Инфоурок Другое КонспектыКлассный час на тему: "Алтын күз"

Классный час на тему: "Алтын күз"

Скачать материал

«Күз-мереке, күз-береке»


Мақсаты: Оқушылардыңбойындағытабиғатқа, туған жерге деген сезімдерін арттыру, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін ұштау. Эстетикалық талғамын дамыту, өнерді сүюге баулу.

Түрі: сайыс.

Көрнекілігі: Күзге арналған слайдтар, плакаттар.

Барысы:

1-ж: Дүбірлетіп думанды,

Қойнаудағы ауылды.

Көктен бұлтты қаптатып,

Тамшылаттым жауынды

2-ж Төгіп сары алтынды,

Думандатып ордамды

Күз-мереке, береке

Келіп қалды дәулетті

Шаттандырып халқымды.

1-ж:Жиылған жұрт, армысыздар бәріңіз

Келіп жетті алтын дәнді, сары күз

Бірге болып қуаныңыз бәріңіз

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз.

Кеш жарық, ұлағатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кештің қонақтары! Бүгінгі мектебімізге сағындырып жеткен «Күз-мереке, күз-береке» кешіне қош келдіңіздер!

2-ж: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз

Әр үйде шығатұғын сұлу жанбыз

Білім мен көркімізді тепе-тең ғып

Еріксіз өзімізге қаратармыз –деп, бүгінгі мерекеміздің көркін келтірер жұптарымызды ортаға шақырайық.

1-ж 9-сыныптың жұбына:

Мектебінің үздігі, мақтанышы

Тиянақты, ұқыпты әрбір ісі

Сыныбы үміт артып қосып отыр

Бәйгеге Болатқызы Жансаясын


2-ж Перзенті анасының аялаға

Үміті, қамқоршысы саялаған

Жеңісті қолдан берме, бүгін ауыр

Еламан, сенің жүгің арқалаған


1-ж 10-сыныптың жұбына:

Өлеңнен өрнек түйген Фаризадай

Ақыны бар мектептің Жұлдызындай

Тағы бір сыналатын сәтің туды

Кетпегін сыныбыңды риза қылмай


2-ж Жігітке жеті өнер де аз деген

Қағиданы бар бойына сіңірген

Мектебінің суретшісі Сырымның

Әлі де көп армандары көздеген


1-ж 11- сынып жұбына

Түрлі рольді тамаша ойнап береді

Ән менен би-Мадинаның өнері

Көрерменнің жүрегіне жол тауып

Сахнада бағын сынап келеді


2-ж Өнерпаздар сыныбына қосылып

Айнұр-дағы қалмады еш тосылып

Үйіртіп ап сахнаны жөнелді

Әнін шырқап, биін билеп жосылып Вальске музыка


(Бәрі ортада вальс билейді)


1-жҚандай ғажап, ажарлы жұптарымыз

Қол соғып өнеріне тамсаныңыз

Төрелігін әділқазы өзі айтар

Жеті қыр мен бір сырды ақтарыңыз.

2-ж Ал енді осы кештің төрелігін айтып, сайыскерлердің бағасын беретін әділқазылар алқасы құрамымен танысып қойыңыздар.

  1. Сейташимова Шеризат Сейташимқызы

  2. Смағұлова Әнуар Сабидолдақызы

  3. Калиева Камал Абдулқызы

Сайыс кезеңдері мен бағалау ұпайдарының көлемі темендегідей.

1-ж: 1.Вальс-10 ұпай.

2-ж: 2.«Дәмді күз» байқауы -10ұпай

1-ж: 3«Қызықты викторина»- 1сұраққа 1ұпай

2-ж: 4.. Карвинг-10ұпай

1-ж: 5. Өз өнері-10ұпай

2-ж: 6.Костюм және оны қорғау.10 ұпай

1-ж: 7. Әнге клипжане слаит түсіру-10ұпай

2-ж: 8. Қорытынды.


2-ж 1-ж Бау-бақша өнімдері піскен кезде

Жасалар көкөністен, жемістен де

Салат та туындыға айналады

Қиял менен тәтті дәм үйлескенде –деп келесі сайысымызды ас мәзіріне арнаймыз. Сайыскерлер дәмі мен сәні үйлескен салаттарын таныстыруға кезек береиәк .

9-сынып

10 сынып

11-сынып

Осы кезең бойынша әділқазылар бағасын тыңдайық.

2- жӘсем әннің әуезімен ырғала

Сәнді бимен шықты жұптар ортаға

Қолдауыңыз қанат берсін, көрермен

Қошеметпен қол соғайық тамсана

Қарсы алыңыздар 9-сынып орындауында

10-сынып орындауында

11-сынып орындауында


Ойын «Чупа-чупс»ауыздарына чупа-чупсты салып алып мына жаңылтпашты айтады.

.1-жаңылтпаш Қораларыңда қол ара тұр,қол араларың қолада тұр.

2-жаңылтпаш Немереммен емен егем немеремммен неге егем мен?

3-жаңылтпаш Асан бақша жақтан ақ сабақ әкелді,басқа жақтан басқарақ әкелді.

-жаңылтпа Шыжып жатты шұжық шұжық ақты шұжып.

1-ж «Адам сұлу көрінер көркіменен

Нұрланады көрігі білімімен

Зеректігі сыналар кезең келді

Зейін салып, сұраққа жауап бергін» деп кезекті қызықты викторина кезеңіне берейік.

9-сыныпқа 1сұрақ.Адамда қанша омыртқа бар және неше иілімнен тұрады. (33-34 ,4иілім)

2сұрақ.Адамдағы Күрек тістің саны ( 8)

3сұрақ.Қағаз қай өсімдіктен алынады (шырша, көктерек)

4сұрақ. Майды қандай өсімдіктерден алуға болады (күнбағыс, зығыр, мақта)

5сұрақ. Өсімдікте неше ұлпа бар (6)


10-сыныпқа

1сұрақ.Жұмыртқада жатқан балапан тыныс ала ма? (Иә)

2сұрақ.Екі түсті жануар (Зебра)

3сұрақ..Өрмекшінің қанша аяғы бар (8)

4сұрақ.Әлемдегі ең жуан ағаш (баобаб)

5сұрақ.Жасушаны кім ашты( РГук)

11-сыныпқа

1сұрақ. Гиппопотам мен бегемоттың айырмашылығы неде?

2сұрақ.Шегірткенің құлағы қай жерде орналасқан

3сұрақ. Биосфераны ашқан кім? (Вернадский)

4сұрақ. Кірпі қыста немен қоректенеді?

5сұрақ Үй туралы ғылым (Экология)

Осы кезең бойынша әділқазылар бағасын тыңдайық.


2-ж Ау, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің

Көрмегенді көрсетерсің, бересің

Шебер қолдың қиялына бойласаң

Тірі бейне әлпетіне енерсің

1-ж.Карвинг -аса шеберлікті, дәлдікті, шығармашылықты қажет ететін тамаша өнер. Сынып шеберлерінің қолымен дайындалған туындыларын тамашалап, бағасын берелік.

Осы кезең бойынша әділқазылар бағасын тыңдайық.

9-сынып

10-сынып

11-сынып

2- ж Әсемін табиғаттың сүйіп өскен

Бойына бар жақсысын жиып өскен

Ұл-қыздары өнерін көрсетеді

Қол соғайық оларға қошеметпен

(Өз өнерлерін көрсету)

9-сынып

10-сынып

11-сынып

Ойын

Осы кезең бойынша әділқазылар бағасын тыңдайық.


1-ж Бәрінен күздің лебі сезіледі

Көңілдер сағыныштан езіледі

Әсемін табиғаттың жиып алып

Шеберлер сымбатана киінеді

2-ж. Келесі кезеңде сайыскерлер костюм үлгісін өз ыңғайларына қарай көрсетіп қорғайды.

Осы кезең бойынша әділқазылар бағасын тыңдайық.

1-ж.Сайысымыздың соңғы кезеңінде белгілі бір әнге фильм не слайд түрінде клип түсіру тапсырылған.

Осы кезең бойынша әділқазылар бағасын тыңдайық.

2-ж.Күз- мереке, күз- ырыстың белгісі,

Қайтып барады мекеніне жыл құсы.

Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз

Қош айталық күзге дейін келесі –деп бүгінгі «Күз-мереке, күз-береке» кешімізді аяқтаймыз. Кездескенше қош сау болыңыздар.

1-ж.Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.

















1


9-сынып

10-сынып

11-сынып

2

Вальс-10 ұпай.




3

«Дәмді күз» байқауы -10ұпай






4

«Қызықты викторина» - 1сұраққа 1ұпай




5

Карвинг-10ұпай




Өз өнері-10ұпай





7

Костюм және оны қорғау.10 ұпай




8

Әнге клип және слаид түсіру-10ұпай






8

қорытынды




































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему: "Алтын күз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 917 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2016 696
    • DOCX 25.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенбина Гулжанат Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарсенбина Гулжанат Маратовна
    Сарсенбина Гулжанат Маратовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6250
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Арт-педагогика как метод профилактики детских неврозов

Перейти к трансляции