соны біліп алайық.

Мұғалім: Оқушылар үш топқа бөлініп сайыс сабақ жүргізейік:
1 - топ: Хандар
2 - топ: Билер
3 - топ: Батырлар

1.Әр топқа қима қағаздар арқылы тапсырмалар беремін, соны топ болып орындайық.
Хандар тобының тапсырмасы:
Хан дегеніміз кім?
Қандай қызмет атқарды?
Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне тоқталсақ: сяси - экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.
Билер тобының тапсырмасы:
Қазақтың әйгілі билері
Өмір сүрген уақыты
Бата, нақыл сөздері

Қазақтың негізгі үш биі өзімізге белгілі Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Қазыбек - қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәлімгері және Орта жүздің бас биі болған. Жеті жарғыны жасауға көмектескен. Ол жастайынан шешендігімен көзге түседі. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып алады. Жоңғар ханы оған шешендігі үшін «Қаз дауысты Қазыбек»- атағын берген.
Батырлар тобының тапсырмасы:
Бөгенбай батыр (1710 - 1757жж)
Қабанбай батыр (1706 - 1781жж)
Наурызбай батыр (1680 - 1778жж)
Баян батыр (1691 - 1769жж)
Жоңғарларға қарсы күреске шыққан қазақ батырлары көп. Солардың негізгілеріне тоқталсақ: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Баян батырлар. Олардың ерлігі үшін әр түрлі атақтар берген. Олар жастайынан батырлығы мен ерекше көзге түскен. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, сардарлық қызмет атқарған. Қазіргі таңда осы батырларды құрметтеп жыл сайын тойланып отырады және қала ауыл және маңызды көшелер атарын беріп дәріптеп отырады.

2. «Білгенің артық болмас...» кезеңі. / Сынып оқушылары үш жүзге бөлініп, араларынан билер тағайындалады, әр жүздің тұрғындары өздерінің мақтанышы туралы мәлімет айтып береді. /
І - топ.
Ұлы жүз – Әзіз Төле би ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардағы ұлы тұлғалардың бірі. Ол Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жазып бүкіл алаш халқына әйгілі болған. Абылай ханнан бастап, Бөгенбай батырға дейін ақыл, кеңес беріп келген атақты Бұқар жырау да Төле биді халыққа үлгі, өнеге етіп жырлады.
ІІ - топ.
Орта жүз – Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы туып, 1764 жылы қайтыс болған. Олда Тәуке ханның «Жеті жарғы» әдеп - ғұрып заң жобасын жасаушылардың бірі. Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген, атап айтсақ 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан.

ІІІ - топ.
Кіші жүз – айыр тілді Әйтеке би артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында сақталған қазақтың келелі, шешен билерінің бірі. Жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы халық майданын құруға ат салысып, үлес қосқан қоғам қайраткері. Әйтекенің есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім.

3. “Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар”

Топ басшылар ортаға шығады;

Барлығы 10 сұрақ беріледі;

Жылдам жауап беріледі;

Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1.Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?

2.Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы?

3.Қазақ хандығы қашан,қай жерде құрылды?

4.Керей мен Жәнібек сұлтандарға қоныс,жер бөліп берген Моғолстан ханы?

5.Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық?

6.Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи шығарма?

7.Қазақ хандығының алғашқы территориясы?

8.Қазақ хандығының Жәнібек ханнан кейінгі үшінші ханы?

9.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала?

10.Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған “Тарихи Рашиди” еңбегінің авторы?

4."Тарихи бас қатырғыш"

 Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі". Оқушылар адасқан    әріптердің орнын тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.

1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)

2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір сүрд? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)

3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға қатысқан заң? (Билері, "Жеті жарғы")

4. ӘУТЕК ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

(Т ӘУКЕ, Түркістан)

5. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)

6. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент, Төле би)



5. Математикалық ойын:

1. 800 * 2 – 172 = (1428 Әбілхайырхан таққа отырды)

2. 424 * 2 -182 = (1466 Қазақ хандығының құрылуы)

3. 4300 : 2 – 682= (1468 әбілқайыр хан қайтыс болады)

4. 348 * 3 + 947 =(1991 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алды)

5. 460 * 5 – 589 = (1711 Абылай хан дүниеге келді)

6. 299 * 2 + 5= (603 Түрік қағанатының құрылуы)

6.Сөзжұмбақ « Қазақстан».

 

 

 

Ә

Б

І

Л

Қ

А

Й

Ы

Р

 

 

 

М

А

Р

Ғ

А

С

Қ

А

 

 

 

 

Қ

О

З

Ы

Б

А

С

Ы

 

 

О

Т

Ы

Р

А

Р

 

 

Б

Ұ

Р

Ы

Н

Д

Ы

Қ

 

 

 

                               

Е

С

Е

Н

Б

Е

Р

Л

И

Н

 

               

Ж

Е

Т

І

Ж

А

Р

Ғ

Ы

 

 

 

А

Б

Ы

Л

А

Й

Х

А

Н

 

 

 

Т

А

Ш

К

Е

Н

Т

 

















 

1. Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған хан

2. Есім ханның Тұрсын ханды жазалауы туралы жазған жырау

3. Қазақ хандығының ұлттық туы тігілген жер?

4. Тәуекел хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, қандай қалалардың бірін басып алады?

5. Жәнібек пен Керей хандардан кейін хан тағына отырған Керейдің ұлы

6. «Көшпенділер» трилогиясының авторы?

7. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Осы Күлтөбенің басында күнде кеңес болған кезде қандай заңдар жинағы жасалды?

8. Үш жүзді біріктірген хан?

9. Тұрсын хан астанасы етіп жариялаған қала.

Қорытынды.

Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз.

Келгендеріңізге рахмет.

Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.



  М.М. « Шарбақты арнайы жалпы білім беру мектеп – интернаты №5»












Тақырыбы: “ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ”

ВИКТОРИНАЛЫҚ САЙЫСЫ






https://im1-tub-kz.yandex.net/i?id=d60e336daab7eb4cbf313d79fe5ea765&n=33&h=190&w=293



                                                                                   





Дайындаған: Абельдинова Г.З.





Павлодар 2015 ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час:" 550лет казахскогоханства""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 810 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 509
    • DOCX 49.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абельдинова Гульвира Зейнуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 30208
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой